Индира РАСЫЛХАН, әнші
– Әңгімемізді сізді ән әлеміне қанаттандырған кезден бастасақ… – Жалпы, қолыма домбыра алып, ән айтуды ұмытпасам, үшінші сыныпта бастадым. Анам терменің сөздерін жаттатқызып, әкем тыңқылдатып домбыра тартып, маған үйретіп әлек болушы еді. Бұдан тыс өзімде термешілер үйірмесіне қатысып жүрдім. Осының бәрі текке кеткен жоқ. Үлкен өнерге барар жолдағы алғашқы баспалдақтар болды десем артық айтпағаным. Өзім Жуалы ауданында өмірге келсем де, мектепті Қаратау қаласында бітірдім. Кейіннен «әнші болсам» деген арманымды айтқанда әке-шешем біраз қарсылық білдірді. Айтатын уәждері: «Әншінің жолы ауыр. Соңынан неше түрлі сөз ереді. Қайтесің, басқа мамандықты таңда» дегендей болып келетін. Бірақ мен бойымдағы бұлқынып бүр жарып келе жатқан қабілетті сөндіргім келген жоқ. Қиын да қызығы мол әншілікті таңдадым. – Қазір әнші көп. «Әу» дегеннің бәрі сахнаға шығып кетті емес пе? Көптің қатарын толтырамын-ау, солардың бірі болып қаламын-ау деген ой болған жоқ па? – Осы орайда мынадай сұрақ туады: қазақ эстрадасының деңгейі қандай деген? – «Қазақ тілді әншілерді той асырайды» деген ел ішінде сөз бар… – Сіз домбыраны да жақсы тартасыз. Құйқылжыта ән саласыз. Жалпы, сізге қайсысы жақын, қазақы қара домбыра ма, әлде эстрада ма? – Жаһандану деп жатырмыз. Ол үрдіс ән өнеріне де келді. Жалпы, англо-африка-латындық жартылай жалаңаш билеп, тілдерін бұрап ән айту, өзіңіз айтып отырған дәстүрлі халық әндерін шаңға көміп кетпей ме? Өйткені қазіргі жастар сол Батыстың стиліне көше бастады? – «Индираның табиғатында сахнаға керек нәрсенің бәрі бар: табиғи дарын, сырлы дауыс, сыр-сымбат, кескін-келбет, ой да, бой да… Сахналық образы сұлу, әдемі, оған қарап эстетикалық ләззат аласың. Тек… «Бір кем дүние» демекші, Индираға жетпейтін бір нәрсе – тәжірибе аз, жанкештілік жоқ. Талмай еңбектену жоқ. Бір ән айтып жарқ етеді де, жоқ болып кетеді. Арада бірталай уақыт өткенде және бір ән айтады да, жоқ болады» деген пікірді жақында естіп едім. Сіздің уәжіңіз? – Намаз оқитын боларсыз? – «Жас қайың» әні – Индираның «паспорты» деп жатады. Бірақ қашанғы солай екен деп жүре бересіз. Одан да мықтырақ ән қашан шырқайсыз? – Продюсеріңіз жоқ. Бәлкім, сондай бір білікті маман жаныңызда болса, танымалдылығыңыз бұдан да зор болар ма еді? – «Асу» тобын құрдыңыз. Бірақ осы топ сізге кедергі келтірмесе, пайда әкелмейтін сияқты. Тек уақытыңызды жейтіндей. Олармен айналысып уақыт өткізгенше, жеке әндеріңізбен жұмыс жасаған тиімді емес пе? – «Асу» тобы деп айтып қалдық қой. Тiптi ол жобамен бiрлесiп, «Айтшы, қалқатай» атты әнге дуэт жаздырдыңыздар. Сөйтсек, бұл ән Иранның әншiсi Араштiкi болып шығады. Ирандық әншi өз әнiнiң қазақ тiлiнде орындалып жүргенiне таңғалса керек. «Алдымен әндi тыңдау керек. Мүмкiн, бұл ұрлық емес шығар. Жай ғана сәйкестiк болуы да ғажап емес. Маған әншiнi тауып берiңiздер. Егер шынымен ән ұрланған болса, басқаша сөйлесуге тура келедi» деп, ирандық әншi сабырлылық танытыпты. Бұған не дейсіз? – Танымалдылықтың жеке өміріңізге кедергі келтірген тұстары болды ма? – Кейде адам өзімен-өзі тілдесетін, сырласатын кездер болады. Сондай сәттерде қандай сауалды өзіңізге жиі қоясыз? – Сіз ән тыңдайсыз ба? Кімді және қандай әнді? – Мақсатсыз адам болмайды. Алдағы күндерге іштей болса да жасап жүрген жобаңыз бар ма? – Жолдасыңыз өнер адамы емес пе? Бір жағыңа шығысып жүрген де болар-ау… Сейсен ӨМІРБЕКҰЛЫ |
http://www.aikyn.kz