ЖОСПАР:
- Кіріспе…………………………………………………………………………..1-2
- Жапониямен танысу. Табиғаты, тарихы, экономикасы, әдебиеті және өнері……………………………………………………..3-10
- Жапонияға саяхат………………………………………………………….11
- Жапонияның туристік объектілері, ескерткіштері
4.1. Нара қаласындағы храмдық құрылыстар………………12-13
4.2. Ежелгі Осака…………………………………………………………….14-15
4.3. Қазіргі замандағы Осака………………………………………………16
4.4. Токио………………………………………………………………………..17-19
- Қорытынды………………………………………………………………20-21
- Қолданылған әдебиеттер………………………………………………22
Шығыс Азия жағалауларына жақын маңындағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км². Халқы 126,2 млн. Астанасы – Токио. әкімшілігі жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4 %-і – жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, американдықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діңдері – синто және будда діңдері. Жапония – конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 ж. 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемелекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайндайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент – екі палатадан тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан. Ақша белгісі – иен [1].
Жапония аралдардың жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығыс Қытай теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами, Оу, этиго, Хида, Кисо, Аканси. Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі – Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы, Исикари. Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі – субтропикалық белдеуде, солтүстігі қоңыржай, оңтүстігі –тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында — 5ºС, оңтүстігінде 6ºС, Рюкю топаралында 16ºС, ал шілде айында 22, 27, 28ºС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 – 2000мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суаруға пайдаланылады. Территорясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Ұлттық саябақтар мен қорықтар көп.
Жапон теңізі – Тынық мұхиттың батыс бөлігіндегі жартылай тұйық келген шеткі теңіз. Еуразия құрлығының шығысындағы Сахалин және Жапон аралдары аралығында жатыр. Жағалауларында Ресей, КХДР, Корея, Жапония мемлекеттері орналасқан. Татар, Невельский және Лаперуза бұғаздары арқылы Тынық мұхитпен, Корея бұғазы арқылы Шығыс Қытай және Сары теңіздерімен жалғасқан. Ауданы 1062 мың км². роташа тереңдігі 1535 м, ең терең жері 3720м. жағалаулары аз тілімденген, ірі шығанақтары: Шығыс Қытай және 1-Петр. Түпкі бедері құрлықтық беткей және терең қазаншұңғырлардан тұрады. Жапон теңізі қоңыржай ендіктердің муссонды климат аймағында жатыр. Теңіздің құрлыққа іргелес солтүстік-батыс бөлігінде 4-5 ай мұз қатады. Беткі суының температурасы қыс айларында солтүстікте 0ºC-тан оңтүстікте 12ºC-қа дейін, жаз айларында солтүстікте 17ºC-тан, оңтүстікте 26ºC-қа дейін өзгереді. Тұздылығы 27,5-тен 34,8% аралығында. Толысу толқыны 0,5 м, Корея бұғазы аумағында 3 м-ге дейін жетеді. Теңізде балық аулау жақсы дамыған. Кйсіптік балықтардан сардина, скумбрия, сайра, трепанг, балдырлар, т.б. ауланады. Теңіз жәндіктері мен өсімдіктерін қолдан өсіру жақсы дамыған. Ірі порттары: Владивосток, Находка, Ниигата, Цуруга, Майдзуру, Вонсан, Хыннам, Цхончжин [2].
Тарихы. Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстан бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-тпо болып қоныс аударған деген дорамал бар. Олар жер өңдеумен, малмен айналысқан. Б.з.д. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемелекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды және осы кезден бастап ел ішінде будда діңі тарай бастады. Ямато патшалары өздерін «тенно» деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 ж болған Тайк төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 ж алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 ж орталық Нагаоку, 794 ж Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғ-да ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сегундер елі әскербасыларының көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 және 1288 ж. екі рет Жапония сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғ-дан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15-16 ғ-да Қытай және Кореялармен арадағы сауда дамыды. Кен орындары пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар, хритиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542 – 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері улкен жасақ ұстадаы. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки порты ашылды. 18 ғ-дың аяқ кезінен бастап мануфактуралар пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 – 60 ж Жапония АҚШ және Еуропалық мемелкеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды.
1867 -1868 жылғы революциядан кейін сегундердің билігі аяқталып, жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге көшіріле бастады. 1871 ж князъдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872 -1873 ж үкіметке төлейтін біріңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868 – 85 ж 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі «Мицул», «Мицубиси», т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 ж Креямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894-95 ж жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Корея үшін Ресеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904 – 1905 ж орыс-жапон соғысы өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин араладарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 ж Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында еуропалық мемелкеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырылды. Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін ығыстырды. 1914 – 19 ж өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 ж 5 сәуірде Владивастокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 ж күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 -25 ж АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929 – 33 ж елде экономикадық дағдарыс басталды. 3 млн.-нан аса жұмыссыздар армиясы пацда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. «Жас офицерлер» ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 ж күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет құрылып, 1933-1936 ж Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 ж қарашада Германиямен «Антикоминтерндік пактіге» қол қойды да, 1937 ж шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 ж шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 ж мамыр-тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар «оңтүстік» бағытта, яғни еуропалық мемелекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 ж қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстігін басып алды. 1941 ж 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды. 1945 ж 6-9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына атом бомбасын тастады. 1945 ж 9 тамызда Кеңес әскерлері жабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 ж 3 мамырда жаңа Конституция қабылданды. 1946 – 49 ж аграрлық реформа жүргізіліп, мемлекеттік аппарат пен ағару саласы демократияланды. Жүргізілген реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына қажетті әскер тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты.
Жапонияға қарсы соғыс – 1945ж 9-19 тамыз аралығында Кеңес одағы мен Монғолия Қарулы күштерінің Жапонияға қарсы жүргізілген соғыс қимылдары. 1945 ж майда Еуропада соғыс аяқталғанымен Қиыр Шығыс пен Тынық мұхитта Жапония антифашистік коалицияға қарсы соғысты әрі қарай жүргізе берді. 26 шілде күні АҚШ, Ұлыбританя, Қытай үкіметтері Жапонияның толық тізе бүгуін талап еткен Подстам декларациясын жариялады. Оған Жапониямен бейтараптық жөніндегі келісімшартты бұзған КСРО да қосылды. Бірақ Жапон үкіметі декларация талаптарын қабылдамай тастады. Жапониямен соғысты 1941 ж желтоқсанда бастаған АҚШ пен Ұлыбритания 1945 жылдың ортасына қарай Жапония Қарулы Күштерін үлкен шығынға ұшыратты. Алайда Жапонияның құрлықтағы әскерлері әлі де күшті болатын. Қиыр Шығыстағы өз ықпалын күшейту үшін Кеңес үкіметі 1945ж 8 тамызда Жапонияға соғыс жариялады. Бұған дейінгі үш айлық тыныс алу кезінде Батыстан Қиыр Шығысқа кеңес әскерлерінің едәуір бөлігі келіп үлгерген болатын. 9 тамызға қараған түні кеңес әскерлері 4 мың шақырымдық майданда шабуылға шықты. Соғысқа Монғолия әскерлері де араласты. КСРО-ның соғысқа кірісуінен үш күн бұрын 1945 ж 6 тамызда АҚШ ұшақтары Жапонияның 2 қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 14 тамыз күні Жапония Подстам деклорациясын қабылдайтын ресми түрде мәлімдеді. 19 тамызда құрлықтағы жапондық Квантун армиясы толық талқандалды. 1945ж 2 қыркүйекте америкалық Миссури линкорында Жапония өзінің толық жеңілгендігі туралы актіге қол қойды. Бітім шартына сәйкес 1904 -1905 ж орыс-жапон соғысы кезінде Жапонияға өткен Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдары Кеңес Одағына қайтарылды және оған ежелден Жапонияға тиесілі болып келген Оңтүстік Куриль аралдары соғыс соғыс шығының өтеуі ретінде қоса берілді. Соңғы 4 аралдың берілуі Кеңес Одағы мен Жапония арасында кейін шекара дауының өршуіне алып келді. Бұл кикілжің Ресей мен Жапония үкіметі арасында күні бүгінге дейін шешімін тапқан жоқ.
Жапон ауыз әдебиеті мен мифологиясы жақсы дамыған. Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үдгілері — «Кодзики» шежіресі мен «Манъесю» өлеңдер жинағы. «Кодзики» ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. «Манъесю» антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9-10 ғ-ларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Сикибудың «Гэндзи-моногатори» романы — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. «Хэйкэ — моногатори», «Тайхэйки» гунки жанрында жазылған. 15 -16 ғ-ларда поэзия жетекші рөл атқарады. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғ-да әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643 -1694), Бусано (1716 – 1783), Исса (1763 – 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғ-да Цурия Нанбоку (1755 – 1829), Каватакэ Мокуами (1816 – 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар мен ағымдар тудырды.
Жапония — өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет. өңдеуші өнеркәсіпте 14 млн-дай адам немесе елдегі халықтың 25%-і жұмыс істейді. Жапония кеме шығарудан, автомобиль, трактор, металл өңдейтін құрал-жабдықтар, тұрмыстық қажетті электроника, робот жасаудан дүние жүзінде 1-орын алады. Бұған қоса жапондар әлесдегі түрлі түсті теледидардың 60 %-ін, жасанды талшықтың 12,3%-ін өндіреді. Жапония энергия ресурстарына өте кедей. Сондықтан жапон энергетикасы энергия көздерінің 80%-ін шеттен әкеледі. Соңғы жылдары су және атом энергиясын өндіру жедел артып келеді. Елде жалпы көлемі 35 млн. Квт ток өндіретін 43 атом реакторы бар. А. ш-да 5,7 млн адам жұмыс істейді және жалпы жиынтық өнімнің 2,2%-ін өндіреді. Дегенмен, Жапония өзін-өзі азық-түлікпен 70% қамтамасыз етеді. Балық аулаудан Жапония дүние жүзінде 1-ші орын алады. Елдегі автожолдардың ұзындығы 1,2 млн. км. темір жолдың ұзындығы – 30 млн. км. Теңіз сауда флоты жақсы дамыған. Сыртқы сауда айналымы жағынан АҚШ пен Германиядан кейін 3-орын алады. Негізгі сауда серіктестері: Азия елдері (28%), АҚШ (26%), Еуропалық одақ елдері (14%), Қытай (6%), т.б. Экспортқа машиналар, электротехникасы, металл және химия өнімдері шығарылса, сырттан шикізат, мұнай өнәмдері және азық-түлік әкелінеді. Алтын, валюта қоры жағынан дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ел, сыртқы қарызы жоқ. Халықтың орташа айлық жалақысы 400 мың иена (4 мың долл.) шамасында. Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынас 1994 жылдың сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің Жапонияға сапарынан бастау алады. Екі ел арасындағы сауда айналымы жылдан жылға артып келеді. Қазақстанның Жапонияға экспортының 99,4% – металл өнімдері (титан, мырыш, мыс, ферроқортпа, феррохром, т.б.) тұрады, ал Жапониядан құрал-саймандар, автомобильдер, электр тауарлары әкелінеді. Бұған қоса жапон компаниялары Қазақстанның мұнай, металлургия, энергетика мен инфрақұрылым салаларын қардыландыруда. Жапония ұлттық мұнай корпорациясы Арал т. маңына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде және астананың көшуіне байланысты «Жаңа астана» қорына қаржылай көмек беруде. Жапония қаржысына Ертіс өзеніне жаңа көпір салынды және Астана қаласындағы халықаралық әуежай жөндеуден өтуде. Бұған қоса ғылым мен техника салаларында да екі ел арасындағы байланыс күшейіп келеді.
Жапония өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері мол. Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстар Жапония архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады. 6 ғ-да будда дінімен бірге келген қытай мәдениеті Жапония архитектурасында өз таңбасын қалдырды. Жапонияның астанасы Нора 8 ғ-да қытай үлгісімен салынды. 12 – 16 ғасырларда Жапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғ-дың 2-жартсынан бастап Жапония архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды. Жапония бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.д. 3 ғ-да қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жапырақ, т.б. суреттер салу, 3 – 6 ғ-ларда «ханива» – адамдар мен аңдардың балшықтан домбаздалған бейнелерін жасау өнері дамыды. 9 – 11 ғ-ларда діни мүсінді нақыштай түсуге көңіл аударылса, 12 – 14 ғ-ларда өнердің бұл түрі монументті сипат алды. Жапония өнеріне 14 ғ-дан бастап Қытай кескіндемесі елеулі ықпал етті. 16 – 18 ғ-ларда жанрлық кескіндеме дами түсті. 19 ғ-дың аяғында еуропалық стильмен сурет салу дәстүрге айналды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония бейнелеу өнерінде кескідеме, графика жанрлары дамыды. Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғ-дан сақталған. 7 ғ-да сарай музыкасы дамыды. Жапония ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары музыка мәдениетінің ықпалы да байқалады. Ежелгі музыка дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі – кагура. Бұл – мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыкалық халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті аспаптар), хи тирики (үрлемелі аспап), фуэ, сякухати (бамбук флейталары). 16 ғ-дан бастап Еуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептің көрнекті өкілі композитор Миячи (1883 – 1956) болды. Қазіргі ұлттық мектептің өкілдері: Ясудзи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтары Токио, Осоко, Киото, Нагоя сияқты консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған. Жапония театры тарихында гигаку (7ғ(, бугаку (11 ғ-дан кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында симпа, сингэки, синкокучэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері пайда болды. Сиегэки – еуропалық театр ықпалымен 20 ғ-дың басында пайда болған драмалық жанр. Жапонияда алғашқы кинофильм 1899 ж түсірілді. 1908 ж Киото мен Токиода отандық киностудия ашылды. Алғашқы кезде осы заманғы сюжетке және тарихи аңыздарға негізделген фильмдер жасалды. 1931 ж дыбысты кинолар шыға бастады. 20 ғ-дың ортасында тәуелсіз кино өндірісі мен прокаттық кинокомпаниялар пайда болды. Ұлттық және еуропалық киноның озық дәстүрін дамытқан Куросава шығармасы Жапония кинематографиясының жаңа өрістеу кезеңін бастады. 20 ғ-дың 60 -70 жылдары және одан кейінгі кезеңде бейбітшілікті насихаттап, адамгершілікті паш еткен «Ұмытпа сол бір күндерді», «Ереуілші», «Трамвай доңғалағының дүрсілімен», т.б. көптеген көркемдігі жоғары фильмдер шықты. Жапонияның ғылыми-көпшілік және мультипликациялық фильмдері де айтарлықтай табысқа жеткен.
Жапониямен бірінші танысу ұшақтың жерге қонуымен басталды. Жапония өзінің тазалығымен және сұлулығымен қызықтырады. Ұқыпты, геометриялық формалы алаңдары, жинақты жер үйлері және шаруашылық орындары өзінің тазалығымен таң қалдырады. Сұр жолдармен үлкен жылдамдықта автокөліктер жүруде. Ұшақ отырып, біз ақыры Японияға жеттік. әрі қарай не болады екен? Саяхатымызды неден бастаймыз?
Жапонияның ең басты ерекшелігі идеология болып табылады. Оның негізі синтоизм діні – «құдай жолы». Жапонияда синтоистік храм – Исэ, буддалық храмдар және шай рәсімі бар. Сонымен қатар олар гүлдерді әдемілеп, икэбаналарды жасаумен айналысады. Сонымен, жапондықтарға ең бастысы сұлулықты сезіну, әдемілікті құрастыру және түсіну. Ол храм болсын, құмыра немесе орындық болсын, барлығында кездесуі керек.
Ал енді біз жапон бағына барамыз. Су, тас, ағаш, гүл, шөп жай табиғат бөлігі емес, жанның бөлігі сияқты көрінеді. Синтоизм бойынша адамды қоршаған әлем құдайлармен толы, олар ағаш тамырында, таста, сарқырамада, тіпті құдықта өмір сүреді. Бақта бейбітшіліктің алғашқы үндестігі сезіледі, оның басты элементі су мен тас. Су – жағымсыз, қараңғы, әйелдің жұмсақ күші инь, ал тас – жарық, жағымды, ердің қатты күші ян. Бақта бәрі сырлы, бірақ ең қатты қызықтырған Киотодағы Реандзи храмының бағы. Оны кейде Он бес тасты бақ деп атайды. Себебі, таулы ірі тастардың осынша саны өзінің бастапқы түрін сақтаған. Осы композиция өзіндік архипелагтың миниатюрлы пішінін құрайды. Тастар теңіз құмымен қоршалған. Тастарға қай жағынан қарасаң да, тек 14 тасы ғана көрінеді. Біреуі үнемі жабық. Осы XIV ғасырдың бағына қарап, өмірдің шіруі мен табиғаттың өлмейтіндігін ойлайсын. Киотодағы Родзан храмында тағы бір бақ бар. Онда ескі әдет-ғұрыптар жаңа творчествалық ойлауға сай. Бұл баққа 33 жыл ғана, ол XI ғасырдағы атақты жапон жазушысы Мурасаки Сикибуға арналып істелінген. Бұл жер кезінде оның үйі болған деп айтады. Өкінішке орай, бақшаның барлық мәнін сөзбен айта алмайсын, оны өз көзімен көруін керек [3].
Жапонияда комплекстік буддалық храмдар көп кездеседі. Храмның ұлылығы мен күрделілігін көру аз болады, оның жанын түсіну керек. Ал храм – ол будда. Оның статуэткалары Нара, Киото, Никкодағы әр үйде бар. Осы храмдардың біреуі де жиі болып тұратын жер сілкінісі кезінде қирамаған. Себебі, храмның барлығы қирамайтын ағаштан істелінген. Бірақ храмға зиян әкелетін өрт.
Ал, енді мен ежелгі астаналардың бірі Нара қаласындағы храмдар жайлы айтып кетпекшімін.
Ең атақтысы Тодайдзи храмдық комплексі. Онда Дайнити немесе Дайбуцу буддасының қоладан жасалған мүсіні бар. Оның ұзындығы 16,2 метр, салмағы 452 тонна. 749 жылы жасалынған. өкінішке орай, Үлкен Будданың жасалуының техникалық процессі әлі күнге дейін белгісіз. Оны құрастыру үшін 437 тонна қола, 150 кг алтын, 7 тонна балауыз, 70 кг сынап және бірнеше мың ағаш көмірі кетті. Дайбуцу храмының басты залында лотос гүлінің классикалық кейпінде жасалған Будда отыр. Лотос гүлі – «ішкі тазалық, адалдық» символы. Бұл мүсіннің ұлылығын түсіну үшін оны өз көзінмен көру керек. Салыстырмалы түрде айтатын болсам, Америкадағы бостандық статуясы Үлкен Буддадан 2 есе жеңіл. Дайнитинің шашы көк түсті, Будданың мекендейтін жері – аспан түсі. Басындағы үлкен ісік – ұлылық символы. Оның троны 56 лотос гүлінің жапырағынан тұрады, әр қайсысының ұзындығы 3 метрден жоғары. Оның қолы созылған, алақаны ашық, оған бірнеше адам сыяды. Бұл алыптың артында тағы адам бойымен сай келетін 16 будда бар.
Үлкен будданы тұрғызғаннан кейін храм салынды. Мүсінді сонда орналастырды. XII ғасырда храм өртелгенде будда зақымданды, оның басын ауыстыруға тура келді. Кейін храм тағы өртенді, оны жаңадан жөндеді, бірақ ол қайтып қирады. 1993 жылы храмның реставрациясы аяқталды, ол алдыңғы түрінен айырылмады. Тодайдзи әлемдегі ежелгі ағаштан жасалған ғимараттардың бірі. Биіктігі – 57 метр, ұзындығы – 50 метр. Ескі кіру есіктері өте үлкен. Бұл тамаша жер, адам қолымен істелінген керемет. Тодайдзи храмы әлі де бар. Онда тыныш, өз өмірлері жүріп жатыр. Тіпті туристердің келуі қажылардың сүре оқуына кедергі жасамайды.
Нара 7 ұлы буддалық храмдарымен атақты. Олардың ішінде белгілі орын алатын Кофудзи — «Бақыт туатын храм.» Какуэндо – ең ежелгі храмның құрылысы. Оның ішінде Будданың шәкірті Мироку – босацуның мүсіні орнатылған. Мирокуның жүзі тыныштылығымен және рухтылығымен таң қалдырады.
Тоседайдзи храмы 759 жылдан еш зардап шекпей, өртелмей сақталталған. Оның басты залында Будданың, жебеуші әйел Канионның және будда-емші Якуси Нерайдың мүсіндері орнатылған. Соңғы фигураның құрылуы VII ғасырға жатады. Ол өзінің айқындылығымен және көркемділігімен қызықтырады.
Хорюдзи храмына көңіл аудармаса болмайды — «Заңның гүлдену храмы». 607 жылы Жапонияда буддизмді негіздеген Сетоку Тайсида Икагура деген қызы туылды. Соның атына ол храм салдырғызады. 607 жылы храм өртеліп, жаңадан тұрғызылды. Бірақ оның бастапқы орнының шығысында салынады. Комплекс 53 ғимараттан тұрады, оның көлемі 90 мың². Хорюдзида көптеген буддалардың (265) мүсіндерінен басқа, өткен ғасырдағы 1,5 шығармашылық суреттері мен декоративті өнері бар. Көп мүсіндер VII ғасырға жатады, соның ішінде Макьямука үштігі, оны Тори мүсіншісі Сетоку Тойси принціне арнап қоладан жасайды. Бұл жұмыс жақсы сақталып, басты залда орнатылған. Онда буддизмнің негіздеушісі мен 2 бодхисаттва бейнеленген.
1949 жылдың қаңтарында басты залды жөндеу кезінде өрт шықты, интерьердің барлығын құртты. Жөндеу кезінде шығарылған мүсіндер сақталды, бірақ фрескалар жанып кетті. 1 жылдан кейін олар оны бұрынғы қалпына келтіреді. Ішкі тыныштылығын және тазалығын көрсететін жүзіне қарап, оның адам қолымен істелінгеніне таң қаласын.
Әр қаланың өзінің қайталынбайтын ерекшелігі болады. Осындай ерекшелік, көлемі жағынан Токио мен Иокогамадан кейінгі үшінші орынды алатын, Осака қаласында да бар. Ол кезінде Ішкі Жапон теңізіндегі Нанива шығанағында пайда болды. Пайда болғалы Осака өзінің ішкі проблемаларынан көз жұмбады. Оның қолайлы географиялық орналасуы, кеме жүзетін өзендердің жанында орналасқаны, керемет теңіз айлағы, сол кездегі астана Киотоға жақындығы қаланың болашағын анықтады. Бір кездері, бұл жерде астанадан келетін демалушыларға арнап, бірнеше ғимараттар салынған. Олардың ежелгісі Нанива-но-мия деп аталды, ал қаланың өзі сол жылдары Наниваке атына ие болды. Наниваке арқылы елдің басқа аудандарынан астанаға көптеп тауарлар әкелінді. Осакалық сатып алушылар Корея және Қытаймен тығыз қарым-қатынаста болды, олар түрлі маталар мен басқа да сәт-салтанатты бұйымдарды әкелді. Бірақ XVI ғасырда ғана қала атақты бола бастады. 1583 жылы Жапонның әскери қолбасшысы Тоетоми Хиджесидің бұйрығымен, біздің кезімізге дейін сақталған, үлкен Осак қапалы салынды. Хидэеси бүкіл феодалдық Жапонияны өзіне бағындырғаннан кейін, осы қапалды салдырғыза бастады. Қапал феодалдық диктатордың құдіреттілігін символдау керек болатын. Ол 3 жыл салынды, бір-бірінің артында орналасқан 3 қорғау комплекстерінен тұрды. Қапалда – Отэ-гути, Тамацукури және Кебаси-гути деп аталынатын үш кіру жері болды. Содан басқа, шаруашылық қажеттіліктер мен салтанатты шығу үшін арналған тағы үш қақпа жасалынды. Біріншісі – Отэмон – қапалға кіретін басты қақпасы. Екінші қақпа – Сакурамон – кіре берісінде жайнап тұрған керемет сакура ағаштарына арнап аталған. Үшінші қақпа – Аоягутимон, тек қана шаруашылық қажеттіліктер үшін қолданылған солтүстік қақпа. Қапалдың оңтүстік-шығыс жағында ең басты құрылыстардың бірі – Киндзо қазына қоймасы бар. Бұл жерде Хидэеси отбасының алтын және күміс кесектері, алтын, күміс және мысты тиындары, маржан тастары мен басқа да зергерлік бұйымдары сақталынатын. Осака комплексінің ішкі бөлігінде әр түрлі тұрғын үйлер орналасқан. Сонымен қатар, бұл жерде қабылдау қапалы болды. Оның жан-жағын гүл бақшасы қоршаған.
Осакаға келетін ескіні ұнатушылар міндетті түрде Жапониядағы ежелгі буддалық храмдардың бірі – Ситэннодзиға барады. Ол 593 жылы Сетоку Тайси принцинің бұйрығымен тұрғызылған болатын. Бірақ ежелгі храмнан аз ғана нәрсе қалған. Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бұзылып, қайта тұрғызылды. Сонда да ескеріп кеткен[4].
Қазіргі замандағы Осака
Туристерге қаланың ежелгі түрі емес, жаңа ғасыр белгілері ұнайды. Ол 4 жыл бұрын ашылған Кансайлық халықаралық ауежайы. Ол өз терминалдарынан жылына 160 мыңға жуық жолаушы өткізеді. Бірақ бұл оның басты ерекшелігі емес. Ол судың үстінде, 5 километрлік жасанды аралда жасалған әлемдегі бірінші әуежай. Сонымен қатар, ол әлемдегі көтермелі тауарлардың ең ірі халықаралық орталығы. Ол көптеген офистік ғимараттардан, көрмелер мен тауар сататын павильондардан, қонақ үйлер мен конференц-залдарынан тұрады. Бұл 56-қабатты Ринку-гейт ғимаратының көлемі — 360 мың квадрат километр. Мұнда 55 мың көрермен сиятын көп бағытты стадион.
Осаканың мәдени өмірінде үлкен рөл ойнайтын музейлер жайлы да ұмытуға болмайды. Солардың ішінде Префектуралық музей. Музей 1960 жылдың 1 қазанында ашылған. Үлкен үшқабатты ғимаратта 8 көрме залдары бар. Мұнда қалананың дамуындағы әр түрлі бағалы экспонаттар мен Осака префектуралары жиналған. Экзпозицияны ежелгі Нанива жайлы мәлімет беретін зал бастайды. Басты экспонат – қазба жұмыстары жүргізілген кездегі табылған заттар. Екінші көрме залы Осака тарихындағы хэйандық дәуірден Эдоға дейінгі кезеңді көрсетеді. Үшінші зал – ол Осака-дайдокоро әлемі, Тогугавтық Жапонияның экономикалық орталығы, Токугаваның басқаруынан бастап Мэйдзиге дейін. Төртінші залда Осака халқының күнділікті өмірінде қолданылатын халық өнерінің қымбатты заттарының жинағы: асханалық аспаптар және шай церемониясының аксессуарлары, қымбат цукуэ және лактық бұйымдар және т.б. Бәрінен қатты сезімінді оятатын бесінші бөлме, онда Осака тарихындағы әр түрлі кезеңдегі өнері көрсетіледі. Алтыншы залдың экспозияциясы Жапония театрына арналған. Жетінші және сегізінші залдар – ол археологиялық қазбалардың ежелгі Осака жайлы мәліметтерінің жинағы. Осымен біз Осака қала-мегополисімен қоштасамыз[5].
Токио — әлемдегі ең ерекше қала, онда ескі құрылыстар мен батыс стилінде салынған көп қабатты үйлер көрші орналасқан. Бірнеше үлкен өзендер мен көптеген ұсақ арықтарда жылдамдатылған жолды көпірлер орнатылған. Жапония – аралдар әлемі, яғни көпірлер елі. Бұл не екенін түсіну үшін Жапонияның бір аңызын білу керек. Ол бір-бірін сүйетін екі жұлдыздар – Волопаса мен Ткачихинің Аспандық өзені – Сүттігін жолымен бөлінгендігі жайлы айтылған. Бірақ соңында екі махаббат ақыры кездеседі. Оларға бір-біріне қанаттарымен жабысқан сауысқандар көпір құрып, көмектеседі. Содан бері әр жылдың жетінші айдағы жетінші күнінде, аспанда «сауысқан» көпірі пайда болады. Бірақ оны тек қыялға берілген жандар ғана көреді.
Токиода «Жапония көпірі» Нихонбаси бар. 1911 жылға дейін ол өте көркем, әдемі ағаштан жасалған көпір болатын, кейін оның орнына ұзындығы 27 және ені 49 метрлік Ренесанса стилінде жасалған тасты көпір салынды. Оны қоладан жасалған шамдар мен құстар түрінде жасалған колоналармен безеңдірген. Ал 1996 жылы Нихонбасині реставрациялай бастады. Қазір көпірді 1993 жылы ашылған Эдо-Токио атты тарихи музейінде көруге болады. Мұнда Жапония көпірі натуралды көлемінде жасалған. Оның үстінде тұрып Кабуки театрының әдемлілігімен қызығуға болады. Театр көңіл аударылық жерге айналған, туристер оның жанында суретке түсуді ұнатады. Императорлық қапал Коке – Токиодағы Қызыл алаңы бар Кремль. Қапалдың алдында жабайы ағаштары мен жасыл газонды алаңы бар. Императорлық қапал түзу дөңгелек формада салынған. Хигаси-геэн шығыс бағы және Китаномару саябағы жас жұбайлар мен көрші фирмалардың оазисі болып табылады.
Кейбір күндері Фудзи тауын көруге болады. Қаланың өзін орталыққа жақын орналасқан телебашнядан қарауға болады.
Егер сіз Бунраки немесе басқа әдеп-ғұрыптық сценалық өнерді көргіңіз келсе, онда сіз міндетті түрде Жапонияның Халықаралық театрына баруыңыз керек. Ал егер сіз опера, балет немесе драмаға жақын болсаңыз, онда Айти префектурасындағы Жаңа Халықаралық театрына кіріп шығуыңыз қажет. Ол 1997 жылы құрылған. Бұл үш залдан тұратын керемет коплекс,1810 көрермен орындары мен 8 мүгедектерге арналған орындары бар төрт сценалы Опера үйі ең ірісі. Екінші залы батыс түріндегі драмаға арналған, ал үшіншісі төмен түсірілетін немесе жоғары көтерілетін секциялы полдары бар ең кіші зал. Көрермендер орындарының саны – 500-ден кем. Сонан басқа, театр ғимаратында мейрамхана, буфет, дүкен, медпункт, автокөлікті қоятын орындар және басқа да қолайлықтар бар. Сөйтіп, сіз бұл театрда бір күн болсаңыз да, ештеңені қажет етпейсіз. Мәдени демалыстан кейін, табиғатпен бірге-бір қалсаңыз болады. Ол үшін Токиолық Уэно саябағына барсаңыз болады. Ал, сол жақтағы Жапондық халықаралық ғылым музейіне барып, өткен оқиғаларды өз көзімен көруіңізге болады. Бұл музейге кіргенде, сізге электр сымдармен қосылған шлем мен қолғап береді. Содан соң сіз виртуалды ақиқатқа түсесіз. Әр залда әр түрлі оқиғалармен танысасыз. Мысалы, Жердің өткен тарихымен танысу немесе адамның ішкі құрылысымен қайықта саяхаттау.
Көңіл көтергісі келетін кішкентайлар мен үлкендерге Токио Динейленді бар. Ол 1983 жылы Уолт Диснейдің АҚШ-та ашқан көңіл көтеру паркінің үлгісінде жасалған. Токио орталығынан 10 километрлік ара-қашықтықта орналасқан, 48 гектарлы парктан тұратын ол жеті тематикалық орыннан құралған. Мұнда әр түрлі аттракциондарда көңіл көтеріп, тамақтанып және шоппингпен айналысуға болады, бірақ өзінмен бірге тамақ және сусынды әкелуге болмайды. Сіз бейнелер парадымен, музыкалдық концерттермен, фейерверктермен және басқа да көңіл көтеретін қызықтармен сүйсінуіңізге болады[6].
Бірінші тематикалық орын Әлемдік базар деп аталады. Онда әр түрлі дүкендер, мейрамханалар және кафелер орналасқан. Екіншісі – «Джунгли арқылы круиз» және «Кариб пираттары» деп аталатын маршруттармен қайықта жүзетін, шытырман оқиғалы ел. Үшінші орын — Ұлы Батыс, ол «Амерекандық төбешік» пен «Марк Твен» паравозы. Келесісі – Кіші жануарлардың әлемі. Бұл – Дисней мультфильмдеріндегі кеіпкерлердің макеттері мен жануарлардың қуыршақтары. Қиял елі саяжайдың символы – Золушка қапалын қоршайды. Тунтаун қаласында мультиплекациялық кейіпкерлердің үйлеріне кіруге болады.
Киотодағы Госе императорлық қапалы алғашында 794 жылы салынған болатын және өрттерден кейін бірнеше рет қайта тұрғызылған. Қазіргі түрі 1855 жылы салынған. Үстінен жұқа қышпен жабылған саздан істелінген қабырғалармен 11 гектар жер қоршалған. Қабырғада 6 қақпа істелінген. Оңтүстік қақпа жылына екі рет ашылады, онан кіруге императордан басқа ешкімнің құқысы жоқ. Қапалдың ішіне кіргісі келетіндер Сэйсемон қақпасы арқылы кіреді. Оның орталығы – Сисиндэн салтанатты залы. Оның алдыңда ақ, ұсақ жұмыр тастар себілген. Даласының территориясы екі жақтан галереямен қоршалған. Залдың ішінде, қызыл сандал ағашынан жасалған император троны бар. Трон император үйінің эмблемасымен әшекейленген – он алты жапырақты хризантема гүлі.
.
Қорытынды
Сонымен, істелінген жұмысқа қорытынды жасайық.
Жапония — өте бірегей, ештеңемен салыстырылмайтын және сырлы ел, әлемде оған ұқсайтын елді табу мүмкін емес. Ол оның байлығында немесе ежелгі мұрасында емес, өздігінен Жапония – бұл үлкен музей.
«Жапония – контраст елі» деген мәтел жай айтылмайды. Мұнда храмдар қазіргі заман өміріне көршілес орналасқан, олар негізгі өмірдге кіріспей, бір бүтінді құрайды. Табиғат пен Жапония екі бөлінбейтін мағынаны құрайды. Мысалы, Нараны бұғы қаласы деп те атайды. Мыңнан астам жануарлар Нара саябағында еркін жүреді, және кейбір кездері қала көшелерінде кездеседі. Көп жерде оларға арналған тамақ сатылады, олар оны адам қолынан қорықпай жей береді. Сонымен қатар, олар гүлдерді әдемілеп, икэбаналарды жасаумен айналысады. Жапондықтарға ең бастысы сұлулықты сезіну, әдемілікті құрастыру және түсіну. Ол храм болсын, құмыра немесе орындық болсын, барлығында кездесуі керек. Ал енді біз жапон бағын айтатын болсақ, онда су, тас, ағаш, гүл, шөп жай табиғат бөлігі емес, жанның бөлігі сияқты көрінеді. Синтоизм бойынша адамды қоршаған әлем құдайлармен толы, олар ағаш тамырында, таста, сарқырамада, тіпті құдықта өмір сүреді. Бақта бейбітшіліктің алғашқы үндестігі сезіледі, оның басты элементі су мен тас. Су – жағымсыз, қараңғы, әйелдің жұмсақ күші инь, ал тас – жарық, жағымды, ердің қатты күші ян.
Ежелгі музыка дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі – кагура. Бұл – мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыкалық халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті аспаптар), хи тирики (үрлемелі аспап), фуэ, сякухати (бамбук флейталары).
Жапонияда комплекстік буддалық храмдар көп кездеседі. Храмның ұлылығы мен күрделілігін көру аз болады, оның жанын түсіну керек. Ал храм – ол будда. Оның статуэткалары Нара, Киото, Никкодағы әр үйде бар.
Қолданылған әдебиет:
Монографиялар:
- Овчинников В.В. Ветка сакуры – М: молодая гвардия, 1988.-222б.
- Лазарев А. Мост через море // Япония сегодня, 1996, 4-5б.
- Азаров А. Путешествие во времени // Япония сегодня, 1996, 29б.
- Федоренко Н.Т. Японские записи. – М:Советский писатель, 1974-495б.
- Ниндзэ. Непрошенная повесть – М.: художественная литература, 1988 -494 б.
- Қазақстан энциклопедиясы, 569 – 573 б.