Мазмұны
- Кіріспе …………………………………………………….. 3
1.1 Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде …………………………………. 4
1.2 Сыртқы саясаттың экономикаға байланысы…………………………………………………… 8
- Негізгі бөлім
2.1 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар ………………………………………………….. 9
2.2 Қазақстанның сыртқы саясаты ……………… 11
- Қорытынды
3.1 Әлемдік саяси үрдіс ……………………………… 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………. 15
Жоспар
- Кіріспе.
1.1 Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүесінде.
1.2 Сыртқы саясаттың экономикаға байланысы
- Негізгі бөлім
2.1 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
2.2 Қазақстанның сыртқы саясаты
3.Қорытынды
3.1 Әлемдік саяси үрдіс
Кіріспе
Сыртқы саясат – мелекеттің халықаралық қарым – қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидалары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым – қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі — бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады.
Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық- мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісімне қосылуы, СШҚ – 1 Шартына, Лисобон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа неуі оның халықаралық беделін ны – ғайтып, егемендін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ – пен «Дмократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы, НАТО – ның «бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылу, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.
Республиканың тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО – мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы – ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО – ның демеуімен аталып өтуі.
Елімізді қазір дүние жүзінің 150 мемлекеті таныды, олардын 105 – імен дипломатиялық қатынастар орнатылады. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен мисся, халықаралық және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамсыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.
Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жорлдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құрүға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Төртіншіден, Петр Біріншіден бастап Ресей Қазақстанға Азия елдерінің кілті мен қақпасы ретінде қарағанда. Екі елдің арақатынасы дұрыс болса, ел де тыныш болады. Сондықтан 1992 жылғы 25 мамырда Н.Ә: Назарбаев пен Б.Н. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Достық , ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды.
Сыртқы саясаттың экономикаға байланысы
Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамыту да кіреді. Бүгінде республикада 200- ге жуық шетел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдарының өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Тауар айналымының Қытайға — 22 %, Германияға — 13,6 % , Ұлыбританияға — 11,6 % , Шверцарияға – 11 % , Нидерландыға- 4,7 % , Австрияға – 2,5 % , келеді. Елімізде 2000- нан астам кәсіпорындар тіркелген. Біздің серіктестеріміздің ішінде дүние жүзіне белгілі “Шеврон”, “Эльф Акитан”, “Бритши Гэз”, “Мобил”, “Токсако”, “Амоко”, “Алджип” мұнай, газ өндіретін компаниялары және басқалары бар .
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс- әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысы шешімдерді шығару, қабылдау, және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс — әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси , экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастар-ындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы – мемлекеттің күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналды.Сондықтан мемлекеттер жан- жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қәзір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазынасын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қандай ел болмасын қазір халықтардың сана – сезімі өскен, өз басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару- жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күнде де қолына түсіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.
Қазақстанның сыртқы саясаты
Сыртқы саясат – мелекеттің халықаралық қарым – қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидалары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым – қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі — бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады. Сондай – ақ, мемлекеттің географиялық жағдайы, оның стратегиялық маңызы, этнодемографиялық құрылымы, тарихи қалыптасқан дәстүрлері, жер қойнауының байлығы сияқты факторлар да оның халықаралық қауымдастықтағы беделі мен мәртебесін, сыртқы саясаттың қадау принциптерін анықтауда шешуші роль атқарады
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолына түсіп, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға бағыт алғаннан бергі уақытта дүниежүзілік қоғамдастықта ылайықты орын алуға барынша қызмет істеп келеді. Бүгін таңда әлемнің 150- ге жуық мемлекеті оның тәуелсіздігін танып, 100 – ден астам елмен дипломатиялық қарым қатынасқа түсіп, экономикалық, ғылыми- техникалық, мәдени байланыстар дамытуда. Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне ұлы державалардың тарапынан кепілдік берілді. Оның Еуропа мен Азияның түйілісіне орналасуы, табиғи байлықтар, ұлан – асыр аумағы, көп ұлтты этнодемографиялық құрылымы – сыртқы саясатты анықтайды.
Әлемдік саяси үрдіс
Саясат – бүкіләлемдік құбылыс . Ол дүние жүзіндегі барлық адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің өмір тіршілігінің ажырамас саласы, қоғамдық болмыстың айқындаушы факторларының бірі. Бұл заманда әлемдік саяси үрдістің ағымдарынан тысқары оқшау қалып отырған ешқандай мемлекетте, халықта жоқ.
Әлемдік саяси үрдіс дегеніміз- дүние жүзі қауымдаситығының өміріне қатысы саяси шнешімдерді қабылдап, оларды іске асыру жолындағы мемлекетік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың, жеке адамдардың іс- әрекеті. Әлемдік саяси үрдістің нақты тарихы дәуірге байланысты өзіндік мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.
Осы тұрғыдан алғанда ең әуелі назар аударатын нәрсе – осы заманғы әлем өте күрделі, сан алуандылықты толы, сөйте тұра – біртұтас. Бүгінгі дүние шынында да сан алуан. Әлемде 200 – дей мемлекет, 2000 – нан астам этникалық топтар бар. Олардың әрқайсысының тарихта жүріп өткен өзіндік жолы, қалыптасқан дәстүрі, тілі, діні, және діни нанымы, ұлттық сипаты бар. Әр халықтың, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және рухани даму деңгейі де әр басқа, олар тарихи дамудың әр сатысында тұр. Соған сәйкес өмір салты, мақсаты- мүдделері де алуан түрлі. Мұның бәрі олардағы саяси жүйенің сипатының, мемлекеттік құрылыстың көптүрлігін, демократиялық нышандарын деңгейін анықтайтыны сөзсіз. Осыдан келіп саяси құбылыстардың күрделілігі мен қайшылықты түрде өрбуі туындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- “Саясаттануға кіріспе”. Професор Т.Т Мұстафиннің редакциясында. Алматы 1994 жыл. 1, 2, 3 бөлімдер
- “Саясаттану”, Қапесов.Н. Алматы 2003 жыл
“жеті жарғы”
3.Сапарғалиев Ғайрат. “Қ.Р Конституциялық құқығы”. Алматы 2004 “жеті жарғы”
- Д.Жамбылов. “Саясаттану” оқу құралы. Алматы 1996 жыл.
- Қуандық Б.С: “Саясаттану негіздері”. Астана. Елорда 2000 жыл.