АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Интернеттін пайдасымен зияны

 

«Қазіргі таңда Интернет ақпарат жеткізудің ең қолжетімді және жедел көзі болып табылады». Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев өзінің жеке блогында осылай деп жазыпты. Расында да, әзірге Интернеттен өзге дәл осындай аса мол мүмкіндікке ие ақпарат алу-тарату құрылымы болмай тұр.

 

     Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол — бүкілғаламдық желі — Интернет деп санар едім.
     Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және        Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
     Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». (Дерек «Википедия» еркін энциклопедиясынан алынды).
     Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл — жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
      Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады және зиянды мағлұматтарды да молынан ұшыратасыз. Бүкілғаламдық желіні кез келген елде, кез келген компьютермен байланыстыра беруге болады, арнайы желі, сымсыз байланыс (WІ-FІ), телефон, қалтафон т.б. арқылы.
     Әрине, Интернетте мемлекеттік құпиялар немесе басқа да заңмен тыйым салынған дүниелер жарық көретін болса, қай елден сондай ақпарат салынса, сол ел жауапкершілікті мойнына алады.

Интернеттің пайдалы және зиянды тұстары
Әуелі пайдасы туралы айтсақ:
— Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
— Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
— Қаржылық операциялар жасауға;
— «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес…
     Енді Интернеттің қауіпсіздігі немесе залалы хақында:
Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады.
Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның орнаған саласы — осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
     Ендігі бір мәселе — Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді. Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.

 

 

 

  • Интернет — тиімді байланыс құралы
  • Көптеген мәліметтер жинақталған
  • Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері
  • Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың
  • Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары
  • Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау
  • Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады
  • Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: www.sozdik.kz
  • Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Аська, Мейлруагент, мессенджер т.б.

 

  • Интернетке шығу үшін қаржы керек. Қазақстанда интернет қызметін пайдалану қымбат (120 тг/сағ).
  • Электронды жаңалықтарға жазылу керек
  • Кейбір мұрағат қорларына кіре алмайсың
  • Кәсіби қызметтер өте қымбат тұрады. Мысалы шетелдің белгі агенттігінің Қазақстан туралы жасаған зерттеулері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Орындаған: Смажан Б.

Тексерген:___________