Көркемдік дәстүр жалғастығы
«Шу дастаны» – қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылады.
Ежелгі түркі ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, «Шу» дастаны қадым заманда, сақтар дәуірінде-ақ өмірге келген жыр. Белгілі түрік ғалымы Н.С.Банарлы «Түрік әдебиетінің тарихы» атты зерттеуінде «Шу» дастаны бізге Қытай көне жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша, сақтар өз мемлекетінің ұлан-ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деген екен.
Аса даңқты түрік билеушісі, есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені белгілі. Ал сақтар қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Алтай өңірін біздіі жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі. Иран тарихшылары сақтарды үш топқа бөліп қарастырады. Солардың ішінде, Арал теңізі төңірегін, Қаратау мен Жетісу жерін, Яксарт (Сырдария) пен Оксус (Амудария) өзендеріне дейінгі аймақты мекен еткен сақтарды кезінде парсылар өз тілінде «Тьяй-парадарая» (яғни теңіздің арғы жағындағылар) деп атаған.
«Шу» батыр дастанында алдымен оқи болып отырған осы өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері, бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бұралаңдап ағатын өзендер мен айдынында аққу құстар қиқу салған көлдер, өзенен бойында қалың болып өскен құрақ-қамыстар суреттеледі. Байырғы Баласағұн шаһарының маңында жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған Шу қала-қамалының сәулеті жайында айтылады. Содай ақ дастанда биік биік тау штқалдары мен кең жазық дала ойнақ салып жүгірген сансыз көп арқар, бөкен, елік, таутеке, марал, барыс, аю, бөрі, арыстан сияқты аңдар көрініс тапқан. (К.Әкішеш, Г.Қошаев «Іле қзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті»).
Шу батыр – еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы ұзын, білектерінде бұлшық еттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген. Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау бақшасы ішінен айналасы атшаптырым, аса үлкен күміс хауыз салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек легімен қысы жазы жүзіп жүреді екен. Ал. Шу батыр осы киелі құстардың қимыл әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі екен. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір келе жатқанын хауыздағы суға қарап отырып күні бұрын біледі. Алайда жұртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын ешкімге айтпайды. Ескендірдің әскері Ходжанд өзенінен өтті деген хабар келгенде ғана Шу батыр оған қарсы өзінің қырық нөкерін жұмсайды.
Талай қанды шайқастарды басынан өткізіп, күллі әлемді жаулап алған Ескендір жау жағынан майданға тек қырық жігіт шығарғанын көріп, мұнда бір сыр бар екенін аңғарады. Сонда жиһангер птшаның ақылгөй қарты: «Шу батыр халықты көп қырғысы келмей тұр. Мықты болсаң осы қырық батырмен шайқасып көр! Егер сен жеңсең, біз онда соғыспай ақ бас иеміз» деген ойды меңзеп айтып тұр дейді. Намысы қозған Ескендір патша да Шу батырдың қырық батырына қарсы өзінің ең таңдаулы деген қырық нөкерін шығарады.
«Шу» дастанында тау бөктеріндегі кең жазира жазықта қым қиғаш қанды майдан, шайқас басталып кетеді. Шайқас алдында жекпе жекке шыққан Ескендірдің бір сарбазын Шу батырдың бір нөкері қас қағымда қақ белінен қылышпен шауып тастайды. Сонда әлгі өлген батырдың кесіліп кеткен былғары белбеуінен бір уыс алтын жерге төгіліп қалады да, оған әлгі нөкердің қаны шашырап кетеді. Сонда Шудың нөкерлері: «Алтыны қан болды!» деп қайта қайта айғай салады. Содан сол соғыс болған жер «Алтынқан» деп аталып кетіпті. Ал Ескендір патша өзінің ең таңдаулы қырық нөкерінің жеңілгенін мойындап, Шу батырмен бейбіт келісім жасасыпты. Тіпті екеуі достасып, Шу батыр өз елін, халқын қырғын соңыстан аман алып қалыпты. (Banarli N.C. Resimili Turk Edebiyati Tarihi CI. Istambul, 1987).
Дастанда Шу батырдың «алуан түсті жібек әшекей әлемшікке малынып», төбесі көкке тілдесіп тұрған көгілдір шатыры бейнеленген. Бұл көк орданың айналысындғы саф алтынмен апталған биік діңгектер ұшына іліп қойылған әшекейлі құмыралар ішіндегі хош иісті май қараңғы түсісімен лаулап жанып, айналаны жап жарық етіп тұр. Алайда бізге көк сарай туралы ұзақ жырдың қысқа қысқа үзік жолдары ғана келіп жеткен. Соның өзінен ақ түріктердің арғы ата бабасы саналатын сақтар мен ғұндардың Көк Тәңірісіне табынып, көк бөріні тотем деп ұққаны, көк түсті киелі санағаны, көк түсті байрақтарын желбіреткені тарихтан жақсы мәлім.
Жалпы түткі тектес көшпелі тайпалар ежелгі дәуірлерден бері көшіп қонуға ыңғайлы, қолайлы қыста адам тоңбайтын, жазда ысып кетпейтін, дауылға құламайтын, қар жаңбыр өтпейтін киіз үйде тұрып келген. Тарихта «Көк түріктер» деп аталып кеткен осы халықтың тайпалық дәуірдегі ата бабалары да өздерінің киіз үйін көк түске бояп немесе үйдің сыртын көгілдір жібекпен орап қотятын болған.
Ежелгі түрік дәуірінде өмір сүрген Қытайдың ұлы шайыры түрік елінде болып қайтқан соң көшпелілердің киіз үйі туралы өлең шығарған екен. Ақын ханның да емес, бекзаттың да емес, қатардағы орта шарауны киіз үйін жыр еткен. «Көк орда» деп аталатын бұл жыр бізге сол табғаш жазбалары арқылы жеткен.
Міне, сол кездегі қарапайым шарауаның киіз үйі ақын жырлағандай болса, онда Сақ мемлекетінің тұтас бір аймағына билік жүргізген Шу батырдың ордасы қандай болғанын көз алдымызға елестету онша қиын болмаса керек. «Көк орданы» жырлаған ақын өмір шындығынан алыстап кетпегені анық. Мұны дәлелдейтін жазба деректер бар. Мәселен, Түрік қағанатына елші болып келген Византия императорының бекзаты Менандр Протектор өзінің көптеген қалаларда болып, талай талай сәулетті сарайларды көргенін айта келіп, талай талай сәулетті сарайларды көргенін айта келіп, «сақ жеріндегі әсем, тіпті есіктеріне дейін алтынмен апталған, түрлі түрлі жібекпен көмкерілген ғажайып көк шатырларды ешқашаннан көрмегенін» тамсана отырып жазған.
Бұл дастанда тағы да назар аударарлықтай көрініс бар. Шу батырырдың көк шатырын үстіне мұздай қару жарақ асынған, арғымақ атқа мінген 12 нөкер күндіз түні қоршап тұрады. «Шу» дастаны бізге толық күйінде жетпесе де шағын үзінділері бойынша ақ мұның өзі көлемді, оқиғасы тартымды, желісі ширақ, көлемдік дәрежесі жоғары, сол дәуірдің тарихынан мол мәлімет беретін шежіре дастан болғанын аңғару қиын емес. Сақтар дәуір ауыз әдебиетінің ғажайып үлгісі болып табылатын Шу батыр жайындағы дастан өзінен кейінгі түркі жазба әдебиетінің қалыптасуына зор ықпал етті. Мәселен, Шу батыр үлкен бір іске кірісер алдында елдің батырларын, ұлықтарын, бектерін шақырып алып, оларға қарата үндеу сөз айтады. Шу батырдың халқына қарата айтқан мұндай үндеу сөздері бізге сол күйінде, яғни поэзия түрінде жетпеген. Шу батырдың сақтарға қарата айтқан монологы бізге зерттеуші ғалымдардың прозалық баяндаулары ұран сөзі «Күлтегін» жырында да кездеседі. арқылы ғана жеткен. Ал ел бастаған қағанның өз халқына қарата айтқан
Тәңірідей тәңір жаратқан
Түрік Білге қаған
Бұл шақта отырдым
Сөзімді түгел естіңдер
Бүткіл жеткеншегім ұланым,
Біріккен халқым, әулетім.
(Йоллығтегін. Күлтегін. Алматы. Жалын, 1986.).
«Қорқыт ата кітабында» Қазан қағанға қарата айтатын Қорқыттың осындай сөзі бар: «О, Қазан, хан! Сені жұрт барлық оғыз жігіттерінің ұстыны, біздей кем кетіктің қорғаны, Баяндүр ханның күйеуі, Төле құстың тұқымы, Түркістанның діңгегі, тайпалар мен рулардың арыстаны, қара тобырдың жолбарысы, қара аттың иесі, Ораз ханның «киесі деп айтушы еді» («Қорқыт ата кітабы», Алматы, Жазушы, 1986).
Бұл сияқты өз халқына немесе ел басқарған ханына қарата сөз айту дәстүрі қазақтық батырлық жырларында жиі ұшырсады.
Бұл дәстүр бертін келе Махамбет Өтемісұлының (1804-1846) отты жырларынан да өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты. Ақын һзінің Баймағанбет сқлтанға айтқан өлеңінде:
«Ханым, ханым» дегенге
Көтере берме бұтыңды,
Көпірте берме ұртыңды,
Күндердің күні болғанда,
Өзіңнен мықты болғанда,
Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді, дейді.
Ғұн оғыз дәуірінен (біздің заманымыздан бұрынғы соңы мен біздің заманымздағы III ғасырдың бас кезі) бізге жеткен екі дастан бар. Олар «Оғыз қаған», және «Аттила» дастандары.
«Ғұндар мемлекетінің Орта Азиядағы мейлінше қуатты, алтын дәуірі Мөде қағанның (209 174 жылдар) тұсында болған». Бұл кезде табғаш (Қытай) елі ғұндарға бағынып, алым салық төлеп тұрған. Олар ғұндардан қорғану үшін өздерінің «ұлы қорғанынын» осы кезде салған. Алайда бес мыңға созылған бұл биік қорған Мөденің жақсы қаруланған қалың жасағына бөгет ала алған жоқ. Дәл осы арада ғұн атауы жайында бірер сөз айта кетсек. Ғұндарды әр елде, түрлі замандарда түрліше атап келген. Мәселен, қытайлар Ху, Сюңну; гректерде Хойвол, латын cnunni Nunni, Батыс елдерде Huns, орыстар Хунну, Гунну, Сунну; Түркі халықтары және басқалары ғұн, Хун, Ғон деп атаған.
Қазіргі Қзақстан аумағында әуелгі қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуына еуропалықтарға «ғұндар» деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болған. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы алаңдар мен асарларды бастысқа қарай ығыстырып жібереді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Еуропаға қоныс аударады. Сөйтіп, « халықтардың ұлы қоныс аударуы» Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай ақ Еуропаның этностық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Түрлі түркі тайпаларының шыққан тегі, яғни арғы ата бабалары ғұндар екенін Батыс пен Шығыстың көптеген ғалымдары тарихи, саяси және мәдени тұрғыдан жан жақты зерттеп аса құнды еңбектер жазған. « Ғұндар түркі тайпасының арғы атасы екенін қытай тарихынан келістіре аударған ғалымның бірі Абел Ремюза. Хун гун екеуі бір сөз, ескі дәуірдегі ғұндардың аты, олар тегісімен түріктер. Ескі дәуірдегі ғұндардың түрік екенін ең алғаш айқын суреттеген академик А.А.Куник. Ғалым мадьярдың ескі дәуіріндегі көз қайнақтарын (анналдарын) жақсылап зерттеп, ғұндардың тарихын ашық түрде айқындап берген».
Қазіргі түрік халықтарының арғы ата бабалары саналатын ғұндардың біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың өзінде ақ төл жазуы, әдеби тілі, жоғары мәдениеті, сан салалы ғылымы, сәулет өнері, металл қорыту, қару жарақ жасау кәсібі болғанын дәлелдейтін көптеген ғылыми еңбектер жазылды. Ал, ғұн тілі көптен бері зерттеліп келеді. Бірқатар ғалымдар Р.Штилф, В.Ф.Миллер, В.Г.Васильевский, В.В.Радлов, Л.Н.Гумелев, Фаң Жуңю т.б. ғұндардың тілі көне түркі тілі дегенге саяды. Сондай ақ олар Шығыс Азиядағы ғұндар мен кейінірек Еуропаға қоныс аударған ғұндар бәрі бір текті түркі монғол нәсілінен екенін айтады.
Г.Дерфердің айтуы бойынша, ғүндар баласын «kutu» деп атаған. Бұл түркі тіліндегі «Құт» (байлық, дәулет) деген сөзбен дыбыстас сөз. Мағына жағынан алғанда да бұл өзінен туған ұрпағын қара шаңырақтың құты, байлығы есептейтін ата баба дәстүріне сәйкес келеді. Қазіргі тілде «тәңірден туған», яғни «Тәңір құт» сөзі айтылмаса да осы мағыналас «Қара көктің тұқымы», «Қара көктің ұрқы» деп айту қазіргі кезге дейін сақталған. Қазақтың қоңырат руының ішінде «Көктің ұлы» деген тармағы күні бүгінге дейін солай аталды. Ғұндар Көкті, яғни тәңірді «tanglei» дейді. Түркі тіліндегі көкті «tangri», теңізді «tangiz», бұл сөздердің бәрінің түбірі «tang» және олардың бәрі «кең», «шексіз» деген мағынаны береді. Сонымен бірге, түркі тілінде «tangri» сөзі, негізінен «көктегі құдай» ұғымын білдіреді. Аспанды «көк» дейді. Бұл қытай жазбаларындағы ғұндардың айтатын «көк тірегін», «көкпен жерден жаралған» деген сөздерімен сәйкес келеді. Ғұн тіліндегі «tanglei» сөзі де «көктегі тәңір, құдай» мағынасын береді. (Дерфер Г. О языке Гуннов. М., Наука, 1986).
Алайда сақ, ғұн, оғыз және қыпшақ тайпаларының ең асыл қазынасы саналатын рухани байлығы ауыз әдебиеті жайында жазылған зерттеулер жеткіліксіз дәрежеде деуге болады. Б.ж.с. бұрынғы ғұндар дәуірінде дүниеге келген түрлі аңыз әфсаналар, мақалал мәтелдер, тұрмыс салт жырлары, лирикалық өлеңдер және батырлық эпосы әлі күнге дейін толық зерттеле қойған жоқ. Ауыз әдебиетінің бұл үлгілері біздің заманымызға толық күйінде емес, қысқа қысқа үзінділері күйінде ғана жетті. Ал, кейбір батырлар жырларының жалпы сюжеттік желісі ғана сақталып қалған. Бұлар негізінен көне заман тарихшылары Геродот, Ктезий, Полиэн, Харес Метиленскийдің еңбектері арқылы белгілі болып отыр. Өздері орта ғасырда өмір сүрген Табарий, Масуди, Исфахани, Бируний сияқты ғұламалардың кітаптарынан да ежелгі ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілерін табуға болады.
Сондай ақ «Авеста», «Бехистун», «Бундахшин», «Денкарт» сияқты көне заман туындыларында ғұндар және олардың ұрпақтары қыпшақтарының арғы ата бабалары саналатын ғұндардың ерлікке толы өмірі, тұрмыс тіршілігі хақында «Вальтерия», «Нибелунгтер туралы жыр» деп аталатын көне герман эпостық жырларында айтылады.
Сонымен, қадым заманның батырлар жырлары да өмірде болған тарихи тұлғаларды, қоғамдық құбылыстарды бейнелейді. Алайда ерлік эпостарында «тарихи оқиғалардың сол күйінде, ешбір өзгеріссіз, қайталанып айтылуы шарт емес. Әйтсе де бұл оқиғаның өзі халық қиялынан туған ғажайып оқиғаларға бүркемеленіп беріледі». Басқаша айтсақ, ерлік эпосының өмірге келуінде халық өмірінде маңызды рол атқарған тарихи тұлғалар жайында аңыздар ерекше орын беріледі. Мұның өзі адамзаттың пада болуы жөніндегі халықтық поэтикалық концепциядан туындайды.
Ғұн оғыз дәуірінде дүниеге келген осындай ерлік эпосының бірі «Оғыз қаған» дастаны деуге болады.
«Оғыз қаған» дастаны түркі тектес халықтардыңи ежелгі шежіресін генологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. «Оңыз қағанның» атауы жайында әр кезде әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Бірқатар зерттеушілер оны күні бүгінге дейін «Оңыз наме» деп те атайды. Шындығына келсек, «наме» сөзі парсы тлінде «хат», «өтініш», «трактат», «кітап» деген мағына беретіні мәлім. Сол себепті де «наме» сөзі көбінесе жазба түрінде өмірге келген, авторы белгілі шығармалардың тақырыбына қосылып оған анықтамалық мағына береді. Мәселен «Шахнаме» «Шах туралы кітап», «Мұхаббат наме» «Махаббат жайындағы дастан», «Бабур наме» «Бабыр кітабы», т.б.
Ал енді «Оғыз қаған» дастаны әуелде ауызша жасалып, бертін келе IX X ғасырларда қағазға түсірілген сияқты. Бұл көне заман мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеген түрік ғалымы Н.С.Банарлы оны батырлық жырлары қатарына қосып, «Оғыз қаған» дастаны деп атайды. Бұл пікірге ғалым «Оғыз қағанның» тақырыбы мен сюжетін, қаһармандарын және олардың әрекетін, баяндау тәсілдері мен тілдік құралдарын егжей тегжейлі зерттеу арқылы келіп отыр.
Дәл осы арада біз дастанның аты болып келетін «оғыз» сөзі туралы айта кетейік. Бұл сөзді Еуропа және орыс ғалымдары «огуз» десе, араб және парсы тілдерінде «ғузз», қазақша «оғыз», әзербайжан тілінде «оғуз» деп жазылып жүр. Көне түркі тілінде «оғуз» сөзі уыз, уыздас, сүттес, емшектес, яғни бір емшектен сүт емген деген мағына берген. Ежелгі ғұндардың кейінгі ұрпақтары бертін келе «оғуз» деген жиынтық атпен белгілі болған.
«Оғыз қаған» дастанында негізінен Оғыз батырдың әскери жорықтары, түркі елін сыртқы жаудан қорғаудағы ерлік істері, ел басқарудағы даналығы мақталады. Түркі халықтары ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері саналатын «Оғыз қаған» дастанының идеялық мазмұнын терең пайымдау үшін оғыз тайпалары туралы кейбір тарихи деректерді еске түсіру қажет.
Сонымен, оғыздар ертедегі түркі тайпаларының бірі. Олар көбінесе дерлік Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратау бөктерін мекендеген. Ұзақ жылдар бойы көршілес тайпалармен соғысып, Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауын өздеріне қаратып алады. Кенгер печенек бірлестіктеріне қарасты IX X ғасырларда жүргізілген осы соғыстардың оқиғалары «Оғыз қағанның» сюжеттік желісіне негіз болған. Оғыз тайпалары бірлестігі 965 жылы Киев Русьімен одақтасып алады да, екі жаққа бірдей қатер төндіріп тұрған қуатты Хазар қағандығына қарсы соөыс ашады. Ақыры хазарларды жеңіп, Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағалауын да жаулап алады. Арада жиырма жыл өткен соң оғыздар орыс княздарымен бірге отырып, Еділ мен Кама өзендері бойындағы бұлғарларды да тас талқан етіп жеңіп шығады.
Міне, бұл зор жеңістердің бәрін Оғыз мемлекетінің күш қуатын, саяси беделін бұрынғыдан да арттыра түседі. Оғыздардың жаужүрек ерлігі туралы алуан түрлі ағыздар тарайды. «Оғыз қаған» дастаны оғыздар жайындағы осындай ағыз әфсаналар желісіне құрылған эпостық туынды. Тарихи деректер бойынша, қыпшақтардың қатты тегеуірініне төтеп бере алмаған оғыздар бірте бірте қыпшақ, қаңлы, тағы басқа түркі тектес тайпалармен араласып, олардың этникалық құрамына біржолата сіңісіп кеткені мәлім.
Бұл ежелгі дәуірінің әдеби мұрасынан алғашқы қауымдық құрылыс пен әуелгі орта ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың ізін аңғаруға болады. Мұнда жеке адамдардың есімдері, нақтылы жер су аттары, түрлі ру тайпалар атаулары т.б. бар. «Оғыз қаған» дастанындағы жеке адамдар есімдері, этникалық және жағрапиялық атаулар туралы көптеген ғылыми еңбектер жазылған. Мәселен, атақты тарихшы ғалым Н.Я.Бичурин нақты деректер келтіре отырып, Оғыз есімі тарихтан жақсы мәлім Туманның .лкен ұлы Мөде деп біледі. Ал, Мөде белгілі адам. Мөде ғұндардың билеушісі шаньюн атағын алады. Ғұндар кезінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін мекендегені мәлім. Мөде тұсында ғұндар құдіретті мемлекетке айналады. Сөйтіп, Оғыз қаған ғұндардың әміршісі Мөденің әдеби бейнесі деген болжам бар.
Ал, енді Шығысты зерттеуші белгілі неміс ғалымы Иозеф Маркварт Оғыз туралы мүлдем басқаша пікір айтады. Сондай ақ Оғыз қағанды Александр Македонский немесе қазақтығ алғашқы хандарының бірі Жәнібек деген болжам жасаған ғалымдар да бар.
Оғыз қағанды белгілі бір тарихи адам бейнесіне телу, яғни оның тарихтағы нақты прототипін іздеп табу мүмкін емес. Әрине, Оғыздың әдеби бейнесі арқылы белгілі бір тарихи адамдардың реалдық іс әрекеті болуы мүмкін. Өйткені «Оғыз қаған» дастаны белгілі бір тарихи оқиғалардың желісі, сүрлеуі, ізі бойынша жазылғаны анық. Оғыз қағанның анасы Ай қаған бейнесін ғалымдар көбінесе дерлік от басының қамқоршсы Ұмай ана бейнесімен байланысты түрде алып қарастырады. Ал, «Оғыз қаған» дастанындағы Қыпшақ бек, Қағарлық бек, Қаңлы түркілердің белгілі ру тайпалардың жинақталған бейнелері болуы да ықтимал.
«Оғыз қаған» дастанына негіз болған түрлі аңыз әңгімелер мен нақты тарихи деректер арасында тығыз байланыс бар екенін аңғару қиын емес. Оғыз батыр жайлы шежіре ағыздарда айтылатын тайпалар көне дәуір тарихынан жақсы мәлім. Сондай ақ Оғыз батыр жайлы ауызша аңыз әңгімелердің сюжеттік желісі мен «Оғыз қаған» дастанының сюжеттік желісі арасындағы ортақ сарындар да зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл туралы, әсіресе Құлмат Өмірәлиев ұтымды пікірлер айтқан.
«Оғыз қаған» дастанын зерттеу ісіне, әсіресе, түркия елінің ғалымдары көп еңбек сіңірді деуге болады. Әйтсе де түрік ғалымдарының зерттеулері соңғы кезге дейін бізге беймәлім еді. Ал қазір Н.Атсыз, Н.Банарлы, Ф.Көпрүлузаде, Б.Аталай, Б.Рифат сияқты түрік ғалымдарының «Оғыз қаған» дастаны туралы терең ойлы зерттеулері қолымызға тиіп отыр. «Оғыз қаған» дастаны мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы әртүрлі байланысты зерттеуге қазақтың Ә.Дербісәлин, М.Жармұхамедұлы, Ө.Күмісбаев сияқты зерттешілері де өзіндік үлес қосқан. Сонымен бірге, ағылшын, неміс, француз және орыс ғалымдары да бұл салада едәуір еңбек еткені мәлім. Дегенмен «оғыз қаған» дастанының түркі тілдес халықтар әдебиетіне тигізген әсері, әсіресе, оның дәстүр жалғастығы негізінде қазақ әдебиетіне тигізген ықпалы күні бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болған емес.
«Оғыз қаған» дастанының зерттелу тариха қысқаша тоқталып өтелік. Оғыз қаған туралы аңыз әңгімелер мен тарихи шындық жайында кезінде В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, П.Пелльо, И.Н.Березин, Л.Лигетин, Ю.Немат, Н.Я.Бичурин, В.В.Бартольд, А.М.Щербак, А.Н.Кононов сияқты зерттеушілер сан алуан құнды пікір айтқаны мәлім. Бұл пікірлердің бәрін түйіндеп айтсақ, төмендегі жәйіттерге келіп саяды. «Оғыз қаған» эпосының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқа бар. Бір ұйғыр