АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақ мектебін қалай аштық?

Облыста аралас мектептер өте көп екен. Сол секілді  біздің Үржар ауданында да аралас мектептер баршылық, егер дәл санын айтатын болсақ – 10 мектеп. Негізінен, орыс сыныптарында оқитындар – қазақ балалары. Міне, бізге осы аралас мектептерді қалай жою керек, мәселенің мәнісі – осыда.
Былтыр оқу бітірген мектеп оқу­шыларының орыс сынып­та­рындағы балалар 90 балмен жо­ғары оқу орындарына оқуға түсіп кетті. Ал 96 балмен қазақ сы­­ныптарын бітірген жасөс­пі­рім­дердің  біразы оқуға түсе ал­май қалды. НЕЛІКТЕН? қазір көпшілік ата-ана­лар абыржулы. Кейбірі орыс сы­­ныптарына балаларын қай­тадан беріп жатыр. Бұны ойлай­тын кім бар? Бірақ, бізге қалай да аралас мектептерді азайту немесе мүлде жою керек. Сонда ғана қа­зақ сыныптарын бітірген оқу­шылардың өрісі кеңейіп, жол­дары ашылады.

Ақмола облысының Есіл ау­данының әкімшілігінде істеп жүр­ген кезімде ұйымдастырған әрі соны іске асырған бір үлкен ең­бегімді, облыстық білім беру де­партаментінде отырғандарға, әрбір аудандық білім бөлімінің бас­шылары мен мектеп мүдір­леріне үлгі болсын, мүмкін, со­лай іске асырсын деп жазып отыр­­мын.

Есіл ауданындағы Игілік ауы­лы негізінен, қазақ әулеттерінен тұ­рады деуге болады. Көшелері түзу, үйлері сәнді. Тұрғындарға қыз­мет көрсету орындарының за­­манға сай салынған биік те әде­мі ғимараттары ауылға жарасым беріп, алыстан көз тартады. Тұ­рып жатқан ел тұрмысы, сон­дай- ақ, ауыл экономикасы да жа­ман емес. Тек, жетіспей тұр­ға­ны бір қазақ мектебі болатын. Әрине, ертерек кезде үлкендердің айтуы бойынша, қазіргі орыс мек­тебі­нің орнында қазақ мектебі бол­ған. Тек солақай саясаттың сал­­дарынан жабылып, орыс мек­тебі болып қайта құрылған. Со­дан өткен жылы ғана, алғашқы қа­зақ сыныбы ашылып, біраз қа­радо­малақ балдырғандар өз ана ті­лінде оқи бастаған еді.

Осы ауылға анда-санда келіп-ке­тіп жүріп, ойыма жақсы бір іс­тің жүйесі келгені. Ол қандай дей­сіздер ғой? Ауылдағы орыс мек­тебі деген атты өзгертіп, қа­зақ мектебі деген мәртебе беру. Өйткені мұндағы ауыл тұрғын­дарының дені – қазақ. Мектепте де басымы солардың балалары. Тек көпшілігі орыс тілінде оқиды демесең. Қазақ мектебі деген мәр­тебе берсек, өткен жылы ашыл­ған қазақ сыныптарының жол ашылмай ма? Жылда бір сы­нып ашып отырғаннан бұл әл­­деқайда тиімді. Бұлар еш ке­дер­гісіз жылдан-жылға жоға­рылап ке­те береді ғой. Орыс сынып­тары болса, осы жаңадан ашылған қазақ мектебінің құрамындағы орыс сыныбы болып қала бере­ді.

Осы үшін арнайы барып мек­теп директоры Мұхаметқали Жа­қыповпен кеңесіп, ойластық. Ол кісі де әрі-бері пікірлескен соң қарсы емес екенін білдірді. Тек мұғалімдер ұжымымен келі­сіп, жиналыс өткізу және осылай болсын деген бірлескен құжат дайын­дау керек. Игілік мек­те­бінде ол кезде жеті жүздей оқу­шы бар болатын. Содан мектеп ди­ректорымен бірге ауыл әкіміне ба­рып, ол кісімен де кеңестік. Со­­нымен, ағамыз да бұл іске көн­ді.

Әрине, мектеп ашу үшін бұ­рын­ғыдай жоғары жаққа хат жол­дау емес, жергілікті жердегі ұйым­дардың өздері шешу керек. Сөй­тіп, мұғалімдер ұжымының жи­налысы болып, олар да, бір- ауыз­дан қолдаған соң, сол арада құ­жат толтырылып, орыс тілін­дегі Игілік орта мектебі қазақ ор­та мектебі деп өзгертілді. бі­рақ орыс сыныптарында оқи бе­ремін дегендерге, орыс сынып­тары қазақ мектебінің құрамында қала береді. Кейіннен бірнеше жылдан соң орыс сыныптарына қа­зақ балалары баруды қойды. Сөй­тіп, кезіндегі орыс мектебі, ар­тынан аралас мектеп болған бі­лім ұясы таза қазақ мектебі бо­лып шыға келді.

Әрине, бұған оқу бөлімінің мең­герушісі Владимир Карлович Финк те қарсы болған жоқ. Со­нымен, Есіл ауданында тұңғыш қа­зақ мектебі осылай ашылған бо­латын.

Менің мұны айтып отырға­ным, Білім және ғылым министр­лігі мен облыс, аудан көлеміндегі білім басшыларына нақты тә­жірибе болсын деген ой-пікір. Біз бүкіл аралас мектептерге қа­зақ мектебі деген мәртебе берген кез­де ғана, өткенде Елбасымыз айт­қандай, мемлекеттік тілдің мәр­тебесін көтеріп, сонда ғана Қа­зақстанды нағыз Қазақ мемле­кетіне айналдыра ала­мыз.

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,

Қазақстан журналистер одағының мүшесі

http://www.aikyn.kz