АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қазақстанда көркемөнердің дамуы

Қазақстанда көркемөнердің дамуы

Тәуелсіз Қазақстанның өнері

 

  Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.

  Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсіби бейнелеу өнерінің дамуының негізгі тірегі, республика үшін жаңа Еуропадан келген ақсүйектік станоктық мүсін өнері мен майлы бояумен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес ұлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды.

1991 жылдың желтоқсанында он бес одақтас республикадан құрылған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырады. Мұндай жағдай суретшілерді де таңқалдырды. Суретшілердің көзқарастары өзгерді. Олар жаңа ағымның шегарасынан перформанс, хеппининг, инсталляция, инвайронмент тәрізді «контемпорари артпен» айналысты яғни заман ағымына сай өнерге бет бұрды. Сондай-ақ кейбір суретшілер заманның өзгеріп жатқанына қарамастан, авангардшыларды елемей, өз жолымен бұрынғы қалпында, еш құбылысты өзгертпей, туындыларын бұрынғы қалпында сақтап кете берді. Біздің өнерімізде үлкен шығармашылық жарылыс болды. Тоталитарлық мемлекеттен босатылып, жаңа бір ғажап сезімге ие болған сәттен жаңа идеялар туындады. Көптеген суретшілердің бағыттары өзгерді. Суретшілер достық, авангардтық стильді ұстана отырып топтар құрды, керемет көркемөнердің шығармалары туындады. Суретшілер арасында 1990 жылы Шымкент қаласында топтар құрылды: «Трансавангард. Структурная школа»,  1995 жылдан бастап, «Қызыл Трактор» деп аталды. 1993 жылы «Пестрая вода» тобы ашылған болатын. Бұл топтағы суретшілер акварельмен, темперамен жұмыс істеді.

«Әлемді дүр сілкіндіретін» көрмелер ұйымдастырылды: «Перекресток» (1989 ж.), «Алуан-Алуан» (1989 ж.), «Квартал художников» (1991 ж.), «Чимкент-Трансавангард» (1991). Галереялар пайда бола бастады: «Х (икс)» (1991 ж.), 1992 жылы «Око», «Мың ой», «Белая галерея», 1993 жылы «Ұлар», 1994 жылы «Көксерек», 1995 жзылы «Ескендір», 1998 жылы «Азия Арт», 1999 жылы «Look». 1995 жылы Қазақстан суретшілеріне арналған «Мост» атты ассоциация ашылды. Бұл ассоциация суретшілер, жалпы өнертанушылар бір-бірімен қарым-қатынаста болу үшін, Қазақстан еліне өз үлестерін білдіру үшін, болашақта қандай  жоспарлар болып жатқанын талқылау үшін ашылған. Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда жыл сайын көрмелер ұйымдастырған. Оған қатысушылар да жыл сайын көбейіп отырды. Халыққа, айналамызды қоршаған ортаға өз шығармашылықтарын ұсынып, адамзаттың өмірін әсемді де сәнді жасауға үлестерін қосты. 

  Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы – күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі. Мүмкін соның нәтижесі болар, 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, К. Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырп – ақ сирек кездесетін тұрақтылыққа ие болды.

  Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.

  Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейне өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде. Осыған орай, бүгінгі күні бейнелеу және мүсін өнері қандай нысандар мен ерекшеліктерге ие болады деген сұрақ туады? Оның сарқылмас потенциалық  қандай суретшілердің шығармашылығынан қандай ағымдарды пайда болуынан көре аламыз? Ата-бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы шындалған мұралармен байланысады, бүгінгі күні ұлттық суретшілер мектебі кәсіби толысудың қай дәрежесіне жете алады?

  Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады. Көркемсуретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды, алдын алады, сол себепті әлеуметтік тұлғаның даму динамикасын үйлестіреді және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес түрде сипаттау идеясы болды.

  Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, технологиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңа болса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.

  Өнердің шартты «ұлттық арнаға түсуі» 80-ші жылдардың екінші жартысында-ақ анықталды. Қайта құру кезеңі берген еркіндік, сырттан бақыланбайтын ерікті өнер саласының пайда болуы, суретшілер мен мүсіншілердің өз тамырлары мен пайда болу көздеріне қызығушылығын тудырды. Өнердің осы түрлерінің халықтың рухани әдет-ғұрыптарымен мирасқорлығы осы жылдары, өз мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген қызығушылықпен қатар өнер туындыларының бейнелеу және пластикалық түрлерінің қазақтың ежелгі рухани байлығы жүйесі арқылы түрленушілік арқылы да көрініс берді.

  Осы жылдары үшін таңғаларлық оқиға қазақтың, түркілердің, жалпы шығыс архаикасын зерттеуге бағытталған ұмтылыс болды. Өзіндік сипаты бар, әдеттегі дүниетаным мен образдық тұрғыдан көру саласына терең деп ену негізінде қалыптастырылған бейнелеу мифтері, дүниені көркемсуреттік тұрғыдан өзгерту өнері, жас суретшілердің еңбектері арқылы қазақ  өнерінде де пайда болды. Б. Бапишев, Г. Маданов, А. Есдәулетовтың шығармаларында ата-бабаларымыздың рухтарына деген үндеулер, сананың ежелгі нысандарына деген тартымшылық, ұлттық бастамалар мен рухани көздерге, сонымен қатар ұлттық тарих және санамен ғана шектелмей, Жер шарындағы жалпы адамзаттық өрлеу жолымен танысуға ұмтылыстар таңғаларлық тәсілмен келтірілген.

  Уақыт ағымына сәйкес өзгеріске ұшырай отыра, жаңадан өз орындарын таба отырып, олар өнерге деген нақты көзқарастарға ие болып, жаңа философиялық ілімдермен қаруланған ұлттық сананың типтері мен дүниетанымы бар, заманының парасатты тұлғасы ретінде енді. Ғылымдағы жаңалықтар ХХ ғасырдағы фәлсафалық ағымдармен ұштаса отырып, олар бейнелеу өнері шығармалары мен дүниені бейнелейтін мүсіндік композицияларда қайта орын алды, көшпенділі халықтың мәдениетінің генетикалық табиғатына тән, эмоциялық ырғағын тірілтті. Көзге тартымды, метафоралық тұрғыдан нақтыланған белгілер мен таңбалар жүйесінде дүние құрылымының барлық элементтері арасындағы нәзік үйлесімділік концепсиясында сәйкес әдет-ғұрыптар, кеңістік құрылымындағы біртұтас уақыттық цикл, тірі және өлі материя арасындағы бірлік пен байланыс, шексіз кеңістіктің үстінде қалқып жүрген көшпенділердің елестік бейнелері арқылы сипатталатын ерікті және жігерлі рухани көтерілу туралы түсініктер пайда болды.

  Жас суретшілердің сол кезеңінің өнер саласына аса күшті сакралдық сәтін енгізгенін атап өтуіміз керек. Мүмкін, көбіне Ұлы даланың ежелгі нанымдары мен сенімдеріне түсініктеме беретін сюжеттер арқылы, мүмкін тұлғаның өзінің ішкі дүниесінің, айтарлықтай баса айтылған сұранысы ретінде тұрақты, өзгеріссіз, біріне — бірі ауыспайтын құндылықтар мен түсініктер ретіндегі архаикаға да бет бұрған шығар. Әр кезеңнің ажырамас біртұтастығы, адамдағы рухани бастаманың беріктігін бекіту, көзге көрінетін сырт пішінінен көрінбейтін, мүмкін тәңірлік мазмұнын көруге ұмтылыс, пластикалық нысандардың бетінде сезімдердің нәзік ойын көру А. Есенбаев, Э. Казарян, Ш. Түлешов сияқты мүсіншілердің еңбектерінде орын алған.

  Ежелгі құндылықтарға бет бұру осы мерзімдерге қазақ өнеріне оң бағыт бергіш, сонымен қатар тұрақтандырғыштық бастама енгізгеннің зор қызығушылықпен атап өтуге болады. Мәңгілік дүниетанымдық және рухани белгілерге арқа сүйеп, осы кезеңнің, сонымен бірге глобалдық және жалпыадамзаттық дүниемен, шексіз көп байланыстар арқылы жалғады. Адамзаттың тарихы, мифологиясы, бүгінгі күні Дала өмірінің ежелгі ережелер арқылы шағылыса отырып, олардың бейнелік шығармаларынан көрінеді. Сол шығармалардың космогоним мен экологиялық сезім, дүниені жетілдірудің иманенттігіне деген даналық сезім, ата-бабаларымыздың буындарына ғана тән, өнегелік және этникалық құндылықтардың дәл анықталған шкаласы көріністер береді.

  Ғасырымыздың соңғы он жылдығында, әсіресе оның бірінші жартысында, көркемсуреттік нысандардың түрлену процесі қарқынды және біртұтас нысанда жүре бастады. Бейнелеу мен жалпыламалау құралдары мен әдістері рәміздендіру, белгілеу, шарттылық және метафорландыру бағытына қарай күрт өзгеруде. Суретшілердің өздерінің дербес және топтық шығармашылық концепцияларын қазақтардың әдеттегі түсініктерімен тығыз байланыстыра отырып өмірге әкелуі сол онжылдықтағы бейнелеу өнерінің ерекшелік белгілерінң бірі болды.

  Онжылдықты дүние байлығының барлық рәміздерін шоғырландыратын таңбалық бейнелеу шебері А. Сыдыханов ашады. Таңғаларлық бағыт – жарық шашатын бейнелеу нысаны мен рухтың жүрек соғысы тәрізді энергиясынан ие тәсілді байланыстыратын шығармаларын Е. Түлебаев та өмірге әкелді. Түрлі – түсті фактуралық жапсыру өнері мен түстілік байлықты қанықтыру шығармаларын А. Ақанаевтан көреміз. Заттардың сарқылмас ішкі энергиясы мен күшін күшті қолдана тежеп отыратын экспрессивтік нысандар К. Дүйсенбаев еңбектерінен орын алады. Ырғақтың талдамалық ықшамдылығы мен әр түстердің таңғалақтарының шамасы және оптикалық тұрғындар дәл келтірген қатынастар арқылы дүние К. Ахметжановтың шығармаларында өзінің үйлесімдік сәйкестігіне ие болды.

  Дүниенің жан-жақтылығын шифрленген көп таңбалар арқылы түсіндіруге ұмтылыс, дүние құрылымына, оның байлықтарын шексіз мөлшерде өзгеріске ұшырап отыратын талдамалық қатаң нысандар арқылы көрсетуге деген ұмтылысқа әкелді. Осы бағыттарға арналған еңбектерден М. Нарымбетовтың жер тартылысы сияқты салмақты бейнелер мен С. Атабековтың адам демі сияқты нәзік бейнелерін атап өтуге болады. Немесе, ұшқыр, алабажақ кеңістікті жылжытатын, кенепке бейнелеген С. Баялиевтің композициялары шексіз қозғалыс және өмірдің жаңа нысандарының пайда болуы идеяларын таңдайды.

  Жаңа бағыттарды іздестіру барысында түрлі дәуір мен мәдениет архаикасына бет бұру, бақылаудың өткірлігі мен масштабтығы өмірге күшті және айрықша шығармаларды әкелді. Өнерде дүниеге қатысты көзқарастың түрлі қырын және әмбебаптығын дамытты. Бүгінгі күннің өнер саласындағы танымал тенденцияларының бірі жеке бейнелеу объектісі немесе тұрақты объктілердің жиынтығында дүние қалыптасу потенциалы мен мүмкіндіктерінің кең ауқымды спектрін сыйғызу болып табылады. Осындай шығармашылық, ұлттық және тартымдылыққа байланысты таңдалып алынатын, көп жағдайда нақты контекстерден жұлып алынған объектілер немесе сюжеттер түрлі суретшілердің еңбектерінде өзіндік рәміздер немесе мифтерге айналады. Сол миф арқылы дүниені генезисті және ондағы тәртіптің ұлылығы, қолданымдағы ережелер, алдағы болашағы сияқты құбылмалылығы мен толықтығын адам көкейіне жеткізуге тырысады.

  Осындай жалпылама мифтік шығармашылық арнасы арқылы Қазақстанның алдыңғы қатарлы суретшілерінің де шығармашылығы дами береді. А. Сыдыханов өзінің мифтік бейнелеу өнеріне қажетті ерекше код ретінде қазақтың рулық рәмізін, таңбалардың әр түрін ала отырып, оны бірте-бірте қоршаған ортаны толықтыратын дүниеқұрылымдық ережелерге қарай түрлендіре алады. Дәуірдің астан–кескенінен, стихияларынан, тарих тағдырынан өз тәртібін бейнелеп шығады. Оның бейнелеу шығармаларының қою материалдық туындысынан, ағымдағы өмірге тән таңба шоғырланады, сол арқылы түсінік, ой-сезім және сананың шағылысы пайда болады. Шарттылық, түстілік-фактуралық ізденіс А. Сыдыхановтың бейнелерінде өзіне ғана көзге көрінер дүниені бағындырады және оны өз заңдарына орай түрлендіреді.

  Е. Түлебаев өзінің кеңістіктік түрлі шешімдерінің күрделілігіне қарамастан, осы жылдары тұрақты таңбалық қатарға, пропорциясы «алтын адам» деп аталатын сақ жауынгер – көсеміне сәйкес, адам пішінін еске түсіретін, ұзартылған тұлға бейнелеуге келді. Сыртқы көріністермен шырмалған, адамның ішкі өмірімен ұштасып жатқан нәзік метаморфозалар Е. Түлепбайдың жарық шашыратқыш, өмірлік күшке мол шығармаларынан орын алады. Осы суретшінің күшті жақтарының бірі бояудың алуан түрлері мен бейнелеу өнерінің сипаттарын мүмкіндігіне, негізгі мазмұнын жоғалтпай, әсерлендіргіш, сезімдік тұрғысына келтіруі еді.

  А. Ақанаевтің пластикалық және рухани кеңістікті бейнелейтін шығармалары мифте және дала аңыздарын еске түсіруге толы бола отырып, күн энергиясы мен даланың хош иістерін сездіріп отырады. Осы бір тұтас дүниетанымның әр қырларын Б. Мырзагалиева да көрсетуге тырысады. Осы заман суретшілердің көбі ежелгінің анималистік төтемдік ағымына ұқсас өзіндік бейнелеу мифтерін асқан зор жігерлікпен қалыптастыруда.

А. Иса сияқты суретшілер жолбарыстан әлемдік абсолют рәмізі кейіпкерін көрсе, А. Есдаулетовтың мүйіз тұмсықтары мен бұқалары мифологоиялық кезеңнің, жер бетіндегі бастапқы өмірдің сан қырлы тірлігін қалпына келтіреді. Асқар Есдаулетов 1962 жылы туылған. 1991, 1994  жылы жарық көрген шығармасы «Носорог» деп аталады. «Красное облако» (1997) картинасында түрлі-түсті бояумен боялған, құсқа ұқсас бейне көрсетілген. Бұл картинаға қарағнда құпиялы, көптеген құстардың ұялары бар құзға ұқсайды. Сүйкімді қиялды ғажап құстың көздерін қараса, “Z” әрпіне ұқсайды. Қуаныш кейпіндегі құс соңынан қызыл бұлтты ертіп келе жатқандай. Бұл суретшінің түсіндірейін деген ойы мынадай мағынада: «Ғажап құс дүниенің бастамасын  құйрығымен ұстап алғандай. Мифтік мағынаға сүйенсек, тұмсығындағы және аяқтарындағы сазды тасып келе жатқан сияқты. Ал бұл саздан жер және әлем пайда болады деген сөз.» бұл суретшінің шығармашылық картиналарында бір адам бейнеленген болса да, ғажап бір энергиялық әсер береді. 2005 жылы шыққан «Мираж» атты туындысы өзіне көңіл аударарлықтай етіп жасалған. Бұл суретте таулардың алқабында қалалар елестейді. Ғажап қыз бен сүйкімді ит бейнесі өмірдің керемет жаратылысы сияқты көрінеді.

 

 

 

Асқар Есдаулетов, «Мираж», 2005 жыл.

 

А. Ахаттың ежелгі Тұранды бейнелейтін шығармаларында, өткен кезеңді армандау мен өткен дәуірді аңсауды байқаймыз. Небір түрлі заттар, атап айтқанда: шәйнектер, сазгерлік аспаптар, ежелгі мүсіндік релефтер, ай тәрізді періштелер (Р. Қожахметов, М. Нарымбетов, Э. Казарян, А. Есенбаев) фетиштелінеді.

 

Эдуард Казарян. «Птица над домом», 1995 жыл.

 

  Әр түрлі объективті жағдайларға байланысты (бұрынғы орталықтың қысымдық әсерінің болмауы, дербес мемлекеттің ішкі сұранысы, сонымен бірге сыртқы нарықтың кең ауқымды сұранысы) өнердің әр алуан деңгейдегі ұлттық идеяға деген қызығушылығын арттырды. Тәуелсіз мемлекетке қажетті көрнекі көркем суреттік құрылымдар (ұлттық волюта, Елтаңба, монументалды мүсіндік кешендер, тарихи бейнелеу шығармалары) қалыптастыратын сәттен бастап, еркін шығармашылық ізденістерді әр суретшінің шығармаларынан көреміз. Алайда, ең қызығы, ұлттық идея үнемі нон – конформистік өнер өкілдерінің концепциясына енуде, олар қазақтардың әдеттегі дүниетанымдық түсініктерін, түркілердің өз әрекеттерін, перформанстары мен объектілерін тұрақты ауыстыра пайдаланады.

  Алайда 90-шы жылдардың екінші жартысындағы өнер саласында ұлттық суретшілер мектебінің кемеліне келуінің куәсі болатын бір ерекшелігі де бар.Оны стильдердің қолтаңбаларының тенденциялары бағыттары мен дербес ерекшеліктерінің кең ауқымды болуынан көреміз. Өзіндік ерекшеліктері, өзіндік құндылығы, танымал, сөйте тұрса да, стилистикалық және идеялық параметрлеріне келетін болса, мүлде қарама-қарсы тұлғалар да кездеседі. Авангардта, реализм де өте қызық арналарын тауып, жаңа кезеңге сыйсып отырады, жаңа тұрғыдағы обстрактілі кейіпкерлік қалыптасты, сонымен бірге сезімдік жағына нәзік импрессионистік бейнелеу өнері де өз көрермендерінің жүрегінен орын табуда.

  Егер де көптеген суретшілердің шығармашылығында өмірдің нақты реалдылығына деген қызығушылық материалдылық тұрмысқа дейінгі небір реалдылыққа деген тартымдылықпен ауыстырып отырса, біртұтас мәдени кеңістікте мүдделері мүлде қарама-қарсы екендігі айдан – анық бейнелеушілер мен мүсіншілер еңбек етуде. Таңғажайыптылыққа деген нәзік сезімталдыққа ие, елестік кейіпкерлерге жаны тартып тұратын суретшілер (А. Дүзелханов, Д. Қасымов) классикалық нақты нысандарда бізді қоршаған дүниеге танымды түрде адам мен кеңістік арасындағы үйлесімшілік идеясын абстракті тәсілмен шешуші жақтаушылар тәрізді жеткізе алды.

ДҮЗЕЛХАНОВ Ағымсалы Дүзелханұлы  — 19.8.1951 жылы Қызылорда облысы Қазалы қаласында туылған. Ол суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1996). 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 ж. Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді. Тарихи, фольклорлық тақырыптағы жөне балаларға арналған 200-ден астам кітап, әлеумует және тарихи тақырыптағы 50-ден астам плакаттар безендірген. «Томирис», «Сақтар», «Айман — Шолпан», «Қыз Жібек», т.б. литографиялардың «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Көроғлы», «Оғыз хан», т.б. кескіндеме жанрындағы туындылардың авторы. Сондай-ақ, оның «Абылай хан», «Әбілқайыр хан»,»Әйтеке би», «Қазыбек би»,»Төле би», «Қорқыт» тәрізді портреттер сериясы бар. Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңгені безендірушілердің бірі. «Жоғалған ұйқы» қуыршақты мультфильмінің қоюшы-суретшісі болған. Туындылары Қазақстанның және шет слдердің өнер мұражайларына қойылған.

Ағымсалы Дүзелханов, «Томирис»,

 

 

  Г. Исмаилова сияқты қазақ бейнелеу өнерінің классиктері де өз жұмыстарын жалғастыруда. Әйелдердің көзге түсерлік әдемілігі, хош иісті гүлдер, өмірдің жылы тынысы оның еңбектері арқылы бізді нақты адам өмірінің қымбаты, қайталанбас және табылмас әлеміне әкеледі. М.Каспак асқан зор шеберлікпен қазақ көшпелілерінің өмірін, тұрмысын және рухани атмосферасын қайта қалпына келтіреді. Қазақтардың күнделікті өмірінің реалдылығы мен этнографиялық ерекшеліктері жалпылама түрде берілсе де, танымалдық сипатқа ие, жарықтандырудың ерекшеліктерін, ауаның ылғалдылығы мен құрғақтығын, кештің ымырттығын немесе түс кезіндегі күн сәулесінің бірқалыптылығын асқан зор шеберлікпен көрсете білу оның шығармаларына көп уақыт бұрын жоғалып кеткен және рухани сезімділік дыбыстарын қабылдау мүмкіндігін берді. Ж. Қайрамбаев та өз шығармаларында бейнелеушілік пен бейнелеудің декоративтік сапаларын, көңіл күйі мен көңіл жағдайының психологизмін өзінше қиыстыра білген.

  Мүмкін, кей жерлерде Қазақ даласындағы өмір салтын қабылдаудағы кузнецовтік бағытын жалғастыра және дамыта отырып, З. Түсіпов, Б. Табиевтер реалистік әдет-ғұрыптарды ерікті түрде түсіндіреді. Күнделікті тұрмысқа тамырын тереңдетіп енгізген, олардың сюжеттері мазмұны жағынан поэтикалық сезімталдылықпен тартымды болды. Нақты өмір сезімдерінің күші, тартып тұрып жібере салған кендір сияқты ұшатын экспрессивтік динамика З. Түсіпованың натюрмоттары мен далалық пейзаждарын толтырады, Б. Табиевтің суреттердегі орта ғасырлық қалалардың мешіттері мен тар көшелері, қоңырқай көгілдір түтін тәрізді ортадағы Шығыстың жұмсақ өмірін сипаттайды. Осысуретшілердің қаламдары арқылы берілген, адам және табиғаттың өмірі мен сұлулығының құпиясы, автор көзқарасының толғамдылық сезімділігімен, мәңгілік, тұрақты және даланың алтын көкжиегіне көгілдір аспанға төгілген құндылықтарды түсінумен, дала тұрғындарының қоңырқай келбеттерінің әдемілігімен ерекшеленеді. Қазақтың әсемдік – қолданбалы өнерінің тәсілдері мен батыс – еуропалық поатимпрессионизмнің сабақтарын трансформациялаудан келетін шарттылық әсемдік әдет – ғұрыптары М. Қасымбеков пен Т. Мұқаттың шығармашылықтарында ерекше тәсілмен ұштасып жатады. Авангардты түрде түсіндірілетін этнографиялық нотасы бар, өзгешелігі бар жаңа толқындар С. Смағұлов пен А. Смағұлова ары қарай дамытады. Елестеушіліктің еркін қалқуын түсіндіре отырып, С. Сүлейменова, А. Меңлібаева, З. Сұлтанғазина, М. Бекеев еркін және бейнелеушілік ойын  ары қарай жалғастырады.

 

Марат Бекеев

 

 

Марат Бекеев1964 жылы туылған. М. Бекеевтің алғашқы жұмыстарында көшпенділер бейнесін, шопан, батыр, философ бейнелерін салған. Әлем кеңістігімен қиял-ғажайып адамның мистикалық байланысын сезіне бейнелеген. Салған суреттерінде адам қозғалысын жақсы көрсетіп, тартымдылық әсерін беретіндей, көшпенділердің бейнесін суреттеген. Оның шығармалары 1990 жылы жарық көрді. Олар декоративті және кескіндемеге жақын жасалды. Соңғы жылдары оның  салған жұмыстарында әлемдегі заттың қозғалысы көрсетілді. «Гость небесный» туындысы 2002 жылы жарық көрді. Бұл шығармасында балалық шақ кезеңдегі ұмытылмас арман-қиялдарды көрсете білген. 2003 жылы суретші фигуративті кескіндемеге көңіл аударды. Бұл әсерді «Жеті нан» картинасынан байқауға болады.

 

 

 

М. Бекеев графикамен де айналысады. Ол аралас техникамен жұмыс істейді, яғни тушь, перо, түрлі түсті қалам, гуашьтарды біріктіре отырып, жаңа картиналар, туындылар шығарады.  

 

  Қазақстанның бүгінгі күнгі өнер туралы сөз қозғасақ, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінің нақты байқалатын шоғырланушылығымен де сипатталады. Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған, кей жағдайда сол себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді. Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен мүсіншілердің шығармаларында нысан ролін әсемдік ерекшелік факторының күшеюі немесе күнделікті эстетикалық критерийді жоққа шығару арқылы қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы процесс ұлттық менталитетке тығыз байланысты, жаңа суретшілер тілін қалыптастыру болып отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты, орташалау, рәміздік, метефоралық немесе тіпті ашықтан – ашық метафизикалық сипатқа ие болды.

  Бүгінгі күнгі өнерде оның алдыңғы қатарлы түрлері бейнелеу мен мүсін өнерінің арақатынасын анықтау оңай жұмыс болмауы әбден мүмкін. Алайда, 90-шы жылдары республикамыздағы кәсіби бейнелеу өнерінің алғашқы қадамдарына сай бейнелеу өнерінің көп қырлылығы мен даму деңгейінің қарқыны мен ырғағының станоктік мүсін өнерінің қала бастауы қайталануда. Ол бұл күндері, ең алдымен, мүсін жұмысының технологиялық процестеріндегі күрделі жұмыстарға байланысты болуы мүмкін.

  Сөйтсе де, Қазақстанда түрлі буын мен өзіндік қолданбас бар мүсіншілер еңбектерінде кездесетін тенденцияларға ұқсас сәттер де көптеп орын алуда. Ұлттық тарихқа, түркілік, еуразиялық архаикаға деген қызығушылық та үлкен қарқынмен дамуда. Оған нысандардың шарттылық таңбалары және шешімдердің әсемділік көріністері де сәйкес келуде. Ол осы онжылдықтың басында өнерге келген буынды толығымен қамтып отыр. Пластикада шығыстың көркемсуреттік әдет – ғұрыптарын трансформациялауға ұмтылыс, оны тура түсіну мәні бойынша өршіп келеді. Бейнелеу өнеріндегідей, мұнда да өз мәдениетінің ежелгі пластарына деген назар аударушылық көрініс беруде. Қалай айтсақ та, осы саты арқылы, пластика саласында бүгінгі күні жұмыс атқарып жатқан барлық шеберлер өтуде. Қазақстан  өнерін Шығыс өнерінің шектелуі арнасына қайтарып алу талабы осы «шығыстық» қырынан-ақ көрініп тұр.

  Бір-біріне ұқсамайтын стильдер бойынша қызмет атқаратын А. Есенбаев, Э. Казарян, У. Шанов, Ш. Түлешов, Д. Түлеков, С. Нарымбетов, К. Батырбаев, К. Ишанов сияқты әр алуан суретшілердің шығармашылығы ежелгі Мысырдың немесе орта ғасырлық Жапонияның, армян немесе түркілік ежелгі өнер көздерінің пластикалық импульстарының шағылысуы арқылы бірігіп отыр. Олардың әрқайсысы пластика арқылы берілетін өзіндік менталитеті, дүниені қабылдаудың ерекшелігі, Шығыс философиясы, жетілдірілген, қайталанбас суреттік нысан ретінде құйылған рухани құндылықтар жүйесі арқылы тартымды және таңғажайып сабақтары, мүсіншілерді, олар беретін идеялық сигналдан да артық толғандырады.

  Өз уақытында тарихи кезеңнің біртұтас тізбегін түсінуді, ал ой сананы, сезімдер мен замандастардың тілектерін, сол сияқты адамзаттық эмоция және тәжірибелермен салыстыруды, ежелгі дүние өнері ескерткіштері көрсетіп отырған тәрізді суретшілер жүзеге асыруға тырысуда. Осы құнды рухани тәжірибеге назар аудара отырып, өнердің  мәңгілік кеңістігіне тең дәрежеде шыға тұрып, олар өмірдің мәні мен сұлулығы, оның құндылығы мен адамзат баласының ойынан кетпейтін, оларды толғандыратын критерийлері туралы, өздерінің алдында өмір сүрген өнер қайраткерлерімен уақыттан тыс сұхбат жүргізуде. Бұл жағдайда Шығыс мәдениетінің шексіз мөлшердегі байлығы, пластикалық нысандардың жұмбақтары мен нәзік тұстарының құпияларын ашуға тырыса отырып, олар өз шығармашылығында адамдарды мәңгілік толғандыратын махаббат пен бақыт, өмір мен өлім және өткен мен бүгіннің тақырыптарын қозғап отырады.

  Мүсіншілер де нысан мен жұмыстарға қатысты проблемаларға аса қатты назар аударатын болды. Кей уақыттарда олар өздерінің әр композицияларында алдарына ерекше мақсат қояды, содан кейін оны жетілдіріп шыңдалған, шеберлік және көркемдік тұрғыдан тамаша пластикалық шешімге дейін жеткізетін болады.

  Э. Казарян өз шығармаларында қолдан тоқылған, қайталанбас өрнектерден тұратын, шексіздікке жылжыған сайын көбейіп отыратын, өзіндік ерекшелігі және таңғажайыптығы бар көркемсурет әлемін қалыптастырады. Пластикалық әдет – ғұрыптарына үңіле қарай отырып, армян архаикасына сілтеме жасау арқылы, өрнектердің тоқымасы мен сызбаларынан тұратын өзіндік әдіппен ритмдерге түсініктеме береді, сол арқылы өз кейіпкерлері – діни ойындардағы мәңгілік қуыршақтардың көңіл күйі мен жан дүниесінің жағдайын сипаттайды. Ежелгі сақтардың алтыннан жасалған пластикасы мен тізбекті геометриялық нысандары арқылы байланыстырылатын, барлығына түсінікті және ықшамды өнер тілін, өз шығармаларынан С. Нарынов табуға тырысады. Тура сол әсемдік – бейнелеу әдептері өзіндік тәсілмен Е. Мелдібекованың творчествосында да түрлендіреді. Ол қалыптастырған, әйгілі тарихи кезеңдермен тақырыптық тұрғыдан байланысы бар композициялар мен образдардан таңғаларлық түрде ұлттық рух айрықша байқалады, сол арқылы Қазақстанның бүгінгі суретшілерінің, қазақ жерінің ежелгі өнер мәдениетімен қайталанбас және тығыз байланысын айқындаймыз.

  Адам табиғатының күрделілігі жеңіл тәлкекпен немесе гротескпен айқындала отырып, тұтас, жұмбақ түрінде тоқылған, нысандары айқасып жатқан, У. Шановтың творчествосында келтіріледі. Пластикалық массалардың көлемін сезімді түрде анықтау мүмкіндігі, сонымен қатар, өмір стихиясының динамикасының өзгергіштігін көрсету Ш. Түлешовтың шығармаларына тән нәрсе. Д. Түлеков творчествосының қызықты сәттері ретінде, импрессионистік қабылдау, эмоциялық жағдайдың нәзіктігін көрсететін шығармаларын атап өтуге болады. Шағын нысандағы халықтық пластика жанры ретіндегі әсемдік стилистикалық бағытты жас мүсінші Э. Ахметова жалғастырды.

  Көптеген суретшілер өнердің алуан түрлі деңгейінен оқылатын, қайталанбас идеялардың бірі ретінде шығармашылық еркіндігі есептеледі. Осы ой – сананың, мүмкін болатын шығармашылық көріністердің кең ауқымды шегінің тірегі болатын бір қыры Қазақстан өнері үшін соңғы онжылдықта іс жүзінде концептуалды болған өнердегі абсолюттік еркіндік принципі еді. Мүмкін сол себепті, анық билет тұрған стилистикалық тенденция болмады, керісінше, оның барлық түрлері ықпалы жағынан бір-біріне теңеледі. Қазақстанның бүгінгі күнгі өнері, үздіксіз шығармашылық тәрізді тасқынды әрі үздіксіз қозғалыста болуда. Мүмкін болатын стилистикалардың, мәнерлердің, дүниетанымға қатысты, дүниетаным біріне мүлде қарама-қарсы жайларға дейін созылатын, бейнелеушілік және пластикалық ізденістерінің болуы, оның ерекше сипаттамасы, өзіндік белгісі бола бастады.

  Суретшілер кез келген, тіпті ең ауыр қабылданатын шығармашылық көріністерді қабылдау мүмкіндігінің бар екендігіне сенімі бар және сол туралы көрермендерді де сендіреді. Мәнсіз өнер мен фигуратив, авангардтың жаңа толқыны және классикалық реализмге деген кенеттен пайда болған қызығушылық, неопримитивизм мен таза абстракция, символизм мен экспрессионизм адам үшін күрделі бола бастаған, адамның өзін- өзі және қоршаған ортаны тану процесін жеңілдету мүмкіндігін беретін, көптеген көрмелерде бір — біріне көрші болуда. Адамның реалдылықты қабылдауының мүмкін болатын вариациялары суретшілердің қаламы арқылы авторлық біртұтас әлемге, метофоралар мен пластикалық кодтар жүйелеріне ауыстырылуда.

  Ұлттық идеялардың сыртқы стилиризаторлары болмай-ақ, бейнелеушілер мен мүсіншілер өз шығармаларының ажарландырылған нысандарының тілі арқылы, әдеттегі дүниетанымның философия мен этиканың принципті, мәндік константаларын ашып беруге тырысатын болатын. Кәсіби өнердің потенциалы арқылы әдеттегі қазақ мәдениетінің әлемдік универсумын қалпына келтіру, оның кординаталары мен принциптеріне сәйкес формальдық құрылымын қайта туғызу керек. Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық өнерінің, түркілердің монументалдық пластикасының, тастарға ойылған графикасының, ежелгі алтын мен қола мүліктерінің мұрасы ежелгі өнер иелерінің мирасқорлары, бүгінгі күнгі суретшілердің шығармаларынан да орын табуда.

1978 жылы 15 қарашада Ақтөбенің Алға қаласында туған. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың «Қолданбалы көркемдік өнер және кәсіби оқыту» кафедрасының аға оқытушысы. Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Cамал қалада туған. Мектепте орысша оқыпты. «Ақтөбеден Оралдың Жәнібек ауданындағы Жақсыбай ауылына көшіп келіп, жарты жылдай тұрдық. Қазақша сөйлеуге сол жерде төселдім» дейді Самалдың өзі. Бірақ біздің кейіпкерімізді «қазақшылықтан ада қалалық тікбақай» деу мүмкін емес. Ұлттық иба, халықтық қазына бойында тұнып тұр…Мен оны гобеленші деп еститінмін. Сөйтсем, Самал – сан түрлі өнерді бойына тең меңгерген алтын саусақ иесі екен. Тастан мүсін, сымнан сурет, былғарыдан бұйым, алтын-күмістен арнайы сый-кәденің талайын жасапты. Шеберлік, көркемдікке құмарлық, тамаша талғам Самалдың бойына әкенің қанынан, шешенің өнегесінен дарыған екен.

— Ата-анамыз біздің бойымыздан өнер ұшқынын ерте байқаса керек, – дейді Самал. – Қабырғаны шимайлап, түсқағазды түрлі суретпен бүлдірсек те ренжімеуші еді. Біздің жасымыз бен бойымыз өскен сайын қабырғадағы шимай-шатпақ та жоғарылай түсетін…

Самалдың әкесі – С.Сейфуллин атындағы №11 мектепте ұзақ жыл тарих пәнінен сабақ берген Махамбет ағай. Ал анасы Роза Мұхамбетқалиева – филология ғылымдарының кандидаты, Махамбет атындағы БҚМУ-дың доценті. Бір қарағанда мамандығы қолөнерден аулақтау сала сияқты болғанымен, Махамбет ағаны да, Роза апаны да өнердің өз адамы деген дұрыс.

«Әкем Бортаудан кесек-кесек тас әкелетін. Анам қырнап-жонып, түрлі мүсін жасайды. Оған біз еліктейміз. Әсіресе, папаның талғамы өте жоғары еді. Менің ең қатал сыншым – әкем болатын. Көп мақтамайды. Ақыл-кеңес береді. Ол кейде менің жаңа жұмысымды көріп, үндемей қалса, әлі де жетілдіру керек екенін түсінетінмін» деп сағына еске алады Самал. Сағынатыны, Махамбет аға бірер жыл бұрын ауырып, өмірден озды. Бірақ әке жүрегі балаларының бабалар аманатын алға апарар өнерлі де өрелі болып өскенін көріп, соған сеніп кетті.

Самал Оралдағы қазіргі С.Ғұмаров атындағы көркем­сурет мектебінде оқыды. Гобеленді алғаш өнер институтында үйренді. Бірақ біз жоғарыда айт­қандай, қолөнер – қазақ қызының қанына біткен қасиет болатын. Тоқсаныншы жылдар тауқыметі көп өтпелі кезең болды ғой. Сол кезде қолы шебер Роза апа көрпе жасап, алаша тоқып, киім тігіп, түрлі кәсіппен айналысып, отбасына жоқшылық көрсетпепті. Ал «ана көрген тон пішер» деген. 

– Біз бір топ курстасыммен бірге  Дәулеткерей атындағы өнер институтын тәмамдарда  «Өнер синтезі» деген күрделі жұмыс тоқып шықтық, – дейді Самал. – Ол кез – тапшылық уақыт. Бояу жоқ. Гобеленнің жасыл фоны үшін кәдімгі жарақат жуатын дәрігерлік «зеленканы» сары гуашқа араластырып, қоспа дайындадым. Көктемгі жас жапырақтың түсіндей әдемі бояу шықты. Бір қызығы, қазір БҚМУ-дың фойесінде ілулі тұрған сол туындымыз арада он жыл өтсе де ине-жіптен дәл қазір шыққандай бояуы қанық болып тұр. Міне, өнерде мұндай тапқырлық та керек.

Орал – табиғи шикізатқа өте бай өлке. Самалдың көзі бұған әбден жеткен. Тек ретімен кәдеге асыра біл. Барбастаудың қызыл сазынан қазақ ертегілерінің кейіпкерлеріне ұйқастырып «Бай мен кедей» атты мүсін ойыпты. «Саздың табиғи қызғылт түсі қатты ұнады, сол күйінде қалдырдым» дейді Самал.

Ауылда қазір қой жүні өтпейді. Кей жерде күйе түсіп, бүлінген тонна-тонна жабағы мен күземді айдалаға апарып өртегені туралы естіп жатамыз. Ал Самал сапалы жүнге әрдайым мұқтаж болып жүреді. Осындайда ата-баба өнерін киіз басып, текемет түруді, алаша тоқуды ұмытқан ауылдың қыз-келіншегіне не деріңді білмейсің. Ал уақыт тезінен өткен көне өнер көнермейді ғой. Мысалы, Алматыдағы «Сымбат» сән үйі Самал жобалаған заманауи шекпенге (түйе жүннен тоқылған жылы киім) қатты қызығып, сәндік коллекцияға енгізген екен.

Самал Махамбетқызы – ежелгі өнерге екінші тыныс беріп жүрген өнерпаз. Сонымен бірге оны жаңаша жетілдіріп, заманауи үрдіске үйлестіруші де. Мысалы, Францияда пайда болғанына үш ғасыр өткен гобелен тоқу станогын Самал өзінше өзгертіп, бір мезгілде алты адам қатар жұмыс істейтін мини-фабрикаға айналдырған. Жақында Самалдың бұл жаңалығы ресми тіркеліп, авторлық құжат берілмек. Сонымен бірге қазақи сәндік өнер мәселелеріне арналған мақалалары арнайы кітап болып жарық көргелі отыр. 

– Бірнеше жылдан бері Еуразия және Орталық Азия өнер қоры «Қазақстанда қолөнер мен халықтық көркемсурет кәсіпшілігін дамыту» атты арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Бағдарламаны белгілі “Шеврон” компаниясы мен Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі қолдап отыр. Жобаның мақсаты – қазақстандық қолөнер шеберлерін әлемдік дең­гейге шығару, олардың бәсекеге қабілетті болуына көмектесу, кәсіби нарық ережелеріне сай жұмыс істеуге үйрету. Бұл үшін арнайы семинар-тренингтер өткізіледі. Интернетте қазақстандық 800-дей өнер шебері кірген электронды база құрылған. Осы бағдарламаға тұрақты қатыса жүріп, мен қазір «жаттықтырушы» деген сатыға өттім. Енді бүкіл Қазақ­стан бойынша сабақ бере аламын, – дейді Самал.

Өнерін ғылыммен астастырып, шәкірт тәрбиелеп жүрген Самал Мұхамбетқалиева
ЮНЕСКО халықаралық көрме­сіне, «Қанатты әйел» жәрмеңкесіне, «Дала дарындары» байқауына, республикалық «Шабыт» фестиваліне, әлемдік Дельфий ойындарына қатысып, түрлі диплом мен арнаулы жүлдеге сан мәрте ие болды. Ол бүгін де арнайы тренинг-семинар өткізу үшін Ақтөбе қаласына аттанып бара жатыр. Үнемі белсенді позиция ұстанып, өзі білмейтінді үйренуден, өзі білгенін үйретуден жалықпайтын Самалға «өнердегі жолың сара болсын!» дейміз.

(2009 жыл, 19- ақпан, «Орал» газеті )

 

Тәуелсіз Қазақстан елімізде күннен күнге жас шеберлер, дарынды жастар дүниеге келуде. Осыларға арналған қоғамдық бірлестіктер де ашылған. 

Қазақстан Дизайнерлер одағының Республикалық қоғамдық бірлестігі, 1987 жылы құрылды, шығармашылық қоғамдық ұйым болып есептеледі, дизайн саласында 210 мамандардың басын құраған ұйым. Одақтың 9 филиалы бар. ҚДО жарғылық қызметінің негізгі бағыттары:

— дизайнерлердің шығармашылық қызметін дамыту, олардың кәсіби деңгейлерін арттыруға ықпал ету; 

— қазақ халқының ұлттық мәдениетін дамыту, сондай-ақ ҚР басқа халықтарының ұлттық мәдениетін дамыту;

— дизайнерлерді әлеуметтік қорғау;

— көркемдік мәдениет пен дизайнның дамуының мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қатысу;

— дизайнерлерге консультативті, сараптама және басқа көмек көрсету;

— дизайнерлік кадрларды дайындаға қатысу.

Бүгінде Қазақстанда дизайнның кейбір салалары, баспа және өндірістік кестелері алға басып келеді және дизайнерлік тұрғыдан мінсіз каталогтар мен иллюстрациялық журналдардың ауқымды сандарын шығару орындалуда.
Қазақстандағы сәулеттендіру-қала құрылыстық дизайндарды шешу қарқынды түрде дамып келеді. Бұл материалды және моральды тұрғыдан алып қарағанда өте маңызды қателіктерді болдыртпайтын әр елдің имиджі үшін өте маңызы бар дизайнерлік бағыт. Қазақстанда сәулеттендіру жобаларының дизайны бойынша бірқатар нәтижелі қадамдар жүзеге асырылып келеді.

         Біздің қазақ халқының мәдениетін ел тануда. Жыл сайын әр елдерде ұйымдастыратын өнерлі презентациялар біздің елдің қарқынды дамып жатқанын көрсетеді.

Чехиядағы қазақ мәдениеті күндері

Прагадағы ұлттық киім шеруі осындай сән-салтанатты болды

12.09.2008 жылы Прагада Қазақстан мәдениеті күндері өтті. Бұл шараның мақсаты — чех халқын Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрі және тарихымен таныстыру болып табылады. Қыркүйектің аяғына дейін жалғасатын осы мәдени шараны Чехиядағы “Елім-ай” деп аталатын Қазақстан мәдени орталығы ұйымдастырған. Бейсенбі күнгі кеш барысында бойларына сән-салтанатты ұлттық киімдер жараса қалған қыздар мен жігіттер ел алдына шықты. Олардың арасында Қазақстанда тұратын басқа да ұлт өкілдерінің өзбек, орыс және тағы басқа ұлыстардың түрлі киімдері таныстырылды. Прагадағы сән үлгісінің көрсетілімі Чехияда ұйымдастырылып отырған Қазақстан мәдениеті күндерінің бағдарламасына енгізілген. Чех республикасындағы Қазақстанның “Елім-ай” мәдени орталығының төрайымы Светлана Шестакованың айтуынша, мақсат – чех қоғамын Қазақстан халқының мәдениетімен таныстыру болып табылады. 

«Елім-ай» қазақ мәдени орталығының төрайымы Светлана Шестакова (ортада) қонақтармен бірге

“Мәдени шарамыздың басты мақсаты — чех қоғамын Қазақстанда тұратын қазақтар мен тағы басқа ұлт өкілдерінің мәдениетімен және әдет-ғұрпымен таныстыру”, — дейді Шестакова. Оның айтуынша, Қазақстан мен Чехия арасындағы достық қарым-қатынастар жақсы дамып келеді.“Достық жағдайдағы екі ел қарым-қатынастары өте жақсы дамып жатыр. Соңғы кездері Қазақстан мен Чехия арасындағы экономикалық байланыстар күшейіп келеді”, — дейді ол. Прагадағы мәдени шара Чехияның мәдениет министрлігі мен Прага әкімшілігі және Чехиядағы Қазақстан елшілігі, сондай-ақ, бірқатар қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық фирмалардың қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ұлттық азшылықтар үйінде өтіп жатқан бұл кеште сондай-ақ Қазақстан мен Чехиядағы суретшілер мен фотографтардың көрмесі қойылған. Қызығушылық танытқандар бұл көрмеде чех фотографы Юрия Некийдің Астана туралы және алматылық Олег Дятловтың Қазақстан табиғаты туралы түсірген суреттерімен таныса алады. 

 

 

Фотокөрмеде — бүгінгі Қазақстан тынысы

Қыркүйектің 4-де басталған Қазақстан мәдениеті күндері шеңберінде сонымен қатар қазақ халқының әні мен музыкасына, тарихына, дәстүрі мен әдет-ғұрпына арналған кештер ұйымдастырылды. Осыған байланысты қазақстандық Әбдіғани Жиенбай мынадай пікірін білдірді: “Бұл деген әр мемлекетке бұйырған нәрсе емес, көріп жүрміз ғой, Орта Азиядан бір айға созылған мәдени күндер болмаған. Далада да өтіп жатыр, қалада да өтіп жатыр. Бірнеше тақырыпта: қазақтың әні мен музыкасына арналған бір кеш өтті, сондай-ақ, қазақтың ұлттық киімі мен тарихына арналған кеш ұйымдастырылып жатыр. Сондықтан мына біздің қазақ мемлекетінің бүкіл әлемге жайылуының бір дәлелі осы”.Қазақстан мәдениеті күнлері шеңберінде Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіліп, Қазақстанның дамуына қатысты мәселелер мен екі ел арасындағы қарым-қатынастар жөнінде семинарлар мен дөңгелек-стол талқылаулары ұйымдастырылады деп жоспарланған. Ал 25 қыркүйекте, яғни осы мәдени шараның ең соңғы күнінде, Прагада қорытынды гала-концерт өтті. Кеш соңында Азаттық радиосы сән көрсетілімін тамашалағандардың алған әсері мен пікірін білмек ниетпен қонақтардың бірқатарына микрофон ұсынған еді: “Бұл кеш өте тамаша және қызықты өтті. Мен жақсы әсер алдым. Кеш жақсы ұйымдастырылды. Осы мәдени шараға қатысқан модельерлердің тіккен ұлттық киімдері әдемі болған. Маған, сондай-ақ, қазақ киімдерінің тарихы туралы әңгіме ұнады”, — дейді чех азаматы Владимир Ионарш. Гүлнара есімді қырғыз әйелі: “Мен де кештен ғажап әсер алдым. Киім үлгілерінің ескі мен жаңа түрлері қосылып әдемі таныстырылды. Ұлттық киімдердің түсі де ашық әрі әдемі болды. Көзіміз демалып қалды”, — деді.
Сонымен қатар, мәдени шараға келген кейбір қазақ жастары осындай кештер ұйымдастырылып, олар жөнінде құлақтандырулар көбірек берілсе, бұдан да көп адам келер еді дейді. Ал Нұргүл есімді қырғыз келіншегі ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді. “Кешті ұйымдастырғандарға көп рахмет айтқым келеді. Енді болашақта осындай мәдени шаралар жиі болып тұрса екен”, — дейді ол.

 

  Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжылдыққа парасаттылық және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың көшпенділік мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген. Сол айтылған мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық құндылықтардың заман суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа бағыттар арқылы, ХХ ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары арқылы өз шығармаларында ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде, инновациялар негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың экзистенциалдық мәселелерін қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі; творчестволық көзқарастардың кең ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-ғұрыптар, мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы бейнелеу өнері мен мүсіншілігін күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі туралы асықпай айтылатын әңгіме, адам мен Универсумының үздіксіз байланысының философиялық жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі күн, суретшілерінің шығармаларында жұмбақтық метафоралары және мән мен толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын бүгінгі күндегі адам ой – санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер мен мазмұндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге бағытталған мәңгілік ұмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді.

  Классикалық академиялық халықтың көпғасырлық тарихының өзіндік жылнамасын жасайды және менің ойымша, Қазақстан өнерінде ең маңызды орынға ие болды. Тарих пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған фрагменнтер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді. Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді.

  Реалдық әлемі дегеніміз не? Әрине, мәдениеттілігінің бәрі тұтастай алғанда адам үшін, тарихи Адамзат тарихы реализмдық әлемі рухани көзге, естуге, түйсінуге арналған баршылық қана емес, сонымен қатар ішкі әлемімен игерілетін, адамның барлық қызметін басқаратын нәрсе екенін көрсетеді.

  Қорыта айтқанда, суретші өзінің ойы мен сезімін толық таныту жолында, тек қана өзіне қажеттілерін екшеп алуда, яки толық қанды тұтас образдарды жасау жолында ұзақ дайындықтан өтті. Ол барлық бейнелеу әдіс – тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ қағазға салған әрбір бояудың түрін жігерлендіруші қуатты күшті айналдыра білді. Ол бір мезгілде көзге көрінген нәрсенің бәрін жазып ала бермей, ең алдымен – шындықты дұрыс және терең түсіну, зат пен құбылыстың құпия сырларын жете ұғыну, сыртқы жалған көрініске құр еліктемей, оның ішкі әлемі, сезімін, ойын көре білу және оны бейнелеу өнерінің әр уақытта қолынан түспейтін, әрқашанда құлапта сақтайтын құралдармен дәл жеткізу қажеттігін жүрегімен ұғынды. Себебі, суретші алғашқы бояу жаққаннан-ақ, одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі шындыққа жанаса ма және оған өзінің көзқарасы үйлесе ме деген жалғыз дара форманы тауып алғанға дейін кедергілерге кездесе береді ғой. Әрине, бояу жағылған сайын формада жетіле береді, мазмұны да жақсара түседі. Суретшінің ойы мен сезімі заттың мәнісіне терең үңілген сайын, оның жеткен шегіне, сырт көрінісіне қанағаттануға тура келеді. Ал, егер салған туындысына көңілі толмай одан әрі іздене түссе, ілгері қарай жетілдіре берсе, тіпті жақсы, себебі іздену үстінде жоғын табады, машықтанады. Ал, болмысты шығармашылық тұрғыдан меңгере берудің тіпті де шегі жоқ қой. Басқалардың шығармасынан үнемі үйреніп және қадағалап отыру суретшінің өзін-өзі сезінуіне және өз еңбегіне сырт көзбен қарай білуіне көмектеседі. Сондай-ақ, суретші өз өнерін басқалардың шығармасымен салыстыра бақылап, оны суреткердің қоғамдық міндетімен, мән-мағына туралы жалпы ұғыммен байланыстыра қарай алуы қажет.

  Кең мағыналы «реализм» ұғымының шексіз кеңістігінде еркін қалыптап жүрген Қазақстан өнерінің санқырлығын айқын танытатын осы ерекшеліктер 3-ші мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның бейнелеу өнерінің шарықтауы туралы менің сенімімді қуаттайды. Бүгінгі таңда Қазақстан өнері бірегей өркениетті ғарыш ретіндегі қазақ мәдениетінің сақталуы мен дамуындағы ұлы жасампаз қызметі атқарады және әлемдік мәдени кеңістікке енуіне жол ашады.

  Мемлекеттің негізгі мақсаты – ұлттық қауіпсіздікті сақтау дейміз. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау – қорғаныс күштерін нығайтып, ел ішіне енген арам пиғылды адамдарды аңду ғана емес, ел азаматтарының бірлігін сақтау, рухы биік, өз ұлтының барлық асыл қазынасы мен асыл қасиеттерін бойына сіңіре білген, өз дәстүрі мен салт-санасын өзгеге айырбастамайтын саналы азаматтарды тәрбиелеп, қалыптастыру. Оның бірден-бір төте де сенімді жолы біреу-ақ, ол – жас ұрпақты мәдениет арқылы тәрбиелеу. Мәдениет – көптеген тоғышарлардың түсінігіндей клубтар мен дискотекалар ғана емес, мәдениет – тіл, тарих, музыка, әдебиет, экран, телеэкран, т.б. Біз көп айта беретін ұлттық идеология дегеніміздің өзі негізінен мәдениетке сүйенеді. Сондықтан біз шекараны қалай қорғасақ, мәдениетті де солай қорғауға тиіспіз. Қоғам мүшелерінің парасат деңгейі мен рухани биіктігі жоғары болған сайын мемлекет негізінің іргетасы да соғұрлым берік болмақ.

  Осы қағиданы анық түсінгеннен кейін мемлекеттің алдынан мәдени дамудың бағытын таңдау, оны таңдағаннан соң сол дамудың стратегиялық концепциясын жасамай тұрып, мемлекеттік идеология туралы ойлаудың өзі жалаң идея, сөз жүзіндегі игі ғана боп қалары даусыз. Қазақтың мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты осы концепцияны жүзеге асыру үшін арнайы бөлім ашып, іске кірісіп кетті.

  Қазақстан – территориялық, экономикалық және геосаяси жағынан өзге мемлекеттерге ұқсамайтын бірден-бір ерекше мемлекет. Оны қоршаған мемлекеттердің конфессиялық, экономикалық, саяси құрылымдары мүлдем әр басқа. Бұған келіп, республиканың өз ішіндегі әр түрлі ұлттыр мен ұлыстардың тілдік және ментальдық әр алуандығын қоссақ, мәдени дамудың жалпы мемлекеттік стратегиясын жасап шығу оңайға соқпасы белгілі. Ол үшін әр түрлі тілдік, діндік және тарихи-мәдени ерекшеліктерді мен заң ғылымының өкілдері де белсене араласуы қажет.

Қорытынды

  Қазақстан мәдениеті деген үлкен ұғымға негізгі ұйытқы болатын Қазақ мәдениеті ертең қай бағытта дамуы керек? Азиялық па, еуразиялық па, түркілік пе, әлде мұсылмандық негізде ме? Мемлекетаралық, ұлттық интеграцияға ұмтылып отырған Қазақстанның қазіргідей саяси жағдайында бір ғана ұлттық шеңберде дамуды мақсат етіп қоюдың өзі дүние-әлемде қалыптасып отырған бүгінгі таңдағы реалды жағдайды ескермегендік боп табылар еді. Ұлттық мәдени дамудың перспективаларын негізге ала отырып, біз өзімізді қоршаған басқа да озық үлгідегі мәдени дәстүрлер мен ағымдарды есепке алуға тиіспіз.

  Мәдениет ұлтты қорғайды, сол ұлттың басын құрып отырған мемлекетті қорғайды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Демек, мемлекет те өз мәдениетін қорғауы керек, оның жаңарып, түрленіп, гүлденіп отыруына баса көңіл бөлуі қажет. Мәдениетті күнделікті болып жататын көңіл көтерер факт ретінде қабылдамай, ұлттың негізі, мемлекеттің тірегі деп қарайтын кез жетті. Олай болмаған жағдайда ұлт мәдениетінің босаған орнын басқа елдің жат өнері жайлап алады. Ол – жоңғар шапқыншылығынан әлдеқайда қауіпті.

  ХХІ ғасырда бейнелеу өнері сияқты адам жайында айтудың осындай көне тәсілі қажет бола ма? Жердегі жаңа адамдардың суретшінің алдында ол бейнелеудің ұтымды формасын  тапқанға дейін тапжылмай отырып күтуге уақыттары мен шыдамдары жете ме? Өмір сүре келе, көрерміз. Дегенмен, жақсы нәрсе текке кетпейді дегенге сенгің келеді және екі адам өмір мен өнер туралы достық рәуіштегі әңгімеде бір-біріне өздеріне сын көзбен қарауға мүмкіндік беретін де күндер туады: суретші ерекше түс белгісін табуды қажет ететін модель болса, модель суретші үшін шығармашылық пен өнердің мәнін түсіндірудің құралы. Қазіргі кезеңде қазақ көркемөнерінің мәдени ескерткіштер, халық тарихының бастаулары, ұлттық ерекшелік, т.б. құндылықтарға ден қою, тың ізденістерге бару. Адамзат мәдениетінің арналы саласы ретінде қазақ өнерінің әлемдік көркемөнерінде өзіндік орны бар.