АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

 

 

«Экономиканы мемлекеттік реттеу»

кафедрасы

                                              

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Оқытушы: Жумаксанова К.М.

                                                          Студент: Лебаев Н.

                                                                              Тобы: 212

                                                              Жұмыстың бағалануы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2008

 

 

 

 

Жоспар:

 

 

Кіріспе……………………………………………………………………….3 – 4

  1. Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жүргізудің мәні……

1.1. Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері………………………………………………………………8 – 9       

1.2  Жас мүгедектерді  мектепке дейін және мектептен тыс тәрбиелеу….10 – 12

2.Қазақстан Республикасындағы жас мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру шаралары…………………………………………13 – 20

2.1. Жас мүгедектердің мәселелерін шешу тәсілдері………….21 – 22

2.2 Мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы ……… 23 – 25

Қорытынды………………………………………………………………….. 26

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………….. 27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Елдің реформалану жағдайларында, нарықтық қатынастардың  қалыптасуы кезінде мллиондаған адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, босқындар, т.б.) жедел әлеуметтік көмекті және қорғауды қажет етеді. Әлемде әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде халықтың бөлектенген топтарымен әлеуметтік жұмыстың үлкен тәжірибесі жинақталды. Біздің елімізде де аз тәжірибе жинақталған жоқ. Қазіргі кезде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгеріске ұшырады, әлеуметтік қатынастардың шиеленісу үрдістері мағына беруді және талдап қорытындылауды талап етеді. Халықпен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымын, сонымен қатар әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті де сенімді тәсілдерін, әлеуметтік  технолгияларын жасау қажет.

Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік жұмысқа әсер ететін және адамдардың, топтар мен бөліктердің қызығушылықтарын, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады.

  Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты қазіргі кезде экономикалық қиын жағдайларға байланысы халықтың аз бөлігінің ғана қызығушылықтарын қанағаттандырады. Сондықтан әлеуметтік қорғауды теңдестірудің қажеті жоқ. Әлеуметтік қорғауды қазіргі кезде халықтың көптеген бөлігі қажет етеді және де ол халықтың көп бөлігіне қатысты нақты жүзеге асады немесе әлеуметтік қорғау қоғамның аз қорғалған «әлсіз» бөліктеріне ұсынылады.

  Жоғарыда аталғандай әлеуметтік аясаттың, әлеуметтік қызметтің және әлеуметтік қорғаудың ең басты объектілерінің бірі болып мүгедектік мәселесі саналады.

   Қазақстанда 368,2 мың барлық санаттағы мүгедектер тұрады, оның ішінде әйелдер 211 мың, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар 49,8 мың, бала күнінен мүгедектер 58,8 мың. Мүгедектік және мүгедектер мәселесінің тиімді шешілуі «мүгедек» және «мүгедектік» ұғымдарына көзқарастар бірлігінің қалыптасуын талап етеді.

  Әрбір елдегі еңбекке қабілетсіз азаматтар мемлекеттің қорғау субъектісін құрайды, ал әлеуметтік саясатты өз қызметінің басты бұрышына қоятын мемлекеттер тән.

Мемлекеттің мүгедектерге қатысты негізігі міндетіне оларды материалды қолдау( зейнетақы, жәрдемақы, жеңілдіктер т.б.) жатады.Алайда еңбекке жарамсыз азаматтар тек материалдық қолдауды ғана  қажет етпейді. Оларға физикалық, психологиялық, ұйымдық және тағы басқа көмектерді көрсету де маңызды рөл атқарады.

Осы уақытта дейін  Қазақстан Республикасында мүгедектерге әлеуметтік көмек көбінесе интернат  үйлерінде көрсетілді.Еңбекке жарамсыз азаматтарға көрсетілетін медико-әлеуметтік көмектің мұндай қалыптасқан дәстүрлі түрінің жағымды жақтарымен қатар теріс жақтары да бар (бірсарынды өмір салты, ересек мүгедек үшін өмір стереотипін өзгерту қажеттілігі және т.б.( Осындай жағдайлар интернат үйлерін мүгедектер үшін аз тартымды етеді, сондықтан олар интернат үйіне көшуге асықпайды. Ал үйреншікті  үй жағдайында көп уақытқа қалу мүмкіндігі әлеуметтік қорғау мекемесінің жүйесіндегі әлеуметтік жұмысшы қызметінің пайда болуымен туындады. Дәл осы нақты тұлғалар еңбекке жарамсыз азаматтар әрдайым қажет ететін әлеуметтік- тұрмыстық қызмет көрсетеді. Мүгедектерге  әлеуметтік көмек дамуының бастапқы кезеңдерінде үйде қызмет көрсетуге көп көңіл бөлінді. Осы жағдайлармен байланысты әлеуметтік жұмысшының мамандандырылған сипаттамасы жасалды, оның лауазымдық міндеттері анықталды. Сонымен бірге нақты әлеуметтік көмекті интернат үйінде тұратын мүгедектерде қажет етеді. Соңғы уақытқа дейін бұл мекемелердегі медико- әлеуметтік көмекті ұйымдастыру тікелей медицина жұмысшыларына жүктелді, олар медициналық қызмет көрсету ұйымына зиян келтіретін, интернат үйлерінде мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-жағдайлық бейімделуі бойынша қызметтер атқарады. Көрсетілген жағдайларға байланысты интернат үйлеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің қызмет аясын бейнелеу және соның негізінде осы сала қызметкерлерін Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің стационарлы мекемелеріне енгізудің мақсатқа сәйкестілігін көрсету қажеттілігі туындады.Стационарлы мекемелерде тұрмайтын еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің қазіргі даму кезеңінде әлеуметтік жұмысшылардың қызметі әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге негізделеді. Соның арасында олардың қызметтері анағұрлым кең әлеуметтік қызметкерлердің арнайы білім беру  институттарын құру өлшемі бойынша еңбекке қабілетсіз  азаматтар едәуір мамандандырылған және түрліше әлеуметтік көмек пен қолдау алуына мүмкіндігі жоғары. Мүгедектігі бар адам қоғам өмірінің барлық салаларын қатысуға теңдей құқық алады. Тең құқық әлеуметтік қызмет жүйелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ал әлеуметтік қызмет жүйелері шектелген  мүмкіндіктерді  теңестіреді және олар физикалық, психологиялық, сенсорлы, мәдени, заңдылықты және тағы басқа кедергілерге негізделген. Мұндай  кедергілер мүгедектігі бар адамға, қоғамның басқа мүшелері сияқты негіздерде, қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік бермейді. Мүгедектік- бұл соншалықты медициналық мәселе емес, ең алдымен-теңсіз мүмкіндіктер мәселесі.

 

1.Жас мүгедектермен әлеуметтік жүргізудің мәні

 

    Мүгедектік мәселесі, ал жайлы ұғым социология және әлеуметтік жұмыста басты зерттелу және талқылану тақырыбы болып табылады. Мүгедектік сырқатпен, зақымданумен, жарақатпен байланысты пайда болады, бұл мүгедек деп танылған адамның қабілетсіздігін түсіндіреді. Осыған байланысты қандай да бір жалпы-қабылданған әрекеттер орындалуы керек, яғни халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуші мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелер тарапынан мүгедек деп танылған балалар мен азаматтарға әлеуметтік қорғау көрсетіледі.

  «Мүгедек»-Қазақстан Республикасы «Мүгедектердің әлеуметтік қорғалғандығы туралы» заңында айтылғандай-сырқат, жарақат, зақымдану салдарынан пайда болған, өмір сүру шектелуіне әкеліп соқтырған, оны әлеуметтік қорғау қажеттілігін туындататын, ағза қызметінің күшті бұзылуынан денсаулығы бұзылған адам.

   Өмір сүру шектеулігі-бұл адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өзіндік қозғалу, бағдарлау, басқалармен қатынасу, өз әрекетін бақылау, білім алу және еңбек қызметімен айналысу қабілеттілігімен мүмкіндігін жартылай немесе толық жоғалтуы.

    Соқыр, саңырау, мылқау, қозғалу координациясы бұзылған, жартылай немесе толық сал болған адамдар адамның қалыпты физикалық жағдайынан күшті ауытқуымен айқындау нәтижесінде мүгедек болып танылады. Сонымен қатар мүгедек болып кәдімгі адамнан сыртқы келбетімен айырмасы жоқ, бірақ сау адам істейтін әртүрлі салада еңбек етуге мүмкіндік бермейтін сырқаты бар адамдар да танылады. Мысалы, жүрек ауруымен ауыратын адам ауыр физикалық жұмысты орындай алмайды, бірақ ми  қызметі жақсы жұмыс істейді.

    Өркениетті қоғамның қалыптасуы жолында мүгедектік ұғымы айрықша өзгереді:экономикалық дамуы және тарихи- ұлттық дәстүрлеріне байланысты әрбір мемлекеттің заңдылықтары мен ұғымдарында әр түрлі болуы жалғасып келеді.Алайда бір ұғым барлық елде және әрқашаннан сақталып келеді- мүгедек-қосымша әлеуметтік назарды қажет ететін азамат.

    Егер мүгедекті барлық көзқарастан қарастырсақ, онда оның басым жағы-бұл «мүгедектігі» бар адамға әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі. Мүгедектер және мүгедектік мәселесінің практикалық жағын қарастыру негізінде, берілген анықтама азаматтық-құқықтық қатынастарда қабылданған түсінік болып табылатынын еске алу қажет. «Мүгедек» термині заңдылықты актілерде бекітілген, оның заңдық анықтамасы берілген, және оның басқамен ауыстыру құқық көз қарасынан алғанда сыпайылыққа жатпайды.

    Барлық мүгедектер әртүрлі негіздер бойынша бірнеше топқа бөлінеді.Жасы бойынша –мүгедек бала, ересек мүгедектер. Мүгедектіктің пайда болуы бойынша: -бала кезінен мүгедек, соғыс мүгедегі, еңбек мүгедегі, жалпы сырқаттар мүгедегі. Еңбекке қабілеттілігі деңгейі бойынша-еңбекке жарамды және жарамды емес мүгедектер, I топ мүгедектері (еңбекке жарамсыз),  II топ мүгедектері (уақытша еңбекке жарамсыз немесе шектелген сфераларда еңбекке жарамды),  III  топ мүгедектері (сақтандырылған еңбек жағдайларында еңбекке жарамсыз). 

    Сырқат сипаты бойынша-қозғала алатын, аз қозғалатын және қозғала алмайтын топтағы мүгедектер.

   Қазақстан Республикасында мүгедектікті өмір сүру шектеулігіне сәйкес үш топқа бөледі.

  I топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүру шектеулігінің ең жоғарғы дәрежесі анықталған тұлғаларға беріледі. 

  II топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүру шектеулігінің орташа дәрежесі анықталғанда беріледі.

 III топ мүгедектігі жеңіл шектеулер анықталғанда беріледі.

    Топтардың сандық анықтамаларының  әлеуметтік рөлі мүгедектерді қорғау өлшемінің әртүрлі қажеттілік деңгейінде тұрады. Топтардың анықтамасына сәйкес мүгедектерге жеңілдіктер бекітіледі және заңды белгіленеді. Жеңілдіктер зейнетақының әртүрлі көлемімен, мүгедектіктің ауыр тобындағы мүгедектерге жоғары мөлшердегі жәрдемақымен, компенсациямен, дәрімен қамсыздандырумен және т.б. көрсетіледі. Реформалық кезеңге дейін «еңбекке қабілетті» және «еңбекке қабілетсіз» деген түрлерге де бөлінген. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік тегін көмектің көлемін, түрін және оның қаржылану көзін анықтау үшін өмір сүру шектеулігінің көріну дәрежесінен қатар мүгедектікке әкелуші себептер де маңызды орын алады. Мүгедектік себептері жағдайдың тууына негізгі жауапкершілікпен кім көтеретінін көрсетеді, алайда мұны заңгерлік жауапкершілік деп атауға болмайды. Әлеуметтік қорғау органдары мүгедектіктің тобын ғана емес, сонымен қатар оның себептерін де тіркейді. Мемлекеттік қайнар көздерден қаржыландыру көлемін есептеу үшін көп жағдайда негіз болатын статистикалық формаларда мүгедектер саны туралы ақпараттар мүгедектік себептері тұрғысынан келтіріледі.

    Ережеге сәйкес барлық мүгедектер келесі түрлерге бөлінеді:

♦ еңбектік міндеттерді орындау барысында мүгедектік алған, еңбек зақымы және кәсіби ауру мүгедектері;

♦ туылғанда және 18 жасқа дейін мүгедектік алған бала кезінен болған мүгедек;

♦ әскери қызмет және әскери міндеттерді орындау кезінде мүгедектік алған әскери қызмет мүгедегі;

♦  жалпы аурудан немесе жарақаттан мүгедек болған, жалпы ауру мүгедектері.

Ресми бекітілген мүгедектік себептері:

  • жалпы ауру;
  • еңбектік зақым;
  • кәсіби ауру;
  • бала кезден туған мүгедектік;
  • жарақат негізінен болған мүгедектік;
  • әскери жарақат және ауру.

    Кейбір жағдайларда Қазақстан Республикасы заңдылығымен басқа да себептер бекітілуі мүмкін.

    Жалпы аурулар негізінде туған мүгедектік еңбектік қызмет немесе жұмыстан, оқудан кеткен кезде әртүрлі аурулар мен зақымдардың негізінде туған, бірақ кәсіби ауруға, өндірістегі зақымға, Қарулы Күштерде өткізілген кезеңдегі ауруларға тікелей тәуелділікте тұрмаған кезде туған мүгедектік кезінде белгіленеді.

    Осындай жағдайда мүгедектік кезінде жауапкершіліктің көп бөлігі ересек жастағы, өз өмірінің жағдайын өз бетінше анықтайтын, өз денсаулығын күтетін және сәйкес әрекет пен өмір көрінісін таңдайтын, азаматтың өзінде болады.

    Бұл мемлекет немесе қоғам тарапынан ең төменгі көлемде тегін әлеуметтік көмек, әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді.

    Бала кезінде пайда болған мүгедектік ауру немесе зақымдану әсерінен бала кезінде,18 жасқа дейін пайда болған кезде белгіленеді. Бала кезінде пайда болған мүгедектік көрсетілген жастан жоғарыларға да белгіленуі мүмкін, сонымен қатар бала кезінде немесе туылған кезде әртүрлі себептермен пайда болған еңбекке қабілеттілігін жоғалту белгілері бар мүгедектерге белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері

    Психологиялық құбылыс мүгедектің тұлғалық-психологиялық бейімделуі ретінде, сонымен қатар қоғамның мүгедектік мәселесін эмоционалды-психологиялық қабылдауы ретінде де бейнеленеді. Мүгедектер мен зейнеткерлер халықтың аз ынталанған тобына жатады және қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл, ең алдымен, мүгедектікке әкелген, аурумен шақырылған, олардың физикалық жағдайының кемшіліктеріне байланысты. Одан басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалмағандығы, көп мөлшерде, олардың қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын психологиялық фактордың бар болуымен байланысты. Психологиялық мәселелер мүгедектердің сыртқы әлемнен алшақтауы кезінде пайда болады.

   Мүгедектер әлемі өз алдына бейнелі. Бұл жердің өз белгілері, өз бағалауы, өз заңдары бар. Мүгедекке көмектесу-бұл ең алдымен оның әлемін, назар аудару және жүрек қарым-қатынастарын қажет ететін адам әлемін түсіну және қабылдау.

    Әлеуметтік жұмыстың мазмұны мен технологиясы ғана емес, оның психологиялық көрнекілігі де маңызды. « Көмекші кәсіптер» (әлеуметік жұмыс және кеңестік психология сияқты) үшін ең дәл келетін, жарияланған болып адамгершілік тәсіл болып табылады.Осы тәсілге сәйкес, адамның қалыпты өмір сүруі және оның жоғары бағалануын қалыптастыру үшін тұлғаның позитивті дамуының ішкі ресурстарының белсенденуі, адамгершілік және таңдау мүмкіндігі қажет.

     Жас мүгедек адамның кәсіби өзін-өзі анықтауындағы қиындықтар өз күшіне сенімсіздік және жасқаншақтықпен шақырылса, олардың кәсіби мағыналылығы тұрғысынан өз ерекшеліктерін дұрыс бағалау мен саналауға көмек көрсету ерекше мағына алады. Дұрыс нәтиже болып мүгедек адамда өзінің жеке кәсіби жолын сапалы және өз бетімен жоспарлау қабілетін, сонымен қатар оның жүзеге асу жолдарын анықтау қабілетін қалыптастыру саналады.

   Психологиялық көзқарастан мүгедек адамдарға отбасында жие кездесетін екі шектеуді бейтараптандыру өте маңызды:

    Бірі, оны, өмір сүруін күрделендіретін және  жеке «тірі қалуын» қиындықтатын, мысал ретінде қабылдау, екіншісі, отбасының барлық мүшелерінің назары аударылады және ол үлкен қамқоршылыққа тап болады. Әлеуметтік жұмысшы әртүрлі рөлдерде шыға отырып (яғни кеңесші, қызығушылықтарды қорғаушы, көмекші және т.б.) туындаған мәселелерді шешуге, қабілетсіз туысқанына дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру және толығымен, отбасының ішкі қарым-қытнасын бір қалыпқа келтіруге көмек бере алады. Отбасымен жеке жұмыс жүргізумен қатар, топтық жиналыстар өткізе отырып, көмек бере алады.

    Осындай, мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған шаралардың бірі Қазақстан Республикасы мүгедектерін реабилитациялаудың (оңалту) 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы.Бұл Бағдарлама ҚР Үкімет жарлығымен 2001 ж. 29 желтоқсанда 1758-ші нөмірде қабылданды.

   Бағдарламаны негізгі мақсаты- мүгедектерді оңалту жүйесін жасау, олардың қоғаммен жан-жақты араласуы үшін мүмкіндіктер жасау, тәуелсіз өмір салты үшін жағдайды қамтамасыз ету, мүгедектік деңгейін төмендету.

Бағдарлама міндеттері:

  • мүгедектік төмендеуін қамтамасыз ететін жағдай тудыру:
  • мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын өңдеу және жүзеге асыруды қамтамасыз ету, онымен қоса оларды медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту бойынша кепілдендірілген оңалту және басқа да техникалық құралдар және қызметтермен қамтамасыз ету;
  • мүгедектердің кешенді оңалту дамуы, тордың дамуы және оңалту мекемелердің материалды-техникалық негізін бекіту бойынша тәжірибелік іс-шараларды ұйымдастыру;
  • денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денешынықтыру және спорт жүйелерінде мүгедектер үшін іс-шаралар мен қызметтер қатары мен көлемін кеңейту;
  • мүгедектерді оңалту сұрақтары бойынша білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денешынықтыру және спорт жүйелерін ұйымдастыру жұмысының түрі мен әдісін дамыту.
  • мүгедектерге өз шығармашылық потенциялын қолдануға, әнмен, әдебиетпен, театрмен және басқа да өнер түрлерімен айналысуға мүмкіндіктер беру мақсатымен оларды кәсіби дайындау іс-шараларын жүзеге асыру.

  Сонымен, мүмкіншілігі шектеулі адамдармен әлеуметтік жұмыс, оларды қайта қапына келтірудегі мемлекеттің рөлі өз мақсатында физикалық және ең бастысы, әлеуметтік және психолгиялық игіліктерді қамтиды.

  • Жас мүгедектерді мектепке дейін және мектептен тыс тәрбиелеу

 

    Мүгедек балалардың жан-жақты және үйлесімді жетілуі, олардың бойында қоғамдық белсенділікті, еңбекке құштарлықты, ғылымға, техникаға, өнер мен спортқа бейімділікті қалыптастыру және оларға қажетті сауықтыру көмегін көрсету мақсатында мектепке дейінгі жалпы типтегі балалар мекемелерінде мүгедек балаларға арналған барлық жағдай жасалады. Денсаулығы мектепке дейінгі жалпы типтегі мекемелерде болуға жарамайтын мүгедек балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы мекемелер құрылады. Мүгедек балалардың мектептен тыс тәрбие алуға қол жеткізуіне білім беру орындары, басқа да мемлекеттік органдар жауапты болады.

    Мүгедектердің білім алуы

   Мүгедектердің орта, арнаулы орта және жоғарғы білім алуы жалпы типтегі оқу орындарында, ал қажетті жағдайларда арнаулы оқу орындарында жүзеге асырылады.

Сабақтар стационарлы емдік-профилактикалық немесе сауықтыру мекемелерінде емдеу курстарынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін де дәл солай ұйымдастырылады.

Мүгедектер басқа теңдес шарттар жағдайында оқуға түсу емтихандарын сәтті тапсыратын болса, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарына түсу үшін артықша құқыққа ие болады.

Күндізгі оқу бөлімдерінде үлгерімді оқитын мүгедектерге, алатын жәрдемақы, зейнетақысы мөлшеріне қарамастан, стипендия төленеді.

Мемлекет мүгедектерді оқыту мен кәсіби тұрғыда  даярлау үшін арнайы педагогикалық кадрлар даярлауды қамтамасыз етеді. Стационарлық мекемелерде тұрақты болатын мүгедек балалар үшін сол мекеме әлеуметтік-тұрмыстық және еңбектік бейімделумен тығыз байланысты түрде үзіліссіз тәрбиелеп-оқытуды қамтамасыз етеді. Мүгедектерді кәсіби даярлау мен олардың біліктілігін арттыру оқу орындары мен басқа да ұйымдарда (арнаулы немесе жалпы типтегі)  әлеуметтік көмек мекемелерімен бірлесіп, мүгедектерді сауықтырудың жеке бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Ым-ишара тілі мемлекет тарапынан адамдар арасындағы қатынастың, білім алудың және тілмаштық қызмет көрсетудің  құралы ретінде мойындалады.

Көзінің мүкісі бар адамдар Брайль жүйесі немесе басқа жаңа жүйе бойынша оқумен, аудиоқұралдарды  және ірі қаріптерді пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Ақыл-ойында кемістіктер бар адамдар үшін тілді оңай түсінуге үйрету жүйесі ұйымдастырылады.

Тілінің мүкісі бар адамдарға барлық заманауи қатынас құралдары беріледі.

 

Мүгедектердің еңбек ету, жұмысқа тұру және жұмыспен қамтылу құқығы бар.

 

Егер еңбектің мүгедектердің жалпы жағдайына пайдасы тиетін болса және оған аптасына 16 сағаттан  кем емес уақыт жұмсалса, заңдық негізде мүгедектердің еңбек ету құқығы іске асырылады.

Мүгедектердің шығармашылық және өндірістік қабілеттерін пайдалану мақсатында, сонымен қатар, сауықтырудың жеке бағдарламалары ескеріле отырып, мүгедектерге қалыпты еңбек жағдайларындағы мекемелерде, мамандандырылған мекемелерде, мүгедектер еңбегі қолданылатын цехтар мен учаскелерде жұмыс істеу және заң тыйым салмайтын кәсіпкерлік пен басқа да еңбек түрімен айналысу құқығы беріледі.

Мемлекет жас мүгедек-мамандардың жұмысқа тұруына көмектеседі. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі арнаулы шаралар мүгедектердің жұмысқа тұруын қамтамасыз етуге және мүгедектер еңбегін пайдалану үшін жұмыс орындарын ашқан (соның ішінде мамандандырылғандарын) жұмыс берушілерге жеңілдіктер жасау мен қаржылық көмек көрсету міндеттемелерін заңнамалық негізде бекітуге бағытталған шаралар кешенін қамтиды.

Мүгедектің денсаулығы оның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі жасайтын немесе басқа адамдардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлардан басқа кезде онымен еңбек келісімшартын жасаудан немесе қызметін жоғарылатудан бас тартуға, жұмыс берушінің ықтиярымен жұмыстан босатуға, мүгедек адамды өз келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға  мүгедектік мотивтері  бойынша рұқсат етілмейді.

Тиісті мекемеде қандай да бір сауықтырудан өтіп жатқан адамды, онда қанша уақыт болғанына қарамастан, жұмыс берушінің өз ықтиярымен жұмыстан шығаруына рұқсат етілмейді.

Жұмыс берушінің кінәсінан мүгедектікке ұшыраған қызметкерге шеккен зияны барлық жағдайда, жан мен тән күйзелісі түрінде көрініс тапқан моральдық залалдың өтемақысына қоса толықтай төленеді.

Мемлекеттік органдар тарапынан мүгедектерді олардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жұмыспен қамту мақсатында жұмыс берушілер үшін қызметкерлері санының бес пайызынан кем емес (егер қызметкерлер саны 20 адамнан кем болмаса) мөлшерде мүгедектерге арналған броньдалған жұмыс орындарының нормативі бекітіледі.

Жұмыс орындарын броньдаудың нормативтерін бекіту тәртібі және мүгедектерге арналған жұмыс орындарын броньдау жөніндегі тапсырмаларды орындамағаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі заңмен белгіленеді.

Жұмыс берушілер мүгедектердің сұраныстары мен еңбекпен қамту органдарының жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып,  мүгедектердің еңбегін пайдалануға арналған мамандандырылған мекемелер, цехтар мен учаскелер ашады.Сонымен бірге олар мүгедектерге арналған жұмыс орындары үшін алынған арнаулы жабдықтарға жұмсалған шығындарды халықты еңбекпен қамтудың тиісті бағдарламаларында сол мақсат үшін қарастырылған қаражат шегінде өздері көтеріп алады.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған мамандандырылған мекемелер, цехтар мен учаскелер ашу облыстық жұмысқа орналастыру орындары (Астана және Алматы қ-ры)  бағдарламаларында қарастырылады. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің  мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін мамандандырылған кәсіпорындары құрылады.

Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер мен мамандандырылған кәсіпорындары бар мүгедектер бірлестіктерінің салық төлеуде жеңілдіктерді пайдалануы және материалдық-техникалық қамтамасыздандырылуының тәртібі мен шарттары заңдармен бекітіледі.

     Мүгедектердің еңбегін қорғау

     Жұмыс берушілер жұмыс істейтін мүгедектерге еңбек ету және демалыс үшін жеке сауықтыру бағдарламаларына сәйкес қажетті жағдайлар жасайды.

Ұжымдық немесе еңбек келісімшарттарында белгіленген еңбек шарттары, соның ішінде еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының тәртібі, еңбек және әлеуметтік демалыстар мерзімінің ұзақтығы басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедектердің жағдайын қиындатуға немесе құқықтарын шектеуге тиісті емес.

Жүмыс берушіге мүгедектің денсаулық жағдайына байланысты оның орындайтын нормасын азайту құқы беріледі .

Мүгедектерді қосымша жұмыстарға, демалыс күндері мен түнгі уақытта, демалыс ретінде белгіленген мереке күндерінде жұмысқа шығару тек қана олардың өз келісімдерімен және ондай жұмыстар медициналық шешім  бойынша оларға тыйым салынбаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Мүгедектерге қысқартылған (аптасына 35 сағаттан көп емес) жұмыс уақыты белгіленеді, ал күнделікті жұмыс уақыты (ауысымы)  жеті сағаттан аспайды.

Мүгедектер бірлестігінің оқу-өндірістік мекемелерінде, сондай-ақ, мүгедектер еңбегін пайдалануға арналған басқа да мамандандырылған мекемелерде, цехтарда, учаскелерде жұмыс істейтін мүгедектер еңбек өнімділігі мен біліктілігінің дәрежесіне қарамастан, жұмыста қалдырылудың артықша құқына ие болатын болады.

Жұмысқа қабылдану кезінде мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.

Бірдей жұмыс өнімділігі мен біліктілігі жағдайында қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруы кезінде мүгедектер жұмыста қалудың артықша құқына ие болады.

Мүгедектерге ұзақтығы 30 күнтізбелік күннен кем емес еңбек демалысы беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасында жас мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру шаралары

 

  Тұрғын үйлерді мүгедектердің қол жеткізуі мен пайдалануына лайықтау. Мүгедектер немесе құрамында мүгедек мүшесі бар отбасылар тұратын тұрғын үйлер жеке  сауықтыру бағдарламаларына сәйкес арнаулы құралдар және асай-мүсейлермен жабдықталады. Айтылған тұрғын үйлерді иелігінде тұрғын үй қоры бар жергілікті өкілдік және атқарушы орындар, басқа да заңды тұлғалар мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жабдықтайды. Айтылмыш шаралардың қаржыландырылуы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа, сонымен қатар,  қоғамдық қайырымдылық ұйымдарының қаражаты да жұмсалатын болады. Қозғалыс көліктері мен маршруттарды мүгедектердің пайдалануына лайықтау: Мемлекеттік басқарудың тиісті республикалық орындары  мүгедектердің пайдалануы үшін көліктер шығару және оларды қайта жабдықтау бағдарламаларын олардың  іске асырылуының қағидаттары мен қосымша талаптарын ескере отырып жасайтын болады. Бағдарламаларда мыналар қарастырылады:

  • мүгедектер еркін қол жеткізе алуы тиіс негізгі теміржол, автобус стансаларының, өзен порттарының, аэропорттардың қайта жабдықталу мерзімі;
  • мүгедектерді, соның ішінде мүгедектер арбасымен жүретіндерді тасымалдайтын көліктерге арналған асай-мүсейлер;
  • берілген бағыт графигімен қозғалатын арнаулы маршруттар;
  • мүгедектердің талабы бойынша тоқтайтын көлік аялдамалары;
  • мүгедектерге арналған өткелдер;
  • мүгедектердің автомобильдерін қоюға арналған орындар; — жаяулар өткелдеріндегі.арнаулы бағдаршамдар.

    Мүгедектерге әлеуметтік көмек Мүгедектер мен мүгедек балалары бар отбасылар халықтың ең кедей тобына айналды. Мүгедектікке төленетін жәрдемақылар көлемі мүгедектердің жай ғана қалыпты өмір сүруіне жетпейтіні өз алдына, оларды күнкөріс үшін жанкешті күреске мәжбүрлейді. Бұндай жағдай әсіресе халықтың балалары бар азаматтық топтары мен мүгедектер отбасыларына тән. Жәрдемақы  тек коммуналдық қызмет төлемдері  мен тым жұпыны азық-түлікке ғана әрең жетеді. Сондықтан мемлекет мүгедектердің ақшалай әлеуметтік жәрдем (зейнетақылар, жәрдемақылар, бір жолғы төлемақылар) мен  автомобильдер, орынтақ-арбалар, протездік-ортопедтік бұйымдар, арнаулы қаріптері, дыбысұлғайтқыш аппаратурасы мен сигнализаторы бар баспа өнімдері қатарлы техникалық құралдармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілуіне, сонымен қатар, мүгедектерді сауықтыру және оларға тұрмыстық қызмет саласында көмек беру арқылы кепілдік береді. Мүгедектікке төленетін жәрдемақы мөлшері сол өңірдегі күнкөріс минимумынан төмен емес деңгейде бекітіледі. Мүгедектік алған кезде асырауында еңбекке жарамсыз азаматтар мен балалары болған жандарға асыраушылық жүктемесі  үшін үстеме ақы белгіленеді. Соғыс мүгедектері  және Чернобыль АЭС-сы апаты салдарынан мүгедектікке ұшыраған адамдар заңнамалық тұрғыда бекітілген қосымша өтемақылар мен жеңілдіктерді пайдаланатын болады. Мүгедектерге әлеуметтік көмек республикалық және жергілікті бюджеттің, ұйымдардың қаржысы, қайыр-садақалар, қайырымдылық көмектері, сонымен қатар, халықаралық қорлардың қаржысы және заңнама тыйым салмайтын басқа да қаражаттар есебінен жасалады.Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетумен байланысты шараларды қаржыландыратын жұмыс берушілерге салық салуда Қазақстан Республикасы заңнамасы анықтайтын тәртіп пен шарттар бойынша жеңілдіктер жасалады.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заң мына тәрізді басты міндеттерді орындайды:

1) жұмыс істегісі келетін және істей алатын мүгедектердің жұмысының болуы;

2) білім алуы;

3) жұмыс істей алмайтын және істеуге жағдайы жоқтардың лайықты атаулы әлеуметтік көмек алуы;

Бұл кезде еңбек нарығы жұмысқа тұруға деген ынтаны арттыру тәрізді мақсаттарға қол жеткізуге лайықты жағдай тудыратын болады;

әділеттілік, яғни, жұмыс орындарына қол жеткізу және дайындықта мүгедектерді қоса барлық азаматтарға бірдей мүмкіндіктер беру, бірдей жұмыс үшін бірдей еңбекақы төлеу;

барлық азаматтардың, соның ішінде мүгедектердің толық, өнімді және ерікті таңдалған жұмыс алуы;

мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше көңіл бөле отырып, негізгі еңбек құқықтары мен қорғауларының қамтамасыз етілуі.

Еңбекпен айналысуға және жұмысқа тұруға мүмкіндігі жоқ барлық мүгедектерге бюджеттен қаржыландырылатын жалпылама базалық қолдау жүйесіне этаппен көшу арқылы жәрдемақы, әлеуметтік қызмет және медициналық қызмет көрсету түріндегі лайықты әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы беріледі.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау үш құрылымнан тұратын болады: мүгедектікке төленетін мемлекеттік жәрдемақы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әлеуметтік төлемдері және ерікті сақтандыру жүйесінің сақтандыру төлемдері.

Заң жобасы мүгедектердің тек қана денсаулығының бұзылуынан емес, сонымен бірге қоғамдық және саяси өмірге, білім беру қызметіне, әлеуметтік-мәдени, спорттық және басқа мекемелерге қол жеткізуінің шектеулілігінен тұйықталған өмір тіршілігінің мейлінше жеңілдетілуіне бағытталған.Тек ауылдық жерлерде ғана емес, тіпті елдің ірі қалаларында да мүгедектердің тұрғын үйге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қалыпты түрде қол жеткізуінің іс жүзінде мүлдем  мүмкін еместігінен шектеулілік одан әрі тереңдей түседі. Сондықтан барлық жерде кіре беріс жолдары,   пандустар, жаяу жүргіншілер жолдары жасалып, арнаулы бағдаршамдар, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған түрлі құрылғылар орнатылады.

 

Әлеуметтік қызмет көрсету туралы заң егде жастағы азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қарым-қатынастарды реттейді, әлеуметтік қызмет көрсету саласында олар үшін экономикалық , әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер орнықтырады.

Егде жастағы азаматтар мен мүгедектердің әлеуметтік бейімделу шараларының басымдығы, әлеуметтік қызметтерге қол жеткізудегі тең мүмкіндіктердің қамтамасыз етілуі және олардың егде жастағы азаматтар мен мүгедектер үшін қиынға түспейтіндігі заңмен бекітіледі.

Әлеуметтік қызмет көрсету егде жастағы азаматтар мен мүгедектердің жеке талап-тілектеріне орайластырылады.

Мемлекеттік билік орындарының, ұйымдардың, сондай-ақ, егде жастағы азаматтар мен мүгедектердің әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы құқықтарының қамтамасыз етілуіне жауапты лауазымды басшылардың жауапкершілігі заңмен бекітіледі.

 

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заңда мүгедектіктің үш түрлі санаты қарастырылады: тәни, кәсіби және жалпы мүгедектік, сосын мүгедектік топтары жойылады.

Тәни мүгедектік ретінде дене мүшелері мен ағза жүйесінің қызметінің жоғалуы немесе бұзылуы салдарынан адамның тәни немесе психикалық қабілеттерінің кемуі түсінілетін болады.

Ағза қызметінің  бұзылуы мен адамның өмір тіршілігінің шектелуінің  дәрежесі зақым алған адамның еңбекке жарамдылығының сау адамның еңбекке жарамдылығымен салыстырылуы негізінде бағаланады.

Орны толмас анатомиялық зақым алу жағдайларында жарақаттың адамды кәсіби еңбекке жарамдылығынан айырғанын немесе оның өмір тіршілігін шектегенін бөле-жара қарамай, бірден мүгедектік бекітіледі. Яғни, бұл кезде күнкөріс үшін қажетті қабілеттің жойылғаны ескеріледі.

Кәсіби мүгедектік ретінде адамның бұрынғы өз жұмысы арқылы немесе тура сол біліктілік пен тура сол білім деңгейіндегі адамдар атқаратын, еңбекақы көлемі  жөнінен бұрынғы жұмысымен шендес, соған ұқсас жұмыс арқылы күн көру қабілетінен айрылғаны түсініледі.

Жалпы мүгедектік ретінде жалпы еңбекке жарамдылық дәрежесі түсініледі. Ол еңбекке жарамдылықтың сақталып қалған дәрежесі мен мүгедектің өз денсаулығы жағдайына сәйкес дәрежеде орындаған жұмысынан ала алатын кіріс деңгейімен, түрлі еңбек түрлерімен салыстыру негізінде бағаланады. Жалпы мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындауға жалпы еңбекке жарамдылықтан айырылу критериі мен кәсіби еңбекке жарамдылық критериі негіз болады және екі критерий бір мезгілде қолданылуы да мүмкін.

Мүгедектіктің әр санаты үшін мүгедектікті бағалау критерилері белгіленеді.

Еңбекке жарамсыздықты бағалау кезінде кәсіби факторлар – жас мөлшері, білім және кәсіби тәжірибе ескеріледі. Айтылмыш факторлар бойынша шектеулер қаншалық көп болса, жұмыс істеуге бөгет жасайтын себептер де соншалық көп болады. Денсаулықтың әлсіреуі мен бұзылуының салдары неғұрлым егде адамдар үшін жастарға қарағанда ауырлау болатындықтан, жас мөлшері факторының әжептәуір маңызы болады. Жас мөлшері факторы кәсіби сауықтырудың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау кезінде ескеріледі

Еңбекке жарамсыздық дәрежесін анықтау критерилері қатарында медициналық, кәсіби және басқа да факторлар болғандықтан, азаматтардың еңбекке жарамсыздығының дәрежесін анықтау комиссиясына тек қана дәрігерлер емес, сонымен қатар,  заңгерлер, сарапшылар қатысады.

Егер сырқаттың емі жоқ, сауықтыру мүмкін емес боп шыққан жағдайда қайта куәландыру жасалмайды.

Дене, ақыл-ой зақымы, психикалық және сенсорлық (сезіммен байланысты)  ақаулардың (бірінші деңгейдегі профилактика) немесе ақаудың тұрақты функциональдық кемістікке әлде мүгедектікке айналуының алдын алуға (екінші деңгейдегі профилактика)  бағытталған шаралар заңмен қарастырылады.

Мүгедектіктің алдын алу түрлі шаралардың, көбінесе алғашқы медиктік-санитарлық көмек, босанар алдындағы және босанғаннан кейінгі күтім, диотерапияны түсіндіріп тарату,  жұқпалы ауруларға қарсы  профилактикалық вакцина егу, эндемикалық аурулармен күресу шараларын, еңбекті қорғау мен түрлі жағдайлардағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бағдарламаларын, кәсіби аурулардың және жұмыс істеу қабілетін жоғалтудың  алдын алу мақсатында жұмыс орындарын бейімдеумен қоса, қоршаған айналаның ластануының немесе қарулы қақтығыстардың салдары боп табылатын мүгедектіктің алдын алу шараларының жүзеге асуын қарастырады.

Сауықтыру тәни функцияларды, зардаптың немесе функцияның жойылуының әлде функциональдық кемістіктің өтемақысын қамтамасыз ету немесе оны қалпына келтіру шараларын қамтиды.

Сауықтыру үдерісі тек медициналық жәрдем жасау ғана емес, сонымен қатар, бастапқы және жалпы сауықтырудан бастап, мақсатты әрекетке, мәселен, кәсіби еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіруге дейінгі ауқымды шараларды қамтиды.

Медициналық сауықтыру дерттің мүгедектікке әкеп соқтыратын асқынуы немесе күшеюі мен бұзылуы басталуының алдын алу мақсатымен түрлі ауруларды, зақымдарды, дене және ақыл-ой,  т.б. кемістіктерді емдеуге бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.

Медициналық сауықтыру азаматтардың жұмыс орны мен тұратын жеріндегі денсаулық сақтау орындары ұйымдастыратын медиктік-санитарлық көмек арқылы жүзеге асырылады.

Медиктік-кәсіби сауықтыру кәсіби маңызы бар функциялардың құлдырауын немесе жойылуын қалпына келтіруге, кәсіп таңдау мен оған бейімдеуге және мүгедектердің бұрынғы немесе жаңа кәсібі бойынша еңбек әрекетіне оралу мүмкіндігін тудыру мақсатына бағытталады.

Медиктік-кәсіби сауықтыру сауықтырудың жеке бағдарламасында қарастырылған болса, ол мүгедек адам үшін міндетті түрде қолданылады.

Мүгедектерді медициналық, кәсіби және әлеуметтік сауықтыру олардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік ұйымдардың медиктік-әлеуметтік сараптамасы шешімінің негізінде анықталатын сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасы сауықтыру шараларының нақты ауқымын, түрлері мен өткізілу мерзімін, сондай-ақ, әлеуметтік көмек түрлерін анықтайды.

Сауықтырудың жеке бағдарламасы тиісті мемлекеттік ұйымдар, сонымен қатар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар меншік және шаруашылық жүргізу түріне қарамастан, міндетті түрде орындауы тиіс құжатқа айналады.

Медиктік-кәсіби сауықтыру органдары республикалық денсаулықсақтау органдарының жетекшілігінде болады.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заң мүгедектерді қызмет көрсетудің сақтандыру пакетімен қамтамасыз  ете отырып, олардың мемлекеттік медициналық мекемелерде бюджет есебінен білікті, тегін медициналық көмек алуына мемлекет кепілдігін береді.

Мүгедектер амбулаториялық-емханалық мекемелер мен дәріханалар қызметінің жеңілдіктерін пайдалану құқына ие болады.

Мүгедектер ауруына сәйкес дәрі сатып алуға бөлінетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне үстеме алады.18 жасқа дейінгі мүгедек балалар дәрілер және медикаментоздармен емдеуші дәрігерлерінің рецепті бойынша тегін қамтамасыз етіледі.

Мүгедектер тегін шипажайлық-курорттық емдерді және  демалыс үйлерінің, профилакторийлардың, пансионаттардың, туристік базалардың, спорттық ғимараттар мен сауықтыру саласындағы басқа да ұйымдардың қызметтерін жеңілдіктермен  ең алдымен пайдалану құқына ие болады.

     Әлеуметтік-экономикалық мәселелер микроәлеуметтік ортамен (отбасы, еңбек тобы, тұрғын үйі, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік ортамен (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т.б.)байланысты сұрақтарды қамтиды.

   Мүгедек адам бар отбасымен жұмысты ұйымдастыру кезінде мемлекеттің әлеуметтік бөлімдері берілген отбасының әлеуметтік тобын анықтауы керек, оның құрылымын белгілеуі қажет(толық, толық емес). Көрсетілген факторлар мағынасы белгілі, олармен отбасымен жұмыстың әдістемесі байланысты, олардан отбасы қажеттіліктерінің әртүрлі сипаты көрінеді.

  200 зерттелген отбасынан 45,5%  -толық, 28,5%  -толық емес, 26% –жалғызбастылар, оның ішінде әйел адамдар ғана (84,6 %) болды.

   Сонымен, осындай отбасылары үшін мемлекеттің ұйымдастырушы, орындаушы ретінде рөлі өте маңызды, мысалы, рухани-психологиялық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік-тұрмыстық қызметі көрсету.

    Мүгедек адам бар отбасыларында келіспеушілік жағдайларды қысқартылуы және психологты-педагогикалық қолдауды қажет етеді. (35% )

   Медициналық қызмет көрсету ұйымын қажет ету талдауы кезінде 71% мүгедектер кезекші дәрігердің бақылауын 49,5%  мүгедектер мамандандардың кеңес беруін, 17,5% -диспансерлік бақылауды қажет етеді.

    Мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қажеттілігі  келесідей көрініс тапты. Зерттелген мүгедектердің көп бөлігі кір жууға (88,5% ), химиялық тазалауға (82,5% ), аяқ киім жөндеуге (64,6 %) қажеттілік танытты. Сонымен қатар пәтер тазалау (27%), тұрғын үйді жөндеу (24,5% ), тең деңгейде (20,5% )- азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізуге қажеттілік танытты. Соңғы жағдайдағы мемлекеттің рөлі тек әлеуметтік қызмет көрсету орталығының көмегін қажет ететіндердің санын анықтау ғана емес, сонымен қатар мүгедектің және оның отбасының материалдық жағдайына сүйене отырып, мүгедекті белгілі  мекемеге орналастыру немесе тіркеу еселігін анықтау. Бұл жағдайлармен тек мемлекеттің әлеуметтік қызметі ғана емес, сонымен қатар оның беделдігі де анықталады.

    Сонымен барлық зерттелген мүгедектердің әлеуметтік қорғауды ең көп қажет етуі, негізінен, қазіргі кезде, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер төңірегінде тұр.

Мүгедектік халықтың әлеуметтік игіліксіздігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады, әлеуметтік көргенділікті, экономикалық ауқаттылықты, қоғамның өнегелі толық мәнділігін шектейді, мүгедек-адам және қоғам арасындағы өзара байланыстың бұзылуын сипаттайды. Мүгедектер мәселесі тек олардың жеке қызығушылықтарын ғана емес, қандай да бір деңгейде олардың отбасыларына да қатысты екенін, халық және басқа әлеуметтік факторлардың өмір деңгейіне тәуелді екенін ескере отырып, олардың шешімі тархабарлы емес, жалпыұлттық жазықтықта жатыр және көп жағдайда мемлекеттің әлеуметтік саясатының келбетін анықтайды деп белгілеуге болады.

Әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік институттардың тәжірибелік қызметінің және мүгедектер мен мүгедектікке қатынасындағы мемлекеттік саясат қалыптасуының мазмұнын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медико-әлеуметтік зерттеу кезіндегі қатынастар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реабилитациялық іс-шараларда мүгедек қажеттіліктерін анықтау

 

Реабилитациялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау

 

    Мүгедектігі бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының 16 маусым 1997 жылғы «Мүгедектік, асыраушысынан айрылу, жасы бойынша мемлекеттік әлеуметік жәрдемақылар туралы» және 5 сәуір 1999 жылғы «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік  жәрдемақылар туралы Заңдарымен жүзеге асырылады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жүзеге асыру үшін мүгедектіктің пайда болуы (ол өтініш бергенге дейін жұмыстың бітуіне немесе жалғасуына тәуелсіз), сонымен қатар мүгедектіктің туындау уақыты (жұмыс уақытында, жұмыстың басталуына дейін немесе аяқталған соң) құқықтық негіз болып табылады.

    Мүгедектік бойынша тағайындалатын жәрдемақылар мөлшері мүгедектік тобына және мүгедек категориясына байланысты және республикалық бюджеті туралы Заңда жыл сайын белгіленіп отыратын айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде беріледі.

Мүгедектік бойынша айлық жәрдемақылар келесі көлемдерде тағайындалады:

 I топ мүгедектеріне- 6 айлық есептік көрсеткіш;

 II  топ мүгедектігіне – 4 айлық есептік көрсеткіш;

 III топ мүгедектеріне және мүгедек балаларға 3 айлық есептік көрсеткіш.

 Алматы қаласы бойынша 115,8 мың  мүгедектер арнайы қалалық 0,5 айлық көрсеткіш мөлшерінде (460 теңге) жәрдемақы алады. Алты ай бойына жәрдемақы төлемі 318,1 млн. теңге саласында өндрілді.

Халықтың әлеуметтік қорғалушы бөлігіне жататындар:

 ♦  Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері;

 ♦ I және II топ мүгедектері (өз қылмыстары нәтижесінде мүгедек болғандардан басқа);

 ♦ мүгедек бала тәрбиелейтін отбасылар;

 ♦ кейбір заңдылықпен белгіленген қайталанба аурудың ауыр түрімен ауыратын тұлғалар;

♦ көпбалалы отбасылары;

♦ толық емес отбасылары.

    Мүгедектермен жұмыс үлкен күш салу мен ерекше назарды қажет етеді. Осындай азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін Қалалық және Ауэзов аумақтық орталықтары және үйде әлеуметтік көмек беру бөлімдері бар, қазір оларда 3900 адам қызмет қабылдайды. Олардың ішінде 1087-сі мүгедектер.

 Қазақстанның мүгедек азаматтарына тұрмысты-коммуналдық шығындарын төлеуге тұрғындық көмек көрсетілді. Осы мақсатпен жергілікті бюджеттерден жыл сайын мәнді мөлшерде қаржылай көмектер бөлінді. Алматы қаласы бойынша, 2005 жылдың 1 наурызында тұрғын үй жәрдемақысы 50,5 млн. теңге көлемінде орташа 3498 мүгедекке төленді. Төленген жәрдемақының орташа мөлшері 2405 теңгені құрайды.

  Сонымен, әрбір елде мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын, нормативті құжаттарда қатары бар.Берілген құжаттарда әлеуметтік қолдау алу кезінде мүгедектер үшін жеңілдіктер көрсетілген, осы жеңілдіктерді алуға мүгедектердің құқықтары белгіленген , олардың жүзеге асу жолдары анықталған.

 

 

Мүгедек бала құқықтары:

  • Мүгедек баланың, оның абыройын қамтамасыз ететін, қоғам өміріне белсенді қатысуын болдыратын жағдайларда, толық мәнді өмірге дені сау балалармен тең құқығы бар.
  • Мүгедек баланың, оның физикалық, ақыл-ой қабілетіне және ниетіне сәйкес білім алуға, қызметі және кәсіп таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқықтары бар.
  • Мүгедек балалар, ақыл-ой және физикалық кемшіліктері бар балаларды қосқанда, арнайы балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқылы.

 

2.1 Жас мүгедектік мәселелерін шешу тәсілдері

    Мүгедектерге қатысты заңдылық Қазақстан республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің әлеуметтік қорғалғандығы туралы» базалық заңның ережелеріне негізделеді. Мүгедектер өмір сүрунің әр түрлі саласындағы қоғамдық қатынастарды басқару үшін сәйкес арнайы заңдылықты актілер қабылданған, сонымен қатар мүгедектердің ерекше дәрежесі «салалық» актілерде көрсетілген.

   Заңға сүйене отырып, мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы жолындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, жүзеге асырылу жолдарын қарастырамыз.

   Заңның бір бөлігін мүгедектерді медициналық қорғау, мұндағы жеңілдіктер мен тегін көмектерге мүгедек азаматтардың құқықтарын анықтау сұрақтарына арналған.

   Мемлекет, әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтардың білім алу кезеңінде кеткен шығындарды толығымен немесе жартылай мойнына алады. Мұндай, әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға;

  • жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүмкіншілігі шектеулі балалар, мүгедектер, бала кезден мүгедектер;
  • көпбалалы отбасындағы балалар;
  • басқа да заңдылықпен анықталған азаматтар категориясы жатады.

     «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің әлеуметтік қорғалғандығы туралы» (1991) Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерге мемлекеттік оқу  мекемелерінде, қажет болса-үйде, білім алу мен кәсіби дайындалу үшін қажетті жағдайларға кепілдік береді.

   20 маусым 1997 жылғы « Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еңбек өтімін (стаж) шығару кезінде зейнетақы тағайындау үшін төменгі жағдайлар есепке алынады:

  • топ мүгедегін, топ жалғызбасты мүгедегін және жасы бойынша зейнеткерді, басқа адамдардың көмегі қажет ететін 80 жасқа жеткен қарттарды күтуге кеткен уақыт;
  • 16 жасқа дейінгі мүгедектерді, басқа да төсек тартып жатқан, өздігінен өзіне қызмет көрсете алмайтын мүгедектерді күтуге кеткен уақыт.
  • еңбек төлемі бойынша жалпы шығындардан мүгедектердің еңбек төлемі бойынша шығындары 51 пайыздан кем болмаса(ал есту, көру, сөйлеу қабілеттерін жоғалтқан мүгедектер істейтін арнаулы ұйымдарда-35 пайыздан жоғары болса)».

   Мүгедектер қазіргі технологиялар негізінде дайындалған протезі-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуге құқығы бар.

   Барлық мүгедектер өкілетті мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіпке сәйкес тегін немесе жеңілдікті жағдайларда протезді-ортопедикалық бұйымдармен және аяқкиіммен қамтамасыз етіледі.

     Азаматтардың сонымен қатар, арнаулы медициналық мекемелердің қажеттілік туралы анықтамасының болуына байланысты шетелдік медициналық және басқа ұйымдардан медициналық, формацевтикалық, протезді- ортопедикалық көмек алуға құқықтары бар. Ал мемлекеттік органдар осы көмекті алуға ат салысуы қажет.

  Мүгедек азаматтарға медициналық көмек төмендегідей болып бөлінеді:

  1. алғашқы медициналық-санитарлық көмек,
  2. мамандандырылған медициналық көмек;
  3. медико-әлеуметтік көмек;
  4. реабилитациялық көмек.

    Алғашқы медициналық-санитарлық көмек медициналық қызмет көрсету түрінің әрбір азамат үшін негізгі. Қол жететін және тегін түрі болып табылады.

    Мамандандырылған медициналық көмек диагностиканың арнайы әдістерін емді және күрделі медициналық технологиялар қолдануды талап ететін мүгедек азаматтарға беріледі.

    Медициналық-әлеуметтік көмек медициналық әлеуметтік ұйымдар тобын құру және дамыту жүйелерін түсіндіреді. Сонымен қатар, тұрғынды-тұрмыстық жеңілдіктерді алуға, рационалды еңбек және тағам тәртібін қамтамасыз етуге көмектеседі.

    Туылғаннан немесе қандай да бір зақым әсерінен мүгедек болған азаматтарға емделуші-профилактикалық мекемелерде медициналық, физикалық, психологиялық және әлеуметтік реабилитация көрсетіледі.

2.2 Мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы

 

   Қазіргі таңда Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы атты мүгедектерді оңалтудың бағдарламасы да қолға алынды.

      Әзірлеу үшін негіздеме:          

  • «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаршадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы;
  • «Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы»
  • Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті.

    Бағдарламаның мақсаты: Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру сапасын жақсарту, мүгедектерді орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз ету, мүгедектерді жалпы білім мектептерінде, кәсіби оқытудың арнаулы орталықтарында, жоғары оқу орындарында оқыту.

     Бағдарламаның міндеттері:

  • мүгедектікке әкеп соқтыратын потологиясы бар жиі және ұзақ ауратын адамдардың алдын алу жүйесін қалыптастыру;
  • әлеуметтік мекемелер жүйесін, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерін кеңейту;
  • мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын ұлғайту;
  • хоспис мекемелерінің жүйесін дамыту;
  • Өскемен протездік-ортопедиялық орталығын кеңейту, көмектің осы түрінің сапасын жақсарту;
  • мүгедектердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
  • мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын дамыту;
  • бағдарламаны іске асырудағы жергілікті атқарушы органдарының рөлін және жауапкершілігін арттыру;
  • мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын құру;
  • оңалтушы-дәрігерлердің, әлеуметтік қызметшілердің біліктілігін арттыру.

     Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері: Бағдарламаны іске асыруға облыстық бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған  қаражаттар бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асырудың жалпы шығындары 4383802,0 мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 212002 мың теңге, оның ішінде 2006 жылы – 41701,0 мың теңге, 2007 жылы – 83799,0 мың теңге, 2008 жылы – 86502,0 мың теңге; жергілікті бюджеттен – 4170850,0 мың теңге, оның ішінде 2006 жылы – 1190034,0 мың теңге,  2007 жылы – 1443896,0 мың теңге, 2008 жылы – 1536920,0 мың теңге; спонсорлар қаражаттары —  950,0 мың теңге, оның ішінде 2006 жылы – 300,0 мың теңге, 2007 жылы – 300,0 мың теңге, 2008 жылы – 350,0 мың теңге құрайды.

    Бағдарламаны іске асыру:

  • мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесін құруға және оларды әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін жоғарылатуға;
  • мүгедектікке шығу апатын азайтуға және мүгедектік деңгейді төмендетуге;
  • онкологиялық ауруларды, қант диабеті ауруларды, қан айналымы жүйесінің ауруларын азайтуға;
  • медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасын жоғарылатуға;
  • оңалту ұйымдарының жұмысына қазіргі заманғы техникалық, ұйымдық, медициналық, әлеуметтік және кәсіби технологияларды енгізуге;
  • мүгедектерге ұсынылатын медициналық, әлеуметтік, білім беру және өзге де оңалту қызметтерінің тізбесін кеңейтуге және сапасын арттыруға;
  • мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне және ақпараттық ортаға қол жеткізуін жақсартуға;
    • лайықты еңбекке мүгедектердің қол жеткізуін ұлғайтуға;
    • мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын құруға;
    • медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерге әлеуметтік және оңалту қызмет көрсету мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады. Мүгедектердің интернат үйінде немесе әлеуметтік көмектің басқа мекемесінде болуы олардың өз құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді және жеке тұлғаның қажеттіліктерін Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес мейлінше қанағаттандыруға көмектеседі. Интернат үйіндегі немесе әлеуметтік көмектің басқа мекемесіндегі тұрмыстық жағдайлар үйдегі жағдайларға барынша жақындатылады. Әр мүгедекке немесе мүгедектердің некелі жұбына, мүгедектерді сауықтырудың жеке бағдарламаларына сәйкес, интернат үйінен немесе әлеуметтік көмектің басқа мекемесінен сантехникалық торабы және арнаулы құралдармен, асай-мүсейлермен жабдықталған ғұсылханасы (ванна бөлмесі)  бар жеке бөлме беріледі. Жас мүгедектерге баспаналық-тұрмыстық қызмет көрсету Мүгедектерге тұрғын    үй   ғимаратарын бөлу кезінде жергілікті өкілдік және атқарушы орындар,   басқа да заңды тұлғалар мүгедектердің оларға берілетін тұрғын үйлердің жұмыс орындарына, ата-аналарының тұратын жеріне, сауықтыру мекемелеріне жақын маңда болуы талаптарын ескеретін болады.    Мүгедектерге, олардың өз өтініштері бойынша, баспана төменгі қабаттардан немесе лайықты лифтілері бар үйлерден беріледі.

   Мүгедектерге берілетін тұрғын үйлер олардың денсаулық жағдайын ескере отырып анықталған санитарлық-техникалық талаптарға сай келетін болады.

    Кедей тұратын, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мүгедектер кезексіз бір реттік әлеуметтік тұрғын жайларға қол жеткізу құқына ие болады.

   Жұмысқа жарамды отбасы мүшелері жоқ мүгедектерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға үстеме ретінде төмендегі төлемдер үшін тиісті төлемақы беріледі:

— жалпы ауданы 30 шаршы метрден аспайтын тұрғын үйдің ауданы үшін тұрғынүйлік-эксплуатациялық  шығындарды төлеу үшін;

— телефонды пайдаланғаны үшін (қалааралық және халықаралық байланыстардан басқа)  төленетін төлем үшін;

— коммуналдық қызметтерге (жылу, ыстық және суық су, канализация, газ, электр энергиясы, лифтілер, тұтмыстық қалдық-қоқыстарды тасып әкету)  төленетін төлем үшін;

— халыққа сату үшін белгіленген норма шегінде алынған отынға төленетін төлем (орталық жылу жүйесіне қосылмаған үйлерде тұратындар)  үшін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

1991-1992 ж. Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастар экономикасына өтуімен сипатталады. Осындай өтпелі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құрастыру қажеттіліктері пайда болды.

 Қазақстан Республикасының Конституциясының 1- бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды; оның ең қымбат қазынасы-адам және адам өмірі; құқықтары мен бостандықтары; деп жазылған. Осыған байланысты, Қазақстанда, өркениетті мемлекет ретінде, экономика индивидтің материалды, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға мақсатталуы керек.

  Әлеуметтік бағытталған экономикалық негізгі мақсаты болып мемлекеттің экономикалық өсуінің қалыптылығы, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар көп сұрақтардың ішіндегі ең маңыздысы мүгедек азаматтар мәселесінің шешілуі болып табылады.

  Мүгедектік мәселесі қазіргі кезеңде оған қоғам тарапынан көмек көрсету қажеттілігіне негізделеді. Педагогикалық әдебиеттер талдауы  көрсеткендей мұндай көмек  мемлекеттің мүгедектерді қорғау саясаты мен әлеуметтік жұмыстың нәтижелігі арқылы жүзеге асады.

   Мемлекеттің мүгедектерді әлеуметтік қорғау жолында шығарған заңдар мен елбасының жолдаулары бойынша, мемлекет үшін әлеуметтік қорғау әрдайым бірінші орында тұрады. Мемлекет осы байланыста қазіргі мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру саясатына және әлеуметтік қорғауға көп көңіл аударады, және де осы салада үкіметпен дайындалған оңалту бағдарлама жобасы мен оның орындалу нәтижелері қарастырылды.

 Оңалту Бағдарламасының 2004-2005жж орындалған ақпараты мүгедектерді қорғау саясатының орындалуындағы мемлекеттің зор ықпалын айқын етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  • Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998
  • Адам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі/Колесов В. және Маккинли ред. М.: Адам құқықтары ( Права человека),2000
  • Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі / А.А. Смайыловтың редакциясымен шыққан статистикалық жинақ.-Алматы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі,2001
  • Межибовская И.В. Қазақстан Республикасындағы мүгедегектерді әлеуметтік-еңбек тұрғысында қатарға қосу: теориялық-құқықтық аспект.-Алматы,1997
  • Интернет көздері www.google.kz
  • rambler.ru
  • Әлеуметтік статистика: Оқулық / корреспондент-мүшесі И.И. Елисееваның ред.-М: Қаржы және статистика,1997. 270-2890-бб.
  • Жұмағұлов Ғ.Б. Ахметов А. Ахметова г. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» Алматы,2005
  • «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы» туралы Заңы 2005ж 28 маусым
  • «Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Қазақстан республикасының 1997жылғы 20 маусымдағы №136-1Заңы
  • Қазақстан Республикасында « Мүгедектігі бойынша, Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126-1
  • Әлібаев А.Б. Қазақстанның зейнетақы реформасы: Алматы .
  • Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    
  • Жұмағұлов Ғ.Б. Ахметов А. Ахметова г. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» Алматы,2005
  • “Егеменді Қазақстан” 2006 жыл, 16 тамыз.
  • “Социальная работа: теория и пркатика”, Холостова. Москва 2004 г.
  • 2005-2007 жылдардағы Қазақстан жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту Бағдарламасы
  • ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заңы”– 2001 жыл, 17 шілде
  • Әлібаев А.Б. Қазақстанның зейнетақы реформасы: Алматы, 1998
  • Межибовская И.В. Қазақстан Республикасындағы мүгедегектерді әлеуметтік-еңбек тұрғысында қатарға қосу: теориялық-құқықтық аспект.-Алматы,1997