АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Экономика және қоғам

Кіріспе

 

                                                                        Экономикалық теорияны жүйелі түрде оқымаған

                                                                        адам үшін… тек сұрақтарға жауап беру ғана

                                                                        емес , тіпті дұрыс ойлауға талпынудың өзі де

                                                                        оны орасан зор қиындықтарға душар етеді.

                                                                        Ол- музыкалық шығармаға өзінің бағасын

                                                                        беруге талпынған саңырауға ұқсайды.

 

                                                                                                                               П. Самуэльсон.

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің қайта қалыптасуын талар етеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін , алдымен жалпы экономикалық ойлау қабілітін кеңейту керек.

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық — әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті тұр. Осы негізде әлеуметтік , рухани және т.б күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талабы.

Сонымен , экономикалық білім көптеген күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.

Біріншіден , экономикалық проблеммаларды белсенді түрде талдай білуге , әсіресе , нарықты экономикаға байланысты дұрыс көзқарастар қалыптасты-руға көмектеседі.

Екіншіден , әрбір болашақ маман өз елінің тұлғасы дерлік біліктілікке қол жеткізумен бірге , болашақ тағдырын да шеше алатын асыл қасиеттерді өз бойына дарыта білуі тиіс.

Үшіншіден , басқарудың бұрынғы әкімшіл-әміршіл әдісінен экономиканы нарық механизмі арқылы дамытуға көшу ісі – болашақ мамандардың эконо-микалық теорияның мәні мен мазмұнын жете меңгеруін талап етеді.

Біздің ойымызша , нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір – таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: « Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стра-тегияны былай деп анықтайды: « Меншіктің негізгі түрлерін ( жекеменшік пен мемлекеттік меншік ) үйлестіре және өзара іс – қимыл жасай отырып бә-секелестік бастамаға негізделген әлеуметтік – экономика құру… »

 

1.1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері

 

Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ , ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір – бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан – жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады , солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.

Қазіргі заманда « экономика » сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.

Біріншіден , « экономика » сөзімен  игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі .

Екіншіден , « экономика » сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро мен микроэкономикасын және интерэкономикасын бөліп қарағанда « экономика» ұғымын түсіндіреді. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипаттайды.

Үшіншіден , « экономика » сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.

Төртіншіден , « экономика » сөзімен оқыту пәні ретінде түсіндіріледі. Қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі , себебі ол саяси , құқықтық , рухани және басқада қоғамдық , өмір саласының мазмұнын  анықтайды. Экономикалық саясат экономиканың шоғырланған мағынасын білдіреді. Генетикалық  көзқарас тұрғысынан алғанда , саясат экономикадан өрбиді деген сөз. Саяси көзқарастар , мекемелер мен қатынастар екінші реттегі байланыстар болып табылады , себебі олар экономикалық қатынастардан туындайды. Өз кезегінде саясат әрдайым қоғамдық дамуда ерекше роль атқарады. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады.

Қоғам байлығы саудада емес , ол өндірісте пайда болатындығы туралы идеяны алғашқы рет физиократтар ( « физис » — табиғат, « кратос » — өкімет деген екі сөзінен шыққан ) мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы  — Франсуа Кенэ ( 1694 – 1774 жж.) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі  — ауыл шаруашылығындағы еңбек деп есептеді.  Кейінірек осы сұрақтар Уильям Петти ( 1623 – 1687 жж.) , Адам Смит ( 1723 – 1790 жж.) және Давид Рикардо ( 1772 – 1823 жж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі  тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы емес , барлық өндіріс саласындағы еңбектерде көрінетіндігін айғақ етті. Осы идеялар « классикалық » деген атқа иеленді , сондықтанда бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.

Экономикалық теория – бұл іргелі экономикалық ғылым , әлеуметтік – гумманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан , экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым  ретінде анықтауға болады.

 

 

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда  — бұл абстракция , бірақ ақылға сыйымды абстракция , себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіріреді және өнеркәсіп , ауыл шаруашылығы , құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.

Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік  химиялық элементтерді тұтына отырып , өзін — өзі ұдайы өндіреді. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың  — адамның жұмыс күші , еңбек заты мен еңбек құралдары — өзара іс -әрекеті арқылы ( бұл К. Маркс бойынша ) жүзеге асуы мүмкін . Бірінші фактор жүзеге асса , екінші мен үшіншісі — өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған : « Қоғамдық өндіріс түрлері қандай да болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал – жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».

Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін , жұмыс күші әрбір кезде іс — әрекетте болуы қажет , басқаша айтсақ , тұтынылуы керек.

Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы , машина жасау зауытындағы металл , құрылыстағы цемент , тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады.  Еңбек құрал – саймандары адамның табиғи мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.

Еңбек құрал –саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина , инструмент пен қажет тетіктер , двигатель , жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер. Еңбек құрал – саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады. Машина өндірісі жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компанентті машина жүйесінде дамыды: жұмыс машинасы , двигатель , жеткізетін құрылым. Ғылыми – техникалық революция бұған жаңа компанентті қосты – электронды басқару құрылымын және ол ой еңбегі қызметінің формальды  икемге келетін жұмысын атқарады. Осы компанентті қолдана отырып , жұмыскер жайлап тікелей өндіріс процсінен шығады және онымен қатар тұрады. Нәтижесінде технологияда түбегейлі өзгереді.

Еңбек заты мен құрал – саймандар бірге өндіріс құрал жабдықтарын құрайды.

 Әр бір адам  жеке жұмыс істейді , бірақ барлық еңбек процесі ұжымда , қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып , оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары , ең алдымен еңбек құралдары , сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші , олар ғана өндіріс құрал – жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты ретінде қолданылады , басқасында – басты еңбек құралдары ретінде.

Келтірілген өндіріс факторларының классификациясы мәңгі қатып қалған болып табылмайды.

Мысалы , маржинализм теориясының  топтауынша , төрт өндіріс факторы бар: жер , еңбек , капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.

Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары , пайдалы қазбалар қоры , орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жаталды.

Капитал – бұл машина , құрал – жабдықтар , қойма , көлік және байланыс құралдары.

Еңбек адамның ақыл – ой және дене қызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі әрқашанда ойланып істелетін , мақсатқа сәйкес қызмет , ал жануарлар соқыр сезімге бағынып әрекет етеді.

Кәсіпкерлік қабілеттілік – арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықты , төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді.

Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері , жоғарыда аталған өндіріс фаторларынан басқа , ақпараттық , экономикалық және экологиялық факторлардыда қарастырады. Экологиялық фактор экономикалық өсудің импулсі ретінде жүзеге асады. Алайда , оның мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына байланысты шектеледі.

Өндіріс процесінде адамдар бір – бірімен қатынасқа болады. Бірақ бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан , бұл қатынастар: ұйымдастырушы , адамдарды орналастыру – техникалық — өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан , бұл қоғамдық — өндірістік , яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен , меншік қатынастарымен анықталады.

Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бір – біріне өзара әсер етеді.

Өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуіне ықпал етеді.Өз кезегінде өндірістік қатынастар өндіргіш күштерді тоқтатуы немесе дамытуы мүмкін. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс  әдісіне өзінің экономикалық қатынастары сай келеді.

 

1.2. Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері

 

 Экономикалық теорияда « экономикалық ресурстар » деген ұғым бар. Экономикалық ресурстар – бұлда өндіріс факторы , табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді. Оған : көмір , газ , мұнай , бензин , керосин, т.б. жатады. Адам ресурстары – олардың еңбек әуелеті , кәсіпкерлік қабілеттілігі болмақ.

Планетамыздың барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады. Мысалы , жер өте көп , бірақ  жыртуға жарамды жерлер шектеулі мөлшерде ғана бар. Жердің көптеген көлемін тау сілемі , орман , тундра , құм массивтері – бос дала және т.б. алуда. Бұрындары қуатты пайдалы қазбала болған жерлер – оларды алудың нәтижесінде тозады.

Ресурстардың жеткіліксіздігі  оларды үнемдеу , таңдау мәселелерінің қажеттілігін тудырады. Қолда бар экономикалық ресурстардың шектеулігі кезінде өндіріс қоғамдағы барлық сұранымды қамтамасыз ете алмайды. Қоғамдық өндіріс мүмкіндігінің шектеулігі жағдайында нені өндіруге болады? Экономикалық теорияда мынадай мысалды жиі келтіреді : айталық , май өндіру мен зеңбірек өндіру арасында қайсысын таңдауымыз қажет.

Басқаша айтқанда , әңгіме мынада : барлық ресурс түрлерінің шектеулі болуы , кез келген қолда бар тауарды өндіру туралы шешім , сол ресурстарды қандай да бір басқа бұйымдарды шығару үшін қолданудан бас тартуды қарастырады. Мысалы , танкі өндірісінде жұмсалған металл, оны автомобиль өндірісінде немесе қайдағы бір басқа мақсатқа қолдану мүмкін емес.

 

 

1.3. Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері

 

Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі бар:

  • натуралды шаруашылық;
  • тауарлы шаруашылық;

Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал – сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық , құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісіне басым болады. Алғашқы қауымдық  құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімнің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап , еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап , тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа , жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады. Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісіне өзінің дамуының жоғары түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.

Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы , бақшагердің натуралды щаруашылығы — өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса , онда ол ұсақ тауар өндірісіне айналады.

Қазіргі қоғамдық өндіріс – бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлісінің болуы және оның мамандануы. Еңбек бөлісі өндірістің өсуімен барынша көп түрленеді және бөлшектене бастайды. Бұл процесс барлық қоғамдық өндіріс саласында , әсіресе өнеркәсіпте — өте көрнектілікпен байқалады. Мысал ретінде салалық және ішкі салалық мамандыруды айтуға болады. Машина жасауды алатын болсақ , мұндағы мамандану өте кең ауқымы : энергетикалық машина жасау , көліктік машина жасау  және т.б.

Тарихи тағлым көрсеткендей , тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш жағдайда жүзеге асады:

  • бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлісінің болуы;
  • алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің пайда болуы;
  • тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы .

Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және капиталистік . Олар бір типті , себебі олардың негізінде өндіріс құрал – жабдығына деген жеке меншік  жатады және ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан олардың өз арасында айырмашылықтар бар. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушінің өзіндікеңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс құрал – жабдығы жоқ жалдамалы жұмысшы жасайды.

Сөйтіп , қазіргі нарықтық қатынастар тек қана кәсіпорын , шаруашылықтың жоғарғы тауарлық деңгейінің және тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануының негізінде қалыптасады , яғни еркін кәсіпкерлік пен жеке меншік арқылы деген сөз. Қазақстанда тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы нарыққа көшу кезінде еркін кәсіпкерлер тобының қалыптасуын қарастырады.

 

1.4. Қоғамдық өндірістің құрылымы

 

Адам қоғамының дамуы негізін материалдық өндіріс құрайды . Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса , онда адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.

Материалдық өндірістер саласы – халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық игіліктер өндірісі және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда , коммуналды шаруашылық , тұрмыстық қызмет көрсету .

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрлымына материалдық өндіріс салаларынан басқа, материалдық емес өндіріс салаларында бөлінеді. Оларда ерекше материалдық емес игіліктер жасалады , сондай – ақ материалдық емес қызмет көрсету – денсаулық сақтау , білім , ғылым , мәдениет, спорт және  басқаларыда бар және бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған.

Ғылыми зерттеудің көрсеткеніндей , білім , ғылым , денсаулық сақтау , өнер, мәдениет материалдық өндіріс тиімділігіне үлкен әсер етеді. Алайда тікелей емес , қоғамның басты өндіргіш күші  — адам арқылы жанама түрде әсер етеді.

Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр:

  • өндірістің тиімділігін арттыру
  • өндірістің экологиясын сауықтыру
  • гумманизациялаумәселесі , яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағдай жасау.

Адамзат қоғамы осы мәселелерді шешу жолында ғылыми зерттеу жұмыстарын және эксперименттерін жүргізуде.

Адамзат қоғамының даму тарихындағы негізгі экономикалық проблеммаларды шешу процесінде әр түрлі тәсілдерді қолдануға болатын экономиканы ұйымдастыру жүйелері белгілі. Әлеуметтік – экономикалық даму кезеңдеріне байланысыз қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың , меншікшіктің әр түрлі формаларына негізделген экономиканың біршама үлгілері қалыптасып дамиды. Сонымен қатар , қандай бір ел болсын экономикасы  — бұл ұдайы өндірілетін және өзінің ішкі қарама қайшылықтары бойынша дами беретін белгілі бір экономикалық  қарым – қатынастар жүйесі болып табылады. Сондықтан да нақты экономиканың  әр түрлі үлгілері туралы заңды сұрақ туындайды . Осы сұраққа жауап ретінде адамзат дамуындағы белгілі экономиканың түрлеріне тоқталайық.

Дәстүрлі жүйе . Өткен кезеңдердегі негізгі экономикалық проблеммалар ырықсыз , сезім жетегінде шешілетін. Көптеген экономикасы нашар дамыған елдерде күні бүгінге дейін дәстүрлі немесе әдет – ғұрыпқа негізделген экономикалық жүйелер қолданылып келеді… Нені ? Қалай және кім үшін өндіру керек ?  Бұл проблеммалар ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр және салт бойынша белгіленеді. Мұнда құрал – жабдық пен техниканы пайдалану , айырбастау өндірілген өнімді бөлу ұзақ мерзім құрметтеліп келген әдетке негізделген. Әр бір адамның экономикалық рөлін өз шыққан тегіне тартушылық және қоғамның ерекше топтары анықтайды. Бұл жүйе экономикалық өмірге әр түрлі техникалық және басқару жаңалықтарын енгізуді қатал шектейді. Себебі олар қалыптасқан дәстүрмен қайшылыққа түседі және қоғамдық құрылыстың тұрақтылығына қауіп төндіреді.

Әкімшілдік — әміршілдік экономика . Бұл жүйеде өндірісті ұйымдастыру және өнімді бөлу туралы шешімдерді тек мемлекет қана қабылдайды. Мұндай жүйеде барлық материалдық ресурстар мемлекет қолында шоғырландырылып , орталықтанған және жоғарыдан жоспарлау негізінде экономикалық шешімдер жасау мемлекеттік меншіктің үстемдігімен жүзеге асады. Басқаша айтқанда , әрбір  кәсіпорынның өндірістік жоспары жоғарғы органдар арқылы айқындалады. Сонымен бірге , олрадың әрқайсысының өндірістік практиканы орындауы үшін қаншама ресурстар алуы керек екендігі де нақты анықталынып отырады. Ал салалар арасында құрал – жабдықтар орталық жоспарлау орындары белгілеген негізде бөліске түседі.

Нарықтың  — жоспарлаумен , сауданың – бөлумен алмастырылуы  орталықтан басқаруды обьективтік  қажеттілікке айналдырды.

Нарықтық экономика . Нарықтық экономикада : нарық баға , пайда және шығын жүйелерінің өзі – « Нені , Қалай және Кім үшін » өндіру керек екендігін анықтайды .

Нені өндіру керек ? Бұл тұтынушылардың қолындағы теңге немесе доллар мөлшерімен шешіледі. Мәселен , Лос – Анджелос немесе Чикагоға келесі тоқсанда қанша сабын немесе қанша ет жеткізу керектігін ешкім жоспарламайды. Тұтынушылар не үшін ақша төлейтінін өздері шешеді де , өндірушілер сол тұтынушылардың қажетті тауар үшін ақша төлеуге әзір екендіктерін қанағаттандыруға күш салады.

Қалай ? Көбірек пайда түсіруге ынталы өндіруші өнімді өндіруді қалай ұйымдастыру проблеммаларын өзі шешеді. Нарық анықтайтын баға жағдайында жойылып кетпеудің бір ғана баламасы – дайын тауарды төмен бағамен көптен сата білуге саяды. Сөйтіп басқалармен бәсекеге тускен өндірушілерге қарағанда , оның шығыны аздау болады.

Кім үшін ? Өнімді кім үшін өндіру керек  екендігі жалақысы және табысы жоғары қоғам мүшелерінің пайдасына шешіледі. Бір айта кететін жайт , таза нарықтық экономика  еш уақытта болған емес. Өкімет және экономика әрдайым бір – бірімен тығыз араласып жатқан процесс.

Әкімшілдік — әміршілдік экономика мен нарықтық экономиканың арасында төмендегідей айырмашылықтар бар :

  • ресурстарға деген жеке меншіктік және мемлекеттік меншіктің арасындағы
  • үйлестіру механизмі ретіндегі нарықтық жүйе немесе орталықтан жоспарлау жүйелерін пайдалану арасындағы айырмашылықтар.

Аралас экономика . Батыстың экономикалық ілімдерінде және кейінгі жылдары бұрынғы  Одақтың , қазіргі ТМД-ға кіретін мемлекеттердің экономикалық әрекеттерінде « аралас экономика » категориясы кеңінен қолданылуда. Жалпы алғанда , « аралас экономиканы » экономикалық қатынастардың әр түрлі формаларын , экономиканы дамытудың әр алуан жолдарын қамтитын ерекше жүйе деп анықтауға болады.

Батыс экономистері « аралас экономиканың » мәнін , мазмұнын анықтағанда , бұл жүйеде оның негізін қалайтын сипатына қарама – қайшы тұратын элементтер пайдаланады деген пікір айтады. П. Самуэльсонның пікірінше , бұл жүйеде мемлекеттің және оның институттарының еркін кәсіпкерлігін пайдалану. Ол « Біздің экономикалық жүйе – бұл экономикалық  бақылау ; қоғам және жеке меншік институттар тарапынан да жүзеге асырылатын еркін кәсіпкерліктің « аралас жүйесі » деп жазады.

Бұрынғы Одақтың және Қазіргі ТМД-ға кіретін мемлекеттердің экономикалық әдибиеттерінде осыған қатысты әр түрлі мағыналы анықтамалар айтылуда. Мұнда нарықтық қатынастарды , мемлекеттік реттеуді үйлестіру , сонымен қатар , « аралас экономиканы » меншіктің әр түрлі формаларымен байланыстыру кездеседі. Қазіргі кезде нарықтық жүйе көптеген аралас формалармен сипатталады.

Әлемдік тәжірбие көрсеткендей мемлекеттік реттеудің шаралар жүйесі мен түрлері әрбір елде өте көп түрлі болып келеді. Бұл жүйенің өзінің ерекшелігі бар. Мемлекеттік реттеудің  — ең маңызды инструментіне мыналар жатады:

Фискалдық саясат

 Несие – ақша саясаты

Баға мен табысы реттеу саясаты

Әлеуметтік саясат

Сыртқы экономикалық саясат

Әкімшілік реттеу

Қысқа мерзімді реттеу

Ұзақ мерзімді реттеу

Аймақтық реттеу.

  1. Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту , күрделі қаржы бағдарламасы , әлеметтік төлемдер , бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар , салық шаралары жатады.

Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады. Ежелден салыққа қатысты белгілі нәрсе , ол экономикада екі жақты роль атқарады. Бір жағынан – мемлекеттің табысын қалыптастырса , екінші жағынан тұтынушы мен өндірушіге ынталандырылушылық етеді. Салықтың жоғарғы болуы жалпы ұлттық өнім көлемін азайтады. Сондай – ақ салықтың төмен болуы мемлекеттің табысын азайтады. Сондықтан нақты жағдайды ескере отырып , салық ставкасының дұрыс шекарасын анықтау мәселесі көлденең тартылады. Салықты реттеудің ең көп тараған түрлері мыналар болып табылады:

— кейбір экономикалық процестерді ынталандыру мен шектеу мақсатында салық ставкасын өзгерту. Мемлекет экономиканы көтеруді ынталандыруды үшін кейбір жекелеген сала мен территорияға арнайы салық салудың жеңілдеген режимін белгілейді.

Кәсіпорынның қызметі ең маңызды мәселені шешуге арналса , жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар өз шама – шарқына қарай оны ынталандыра алады. Төлеушілердің негізгі массасына жанама салық пен табыс салығы ставкасын көтеру жеке тұтыну тауарларына сұранымды шектеу үшін жасалады. Пайдаға салық ставксының өзгеруі қорлану процесіне әсер ету үшін жасалады: салық ставкасының ең төмен кезінде күрделі қаржы өседі , ал ең жоғарғы инвестициялау аса пайдасыз.

  • ставканы өзгертпеуді сақтай отырып , салық төлемі ережесін өзгерту. Мысалы , бұған негізгі қор амортизацияның мүмкін болатын мерзімін өзгертуді жатқызамыз. Амортизация мерзімін қысқарту амортизациялық төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік жасайды және сол салық ставкасы жағдайында ресурстардың қорлануын ұлғайтады.
  • Салық жеңілдіктерін алып тастау немесе ендіру. Сала жеңілдіктерін белгілеу капиталдың , сала аралық құйылуын реттейді.

Салықты реттеудің тиімділігі қайшылықты тенденция мен онда салық ставкасының төмендеуі ынталандыруға аса қауқарсыз болуы мүмкін.

  1. Несие – ақша саясаты. Бұл тәсілде халық шаруашылығы мәселелерін шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін. Несиені реттеудің төменгідей түрлері жиі қолданылады:

— экономикалық банктің есептеу ставкасының өзгеруі. Есептеу ставка – банктың вексельді сатып алғандағы банк алымын қарыз процентінің мөлшері дейміз немесе жеке тұлға мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелері.

Эмиссиялық банк коммерциялық банктың векселін ғана ескереді. Есептеу ставкасының төмендеуі мен көтерілуі жеке коммерциялық банктердің әртүрлі қарыздар ставкасын қайта қарау үшін сигнал болып табылады. Несиенің қымбаттауы несиелік және инвестициялық белсенділікті шектеу үшін қолданылады , ал несиенің арзандауы  — іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін қажет.

  • эмиссиондық банктегі міндетті минимальды салымның көтерілуі. Коммерциялық банктердің эмиссиондық банктегі депозиттері қолдануға рұқсат етілмейтін ерікті салымдардан тұрады. Міндетті салымдарды ұлғайта отырып , ұлттық банк жеке банктердің несие ресурстарын шектейді. Ал , олардың мөлшерін кеміте отырып , несие экспанциясына мүмкіндік жасайды.
  • « ашық нарықтағы операция » . Мемлекет бар пәрменімен облигацияны сатады немесе сатып алады. Бірінші жағдайды жеке несие жүйесінен қарыз капиталының ресурстары алынып, ұдайы өндірісті қиындатады. Екінші жағдайда қосымша қаржы несие жүйесіне құйылып , ұдайы өндірісті ынталандырады.

Сондай – ақ банк – несие мекемелері қызметтерін реттеудің әр түрлері қолданылады.

  1. Баға мен табыстарды реттеу саясаты. Фискальды және несие саясты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады. Сондықтан мемлекет көбірек тікелей құралға жүгінеді.
  2. Әлеуметтік сясат өзіне табысты индексациялау , төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып , қоғамдағы кедей топқакөмек көрсету бағдарламсын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция салдарынан қорғауға көмектеседі. Әлеуметтік саясат мынадай салаларды қамтиды: білім , медицина , мәдениет , көп балаларға көмектесу , тұрғындардың жұмыспен қамтылуы.
  3. Сыртқы экономикалық реттеуге мыналар енеді: мемлекеттің сауда саясаты , валюталық курсты басқару , сыртқы сауда тарифтер жүйесі , квота , лицензия. Осы мақсатқа мемлекет баға мен табыстың өсуіне максималды шектеуді белгілеп, кейде оның уақытша ұлғаюының тоқтатады. Себебі кез келген баға мен жалақыны көтеру мемлекеттік органдарының алдын ала санкциясын алу қажет . Табыс көзінің пайда , дивидент т.б. түрлеріне тікелей шектеу жүргізілмейді.
  4. Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған слаларға байланысты қолданылады , мысалы қоғамдық , қолдану салаларын реттеу , қор биржасы мен несие банк мекемелеріне әкімшілік бақылау , жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау. Мұнда жұмыс күші нарығын реттеу қызметі , нақтыласақ – жұмыстылық мекемесі .
  5. Қысқа мерзімді реттеу ұдайы өндіріске сондай мақсатпен әсер етеді, себебі бірнеше айдың ішінде нәтиже алуы керек. Алдына қойған мақсаты экономикалық циклдің ағымдағы фазасының іс — әрекетін өзгертуге әрекет жасау. Мысалы , экономикалық дағдарыстың ауқымын бәсеңдетіп шектеу , қозғлыс фазасының жүзеге асуын тездету , өнеркәсіп өрлеу фазасын тоқтата тұру немесе соза тұру және т.б. Осы себептерге байланысты қысқа мерзімді реттеуді көбінесе коньюктуралық немесе антициклдық саясат деп атайды.

Нарыққа өту кезінде қысқа мерзімді реттеудің , басты мақсаты – бағаның тым қарқынды өсумен күресу , инфляцияны тоқтатуға күш салу болады. Қысқа мерзімді реттеудің бұл бағыты дефляциялық саясат аталады.

Ұзақ мерзімді реттеудің мақсаты бағыттағы ұдайы өндіріске әсері сондай , нәтижесін бірнеше жылдарда алуға есептелінген . Мұндағы көзделген нәрсе – экономиканың белгілі ұзақ өсу қарқынын қолдау , кейбір салалардың қарқынды дамуы арқылы қоғамдық өндіріс құрылымын өзгерту. Ұзақ  мерзімді реттеу амортизациялық саясат түрінде технологиялық қайта құру мен халық шаруашылығының жеке салаларында FTП – ті жетілдіру мақсатында қолданылады. Өтпелі кезеңде Қазақстандағы негізгі қорлардың  амортизацияланудың жеделдеуі ескі құрал – жабдықтар турін тез ауыстыруға мүмкіндік жасайды және жаңаларын қосады.

Нақты реттеу тәсілінен басқада , реттеу түрлеріне бөлек қарауға болады. Оған кейбір мақсатпен белгіленіп біріктірілген , өзара байланысқан жиынтық тәсіл мен рычагтарды түсінеміз.

Ұзақ мерзімді реттеудің пәрменді түрінде мақсаттық бағдарламаны жатқызамыз. Себебі онда нақты шаруашылық міндеттемелерін шешуде немесе белгілі бір әлеуметтік – экономикалық межеге жеткенше арнайы жиынтық шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламаның ерекшелігі мақсаттық сипатында , нақты мерзімге және межеге бағытталуы , орындалуының адрестілігі болмақ. Бағдарламаның өткерілуі барлық реттеуші тәіл жүйесін қолдану арқылы жүзеге асады. Мысалы , екінші дүниежүзілік соғыстан соң , Германия , Франция мен Жапонияда экономика салалрының негізгілерін жедел дамыту үшін арнайы шаралар қабылданған. Ол сондай – ақ қазіргі техникалық прогресс жағдайында ерекше роль атқаратын салалар мен экспорттық бағыттағы салаларды да қамтыды.

Бағдарламаны кәдімгі және төтенше деп бөлеміз. Соңғысы ерекше жағдай болғанда жасалса , ал кәдімгі бағдарлама белгілі кезеңге бөлініп , әдетте бес жылға жасалады. Оған жыл сайын өзгерістер енгізіліп және бір жылға созылады. Бағдарламаны жасауға кең көлемде кәсіпкерлер одағының сауда -өнеркәсіп палатасы өкілдері , кәсіподақ , ұлттық банк өкілдері де қатысады.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттық және төтенше шаралар сипатындағы бағдарлама негізінде ХХ – шы ғасырдың 60-шы жылдарының соңында әлемдік қауымдастықтағы біраз елдер жалпы ұлттық орташа жедел бағдарламаға көшті. Бұл бағдарлама экономика дамуының ең діңгекті көрсеткіштерін қамтыды. Бағдарламаны бастағандар – Франция , Жапония , Нидерланд , Норвегия , Швеция , Финляндия мен Оңтүстік Корея еді.

Нарықтық экономикасы дамыған кейбір елдерде мемлекеттік  және мемлекеттік емес органдар құрылып олардың міндеті – экономиканы реттеуді жүзеге асыру.

Францияда жоспарлау туралы Бас комиссарат құрылған ;

Англияда экономикалық дмудың ұлттық кеңесі;

Италияда экономикалық бағдрлама бойынша министрлер Комитеті;

Германияда экономиканы бағдарламалау бойынша коньюктуралық кеңес.

Жоғарыда көрсетілген бағдарламалар индикативті сипат алады. Ол дегеніміз мемлекеттің қабылдаған жоспары мемлекеттік мекеме мен кәсіпорынға міндетті. Жеке концерн , компаниялар немесе жеке кәсіпорындар өз өнімнің көлемін , күрделі қаржысын және т.б. анықтау еркіндігін сақтайды.

Қазақстан Республикасында арнайы жалпы мемлекеттік бағдарламалар маңызды аймақтық мәселелерді шешу үшін жасалады. Мысалы , Аралды қалпына келтіру , Семей мен Батыс Қазақстан палигондық аймағын дамыту, аудандағы жекелеген ауылдарды көтеру және т.б.

Салалық , салықаралық , аймақаралық және аймақтық деңгейге жасалған бағдарламалар белсенділікпен қолданылады. Олар ірі мақсаттық – экономикалық , әлеуметтік , ғылыми – техникалық мәселелердің маштабын шешу арқылы бағдарлама деңгейі айқындалады.

Экономикалық болжаудың мақсаты – тұрақты  экономикалық өсуді , толық жұмыстылықты қамтамасыз ету , инфляцияны тоқтату және т.б.  Болжаудың үш типі бар : ұзақ мерзімді ( 10-25 жыл ) , орташа мерзімді ( 3-5жыл) және қысқа мерзімді ( 1 жыл) .

Болжауды жасауға екі әдіс қолданылады. Біріншісі микроэкономикалық талдауға негізделген және бастау пунктін жеке жоспарлар мен фирма болжауы атқарады. Жиналған мәліметтер қорытындыланады және мемлекеттік сектор бойынша есептеулермен бірге экономика дамуының басты бағдарламаларына ұсыныстың негізі бола алады. Осы мен қатар мемлекеттік және жеке инвестиция бағдарламалары жасалады.

Екіншісі микроэкономикалық талдауға негізделген және жалпы мақсаттарды айқындауға бағытталып , оған жету міндеттілігі қажет – ақ. Статистикалық мәліметтерді эстрополяциялау қолданылады, « экономикалық барометрлерді» жасайды.  Соның негізінде қазіргі болып жатқан өзгерістерді ескере отырып , алдағы жылғы жағдайларды болжайды. Одан басқа эконометриялық өзгерістер арасындағы қатынастарды қарастыруға негізделген экономикалық тәсіл қолданылады. Осының динамикасы бойынша бұрынғы экономикалық қызмет айқындалады және математикалық тепе – теңдік құрудың негізінде даму перспетивасы жайлы қорытынды жасалады. Болжаулар  фирмаға мүмкін болатын нарықтың коньюктура өзгерістеріне ыңғайлануды қарастырады , бірақ пайда өсуінің төмендемеуі қажет.

Мемлекет пен бизнес өзара іс әрекеті кәсіпкерлік одақтар , сауда — өнркәсіп палатасы арқылы жүзеге асады.

Сауда — өнеркәсіп палаталары мемлекетпен тікелей байланысты және кәсіптік оқуды ұйымдастырушы ретінде қызмет атқарады. Биржа қызметінің бақылауы мүмкін , тауардың тууы мен сапасы жайлы жәрмеңке , сауда аукциондар ұйымдастырады , ұсақ бизнес ұйымын құрып , оның дамуына ықпал жасайды. Нарық жағдайында барлық кәсіпкерлер одағының алдында тұрған басты мақсат – мемлекет пен кәсіпкердің өзара іс — әрекетінің ымырласуымен жалпы әлеуметтік – экономикалық саясатты жасады. Мұндай іс әрекет нарықтық экономиасы дамыған барлық елдерде кеңінен қолданылады.

Қазақстан Республикасында рыноктың қалыптасуы жағдайында экономиканы реттеудің тікелей және экономикалық тәсілінің ролін төмендету тенденциясы басымырақ болды.Олардың өтпелі кезеңінде сақтаулы нарықтық қатынастардың дамуымен және тұрақты қызмет жасайтын жаңа шаруашылық механизмнің болмауымен түсіндіріледі. Алайда, бұл шаралар нарықтық  қатынастың қалыптасуын жеделдету үшін де қолданылуы мүмкін , сондай – ақ обьективті және субьективті себептермен толықтырылуы да мүмкін .

Мемлекеттік реттеу жүйесі жоғарыдағы көрсетілген тәсілдер іс — әрекетімен ғана шектелмейді , сонымен қатар реттеу процесінде жүзеге асуына жағдай жасайтын мына элементтерде ендіріледі :

Құқықтық база және ыңғайлы нарықтық ортаны қамтамасыз ету ;

Сауықтыру мен макроэкономикалық тұрақтылық. Демек , жұмыстылық деңгейі мен бәсекеге бақылау және экономикалық өсуді ынталандыру ;

Бәсекелестікті қорғау және кәсіпкерлікке жағдай жасау ;

Ұлттық табыс пен материалдық байлықты үлестіру ;

Ұлттық табыс құрылымын өзгерту үшін ресурстарды бөлуді реттеу ;

Экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды орналастыруға әсер ету.

Демек , мемлекеттің реттеушілік іс — әрекеті тікелей және жанама араласқан тәсіл мен рычагтарға негізделіп , белгілі мақсатқа жету үшін жасалады.

Қазақстан Республикасының алдында аймақтық реттеу мәселесі өте өткір болып тұр.

Қазақстан Республикасы басқа көптеген елге қарағанда территория ауқымы жағынан әлемдік масштабта шекарасының үлкен әрі ұзын болуына қарай, ірі мемлекет санатына қосылады.

Территорияның сондай үлкен болуы оның аудандарының бір –бірінен айқын айырмашылықта болуына алып келеді. Оған : табиғи – климаттық жағдай , жергілікті рельеф ерекшелігі , топырақ құрамы , жануар мен өсімдіктер әлемі, табиғи пайдалы қазбалардың орналасу мен оның қорлары , еңбек ресурстарының болуын жатқызамыз .

Осы факторлармен қоса қазіргі кезде экономикалық және саяси сипаттағы жаңа факторлар пайда болды. Қазақстан Республикасы геменді тәуелсіз мемлекетке айналып , өзінің аймақтық саясатын өз мүддесіне сай өзінше шеше алды. Бұл бұрын одақтық мұқтаждығына жұмыс істеген кәсіпорындардың бағыт – бағдарын өзгертуге алып келіп , енді республикасының тұтынысын қанағаттандыруға жұмылдырады.

Бұрын негізінен шикізатты қазумен айналысқан кәсіпорындарды және түпкілікті өнім алу үшін қоғамдық өндірістің өңдеу салаларын дамыту қажеттілігі республиканың көптеген аймақтарының экономикасын құрылымды жағынан қайта құруды талап етті.

Қаржының белгілі бір қоғамның ақша ресуртары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған . Кез келген мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы , шаруашылық жүйесінің қаржысы , кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.

Мемлекеттің қаржысы – ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде , заңдылық пен құқықты сақтуға , қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына : мемлекеттік бюджет , банктік және мемлекеттік несие , экономиканы тұрақтандыру қоры , зейнеткерлік , тұрғындарды жұмыспен қамту қоры , әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры , валюталық қор , мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы , мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны – компания , концерн , холдинг , акционерлік қоғам , ассоциация , трест , бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды.

Кәсіпорынның қаржысын – меншіктігі және заемдағы қаржылар , ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты , әлеуметтік – мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры , амортизациялық қор , резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық , еңбек қызметтерінің негізінде , коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың , зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды .

Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды . Бұл құрылымның қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын тұрғызып , ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру , бөлу , пайдалануды жүзеге асырады. Және басқада қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Нарықтық қатынастар жағдайында қаржы негізінде төрт қызметі атқарады : реттеу , ынталандыру және бақылау .

Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа , әлеуметтік – мәдени шараларға , мемлекетті басқару мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржының бөлу қызметі атқарады.

Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда , несие саясатында , әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.

Қаржының ынталандыру қызметі бөлінген қаражаттардың мақсаты пайдалануын жүйелі түрде тек сүру арқылы жүзеге асады.

Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тек сүру арқылы жүзеге асады.

Қаржы нарығы – нарықтық экономиканың қалыптасқан элементтерінің бірі . Өз аясына капитал нарығын , валюта нарығын ғана емес және бағалы қағаздар нарығын ендіреді . Бұл нарықтарды өз құрамына енгізудің мақсаты – еркін қозғалыстағы ақша ресурстарын мемлекеттің , кәсіпорынның және акционерлік қоғамныңмүддесіне жұмсау. Әкімшілдік — әміршілдік жүйеде қаржы нрығының қызметін мемлекеттік бюджет , банктің несие жоспары , министрліктің  қаржы жоспары т.б. тетіктер арқылы жүргізілген.

Экономикалық реформа кезінде кәсіпорын өз шаруашылығының жаңа түрде жүргізіліп қаржы ресурстарын қалыптасқан тәсілмен бөліп , қолдануға барынша шектеу қойылды. Ресурстардың министрліктер арқылы ішкі сала бойынша бөлінуін барынша қысқартты. Сондықтанда қаржы нарығы құрудың қажеттілігі пайда болды. Оның экономикалық негізі – кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қажеттілігінен туып , оны беру мүмкіндігін қысқарды.

Қаржы нарығы — өзінің инфрақұрылымымен айқындалған күрделі механизм және жаңа ақпараттық ағымдармен ерекшеленеді . Қаржы нарығын құру үшін кешенді мәселерді меңгеру қажет. Оған бағалы қағаздар эмиссиясы және оның курсының өзгеруі , инфрақұрылым мен ақпаратты қамтамасыз етуді жатқызамыз. Нарықтық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамыту несие – қаржы жүйесін қайта құруды талап етеді .

Әлемдік тәжірбие көрсеткендей , нарықтық экономикаға екі түрлі қаржылық қатынастар әсер етеді – бюджеттік және нарықтық . Мемлекеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер және бюджеттік емес орталық қаржы қорларының қалыптасуы , әдетте кәсіпкерлер табысының қайтарылмайтын бір бөлігінен және азаматтар табысынан тұрады. Осы табыстар мемлекеттің қабылдаған міндеттері мен мақсаттарына қайтрылмайтын бюджеттік қаржыландыру жолымен қолданылады.

Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықпен толықтырылып отырылуы қажет . Қаржы нарығында ақша толыққанда тауар ретінде жұмыс атқарады. Оның қолдану бағасы нарық санына сәйкес сұраным мен ұсыным негізінде белгіленеді. Қаржы нарығы жағдайында кәсіпорын , ұйымдар , тұрғындар тұрақты ақшалай қорланған табысты қалыптастырып , оны алуға ұмтылыс жасайды . Ал , халық шаруашылығы қосымша қаржы көздеріне ие болады. Мұндай капитал нарығынсыз кәсіпорындарды өзін -өзі қаржыландыру мүмкін емес.  Олардың инвестициялық мүмкіндіктері тек өздерінің құрал – жабдықтарына шектеліп , басқадай толтыру көздері жоқтың қасы .

Біздің шаруашылық өмірімізде ақша ресурстарын пайдалануда бюджеттік әдіс кеңірек белең алып , қаржы нарығы тіпті болғанда жоқ .  Ақшаның барлық қоры мемлекеттің қолында болып , мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі бөлінді . Несие жүйесінде тек қана мемлекеттік банктер жұмыс жасады. Олардың қызметінде кәсіпкерлік бастамаға шек қойылды . Бюджеттік қор мен несие ресурстары « жоспарға негізделіп » бөлініп , олардың қаржылық қауқары және тиімді қолданылуы ескерілмейді . Рентабельдегі төмен және шығындары көп кәсіпорындар осылай күшейіп , берекесіздік белең алып , мемлекеттік бюджет тапшылығы пайда болды. Жүзеге асырылған шаруашылық реформасының  (1965 жылғы ) нәтижесінде кәсіпорынның қаржы ресурстары біршама өсті. Ал , оларды пайдалану қатаң бақылауда болды. Кәсіпорын мен кәсіпорынның , кәсіпорын мен тұрғындарының , кәсіпорын мен банктердің қорларды өзара бөле – бөлісуіне тиым салынады. Банктегі кәсіпорын қорының есеп шоттары процентіз сақталады.

Қаржы нарығын қалыптастырудың өзіндік қиындығы бар. Сондықтан да бағалы қағаздар институтын құру қажет және қаржы нарығы инфроқұрылымын дамыту абзал.

Қаржы жүйесінің негізгі быны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келеді. Оған барлық одқтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған соң , республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.

Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады. Нарықтық қатынастарға көшу бюджет баланыстылығына қатты әсер етті. Ол жылма жыл қарыздар болған кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе – теңдігінің бұзылуы нәтижесінде де болды . Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырады.

Мемлкеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығын мен табыстарының балансы . Бюджет ұғымы француздың сөзі немесе табыс пен шығындарды бөлу. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және нарықтық экономикады елдің мемлекеттік бюджеті жеке баптар бойынша ара салмағы төмендегідей .

Егер шығындар табыстан асып кетсе , бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет тапшылығы жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығысының айырмашылығын жабу үшін , мемлекет қиыстыруынан варинтына көшеді.  Демек мемлекет ұлттық банк несие қорының , тұрғындардың халықтық банктегі салымының , сақтандыру қоғамдары қорының , белгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттік қарызды құрайды. Бұл мемлекеттің ішкі қарызы.

Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Бюджет тапшылығын бәсендету үшін мемлекет тек қана ішкі мүмкіндіктермен ғана шектелмей , қайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады. Міне , осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады.

Ақша қорының ауыспалы айналымы кезінде кәсіпорын , бірлестік , акционерлік қоғам , холдинг , трест, концерн мен шығын және орта бизнес серіктестіктерінің өндіріс уақыты мен өнім айналысты арасындағы айырмашылыққа байланысты шаруашылықтың кейбір бөлімшелерінде уақытша ақша қорының пайда болғандығын байқаймыз. Әлеуметтік – бағытталған аралас нарықтық экономикада қарыз нарығы қалыптасады. Ол қаржы нарығының құрамына енген.

Қарыз нарығы – қаржы нарығының бір бөлігі. Ұдайы өндірі процесіне уақытша қатысуға пайдалану үшін еркін қалған ақша қорлары өткерілу обьектісі міндетін атқарады. Қарыз нарығы еркін қалған ақша қорын қайта бөліп , жаңадан ақша ресурстарын құрайды. Бұл жаңа ресурстардың жеделдігіне , төлем қабілетіне және қайтарымдылығына жағдай жасалады.

Банк ұсынатын несиелер – қысқа мерзімді , орта мерзімді , ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Қысқа мерзімді несие бір жылға беріліп , айналым қорларын қалыптастыруға жұмслады. Орта мерзімді несие екі – үш жылға жаңа құрылысқа , өндірісті техникалық қайта қаруландыру және жаңғартуға , жаңа техника мен технологияға беріліп, олардың үш жылда қайтарымы болуы міндетті.

Ұзақ мрзімді несие он жылға және одан да көп уақытқа беріліп , кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға жұмсалады. Бұл несие тұрғындардың , жеке үй , пәтер соңында және оны сатып алуы үшінде беріледі.

Несиенің бірнеше түрлері бар :

  • банктік
  • чектік
  • коммерциялық
  • тұтыну
  • халықаралық

Банктік несиеде клиент векселі дисконттанып , оған есеп-шот ашылады. Есеп-шотқа дисконтталған вексельді құны салынады. Чектік несиеде банк қарыз сомасын ұсынады. Осы салада көлемінде клиент төленімдерді өту үшін чек жазып береді. Белгіленген уақыт мерзімде қарыз өтелуі қажет. Коммерциялық несие төлемдерді төлеуді созу үшін ұсынылады. Бұл несиені банк кәсіпорынға уақытша мұқтаждығы үшін береді. Тұтыну несиесі – тұтынушыға тауар мен қызмет төлемдерін соза орындау үшін қажет. Халықаралық несие сыртқы   экономикалық  байланыстарға қызмет жасайды.

Несие өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді. Экономикалық көзқарас тұрғысынан , банктер – несие – қаржы мекемесі. Банктің негізгі қызметі тұрғындар мен ұйымдардың , кәсіпорындардың еркін ақша қорларын тартып , қорландыруды жүзеге асыру.

Банк жүйесіне әлемдік тәжірибие көрсеткендей ұлттық банк, басқада банк ұйымдарының  түрлері және арнайы осы сала мекемелері де жатады. Мұндай-ақ , коммерциялық , сақтандыру , инвеститциялық топтар мен кей елдерде ипотекалық банк те жатады. Аталған мекемелердің әрқайсысы өз қызметін атқарады. Ұлттық банк ақша эмиссиясымен , мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен айналысып , коммерциялық және жинақтық банктегі несие резервтерін реттейді.

Коммерциялық банктер кәсіпорын мен компаниялар тұрғындардың бір бөлігін ақшалай қорларын шоғырландырып, банктің коммерциялық қысқа, орташа несие беруін жүзеге асырады. Жинақтық банклер тұрғындардың салымдарын шоғырландырумен айналысып, өзінің қорларының дейін мемлекеттік бағалы қағаздарға салады. Инвистициялық банктер бағалы қағазды салуға делдалдық жүргізіп, өнеркәсіп үшін кеңес беру қызметін жасайды.

Біздің елімізде банк жүйесінде :

  • ұлттық банк те енеді. Онывң мекемелері – бөлім , конторлары – барлық облыста , аймақ мен қалалар да бар. Жалпы біртекті ақша өлшемі « теңгеге» негізделіп, олар біркелкі банк жүйесін құрап, резервтік жүйесі қызметін атқарады;
  • Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызмет жасай отырып, келісім негізінде несие – есепті де жүзеге асырады.

Коммерциялық банктер әртүрлі меншік негізінде құрылады. Олар – акционерлік , кооперативтік , шетел банк капиталының қосылуымен жеке банк де  болуы мүмкін. Коммерциялық банкке салынған алғашқы кпиал немесе оның бір бөлігі мемлекетке жатады. Банктің кейінгі атқаратын қызметі тәуелсіз болып, оның қызметі үшін үкімет ешқандай жауапкершілік алмайды.

Ұлттық банк ресурстарды тарту жағынан коммерциялық банкпен бәсекелесе алмайды , себебі оның депозиттік пайыз бойынша епті әдіс жасау мүмкіндігі төмен.

Комерциялық  банктің клссикалық қызметі вексельдік айналымға негізделген. ТМД елдерінде 30-шы жылдары жойылып, Қазақстан Республикасында 1997-ші жылы 28-ші сәуірден бастап « Вексельдік айналым туралы» заңын қабылдаумен енгізілді. Вексельдік айналым коммерциялық несиені жүзеге асырада, қазіргі алатын үлес салмғы шамалы ғана. Кәсіпорынның тауар айналысы арқылы қызметіне вексельдік айналым бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

Банк мекемесінің басты табыс көзі болып берген қарыздың пайызы паналады. Сондай-ақ банктің шығындары да бар. Оларға : тұрғын – жай арендасы немесе оны сатып алу , қызметтерді жалдау, басқа мекемелердің қызмет жасағанына ақы төлеу , ақша капиталы мен сақтандыру қорларын пайдаланғаны , салымдарға төленетінпайыздар және т.б. жатады. Берілген қарыз бойынша алынған пайыз жиынтығы , басқада жүргізген операциялар табысымен бірге және осыдан банк шығынын алып тастағандағы қалдық  банк пайдасы болады. Банк пайдасының аты маржа деп аталады.

Банкке табыс әкелетін операцияны – активті ( қарқынды ) ; ал ақша капиталын қосу арқылы жасалған операцияны – пассивті деп атаймыз. Қазіргі несие – банк жүйесіндегі мекемелер бірнеше шартты түрден құралған. Олардың өзара айырмашылығы активті және пассивті ерешеліктермен айқындалады.

Банк ресурстарын — өз капиталы және клиенттер салымы немесе депозиттері құрайды. Банк ресурстарының көп бөлігі депозит болып табылады. Жедел депозит және талап ету бойынша депозиттер болады.

Жедел депозиттер белгілі мерзімге қабылданып, сол уақыты біткен соң беріледі. Ал , талап ету бойынша депозитті салушы алғысы келгенде алуына болады. Бұл депозиттер ағымдағы есеп салымы түріне жатқызылып, салушы банктен чектік кітапшаны алады. Сол кітапшаны пайдалана отырып, салушы салым мөлшері деңгейінен кез келген сомаға чек жазу құқығына ие болады.

Активті операциялар : вексельді , тауар ішіндегі қорлық және баланстық операция болып бөлінеді. Қолында векселі бар кәсіпкер, әдетте , вексельді оның төлеу мерзімі келгенше нақты ақшаға ауыстыруға мәжбүр болады. Осы істі банктер весельдік операция арқылы жүргізеді.

Осы операциялардың бастысы – вексель есебі мен вексель бойынша қарыздар беру болып табылады. Бірінші жағдайда вексельді банк оның иесінен сатып алады.

Вексель иесіне онда көрсетіп ақша сомасынан есептегі дисконт пайызынан шегерудугі қолдануға болады. Екінші жағдайда вексель банкке уақытша өтіп, берілген қарыздарды қамтамасыз етеді. Вексельдің мерзімі біткен соң , оны заемщик сатып алуы қажет. Банктің тауар ішіндегі операциясы тауар дакументті немесе тауар қою ( залог ) арқылы оның қарыз беруімен түсіндіріледі.

Банктің қорлық операциялық бағалы қағаздар-акция , облигация арқылы жүзеге асады. Бұл операцияларға бағалы қағаздар кепілдігі мен қарыз беру, банк инвестициясы жатады. Банк несиелерінің қамтамасыз етілген – вексель, тауарлар, бағалы қағаздар – қарыздарынан  өз ерекшелігі бар. Банк несиелеріне қамтамасыз етілмеген қарыздар жатады.

Соңғы 10-15 жылда банк қызметінде операциясының жаңа түрлері белең ала бастады . Олар : лизинг, факторинг, қаржы-трастық операциялар.

Лизинг ( ағылшын сөзі ) мүліктерді  ( машина , ірі құрал- жабдықтар т.б.) уақытша пайдалануға алу немесе беру.

Қазақстан мен шетел мамандарының пайымдауынша лизингтің негізгі түрлеріне – қаржы лизингі және оперативтік лизинг жатады.

Қаржы  лизингтік контрактісіна – арендаға беруші күрделі қаржысының толық амортизациясының белгіленген мерзімі кезінде төленетін сомасы және оған белгілі пайданы қамтамасыз ету жатады.

Оперативтік лизингке содан қалған аренданың ірі құрал-жабдықтары енеді. Бұл жағдайда арендаға алған мүлік аренданың келісілген мерзімінде толық амортизацияланбайды.

Соңғы кезде әртүрлі банктер белсенді лизинг ролін атқаруда. Лизингке қатысуда банк екі түрді таңдайды : тікелей және жанама.

Коммерциялық банктің жеке және заңды тұлғалар мүліктерін басқару жұмысын – трастық операция дейміз. Клиенттердің тапсыруы бойынша сенімге ие болып, әртүрлі істерді солардың мүдделерді үшін атқаруды да жатқызамыз. Осы операцияны жүзеге асыруда банк формальды агент болып, комиссиондық түрде табыс алады. Келісім бойынша банк өз клиенттерінің қаржысын басқарады. Бұл қаржылар акция , облигация , басқада бағалы қағаздарға салынады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында коммерциялық банктер қаржы-трастық операцияны жасауға енді- енді кірісуде.

Бөлу қоғамдық ұдайы өндірістің маңызды фазасы болып  табылады. Бөлу қоғамдық ұдайы өндірістің фазасы ретінде өндіріс пен тұтынудың арасында болып, құбылыс түрінде өнімдерді бөлу міндетін атқарады.

 

Қорытынды

 

                                                                   Өзен ағысын бөгеуге болады,

                                                                  өмір ағысын бөгеуге болмайды.

 

                                                                                                         Халық мақалы

 

Біздің қарқынды саяси әлеуметтік және экономикалық өміріміз күн өткен сайын жаңа, тіпті, кейбір жағдайда күтпеген оқиғаларға тап болып отыр. Ал экономика адамзат өмірінің және қоғамның барлық жақтарын анықтайтын болғандықтан, соңғы 5-10жылдардың ішінде түбегейлі өзгерістер жасалуда.

Қоғам экономикасын басқару мәселелерін қарастыру нәтижесінде төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

Егер Үкімет  макроэкономикалық  саясатты жүргізуде қоғамдық ерекшеліктерге баса назар аудармаса, жүргізілетін қоғамдық экономикалық саясаты айтарлықтай табысты болмайды.

Қоғам экономикасын басқарудың маңызды міндеттерінің бірі жеке аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейіндегі  айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін аймақтардың экономикалық даму деңгейі мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке  аймақтардың дамуының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру үлкен мәнге ие болмақ.

Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық міндеттер – бұл экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру, жекелеген аймақтарды дағдарыстық жағдайдан шығару.

Қорыта келгенде , аймақтардың экономикасын басқаруды жетілдіру үшін:

  1. Орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру керек.
  2. Аймақтарға көмек көрсетудің негізгі қағдалары келесілер болуы тиіс : жалпыреспубликалық еңбек бөлісіндегі аймақтардың перспективалары мен орнын анықтау, жергілікті халықты жұмыспен құруға орталықтанған қаржылық құрылымдарды бағыттау.
  3. Мемлекеттік басқару органдарынан жергілікті органдарынан жергілікті органдарға әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды беру кезінде оларды қаржыландыру көлемі азаймауы тиіс.
  4. Бюджетті әзірлеу барлық облыстар мен аймақтардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылуы керек.

Ең негізгі бағыт – орталық пен аймақ арасындағы қаржылық – экономикалық өзара қатынас жасаудың оңтайлы моделін табу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер :

 

 

  1. Нарықтық экономика теориясына кіріспе

Авторы:  Б. Мәдешев. Алматы , 1995.

  1. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері

Авторы : Г.С. Смағұлова. Алматы, 2005.

  1. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы

Авторы : Ержан Байғожаұлы Жатқанбаев . Алматы, 2006.

  1. Жалпы экономикалық теория

Авторы : Ө. Қ. Шеденев . Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

І. Кіріспе………………………………………………………………………………………………..1

 

ІІ. Негізгі бөлім

— Экономикалық теорияның даму кезеңдері……………………………………………..2-4

— Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері……………………4-5

— Қоғамдық өндірісінің натуралды және тауарлы түрлері…………………………5-6

— Қоғамдық өндірісінің құрылымы………………………………………………………….6-19

 

ІІІ. Қорытынды…………………………………………………………………………………….20

 

ІV. Пайдалынған әдебиеттер…………………………………………………………………21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы орта мектеп – гимназия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

 

Тақырыбы :  Экономика және қоғам

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Орындаған : Иманғазиева А.А.

Тексерген : Ахметқалиев А.А.