АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

 

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі оқыту  кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.д. проф. Аязбеков Е.А.

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы:    Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

 

 

 

Орындаған: 703 топ интерні

  Естекбаева Н.А.

  Тексерген:м.ғ.к.  Ахенбекова А.Ж.

 

 

 

 

Алматы 2010-2011

 

 

Жоспар:

  1. Тақырыптың маңыздылығы.
  2. Кіріспе.
  3. Клиникалық белгілері.
  4. ЭКГ-белгілері.
  5. Емі.
  6. Қорытынды
  7. Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Тақырыптың маңыздылығы:

Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру және шығу себебін көп жағдайда оңайға соқпайды.Жүрек қуысында және ірі қан тамырлардың қабырғаларында қан қысымының өзгерістерін бақылап отыратын барорецепторлар орналасқан.Сондықтан кезкелген жүктеме,дене қалпын өзгерту,көңіл-күй өзгерістері сопақша мидағы орталықты тітіркендіруі мүмкін.Осы уақытта пайда болатын тахикардия аз уақытта өздігінен жоқ болып кетеді .ВПУсиндромының бастапқы  кезіндегі белгілер осыған ұқсас болып өтетіндіктен көп жағдайда дер кезінде анықталмайды да күрделі өзгерістерге әкеліп соғады.

      Кіріспе:

Қалыпты жағдайда импульстар оң жүрекшеде орналасқан син-артериалды түйіннен жүрекшелер арқылы өтіп оны жйырылтады да,жүрекше мен қарыншаның шекарасында орналасқан артериовентрикулярлы түйін арқылы келіп қарыншаларды жиырылтады. Осыдан кейін жүрек келесі импульс келгенше демалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        1.қалыпты жүректің өткізгіш жүйесі.

 

 

 

       Ал Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы кезінде импульстар  СА түйіннен шығып АВ-түйінге бармай,қалыпты жағдайда болмайтын ,қозуды өткізетін қосымша жолдар— Кент шоғыры арқылы қарыншаларға өтіп оның тез жиырылуына алып келеді. Нәтижесінде жүрекшелер демалып үлгермейді де мезгілінен бұрын қайтадан жиырылады.

Клиникасы: пароксизмалдық тахикардия ұстамасы бірден қатты басталады. Бала жүрек тұсындағы қолайсыз сезімді,көкірегі тарылатынын, төс етегі тұсының ауыратынына шағымданады. Ұстама кезінде бас айналып,талықсып кету,құсу жиі болады. Ауруды қарап тексергенде түрі бозарып,ентігу,мойын тамырларының солқылдап соғуы анықталады. Сонымен қатар балада әлсіздік,шаршағыштық,физикалық дамудың артта қалуы,мұрын-ерін үшбұрышының цианозы,» барабан таяқшалары»,шыны тәрізді тырнақ. Негізгі белгілерінің бірі—аритмия болып табылады.

     ЭКГ-белгілері:

  1. P-R (P-Q) интервалының қысқаруы -0,12 с. Төмен.
  2. Дельта-толқыны пайда болады. Оның пайда болуы қарыншалардың қабаттасып жиырылуына байланысты.( қарыншалардың қозуы алдымен қосымша өткізгіш жол арқылы,сосын АВ-түйін арқылы жүреді). Егер АВ-түйін арқылы қозу тез өтсе дельта-толқын кішірек,баяу өтетін болса көлемі үлкен болады.АВ-блокада болатын болса қарыншалық комплекс толығымен дельта-толқыннан тұрады,себебі қозу қарыншаларға тек қосымша жол арқылы ғана беріледі.
  3. QRS комплексінің кеңеюі 0,1с.жоғары,дельта толқынға байланысты.
  4. Тахиаритмия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Белоконь Н.А «Болезни сердца и сосудов у детей» 1987г, 2 том
  2. Мажитова З.Х. «Кардиология детского возраста» 2005г
  3. Сумароков А.В. и Михайлов А.А. Аритмии сердца, М., 1976;
  4. Томов Л. и Томов Ил. Нарушения ритма сердца, пер. с болг., София, 1976;
  5. Чазов Е.И. и Боголюбов В.М. Нарушение ритма сердца, М., 1972;
  6. Янушкевичус З.И. и др. Нарушения ритма и проводимости сердца, М., 1984.