Ұрпақтар арасынада жік түсіруді ойлаған кеңестік саясат баланы –әкеге, қызды – анаға , келінді — қайын жұртқа қарсы қою арқылы өз идеологиясының жеңіске жетіп, ұлтты құрдымға кетіретінін жақсы түсінеді. Қазақы аты-жөнді бұрмалап жазу былай тұрсын, некелі әйелінің ерінің немесе қайын атасының тегіне жазу біздің ұстанып отырған салт-санамызға сыналай енгізілген жегі құрт еді.
Әрине, келіндерін некелескен сәтттен бастап, күйеуінің тегіне жаздырту Еуропа халықтарында орын алған жағдай екенін бәрі біледі. Қазақты орыстандыру саясаты негізінде осындай жағдай орын алып келді, тіпті әлі күнге дейін заңды неке қию рәсімі кезінде «Күйеуіңіздің тегін қабылдайсыз ба?» деген сұрақ міндетті түрде қойылады. Егер алда – жалда келіншек: «Жоқ, өз тегімде қаламын» дейтін болса, күйеу жігіт пен оның туыстары «жоқ, мен ешқашан сендерге сіңісе алмаймын» дегендей тіксіне қабылдайтыны сөзсіз. Тіпті, кейбір жігіттер үйленбес бұрын қалыңдығын өз тегіне өтуге үгіттеп те қояды. Мұның бәрі қазақы ұстанымдар мен салт-сананың аяқ асты болғанында. Қазақта келін ата-енесі мен қайын аға, қайын апаларының, қайныларының, қайын сіңлілерінің атын атамай ат тергейді. Бұл – сыйластықтың нышаны, мұның астарында үлкен тәлім-тәрбие жатыр.Сондықтан да келіндерімізге ат тергеуді әдетке айналдырып, құжат бойынша өз тегінде жазылғанын дұрыс болатынын ескертіп отыру керек.
Бұл мәселенің біраз жақсылығы бар. Біріншіден, қыз бала өзін бағып-қаққан, осы күнге мәпелеп жеткізген әке есімін өшірмей, алып жүреді.
Екіншіден, қайын атасының атын атау келін үшін әбес қылық. Бұл өткенімізде қастерлеп, бабалар салған жолмен жүріп, ер-азаматтарымыздың қоғамдағы, отбасындағы орнын биіктетуге қосқан үлесіміз болар еді.
Анаргүл Шалғынбайқызы
http://www.ainalife.kz