- Қандай шығарма оқып жатқаныңызды білуіңіз керек.
- Қолыңыздағы кітаптың көркем шығарма, сахналық шығарма немесе эссе, тарихи шығарма екенін анықтап алыңыз. Мазмұнына қараңыз. Алғы сөзді оқып көріңіз.
- Жатып алып оқымаңыз.
- Әйгілі шығармаларды оқу оңай емес. Ойыңызды да, бойыңызды да сергек ұстаңыз.
- Көп кейіпкерлерді шатастырмауыңыз керек. Толстойдың «Соғыс және бeйбітшілік» романының 1-тарауында ұзақ әрі күрделі 22 адамның атын жазып ой әлеміңізді былықтырып жібереді. Мұндай кезде, сіз кітап бетін асығып артқа аудармаңыз. Табандылықпен оқыңыз. Бұл адамдар енді бір 30 беттен кейін сіздің көкейіңізден мәңгі кетпейтін мықты кейіпкерге айналуы мүмкін.
- Жазушыға орай беріңіз. «Түсінбедім» деген сөзді ерте айтпаңыз. Шыдаңыз. Егер мұқият назар аударып оқудан да нәтиже шықпаса, онда оны келесі жылы оқыңыз. Аралықта басқа кітаптарды аударыстырыңыз.
- Кітапты ұзақ-ұзақ оқыңыз. Әр жазушы өзі жасаған дәуірді жазады. Сол кездегі тарихты түсінеді. Жазушы және сол кездегі адамдардың бет әлпеті, мәселелері мен көзқарасы. Сіз де кітап арқылы олармен бірге өмір сүресіз.
- Кейде классикалық шығарманы тереңірек білу үшін жазушының өмірдерегін түсіну де маңызды. Бәлкім, осыдай кейін ғана сіз ол шығармалардың астарында жасырынған тұңғиықты байқайсыз.
- Қайталап оқу. Классикалық шығармалардың иірімі бірнеше, тіпті ондаған қатпарларға кетеді. Бірінші рет оқығанда тек оқиға есіңізде қалса, екінші, не үшінші рет оқығанда әр сөз бен оқиғаның, әр іс пен кейіпкердің қимылына дейін сыр жатқанын аңғарасыз.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
http://massaget.kz