АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Интернетте ақпаратты тасымалдау және іздеу технологиясы

 

 

Жоспар

 

І Кіріспе

 

ІІ Негізгі бөлім

         а)    Интернетте ақпаратты тасымалдау және іздеу технологиясы

         б)   Интернетті қолдану технологиясы

 

ІІІ Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Интернетте ақпаратты тасымалдау және іздеу технологиясы

         Интернеттің қалай орналасқанын ұғыну үшін ақпараттың желі арқылы қандай тәсілмен берілетіні туралы қысқаша түсінік алу керек. Компьютерлік желінің мақсаты А компьютерінен В компьютеріне берілетін ақпараттардың биттерін тасымалдау. Тасымалдау барысында биттердің жоғалып кетпеуін қадағалау қажет. Ақпаратты екі түрлі тәсілмен беруге болады: желінің көмегін қолданып коммуникация пакеттерімен немесе коммуникация каналдарымен.

         Желінің коммуникация пакеттері — бұл кәдімгі пайдаланылып  жүрген пошта. Мұнда хатты жазып оны конвертіне салып, оның сыртына хат алушының адресі көрсетіледі. Ол поштада түрлі бағытта сортталады және оны түрлі вокзалдарға немесе аэропорттарга жөнелтеді. Жолда түрлі қиындықтармен әйтеуір жетеді, бірақ сорттауға және т.б. жұмыстарына қосымша уақыт пен күш жұмсалады. Web-серверлерде орналасқан Web-құжатты іздеу және онымен қатынасу арнайы URL (Uniform Resource Locator) көрсеткіші арқылы орындалады. Стандарты URL ақпаратты беру протоколын анықтайтын үш бөліктен тұрады: ақпарат орналасқан компьютердің аты, жолы, яғни протокол/компьютер аты/бума аты/файл аты.

         Web-құжаттарды қарап шығу үшін арнайы броузер-программа қажет екені белгілі. Internet Explorer мен Netscape Navigator программалары қазіргі кездегі кең таралған броузерлер қатарына жатады. Броузерлер WWW-тен басқа Интернеттің Usenet, FTP ресурстарымен де байланыса алады.

         Ақпарттары түйін сөздер арқылы индекстеліп сұрыпталған деректер қорын басқаратын іздеу жүйелері Интернеттен қажетті мәліметтер aлy мүмкіндігін береді. Пайдаланушы бұл жүйелермен байланыс орнатқаннан кейін түйін сөздерден тұратын сұраныс жасап, өзіне қажетті мәліметтерді ала алады.         Іздеу жүйелерінің екі түрі болады: рссурстардың тақырыптық каталогы және іздеу машиналары.

         Ресурстар каталогы бұрынырақ пайда болды. Бұл каталогтарда ақпараттар бірнеше категорияларга бөлінген. Іздеу кезінде пайдаланушы бір категорияны таңдап алады да, оның бөлімдерін қарап шығады. Өзіне  қажетті бөлімді тапқаннан кейін пайдаланушы қажетті мәліметтерден тұратын URL-файлдардың тізімін алады.

         Тақырыптық каталогтардың кемшілігі қолмен жасалатын жұмыстардың көптігі болып табылады. Ал іздеу машиналарында барлық іздеу жұмыстары пайдаланушының қатысуынсыз автоматты түрде орындалады. Жұмыс аумағы — Internet Explorer терезесінің негізгі бөлігі. Онда Web-құжаттары бейнеленеді.           

         Интернетті қолдану технологиясы

         Интернетті пайдаланушының тікелей және кері міндеттері бар. Пайдаланушының тікелей міндеті — аппараттық немесе программалық әдістердің бірін таңдау. Әлемдік компыотерлік желілерге сақталатын деректер біздің ақпарат болып табылады. Пайдаланушының кері міндеті -бұл тұтынушыға өзінің ақпаратын айналдыруга бағытталган әдістерді таңдау.

         Жалғану — бұл аппараттық-программалық-ақпараттық комплекс. Оны Интернетке қосылумен шатастыруға болмайды.

         Интернетпен жалғану үшін мына нэрселер қажет:

  • Жабдықтар мен байланыс сымдары (аппараттық бөлік);
  • Осы сымдарда деректердің алмасуын қамтамасыз ететін программалар (программалық бөлік);
  • Бүкіләлемдік желіге косу үшін мекемелермен келісімшартқа отыру. Ол үшін қажетті адрес пен парольді ұсыну керек (ақпарттық бөлік).

         Жалғану бөлінген немесе қашықтықтан болуы мүмкін. Бөлінген жалғану үшін бөлек байланыс сымы қажет. Егер бөлінген жалғану болса, онда өзіңіз сервис-провайдері болуыңызға, яғни келісімшарт негізінде желіге қосылуды бастауға болады. Басқа жағдайларда, қашықтықтан жалғану арқылы қосылады. Байланыс сымы ретінде кәдімгі телефондық сым қолданылады.

         Сервис-провайдер (Интернет қызметін қоюшы) — бұл бүкіләлемдік компьютерлік желіге тұрақты турде жалғануды қамтамасыз ететін және келісімшарт бойынша клиенттерді косуды жүзеге асыратын мекеме. Сервис-провайдердің қызмет саласы телефондық компаниялардың қызмет салаларына ұқсас. Бірақ ерекшелік бар. Егер қоюшыға телефондық байланыстың қызмет салаларын таңдамасақ онда қоюшыға Интернеттің қызмет салаларын еркін пайдалануды таңдағаны жөн. Сервис-профайдердің қызмет саласынан отказ беріп, кез келген уақытта басқа мекемеге қосылуға болады.

         Сервис-провайдердің төмендегідей қызмет ету салалары бар:

         —  Желіге ақысыз қосылу;

         —  Уақытша Желіге қосылу;

         — Желіге шектеусіз косылу;                                                                 :

         — Интернет-карта бойынша косылу.

Таңдауды қалай жүргіздік, солай мынадай ақпараттарды алуға болады:

  • Жалғауды орындауды іске асыратын телефон нөмірін таңдау. Ол процесті орындайтын программаны баптау кажет;

         «Тіркеу аты (login). Сервис-провайдерге хабарлама үшін қолданушының аты енгізіледі;

  • Пароль (password). Ол хабарламаны растау үшін қажет және оны қолданушы өзі үшін береді;
  • DNS негізгі сервердің атауы;
  • DNS косымша сервердің атауы;
  • Сервис-провайдердің Web-адресі.

         DNS негізгі және қосымша серверлердің атауы жалғау қасиеттерін баптау жағдайында қажет етіледі. Web-адресті сервис-провайдер өз атын ешқашан да пайдаланбауы мүмкін, бірақ ол қосымша ақпарат қажет болған жағдайда қолданылады. Мысалы, осы адрес бойынша Сіз өзіңіздің есебіңізді бақылай аласыз және сіздің есебіңізден басқа адамдардың жұмыс жасағандығын, не жасамағандығын анықтай аласыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. О.Камардинов. Информатика. — Шымкент, 2000, 250 б.
  2. Коцобинский А.О., Грошев С.В. Современный самучитель в сети Интернет. Быстрый старт: Практ.Пособ. — М. Изд. ТРИУМФ, 1997. — 464 с.
  3. С.Мұхамбетжанова., Ә.Бектемісова., И.Клешенко. Интернет технология. НТML тілінде Web -беттерін құру негіздері.
  4. Р.Қадірбаева MS FrontPage . — Шымкент, 2001, 84 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

І Кіріспе

 

ІІ Негізгі бөлім

         а)   НТМL тілінің атқаратын қызметі

         б)   НТМL тілінің синтаксисі мен құрылымы

 

ІІІ Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       НТМL тілінің атқаратын қызметі

         Web-парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі.

         Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды.        Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды тү    рде белгілейтін тіл болып табылады.

         Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған coң оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптерімен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып кана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.

         HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады.

         HTML тілінде программалау үшін арнайы орта құрылмаған. Себебі Web-бет құру мен оны безендіруде тек бір ортаны ғана пайдалану оның мүмкіндіктерін шектейді. Соидықтан көп жағдайда HTML тілінде программалау кәдімгі мәтіндік редакторлардың көмегімен жүзеге асырылады да, Web-беттің графикалық безендірілуі және анимациялық мүмкіндіктері басқа орталарда іске асырылады. Windows ортасында Блокнот редакторы HTML-дің ең кеңінен тараған құралы. Ол Windows жүйесінің барлық нұсқаларында кездеседі.

 

НТМL тілінің синтаксисі мен құрылымы

         Әрбір тілдің өзінің құрылымдық логикалық ерекшеліктері болатыны белгілі. Сол сияқты HTML тілінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алайда ол ең қарапайым, қатаң логикалық ережелерге онша бағына бермейтін тәуелсіз тіл. Дегенмен оның да өз синтаксисі, басқарушы құрылымдары бар. Тілдің негізгі басқарушы құрылымы, яғни мәтінді белгілейтін командалары тәг (tag, оны кейде элемент деп те атайды) деп аталады. Тәг — белгілі бір әрекетті анықтайтын HTML элементі. Тәгтер символдар тізбегінен тұрады. Тәгтердің мүмкіндіктері мәндерге ие бола алатын атрибуттарды қолдану арқылы толығымен ашылады.

         HTML тәгтері дербес ережелерге бағынумен қатар, жалпы ережелерге де бағынады. Бірінші ереже барлық тәгтер «кіші» (<) символынан басталады да «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз — тәг орналасады. HTML тілінде әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады.

         Келесі ереже тәгтерді ашу және жабу компоненттерін қолдануға арналған. HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың білгілі бір бөлігіне (мысалы, абзацқа) ғана әсер етеді. Осыған орай екі тәг қатар қолданылады: бірі — ашады, екіншісі — жабады. Мұны қосарланған тәг деп атайды. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг сол әсерді аяқтайды. Тәгтерді жабу қисық сызық (/) символымен басталуы тиіс.

         HTML тілінде жалқы тәгтер де кездеседі. Мұндай тәгтер де бұрыштық жақшалардың ішіне жазылады. Жалқы тәгтер ашылады, оларды жабудың қажеті жоқ.

         Жалпы ережеге тәгтерді төменгі немесе жоғарғы регистрде жазу тәсілі де кіреді. Әдетте тәг атауларын жай мәтіннен айыру максатында, яғни түсінікті болу үшін оларды жоғарғы регистрде жазу қалыптасқан. Бірақ кодтаудың жаңа әдіснамасы — XHTML-да тәгтерді төменгі реттерде де жазуға болады.

         Тәгтерді жазудағы тағы бір маңызды мәселе бос орындар қалдыру. HTML кодтарының кейбір тұстарына бос орын қалдыру міндетті болса, кейде артық қалдырылған бос орын броузерді қатты шатастыратыны сонша, ол ешқандай да ақпарат бере алмай қалады.

         Жоғарыда айтылғандай атрибуттар тәгтердің әрекетін анықтайды. Көп жағдайда тәгтер атрибутсыз жұмыс жасайды. Алайда міндетті түрде атрибуты болуы тиіс тәгтер кездеседі. Атрибуттар тәгтердің атауынан кейін бір бос орын тасталып, мән меншіктеліп жазылуы керек. Тәгтерде бірнеше атрибут болса, олар бос орын арқылы ажыратылып жазылады.

         HTML тілінде тәгтерге атрибуттар тіркеліп, атрибуттарға мәндер меншіктеліп жазылған сөйлем жол деп аталады. Атрибуттарға міндетті түрде мән меншіктелуі тиіс. Бұлай болмаган жағдайда HTML тәгті қабылдамайды. Атрибуттарға меншіктелетін мәндер сандық, мәтіндік, пайыздық т.с.с. болуы мүмкін. Атрибуттардың алдына теңдік белгісі (=) қойылады және оналтылық мәндерден басқа типтегі мәндер тырнақшаға («») алынып жазылады. Бұл HTML-да жол жазудың жалпы ережелерінің бірі. Жабылу тәгінің ешқашанда атрибуттары болмайды.

         HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да қарапайым символдар жиыны болып табылады.

  1. HTML құжатының кез келгені <HTML> ашылу тәгінен басталып, соған сәйкес <HTML> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлгасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.
  2. Құжаттың тақырыптық бөлігі <НЕAD> және <HEAD> тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікте <TITLE>…<TITLE> тәгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.
  3. Жазылатын мәтін  құжат тұлғасы деп  аталатын  <BODY> және <BODY> тәгтерінің ортасына жазылады.

         Осы айтылған төрт тәг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушының қандай броузер пайдаланатыны, оның қандай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз.

         Құжатта колданылып жатқан тәгтер мен әрекеттерге берілетін түсініктемені құжат денесінің кез келген тұсына енгізуге болады. Түсініктеме үлкен Web-беттер құрғанда өте тиімді. Түсініктеме арнайы символдардан <!- басталады да, түсінік беретін мәтін осыған жалғаса жазылады. Түсінік мәтін соңына -> символдары жазылуы тиіс. Түсінік мәтін «үлкен» таңбасынан (>) өзге кез келген символдардан құрастырыла береді.