Құқықтың формалары
Жоспар:
- Құқық формаларының ұғымы
- Қазақстан Республикасындағы заңдардың түрлері
- Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдердің ұғымы және түрлері
- Нормативтік құқықтық кесімдердің уақыт, кеңістікте және тұлғалар бойынша қолданылуы
- Нормативтік құқықтық кесімдерді жүйеге келтіру
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы
Мемлекет билік жүргізу барысында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларынан қабылдайды. Құқықтың формасына, (қайнар көздеріне) құқық жасаушылық барысында қабылданған, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер кіреді.
Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздерін екі мағынада айқындап, түсінік береді. Біріншісі, материалдық, екіншісі формальдық. Материалдық мағынада алып қарағанда құқықтың қайнар көздері қалыптасқан материалдық жағдайлардың жиынтығынан туындайтын мемлекеттің құқық жасау барысындағы қызметі. Бұл жерде материалдық жағдайлар құқықты тікелей қалыптастырмайды, керісінше, құқықтың қайнар көздері матриалдық мағынада мемлекеттік билік болып қабылданады. Қазіргі уақытта құқықтың қайнар көздерін материалдық мағынада қабылдау, оны мойындау өте сирек кездеседі.
Құқықтың қайнар көздерін формальдық мағынада мемлекеттік биліктің мінез-құлық ережелерін бәріне бірдей екендігін құқық нормалары арқылы бекіту. Бірақ, қазіргі құқықтық мемлекет құру барысында құқықтың қайнар көздерін тек қана мемлекеттік-биліктік қызметтің нәтижесінде болатын көрініс дептанымай, керісінше, әдет-ғұрыптарды мойындау құқықтың жаңа қайнар көздерін қалыптастыруда. Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың Заңдары құқықтық қатынастардың субъектілері «іскерлік қатынастарды орнату» сияқты көріністерді заң талаптары бекітпеген позитивтік әдеттік құқық деп бағалауға құлшыныс таныту көрінісі байқалады.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтың қайнар көздеріне талдау жасап, баға бергенде ең алдымен халықтың мүддесі қалай заңнан шешімін табады? Құқық нормалары қалай бекітіледі? — деген сұрақтарға нақтылы
жауап беруі тиіс. Халықтың еркі, тілек-талаптары, қажетті мүдделері құқықтық нормаға айналу үшін бұл көріністер объективтендірулері тиіс. Оған дейін тек идея жүзінде болады, құқықтық норма санатына ие емес. Құқықтық идеяның құкық нормаларына айналуы үшін мемлекеттің ерекше кесімі кажет. Тек содан кейін ғана идея құкық нормаларына айналады.
Құқықтың формалары (қайнар көздері) деп мемлекеттің қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау үшін қабылдаған және бекіткен нормативтік кесімдердің біртұтастықтағы жиынтығын айтады.
Құқықтың қайнар көздеріне тек ғана мемлекеттік органдардың жоққа шығарылғанға дейін қолданылатын, құқық нормасы бар, бәріне бірдей міндеті мінез-құлық ережелері, бекітілген нормативтік құкықтық кесімдер жатады. Ал, құқық негізінде қабылданатын дара кесімдер бір ғана оқиға, сәттерге пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының негізінде тест тапсырудың нәтижесінде талапкерді студенттер қатарына енгізу туралы бұйрық.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы наурыздың 24-інде қабылданған «Нормативтік кұқықтық актілер» туралы Заң мемлекетте қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді екі түрге бөліп қарайды:
- Негізгі.
- Туынды.
Негізгісіне мыналар жатады:
- Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық күші бар, заң күші бар және өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары.
- Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары.
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталык сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.
- Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары.
- Мемлекеттік комитетттердің нормативтік қаулылары.
- Мәслихаттар мен әкімдіктердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Туынды түрлері мынандай тізімді қамтиды:
- Регламент — қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесім.
- Ереже — қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық кесім.
- Қағида — қандайда бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру
- Нұсқаулық — заңдардың қоғамдық қатынастардың кандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік кұқықтық кесім.
- Қазақстан республикасындағы заңдардың түрлері
Ғылыми негізінде таддау жасап қарасақ Қазақстан Республикасында заңның 10 түрі бар екені айқындалды.
- Конституция — мемлекеттің құқықтық жүйесінде ең жоғарғы күші бар, референдум арқылы немесе парламентте қабылданатын құрылтайлық дәрежеге ие негізгі заңы.
Конституцияға мынандай ерекшеліктер тән:
а) Конституция — тікелей қолданылатын құжат. Барлық мемлекеттік органдар мен азаматтар Конституциялық нормаларды қоғамдық қатынастарды реттеуде пайдаланады.
б) Конституцияның ең жоғары күші бар, мемлекетте қабылданатын барлық нормативтік құқықтық кесімдер соған сәйкес қабылданады және қайшы болған жағдайда Конституция іс жүзіне асырылуы тиіс.
в) Конституция мемлекеттегі конституциялық құрылым, адам құқықтары мен бостандықтары, биліктің тармақ жүйелері сияқты ең негізгі қоғамдық қатынастарды реттейді.
- Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары — Конституцияда белгіленген, маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қабылданған заңдар. Конституциялық заңдарды қабылдау. Негізгі заңның 62-бабының 4-тармағы, 53-баптың 1-тармағы, 9-бап, 49-баптың 4-тармағы, 64-баптың 4-тармағы, 71-баптың 6-гармағы, 75-баптың 4-тармағы, 92-баптың 1-тармағында көрсетілген.
- Қазақстан Республикасы Парламентінің заңдары — Конституция сатысынан кейін ең жоғары күші бар, ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданған акт. (62-баптың 1-тармағы)
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдары. (53-бап, 1-тармақ, 91-бап, 1-тармақ)
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституциялық заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдары. (53-бап, 1 -тармақ).
- Республикалық референдумда қабылданған заңдар (1-баптың 2-тармағы, 3 баптың 2-тармағы, 91 баптың 1-тармағы).
- Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдары (53-баптың 4-тармағы, 45-баптың 2-тармағы).
- Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары.
- Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары (45-баптың 2-тармағы, 61-баптын 2-тармағы).
- Үкімет заңдары. (61-баптың, 7-тармағы).
- Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдердің ұғымы және түрлері
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтык актілер туралы» Заңда қабылданатын актілердің сатылары нақ-тылы көрсетілген. Теорияда заңға сәйкес қабылданатын актілер деп Заңдарды орындау және іс жүзіне асыру үшін мемлекеттік және жергілікті органдардың шығарған кесімдерін айтады. Дүниежүзілік тәжірибеде бұл процесс «заңнаманың делегациялануы» (делегированность законодательства) деп аталады.
Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау мынандай жағдайларға байланысты:
- Заң қоғамдық қатынастардың барлық салаларын, субъектілердің мінез-құлықтарын толыққанды дәрежеде реттеп, қамти алмайды. Заңда негізінде жалпы талаптар мен нормалар бекітіледі.
- Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдер заңмен жоққа шығарылады, ал мемлекеттік басқару органдарының кесімдері заңның қолдану күшін тоқтата алмайды.
- Заңның ең жоғарғы күші бар, заңға сәйкес қабылданған кесімдер тек қана заңның негізінде және оны орындау үшін қабылданады.
- Заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтык кесімдер заңға кайшы келмеулері тиіс. Олай болған жағдайда жокка шығарылады.
Заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заң бойынша мынандай түрлерге бөлінеді:
- Нормативтік құқықтық кесімдердің уақыт, кеңістікте және тұлғалар бойынша қолданылуы
Нормативтік құқықтық кесімдердің уақыт, кеңістікте және тұлғалар бойынша қолданылуы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңымен реттелінеді және оның 7-тарауы осы мәселеге арналған. Аталмыш заңның 36-бабы бойынша Заңдар, Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулыларында күшіне ену уақыты, мерзімі көрсетілмесе, олар жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң өзінің күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының қаулыларында күшіне ену мерзімдері көрсетілмесе, ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулылары қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа да мемлекеттік органдар мен Жоғарғы Соттың, жергілікті органдардың қабылдаған нормативтік құқықтық кесімдері өзінің мәтінінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күн еткен соң өзінің күшіне енеді.
Нормативтік құқықтық кесімдердің кеңістік жағынан қолданылуы жоғарыда көрсетілген заңның 41-бабы арқылы іс жүзіне асады. Атап айтқанда заң нормасы бойынша нормативтік құқықтық кесімдерде кеңістік шеңбері көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және күші бар.
Нормативтік құқықтық кесімдердің тұлғалар бойынша қолданылуы заңның 42-бабында нақтылы бекітілген. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің күші Қазақстан Республикасы азаматтары мен Заңды тұлғаларына, оның аумағында шетелдіктер мен азаматтықтары жоқ адамдарға қолданылады. Бұған заң қесімдеріне және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды. (Мысалы, дипломатиялық иммунитетке ие субъектілер).
Кейбір нормативтік құқықтық қесімдер тек Қазақстан Республикасы азаматтарының кейбір бөлігін, топтарын ғана қамтуы мүмкін, мысалы, мүгедектер, зейнеткерлер, әсқери қызметкерлер, студенттер және т.б. азаматтар.
- Нормативтік құқықтық кесімдерді жүйеге келтіру
Әр мемлекеттік билік және басқару жүргізу органдары өздерінің құқықтық құзыры шеңберінде нормативтік құқықтық қесімдер шығарады. Мемлекеттің шығарған нормативтік құқықтық кесімдер реттейтін қоғамдық қатынастарына байланысты көбейе түседі. Оларды қолдануда көптеген шатасулар мен ретсіздік пайда болуы мүмкін. Нормативтік құқықтық кесімдерді пайдалану және қолдану барысында олар мемлекет тарапынан жүйеленіп отырады.
Нормативтік құқықтық кесімдерді жүйеге келтіру дегеніміз құқықтық қайнар көздерінің бір-бірімен қайшылықтағы жағдайларын жою, ескірген құқықтық нормалардың қолданылуын тоқтатып, жаңа нормаларды ғылыми жетістіктердің нәтижелерін пайдалану арқылы реттеудің тиімді құқықтық негізін жасау. Профессор С.АТабанов былай деп атап көрсетеді: «..Заңдарды жүйелеу» ұғымының бірнеше мағынасы бар. Бір жағынан, бұл үғым Заңдарды ретке келтіру, оны бірыңғай ішкі үйлесімді жүйеге түсіру дегенді білдіреді. Заңдарды жүйелеуді реттестіру, яғни Заңдарды бір ретке келтіруге, қалыпты актілердің мазмұнын өзгертпей жиынтықтары мен жинақтарын шығаруға және қолданылып жүрген құқық қалыбын белгілі бір мәселе бойынша тиісінше қайта қараумен байланысты қалыпты материалдарды тәртіптеуге, яғни сұрыптауға бөлу заң әдебиетінде кеңінен мәлім әрі сырт кейпінде де қолданылып жүрген қалыпты реттеуді жинақтаушы, сондай-ақ белгілі бір өзгертулерді, яғни өзгерістер енгізілген қағидатты сипаттағы жаңа қалыпты кесімдерді басып шығаруды білдіреді. Сонымен қатар, құқық теориясында Заңдарды жүйелеудің әлдеқайда тар әрі арнайы ұғымы, атап айтқанда тек қана реттестіру белгілі. Ғылым мен тәжірибеде «Заңдарды сұрыптау және жүйелеу» деген тіркес қолданылады, бұл әрі орынды да. Өйткені реттестіру барысында қолданылып жүрген қалыпты актілер мен жекелеген нұсқаулар нақ жүйеге түсіп, белгілі бір ішкі үйлесіммен орналасады.
Мемлекет және құқық теориясында нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру негізінде үш түрге бөлінеді:
- Инкорпорация — нормативтік құқықтық кесімдердің ескірген және бір-біріне қайшы келетін нормаларынан тазарту, біріктіру арқылы мәнін өзгертпей, олардық сырт пішінін өңдеу. Мысалы, ежелгі Римде Юстининиянның кодексі императорлардың жарлықтарын жүйелі түрге біріктіру арқылы инкорпорацияланады. Ресейде XIX ғасырдың 30 жылдары М. Сперанскийдің басшылығымен инкорнорация іс жүзіне асырылып, 16 томнан тұратын империяның заң жиынтығы жасалынды. Қазақстан Республикасында Заң жиынтығын жасау ісі қазіргі күні қолға алынуда.
- Кодификация — нормативтік құқықтық кесімдердің бүкіл мазмұны өзгеріп, қалыптасқан қатынастарын реттеу барысында көптеген жаңа құқықтық нормалардың қабылдануы. Көшпелі қазақ қоғамында Заңдардың кодификациялары Есім, Қасым, Тәуке сияқты хандардың тұсында жасалынып, тарихқа «Есім ханнның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» деген атпен енді: 1804 жылы Францияда Наполеонның жаңа азаматтық кодексі қабылданды. Қеңес өкіметі 1918-22 жылдар аралығында кең көлемде кодификациялық жұмыстар жүргізудің нәтижесінде жаңа қалыптасып келе жатқан социалистік қоғамдық қатынастарды реттеу үшін Азаматтық, Еңбек, Қылмыстық кодекстерді қабылдады.
Қазіргі Қазақстанда кодификация жұмыстары белсенді түрде 1993—1995 жылдарда іс жүзіне асырылды.
Кодификацияның мынандай ерекшеліктері бар:
а) Кең көлемде, барлық мемлекеттік органдардың құқық жасаушылығы арқылы болды.
б) Ресми түрде мемлекетпен іс жүзіне асырылады.
в) Қоғамдық қатынастарды реттейтін ең негізгі нормативтік құқықтық кесімдер (Заңдар, кодекстер, жарлықтар және т.б.) жаңа талаптарға сай мүлдем қайта өнделеді.
г) Мемлекеттің құқықтық негізін қалайтын жаңа Заңдар, кодекстер қабылданды.
- Консолидация — кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді біріктіру арқылы нормаларда кездесетін қайталауларды жоққа шыгарып, жаңа мәтінін қалыптастыру.
Заңнамалық техника. Заңдарды жүйелеу барысында көптеген қиындыктар пайда болады. Атап айтқанда ұйымдастырушылық, құқық жасаушылық барысында жіберілген кемшіліктерді ретке келтіру және т.б., қызметтер. Бұл процестер негізінде заңнамалық техника арқылы іс жүзіне асырылады. Заңнамалық техника деп заң ғылымында нормативтік құқықтық кесімдерді сапалы дайындаудағы ережелердің жиынтығын айтады. Заңнаманың техникалық деңгейінен нормативтік кесімдердің сапалы болуы және тиімді пайдалануы байланысты. Сондықтан құқық жасаушылық барысында заңнамалық техникаға ерекше көніл бөлінеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- ҚР «Нормативтік-құқықтық актілер» туралы заңы. Алматы, 2000.
- А.Ф.Шебанов. Формы советского права. М., 1968.
- С. Табанов. Заңды жүйелеудің теориясы, тарихы және тәжірибесі. Алматы, 1996.
- С.А. Табанов. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы, 2003.
- Законодательная техника. Л., 1965.
- К.Б. Досалиев. Заң үстемдігі принципінің мемлекеттік билік аясында әрекет ету. Алматы, 2001.
- С.И.Оспанов. Право-алгебра, закон-формула свободы. Алматы, 1998.