АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Конституцияның қабылдану себептері

 

Жоспар

 

  1. Кіріспе

 

II.Негізгі бөлім

 

   1) 1993 жылғы конституцияның қабылдану себептері

   2) 1995 жылғы конституцияның қабылдану себептері

   3) 1995 жылғы конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар

 

III.Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жаңа еліміздің Конституциясы туралы мәселені көтерудің басты себебі- ол еліміздің қоғамдық және иеилекеттік өмірдегі оң елеулі өзгерістердің ықпалы мен Республиканың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаттарын баянды ету.

    КСРО-ның тарап, оның негізінде ТМД құрылуы Қазақстан мемлекеті дамуының келесі бір себебі еді. Егемендік  алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат қабылдау қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды.

    Қазақстанның ең жаңа тарихындағы айтулы кезең болған маңызды екі күн –Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдаған  1990 жылғы  25 қазан мен  12-ші шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған  1991 жылғы  16 желтоқсан  туралы  болғалы тұр. Әу  бастан –ақ еске түсетіні, сонау  1920 жылғы Қырғыз  Автономиялы Республикасының  І-Бүкілқырғыздық  құрылтай  сьезіндегі қабылданған Қырғыз АКСР-і еңбекшілері құқығының Декларациясы, өйткені қазақ халқының тарихында алғаш рет оның ұлттық мемлекетінің құрылу дерегі сонда бекітілген болатын.

    Егемендік туралы Декларация Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық көзі, мемлекеттік биліктің ішіндегі үстемдігі мен оның халықаралық жария еткен алғашқы ресми бағдарламалық мәлімдемесі болып табылады.

    Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация еліміз тәуелсіздігінің іргетасвн қалады. Мұның өзі мемлекеттілікті нығайтумен тығыз байланысты еді.Бұл шын мәнінде егеменді ел болу  қазақтың ұлттық мемлекеттігін қалпына  келтіріп дамыту жолындағы батыл қадам болатын.

     Тарихи-құқықтық маңызы бар сомадай екі құжат  бірін-бірі жалғастырып, толықтырып тұрады, бұлар біріге келе еліміздің қоғамдық құбылыстардағы түбегейлі өзгерістерді еңсеретін 1993 жылғы Қазақстан Республикасы  Конституциясының қабырғасын қалайтын ірге тасы, өйткені, кейініректегі уақыт көрсеткендей,  жаңа Конституцияның бет пердесі осылардан бастау алған.

         1993 жылғы конституциялық реформаның Назарбаев тапқан негізгі себептері мен алғышарттарына тоқталайық.

      Олар Назарбаевтың Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 1 маусымдағы сессиясындағы «Конституцияның жобасы туралы» және 1992 жылғы 9желтоқсанда өткен сессиясындағы «Республика Конституциясының жобасы және оны бүкілхалықтық талқылаудың қорытындылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының  1992 жылғы қарашадағы республикалық кеңесіндегі баяндамасында және конституциялық комиссиясының өзінде жасаған баяндамалары мен сөздерінде айтылады. 1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың алғышарттарына келсек, ол терең қоғамдық өзгерістердің тамыр тарта бастаған нышандары 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясының орнына жаңа конституциялық ресімдеуді талап еткенін атап көрсетеді. Көнергенді кейінге ысырып, жаңа қағидаттардың негізінде жаңғыра бастаған қоғамның қадамдарын конституциялық деңгейде баянды ететін Ата заң қажет болды.

      Қазақстан Республикасының  1993 жылғы Конституциясы қабылданғанға дейін де көптеген көнерген конститутциялық ережелерді жаңаларымен алмастырудың қолға алына бастағанын айту керек. Оған жылына бірнеше мәрте ішінара өзгертулер енгізіліп жүрді. Алайда, қандай да бір өзгертулер енгізу арқылы Конституцияны жаңа қоғамдық болмысқа сәйкес келтіру қиын еді, өйткені 1978 жылғы Конституция тұтас қалпында социалистік қоғамдық және мемлекеттік жүйені бейнелейтін, ал қоғамдық даму жаңа бағытта жүріп жатты. Мұндай жағдайда  1978 жылғы Конституция енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға қарамастан, өмірден артта қалып, Негізгі Заңның алдында тұрған міндеттерді орындай алмады. Сондықтан да, Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеу, ендігі жерде ескі Конституцияға толассыз өзгерістер мен тлықтырулар енгізуді тоқтатып, жаңа Конституция қабылдау міндеті күн тәртібіне қойылды.

      Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеу негізгі идеясы республикалардың егемендік құқығын кеңейтудің көздейтін жаңа одақтық шарт даярлауға Қазақстанның қатысуымен бір мезгілде басталды. Жаңа одақтың шарттың өзегіне өрілген осы идея Республиканың жаңадан жасалмақ Конституциясының да ірге тартар мазмұны болуға тиіс еді. Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеудің алғышарттары мен себептерінің ішінде  Назарбаевтың мемлекеттің және халықтың егемендігіне қол жеткізу мен оны қамтамасыз ету қажеттігін алдыңғы қатарға қойғанын  атап көрсету керек.

Шындығында да бұларды салыстырып қарасақ, негізгі Заңның мәтініде  егемендік пен тәуелсіздік құжаттарының  концептуалдық тұжырымдары тікелей басымдылықта болғандығын көрсетеді.

    Конституциялық реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда  да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конститутция мен оның нормалары ұзақ уақыт бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияны қате ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді.  

 

 

 

 

 

 

  1. 1993 жылғы конституцияның қабылдану себептері.

    Конституциялық реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда  да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конститутция мен оның нормалары ұзақ уақыт бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияны қате ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді.

      1993 жылғы конституциялық реформаның Назарбаев тапқан негізгі себептері мен алғышарттарына тоқталайық.

      Олар Назарбаевтың Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 1 маусымдағы сессиясындағы «Конституцияның жобасы туралы» және 1992 жылғы 9желтоқсанда өткен сессиясындағы «Республика Конституциясының жобасы және оны бүкілхалықтық талқылаудың қорытындылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының  1992 жылғы қарашадағы республикалық кеңесіндегі баяндамасында және конституциялық комиссиясының өзінде жасаған баяндамалары мен сөздерінде айтылады.

      1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың алғышарттарына келсек, ол терең қоғамдық өзгерістердің тамыр тарта бастаған нышандары 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясының орнына жаңа конституциялық ресімдеуді талап еткенін атап көрсетеді. Көнергенді кейінге ысырып, жаңа қағидаттардың негізінде жаңғыра бастаған қоғамның қадамдарын конституциялық деңгейде баянды ететін Ата заң қажет болды.

      Қазақстан Республикасының  1993 жылғы Конституциясы қабылданғанға дейін де көптеген көнерген конститутциялық ережелерді жаңаларымен алмастырудың қолға алына бастағанын айту керек. Оған жылына бірнеше мәрте ішінара өзгертулер енгізіліп жүрді. Алайда, қандай да бір өзгертулер енгізу арқылы Конституцияны жаңа қоғамдық болмысқа сәйкес келтіру қиын еді, өйткені 1978 жылғы Конституция тұтас қалпында социалистік қоғамдық және мемлекеттік жүйені бейнелейтін, ал қоғамдық даму жаңа бағытта жүріп жатты. Мұндай жағдайда  1978 жылғы Конституция енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға қарамастан, өмірден артта қалып, Негізгі Заңның алдында тұрған міндеттерді орындай алмады. Сондықтан да, Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеу, ендігі жерде ескі Конституцияға толассыз өзгерістер мен тлықтырулар енгізуді тоқтатып, жаңа Конституция қабылдау міндеті күн тәртібіне қойылды.

      Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеу негізгі идеясы республикалардың егемендік құқығын кеңейтудің көздейтін жаңа одақтық шарт даярлауға Қазақстанның қатысуымен бір мезгілде басталды. Жаңа одақтың шарттың өзегіне өрілген осы идея Республиканың жаңадан жасалмақ Конституциясының да ірге тартар мазмұны болуға тиіс еді. Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеудің алғышарттары мен себептерінің ішінде  Назарбаевтың мемлекеттің және халықтың егемендігіне қол жеткізу мен оны қамтамасыз ету қажеттігін алдыңғы қатарға қойғанын  атап көрсету керек. Нақтылы егемендікті орнату міндетімен тығыз бірлікте Конституцияның өзін де баянды ету арқылы аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету міндеті де алға қойылды. Әкімшіліктер басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы республикалық кеңесінде жасаған Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы туралы баяндамасында ол Қазақстанның аумақтық тұтастығының конституциялық кепілдіктері керек екенін атап көрсетті.

Конституциялық реформалардың осы идеяларының бірінші кезекті маңызы бар деп жариялануының себебі: 1937 және 1978 жылғы Конституцияларда Қазақ  КСР- і заң жүзінде егеменді болып саналғанымен, КСРО құрамындағы Қазақ КСР- інің шынайы егемендігі болған емес. Оның ішкі саясатта жоғарылығы болған емес, өйткені жоғарғы билік Қазақ КСР- інің емес, КСРО жоғары партия органдары мен одақтық мемлекеттің қолында еді. Республиканың сыртқы саяси өмірде де ешқандай құқығы болған жоқ. Оның өз байлығын, экономикалық ресурстарын пайдалануға да қандай да бір құқығы жоқ еді іс жүзінде экономиканы басқарудың барлық құқығы одақтық құрылымдардың құзырына шоғырландырылды. Оның өзінің заңдылығы да болған емес, заңдары іс жүзінде КСРО заңдарының көшірмесі еді. Өзінің азаматтығы да болған еиес, ол да ортақ одақтық азаматтық еді. Республиканың аумағын да КСРО- ның жоғары органдары қалауына қарай кесіп- піше беретін. Одақтық республикалар, соның ішінде Қазақстан сияқты іс жүзінде құқықсыз мемлекеттер тіпті әлемдік тарих ауқымында да онша көп емес еді.

      Қалай дегенмен де одақтас респубоикаларда, соның ішінде Қазақстанда, ұлттық сана-аезім өсті, мәдени деңгей артты, елді өз күшімен басқару мүмкіндігін барған сайын терең пайымдау мен одақтас мемлекеттің өзінің ішінде болса да, шынайы егемендікті орнату мен кеңейту қажеттігін түсіну ұлғая берді.Басқа да барлық республикаларда КСРО мен одақтас республикалар арасындағы құқықтарды соңғылардың құқықтарын кеңейту бағытына қарай қайтадан бөлісуді мақсат ететін осындай қозғалыстар күшейе бастады.

Міне, осындай жағжайжа жаңа одақтық шартты әзірлеу және одақтас республикалардың өздерінің бастамасымен, былайша айтқанда, орталықтың сесіне қарамастан, ашық түрде республикалардың әрқайсысының құқығын іс жүзінде кеңейту процесі, сондай-ақ Республиканың жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу процесі басталды.

      1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады.Декларацияда халық пен мемлекеттің егемендігі, оның аумағының бөлінбейтіні, қолсұғылмайтыны, егемендіктің экономикалық негізі, Республиканың барлық ұлттарының азаматтарына кең құқықтар мен бостандықтар беру, Республиканың сыртқы саяси қызметті дербес жүзеге асыруға құқығы, мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу қағидаттарын белгілеу жария етілді.Декларацияның одақтық шарт жасасудың және Қазақ КСР-інің жаңа Конституциясын әзірлеудің негізі болып табылатыны танылды.Содан бері небәрі 11 жыл өткен екен, алайда бұл Республика үшін тұтас бір дәуір, Декларацияда жазылып, содан кейін Республиканың екі Конституциясына да бірдей көшкен идеялар Республиканың бүгінгі де, болашақтағы да тыныс-тіршілігінің негізіне айналды.

         Кеңес Одағы таратылғаннан кейін  1991 жылғы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заң қабылдады, оның жобасы да Президенттің басшылығымен, құрамында бүкіл елімізге танымал ғалым заңгерлер болған депутаттар корпусының белсене қатысуымен әзірленеді.Онда халықтың, оның Президенті мен депутаттарының мемлекеттің толық әрі нақтылы тәуелсіздігі туралы және кезінде қазақ ұлтына адам айтқысыз ауыртпалықтар әкелуімен қоймай, оның өмір сүруінің өзіне қатер төндірген, жат күштер зорлықпен тартып алған егемендікке ие болу жөніндегі арман-мүддесі айшықты бейнеленді. Егемендікпен байлансты негізігі идеялар мен қағидалар конституциялық заң күшіне ие болды.Осы Заң баянды етіп берген оқиға-қазақ халқының және күллі Қазақстан халқының тарихындағы ұлы белес. Осыған орай Конституция жобасын әзірлеуге байланысты негізігі мақсат та өзгерді. Егер бұған дейін конституциялық комиссия КСРО құрамындағы Республика Конституциясының жобасын әзірлеумен шұғылданса, ендігі жерде тәуелсіз егемен мемлекет-Қазақстан Республика Конституциясын жасау міндеті алға қойылды. Енді тәуелсіз мемлекеттің егеменді құқықтарын Республика Конституциясының өзінде баянды етіп, оған мызғымас сипат беру керек еді.1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың бірінші себебі,осы.

1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың келесі себептерінің бірі адам мен азаматтың неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциядық тұрғыдан бекемдеу қажеттігі болды.Президенттік Республика Конституциясының жобасы туралы барлық баяндамаларында бұл аса маңызды міндет ретінде көрсетілді.

        Жоғарғы  Кеңестің 1992 жылғы маусымдағы сессыиясында ол Конституцияның құқықтық негізді тұрақтандыру және алдағы мақсатқа жетудің конституциялық-құқықтық құралдарын, сонын ішінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекемдеу үшін қажет екенін атап көрсетті. Әкімшіліктер басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы қарашадағы Республикалық кеңесінде Конституцияның жобасы туралы жасаған баяндамасында Назарбаев адамның шын мәнінде іске қабілетті сот билігінің көмегімен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыдан дәйектеу қажеттігіне тағы да тоқталды.

        Жаңа жағдайда құқықтар мен бостандықтардың күллі жүйесін жаңғыртып, оларды халықаралық құқықтық құжаттарда дәйектелген әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру қажет еді. Алайда, осы талапқа сәйкес құқықтар мен бостандықтардың күллі жүйксін түбегейлі өзгерту ескі Конституцияға, яғни 1978 жылғы Конституцияға жекелеген түзетулер енгізу арқылы мүмкін емес еді.1978 жылғы Конституцияда дәйектелген құқықтар мен бостандықтар туралы тұжырымдаманың шеңберінде бүкіл әлемге танылған құқықтар мен бостандықтар жүйесін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен ғана бейнелеп беру шынында қолдан келмейтін шаруа болатын.Жаңа жағдайда Республика азаматтары иеленуге тиіс жалпыадамзаттық кең құқықтар мен бостандықтарды дәйектеу міндеті жаңа Конституцияның қабылдануын талап етті. Жоғарыда Конституция қабылдаудың бірінші алғышарты ретінде Республиканың шын мәніндегі егемендігін орнату қажеттігі аталды.      

Респуьликаның жаңа Конституциясын әзірлеудің келесі бір маңызды себебі-саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конституциялйқ жолмен дәйектеу және оларды демократияландыру  мен құқықтық мемлекет құру бағытында одан әрі жетілдіру қажеттігі.

     1993 жылғы Конституцияны қабылдау сбептерінің бірі-сапалық жағынан өзге құқықытық жүйе жасау үшін жаңа Конституциялық негіз қалау керек еді.

1978 жылғы Конституцияны жаңа Конституциямен алмастыру қажеттігін туғызған басқа да бірсыпыра нақты себептер бар.

Жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін негізінен үкімет мүшелері мен депутаттық корпустың басшыларынан тұратын Конституциялық комиссия құрылды.Жоба әзірленген бетте Жоғарғы Кеңес сессиясындағы алғашқы оқылымында мақұлданып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Жоғарғы Кеңес оны 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылдады.

   1993 жылғы Конституцияның елеулі кемшіліктері болғанын, аса маңызды айқындамалары жағынан алғанда, ескі Конституцияның шырмауында қалып, кеңес мемлекетінің көнерген жорамалдарының бірталайынан арыла алмады.

Назарбаев бұл кемшіліктердің қоғамдық дамуға едәуір кедергі келтіретіні түсінді. Қоғамның ілгерішіл бөлігінің көзқарастарын іске асыруға кол жеткізе алмағанын кейіннен Назарбаевтың өзі айтады. Бұл саяси кезеңнің сипатынан туындаған жағдай еді. Еліміз тәуелсіздік пен  егемендік жолына енді ғана қадам басқан болатын.

     Н.Ә.назарбаев қарсы бағдар ұстанған күштермен араны ашатын тартысұа барудан тартынған еді. Бұл кезде саяси тұрақтылықты сақтаудың маңызы өте зор болатын, міне, осы ниет кейбір саяси қайшылықтарды елемеуге мәжбүр етті, мұның өзі қарама-қарсы күштердің арасындағы идеялық күрес екен.

Осындай күрделі жағдайда ол қарсыластарын біресе иландырып, бірде кейбір мәселелер турасында олардың уәжіне көніп, әйтеуір ашық алауыздыққа жол бермей, Конституция жобасының әзірленуін қамтамасыз етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.1995 жылғы конституцияның  қабылдану себептері.

 

 Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу обьективтік тұрғыдан қажеттілікке айналды. Ендігі жерде қоғамда болып жатқан өзгерістердің халықты 1993 жылғы Конституцияда жол берілген бірсыпыра мәмілелерден бас тарту қажеттігіне иландыруға мүмкіндік. Конституцияның мәмілеге келу барысында қабылданған ескірген қағмдаларын сақтап қалу керек, сөйтіп, қоғамдық дамуды тежеу арқылы Конституцияның өзінің «тұрақтылығын» ұамтамасыз ету қажет немесе сеніммен алға басуды қамтамасыз ету қамымен Конституцияның өзін өзгерту керек. Әрине, жаңа конституциялық реформа қолданыстағы Конституцияның бірқатар қағидаларын қайта қарау үшін ғана емес, іргелі экономикалық, қоғамдық саяси мәні бар басқа да бірсыпыра мәселелерді конституциялық деңгейде  шешу үшін қажет.Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз етуден гөрі Конституцияны өзгкрту халықтың түбегейлі мүддесіне барыншасай келеді.

    Жаңа Конституция қабылдаудың Қазақстан халықтары Ассамблеясының екінші сессиясында жасаған баяндамасында Назарбаев ашып көрсеткен мынадай себептерін нақтылы атап көрсеткен жөн.

    Кеңестік Конституциялардағы сияқты  1993 жылғы Конституцияда жерге айрықша мемлекет меншігі құқығы берілгенде, адамдардың санасына жердің мемлекет меншігінде болуға тиіс екені туралы түсініктің сіңгені сонша, бұл қағидаттан ауытқуды халықтың қабылдамай тастауы мүмкін екені ескерілгені мәлім.Егер жұрттың тарапынан қолдау тапса, онда Конституцияның тиісті қағидасын өзгерту арқылы нақты конституциялық шарттармен шектей отырып, жерге ішінара жеке меншік орнату туралы мәселе қоюға жағдай туды.

    Конституциялық реформа сонымен қатар орыс тілінің мәртебесін айқындайтын қағиданы өзгерту үшін де қажет болды. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында орыс тілінің ұлтаралық қатынстар тілі деп танылғаны мәлім.Бұл іс жүзінде мәртебесі жоғары әрі қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық салаларында ресми қолданылып жүрген орыс тілінің рөлін төмендетуші еді. 1993 жылғы Конституцияда дәйектелген мәртебе орыс тілін жеке  адамдар арасындағы қатынастарда ғана қолданылатын тіл ретінде қаруға негіз беретін. Әрі бұл конституциялық қағида бүкіл әлемге танылған әр адамның басқалармен қатынаста тілді еркін таңдау құқығына да қайшы келетін.Ендеше Конституция бойынша, қарым-қатынас тілін мемлекет анықтайтын және ондай тіл орыс тілі ғана болып шығады. Сондықтан да, Назарбаев неше мәрте қайталап айтқандай, орыс тілінің шынайы мәнін ескере келгенде, оның конституциялық мәртебесіне өзгеріс енгізу мәселесі ашық қойылды.Орыс тілінің мәртебесін көтеру, оны қазақ тілімен қатар қызмет ететін тіл ретінде тану туралы ойдың оның тіпті 1992 жылы айтқанын тағы да атап көрсету керек.

    Азаматтық туралы мәселенің де өткір қойылғаны белгілі.1993 жылғы Конституция негізінен дара азаматтық қағидасын белгілесе де, Республика аумағынан лажсыз кеткен республиканың барлық азаматтарына, сондай-ақ басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға ерекшелік жасалды. Егер тиісті мемлекеттердің заңдары тыйым салмаса, оларға қос азаматтық алу құқығы берілді.Азаматтық хақында  1993 жылғы Конституцияда орын алған мұндай айырмашылық азаматтардың теңдігі қағидатын бұзып келгені анық.Мұның мемлекетаралық қатынастарда кейбір күрделіліктер, сондай-ақ олардың өздері азаматтары болып табылатын екі мемлекеттің алдындағы міндеттемелерін орындауында  да қиындықтар туғызуы мүмкін еді.Азаматтардың толық теңдігін қамтамасыз ету және Республиканың егемендігін нығайту қажеттігіне сүйеніп, әлемдік тәжірибені ескере келіп, ол ешбір бүкпесіз, ешбір ерекшкліктерсіз дара азаматтықты ғана тану қағидатын жақтап, халықтың келісімімен мұны Конституцияда бейнелеу керектігі жөнінде кесімді сөзін айтты.

    Қазақ  ССР-інің 1937 және 1978 жылғы Конституцияларымен салыстырғанда, Қазақстан Республикасының  1973 жылғы Конституциясы адам мен азаматтың құқықытары мен бостандықтары жүйесін едәуір кеңейте түсті.

    Жоғарғы өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттілігін айқындап беру де-пісіп-жетілген мәселе. Осы органның құқықытық өкілеттілігін  біршама өзгерткеннен кейін де оның бұрынғысынша бұлыңғырлау қалпында қалғаңы жасырын емес.

    1993 жылғы Конституциясының жобасын әзірлеу кезеңінің өзінде-ақ Назарбаев және көптеген депутаттар мен жұртшылық Жоғарғы Кеңесте екі палата құру туралы мәселе көтерген болатын, дегенмен 1993 жылғы Конституцияда бұл мәселе шешілией қалғаны мәлім. Бұл мәселе, сөйтіп, келесі Конституцияда шешімін табады.

    Конституциялық реформаның қажеттігі Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттілігі туралы мәселені де күн тіртібіне қойды.Атқарушы биліктің тігінен сатыларын жасақтау проблемасы да мүлде басқа негіздегі конституциялық шешімін күткен еді. Ең алдымен, атқарушы биліктің құрылымындағы жергілікті атқарушы органдардың мәртебесін нақтылау керек болды,себебі 1993 жылғы Конституцияда атқарушы биліктің жаопы жүйесіндегі жергілікті атқарушы биліктің орны дәл айқындалмаған еді.Ендігі жердегі міндет жергілікті органдарды қоса, күллі атқару жүйесін басқаратын орган ретінде Үкіметтің мәртебесін айқын дәйектеу арқылы атқарушы биліктің осы біртұтас құрылымының конституциялық негіздерін  жетілдіре беруге сайды. Сот жүйесін реформалау мәселесі де өте маңызды болды.

    Жаңа Конституция қабылдаудың басқа да себептері болған еді. Президент Конституцияны үш таған идеясы: адам-азаматтық қоғам-мемлекет идеясына сәйкес құрудың маңызын негіздеп берді. Осы үш таған бойынша, адам қоғам мен мемлекеттегі ең жоғары құндылық ретінде, құқықтыр мен бостандықтардың кең көлемін иеленуші ретінде, әрі осы тағандардың үшеуінің де бастапқы элементі ретінде көрінеді.Үш тағанның екінші элементі-азаматтарды және олардың мемлекетке тәуелсіз бірлестіктерінің басын қосатын жеке меншікке негізделген азаматтық қоғам. Мұндағы үшінші элемент-халыққа қызмет етуге тиіс мемлекеттің өзі.

    Үш таған туралы пікірді  Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1995 жылғы 30 маусымдағы екінші сессиясында айтты:конституция адам мен азаматтың, қоғамды ұйымдастырудың, мемлекеттік жүйені құру мен оның қызмет етуінің әркімге түсінікті іргелі, жүйе құратын, басым элементтерін белгілейді.Оның үш таған туралы пікірі 1995 жылғы Конституцияға өзек болып тартылып, тұтас Конституцияның өзі және оның барлық негізгі нормалары, негізінен алғанда, адам мен азаматтық қоғамға және өзіміздің егеменді мемлекетімізге қарай айқын  бағыт ұстауымызға жәрдемдесті. Бастапқы жобаны әзірлеуге қатысқан, сондай-ақ Сараптық-консультатвтік Кеңестің құрамында іс тындырған азаматтырдың қызметін тіпті де төмендеткім келіп отырған жоқ, тек Конституцияның әр бабының дерлік астарында Назарбаевтың идеясы жатқанын айтуым керек.

   1995 жылғы Конституцияның жобасы бойынша тоқтамды сөзін Қазақстан халқының өзі айтты. Жобаға үш миллионнан астам азамат қатысқан 33 мыңдай ұжымдық талқылау өткізіліп, 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер түсті, Конституция жобасының 55 бабына 1100 түзету мен толықтыру енгізілді.Назарбаевтың   идеясы және Қазақстан  халықтары Ассамблеясы екінші сессиясының ұсынысы бойынша Конституция референдумда қабылданды. Халықтың нақ осы қадамы Республиканың бас құжатын мемлекеттік биліктің жалғыз ғана бастауы болып табылатын- халықтың өзі қабылдағанын, нақ сол бүкілхалықтық дауыс берудің өзі Конституцияны парламенттік немесе басқадай жолдармен қабылдауда орын алуы ықтимал іштей сөз байласу, топтық және жершілдік мүдде көздеу құбылыстарының тамыр жаюы мүмкіндіктерін жоққа шығаратынын көрсетеді.

    Ол «Конституция –Қазақстан өркені мен өрлеуінің негізі» деген мақаласында халықтың жобаға білдірген, әрі бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияда бейнеленген идеяларының ауқымы жөнінен алғанда, Конституцияның авторы Қазақстан халқының өзі екенін жазады. Мұның бәрі де рас. Дегенмен «Бірлескен автор» деген ұғымның бар екені де көпке аян. Конституцияның сондай лайықты Бірлескен авторларының бірі –Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев екені де дау туғызбайды.

    Нарық қатынастары мен демократияны ары қарай дамытудың жаңа міндеттерін ескеріп, ол 1998 жылғы қазандағы «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы  саясаттың негізгі бағыттары: жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа» деген халыққа Жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетімізді дамытудың жаңа бағдарламасын ұсынды.

     Мұның өзі Қазақстан Республикасы Конституциясының   44-ші бабына сәйкес жасалып отыр, онда Қазақстан халқына жыл сайын «Елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы» Жолдау арнайтыны жазылған.

    Жолдау мен оның мазмұны бүгінгі таңда экономиканы, мемлекеттік құрылысты дамытудың және қоғам мен мемлекет өмірін демократияландырудың жаңа міндеттерін терең пайымдауға негізделгенін атап көрсеткен орынды. Назарбаев демократияландыру жолындағы жаңа бағытты елдегі осыған қажетті алғышарттардың пісіп-жетілуі талап ететініне баса көңіл бөледі.

    Жолдаудың негізгі идеясы-еліміздегі және әлемдегі өзгерістерді Президенттің зер сала қадағалап, терең пайымдауының жемісі, әрі «Қазақстан-2030» кешенді бағдарламасының қағидалары мен Қазақстан Республикасы Конституциясының демокартикалық әлеуетін одан әрі дамыту мен нақтылау жолы.

    Жолдауда экономиканы, қаржы жүйесін, шаруашылық жүргізу субьектілерін, тұтынушыларды қорғау, халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейту, адамдардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттер өзара тығыз бірлікте қойылып отыр. Жолдауда демократияны одан әрі дамыту проблемалары басты орындардың бірін алады.

    Демократияны жетілдірудің таңдап алынған бағытына сәйкес адам құқығын қорғауды күшейту, азаматтық қоғамды дамыту, мемлекетті, оның тетіктерін жетілдіру, соның ішінде өкілді органдардың, әсіресе Парламенттің және саяси партиялардың рөлін күшейту.

    Президенттің кезекті үшінші конституциялық реформаны жүзеге асыру жөніндегі аса маңызды бастамасы, міне, осындай себептерден туындап отыр. Конституцияға сайлау жүйесін жетілдіру жөнінде, Президенттің өкілеттілігі уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Сенат пен мәжілістің рөлін көтеру жөнінде, саяси партиялардың рөлін көтеріп, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар ретінде олардың өкілдерінің Парламентке қатысуын кеңейту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нақтылы ұсыныстар жасады.

    Оның ұсынысына сәйкес  1998 жылғы 7 қазанда  «Қазақстан Республикасының Конституциясына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

    Президенттің өкілеттіктері әкімшілік негіздерді  нығайтуға жұмсалмай, адамның жеке басының құқықтары мен  бостандықтарын  нығайту мен қорғауға және қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларында демократияны жан-жақты дамытуға бағытталады, сөйтіп демократияны одан әрі өрістету мүмкіндіктерін ашады.

    Республиканың тұңғыш Президенті барлық Конституциялық реформалардың бастамашысы, оның идеяларының дем берушісі болды деп айтуға толық негіз бар. Оның Конституция жобаларын әзірлеу жөніндегі ауқымды қызметінің, Қазақстанды қоғамдық дамудың осы заманғы кезеңіне  және прогресшіл, патриоттық, саяси күштердің, ғылыми жұртшылықтың, Парламент депутаттары мен бүкіл халықтың белсенділігін арттыруға сәйкес келетін Негізігі Заңмен қамтамасыз етуге кезелген табанды саяси ерік-жігері мен патриоттық ұмтылысының нәтижесінде біздің еліміз әлемдегі озық Конституциялардың  біріне –адам азаматтың кең құқықтары мен бостандықтарының, дамып келе жатқан азаматтық қоғамның, демократиялық егеменді мемлекеттің Конституциясына ие болып отыр.        

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

1993 жылғы Конституцияның елеулі кемшіліктері болғанын, аса маңызды айқындамалары жағынан алғанда, ескі Конституцияның шырмауында қалып, кеңес мемлекетінің көнерген жорамалдарының бірталайынан арыла алмады.

Назарбаев бұл кемшіліктердің қоғамдық дамуға едәуір кедергі келтіретіні түсінді. Қоғамның ілгерішіл бөлігінің көзқарастарын іске асыруға кол жеткізе алмағанын кейіннен Назарбаевтың өзі айтады. Бұл саяси кезеңнің сипатынан туындаған жағдай еді. Еліміз тәуелсіздік пен  егемендік жолына енді ғана қадам басқан болатын.

     Н.Ә.назарбаев қарсы бағдар ұстанған күштермен араны ашатын тартысұа барудан тартынған еді. Бұл кезде саяси тұрақтылықты сақтаудың маңызы өте зор болатын, міне, осы ниет кейбір саяси қайшылықтарды елемеуге мәжбүр етті, мұның өзі қарама-қарсы күштердің арасындағы идеялық күрес екен.

Осындай күрделі жағдайда ол қарсыластарын біресе иландырып, бірде кейбір мәселелер турасында олардың уәжіне көніп, әйтеуір ашық алауыздыққа жол бермей, Конституция жобасының әзірленуін қамтамасыз етті.

Жолдау мен оның мазмұны бүгінгі таңда экономиканы, мемлекеттік құрылысты дамытудың және қоғам мен мемлекет өмірін демократияландырудың жаңа міндеттерін терең пайымдауға негізделгенін атап көрсеткен орынды. Назарбаев демократияландыру жолындағы жаңа бағытты елдегі осыған қажетті алғышарттардың пісіп-жетілуі талап ететініне баса көңіл бөледі.

    Жолдаудың негізгі идеясы-еліміздегі және әлемдегі өзгерістерді Президенттің зер сала қадағалап, терең пайымдауының жемісі, әрі «Қазақстан-2030» кешенді бағдарламасының қағидалары мен Қазақстан Республикасы Конституциясының демокартикалық әлеуетін одан әрі дамыту мен нақтылау жолы.

    Жолдауда экономиканы, қаржы жүйесін, шаруашылық жүргізу субьектілерін, тұтынушыларды қорғау, халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейту, адамдардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттер өзара тығыз бірлікте қойылып отыр. Жолдауда демократияны одан әрі дамыту проблемалары басты орындардың бірін алады.

    Демократияны жетілдірудің таңдап алынған бағытына сәйкес адам құқығын қорғауды күшейту, азаматтық қоғамды дамыту, мемлекетті, оның тетіктерін жетілдіру, соның ішінде өкілді органдардың, әсіресе Парламенттің және саяси партиялардың рөлін күшейту.

    Президенттің өкілеттіктері әкімшілік негіздерді  нығайтуға жұмсалмай, адамның жеке басының құқықтары мен  бостандықтарын  нығайту мен қорғауға және қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларында демократияны жан-жақты дамытуға бағытталады, сөйтіп демократияны одан әрі өрістету мүмкіндіктерін ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер

 

1.Табанов С.А., Оразова А.Ә.

   Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы ата заңдарының                                                                               

   (конституцияның)  тарихи-құқықтың сабақтастығы.

   Алматы, «Жеті жарғы» 2005ж.  136б-151б.

  1. Владимир Ким

    Жасампаз жылдар,Алматы 2001ж, 182б-203б.