Құқықтық қатынастар
Жоспар:
- Құқықтық қатынастардың ұғымы
- Құқықтық қатынастардың пайда болуының шарттары, заң маңызы бар фактілер
- Құқықтық қатынастардың субъектілері
- Құқықтық қатынастар субъектілерінің субъективтік құқықтары мен құқықтық міндеттері
- Құқықтық қатынастардың объектісі
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Құқықтық қатынастардың ұғымы
Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынастардың алатын орны ерекше және ең маңызды тақырыптардын бірі болып саналады. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың бір ғана бөлігі. Қоғамдық қатынастардың құрамына саяси, топтық, экономикалык, діни, әдет-ғұрыптық, этикалық, құлықтылық, некелік сияқты көптеген қатынастар енеді. Немістің ірі ойшылы Георг Вильгельм Фридрих Гегель қоғамдық қатынастар хақында былай деп жазды: «Бар нәрселердің бәрі қатынастардан тұрады және бұл қатынастар барлығының бар болуының, күнелтуінің ақиқаты». Қатынастар материя формаларының дамуынан пайда болады, сол дамудан, қозғалыстар туындайды.
Негізінде қоғамдық қатынастардың құрамына саяси таптық, экономикалық, діни, әдет-ғұрыптық, этникалық, құлықтылық, некелік сияқты көптеген қатынастар енеді. Немістің ірі ойшылы Георг Гилыельм Фридрих Гегель қоғамдық қатынастар хақында былай деп жазды: «бар нәрселердің бәрі қатынастардан тұрады және бұл қатынастар барлығының бар болуының, күнелтуінің ақиқаты». Қатынастар материя формаларының дамуынан пайда болады, сол дамудан қозғалыстар туындайды.
Негізінде қоғамдық қатыстар екі түрге бөлінеді:
- Өндірістік қатынастар — қоғамда материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау және бөлу процесінде адамдардың санасы мен еркінен тыс пайда болатын олардың арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы.
- Идеологиялық қатынастар — халықты, ұлтты, таптарды ілім немесе теория негізінде топтастырудан туындайтын қатынастардың жиынтығы. Құқықтық қатынастар қоғамның идеологиялық қатынастардың құрамына енеді, оның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде танылады. Құқықтық қатынастардың қоғамдық қатынастардың бөлігі болып саналатын басқа қатынастардан айырмашылығы бар. Бұл қатынастар құқық нормаларымен реттеледі, құқық нормалар негізінде пайда болады.
Мемлекет қабылдаған, бекіткен құқықтық нормалар некізінде құқықтық қатынастар арқылы іс жүзіне асады, қоғамдық қатынастарды реттейді және қолданылады. Бірақ, қылмыстық құқық нормалары құқықтық қатынастардан тыс іс жүзіне асады. Мысалы, субъект қылмыстық кодексте көрсетілген қылмыстарды жасамаса құқықтық қатынастар пайда болмайды. Мұндай жағдайда қылмыстық құқық нормалар құқықтық қатынастардан тыс іс жүзіне асады. Құқықтық қатынастар пайда болу үшін екі немесе одан көп жақ (субъектілер) болуы қажет. Егер құқықтық қатынастарда екі жақ болса, ол қатынастар жай деп аталады. Мысалы, айырбас жасау. Бір субъект екінші субъектпен затпен айырбас жасайды. Құқықтық қатынастарда екі субъектен көп субъектілер қатысса күрделі құқықтық қатынастар болып табылады. Мысалы, сотта іс қарау процесіне құқық қолдану барысында бірнеше субъектілер қатысады: судья, прокурор, адвокат, сотталушы, талапкер, жауапкер, куәгерлер және т.б.
Құқықтық қатынастар дегеніміз қоғамдық қатынастар жиынтығының құқықтық нормалармен реттелуі.
- Құқықтық қатынастардың пайда болуының шарттары. Заң маңызы бар фактілер
Құқықтық қатынастардың пайда болуларының алғашқы шарты құқық нормалары болып табылады. Бірақ, мемлекет қабылдаған құқықтық нормалар өзінен-өзі құқықтық қатынастарды реттемейді. Реттеу процесі, тетіктері іс жүзіне асу үшін өмірде болатын жағдайлар қажет. Тек ғана адам әрекеттері және табиғи оқиғалар құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және жойылуына тікелей әкеліп соқтырады. Бірақ, өмірде, адамнын тыныс-тіршілігінде өмірлік жағдайлар өте көп, сан алуан, әр түрлі. Олардың барлығы құқықтық қатынастарды қалыптастырмайды. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін құқық нормаларының гипотезасында көрсетілген, бекітілген өмірдегі жағдайлар қажет. Тек сонда ғана құқықтық қатынастар пайда болады. Өмірдегі болатын жағдайлар заңды маңызы бар фактілер деп аталады.
Заң ғылымында заңды маңызы бар фактілер деп, өмірде болған жағдайлардың заң және құқықтық нормалары арқылы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін және тоқтатылуын айтады.
Заңды маңызы бар фактілер екі түрге бөлінеді:
- Әрекет немесе әрекетсіздік.
- Оқиға.
Әрекет немее әрекетсіздік бұл адамның саналы түрде, еркі арқылы, ойлау қабілетімен жасалатын қимылдары. Мысалы, адам, субъект сатып алуда, айырбас жасағаңда, мұра қалдырғанда, құқық бұзушылық жасағанда саналы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы өзінің тілегін, мақсатын іс жүзіне асырады. Әрекет екі түрге бөлінеді: құқыққа сай әрекеттер және құқыққа карсы әрекеттер. Құқыққа сай әрекеттер құқық нормаларының талаптарын бұлжытпай орындаудан туындайтын мінез-құлық. Құқыққа қарсы әрекеттер заң және құқық нормалары тыйым салған әрекеттер мен құқық бұзушылықтардың жасалуы. Мысалы, жұмыста қыдырымпаздық жасау, қызыл светафорға өтіп кету, қылмыс істеу. Оқиға — адам санасынан тыс болатын жайттар. Мысалы, жай түсу, тасқынның болуы, жер сілкіну, табиғи өлім, өрттің шығуы. Оқиға негізінде табиғи апаттардың салдарынан болатын құбылыс. Мысалы, үйге жай түсіп, өртенген болса, егер ол сақтандырылған болса, сақтандырушы болған заңды тұлға үйдің құнын төлеуге міндетті. Бұл жерде сақтандырылған мен сақтандырушының арасында сақтандыру қелісімшарты бойынша құқықтық қатынастар пайда болады. Адамның табиғи өлімі мұрагерліқ құқықтарды тудырады.
- Құқықтық қатынастардың субъектілері
Құқықтық қатынастар құқық субъектілерінің арасында пайда болады. Арнайы міндеттер мен құқықтарға ие болушыларды құқықтық қатынастардың субъектілері деп атаймыз. Қоғамда ешкім иемделмейтін құқықтар мен міндеттер болмайды. Сондықтан құқық субъектілері құқықтануда ең маңызды және негізғі ұғымдар болып табылады. Ал, құқық субъектілері бола алатындарды құқық нормалары айқындайды. Заң ғылымында құқықтық қатынастардың субъектілері екі түрге бөлінеді:
- Жеке тұлға.
- Заңды тұлға.
Жеке тұлға дегеніміз қоғам мүшесі, индивид ретінде құқық субъектілік қабілетіне ие болуды айтады. Құқық субъектілігі деген тікелей немесе өзінің құқықтары мен заңды, өзінің өкілі арқылы құқықтары мен заңды міндеттерін іс жүзіне асыру қабілеттілігі. Құқық субъектілік жалпы, салалық және арнайы болып бөлінеді және құқықтық қабілеттілік және әрекет кабілеттілігі ұғымдарын қамтиды.
Кұқықтық қабілеттілік деген құқық субъектісінің азаматтық құқықтар мен міндеттерге заң негізінде ие болу мүмкіндігі. Адамдардың құқықтық кабілеттілігі туған сәттен пайда болып, қайтыс болумен аяқталады. Құқықтық қабілеттілік сот үкімімен немесе шешімімен қажет болған жағдайда шектелуі де мүмкін. Мысалы, судья дәрігерді қылмыстық әрекеттері үшін үкіммен медициналық қызметпен шұғылдануына тыйым салуы мүмкін.
Әрекет қабілеттілігі — жеке тұлғаның өз әрекетімен заң шеңберінде мемлекет мойындаған құқықтар мен міндеттерге ие болуы. Әрекет қабілеттілігі үш түрге бөлінеді:
- Толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік, яғни 18 жасқа толған субъект. Бұл жасқа толған адам өз атынан, өз әрекетімен құқықтар мен міндеттері іс жүзіне асыра алады. Мысалы, үйленуге, дауыс беруге, мүліктерін сатуға, айырбастауға және т.б.
- Шамалы әрекет қабілеттілігі — 14 және 16 жас аралығындағы жасөспірімдерді қамтиды. Олардың әрекет қабілеттілігінің мүмкіндіктері бойынша өз аттарынан, әрекеттерімен ұсақ тұрмыстық мәмле жасауға құқыктары бар. Мысалы, өзіне тиісті затты айырбастауға құқық бар.
- Шектелген әрекет қабілеттілігі — жеке тұлғалардың құқықтарының сот шешімімен немесе үкімімен шектелуі. Мысалы, маскүнемдікке салынған адамның өз бетімен айлық табысын алуды шектеу, психикалық ауруға шалдыққан адамдардың құқықтарының шектелуі және т.б. шектеулер.
Заңды тұлға дегеніміз меншік, шаруашылық жүргізу немесе басқару кұқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым… Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі бар. (Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексі, 33-бап). Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір кезде пайда болады, яғни мемлекеттік органға тіркелген сәттен.
Заңды тұлғалар субъектілердің түрлері бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес болып бөлінеді.
- Құқықтық қатынастар субъектілерінің субъективтік құқықтары мен құқықтық міндеттері
Құқықтық қатынастар бір жақтың құқықтары мен екінші жақтың міндеттері арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың іс жүзіне асулары, қолданылуы және пайдалануы барысында құқықтық қатынасқа түскен субъектілердің арнайы құқықтары мен міндеттері пайда болады. Сол құқықтар мен міндеттерді құқықтық нормалар айқындайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға сайлауға қатысуға, ұйым құруға, дін бостандығына, демалуға, денсаулықтарын сақтауға, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингтер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге құқық береді. Осы нормалар негізінде жеке азаматтардың субъективтік құқықтары пайда болады.
Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген жақтардың құқық нормаларында бекітілген арнайы әрекеттері мен мінез-құлықтарының мүмкіндіктері. Бір жақтың субъективтік құқықтарына екінші жақтың құқықтық міндеттері екінші жақтың құқықтық міндеттері сай келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндеттейді (124-бап). Сонымен қатар осы Заңның 131-бабы кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндеттейді.
Құқықтық міндеттер деген арнайы мінез-құлықтың қажеттілігі, түрі және өлшемі. Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынастардың көбісінде оған қатынасатындар жамырай құқықтар мен міндеттерге ие болады. Мысалы, сатып алу шартында сатып алушы өз меншігіне затты алуға құқылы және оның құнын төлеуге міндетті, ал сатушы затты оның меншігіне беруге міндетті және ол үшін ақы алуға құқылы. Көптеген құқық нормалары бір жақты, құқықтык қатынастар емес, тек ғана міндеттер жүктейді. Мысалы, Қылмыстық және Әкімшілік құқықтық нормалар азаматтарға бекітілген нормалардағы диспозицияны қатаң сақтауды міндеттейді.
- Құқықтық қатынастардың объектісі
Құқықтың объектісі деген құқықтық қатынастар субъектілердің субъективтік құқықтары мен құқықтык міндеттердің неге бағытталғаны. Мысалы, сатып алу шартында құқықтық қатынастардың объектісі болып зат болып табылады. Құл иеленушілік құқық құлдарды құқықтық қатынастардың субъектісі емес, объектісі деп таныды. «Құл сөйлейтін құрал» деген қағиданы енгізді. Батыстың кейбір заңгер-ғалымдары қоғамда адамдар да құқықтық қатынастардың объектісі болуы мүмкін деген идеяны ұсынып жүр. Олардың ұстамдары, тұжырымдары бойынша отбасы құқықтық қатынастарында ата-аналар өз балаларына деген құқықтары объект болып саналады деп санайды. Бүл әрине, қате пікір. Адам әрқашан құқықтық қатынастардың субъектісі, объектісі емес. Баланы бір субъектпен алып, басқа субъектке беру баланың жеке басына деген құқық емес, бұл әрекет тәрбиелеуге, бағуға беру болып саналады. Еңбек шартын жасау барысында пайда болған құқықтық қатынастардың объектісі еңбек емес, арнайы мінез-құлық — жұмыс, қызмет болып табылады.
Заң ғылымында құқықтық қатынастардың объектісін монистік және плюралистік көзқарас негізінде бағалау бар.
Монистік көзқарас бойынша тек адам әрекеттері ғана құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады.
Плюралистік көзқарас бойынша құқықтың объектісіне әр түрлі объектілерді жатқызады. Мысалы, заттар, жер рухани шығармашылықтың нәтижесі, адам өмірі, денсаулығы және т.б. игіліктердің түрлері.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Р.О.Халфина. Общее учение о правоотношений М., 1974,
- Ю.К.Толстой. К теории правоотношения ЛГУ, 1959.
- С.С. Алексеев. Общая теория права М., 1982. Т. 2.
- Ю.И.Гревцов. Проблемы теории правового отношения. ЛГУ, 1981.