Қазақстан әйелдеріне 63 жасқа дейін жұмыс істеуге тура келетінге ұқсайды. Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кешегі отырысында Министрлер кабинеті әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ерлермен теңестіруді қарастыратын «Қазақстанда зейнетақыны қамтамасыз ету туралы» және «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақыны қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын мақұлдады. Қазақстан Үкіметі мұндай қадамға баруын «Қазақстандағы зейнетақы жүйесіндегі қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу» мақсатымен түсіндіреді. Еңбек және халықты әлеуметтік қор-ғау министрі заң жобаларында зейнеткерлікке ертерек шығу мүмкіндігі де қарастырылғандығын алға тартты. «Мысалы, егер жинақтаушы зейнетақы қорында жиған жинағы жеткілікті болса, әйелдердің зейнетақы аннуитетін сатып алып, 50 жаста-ақ зейнетке шығуға мүмкіндігі бар. Бұл үшін олардың жинағы 3 миллион 100 мың теңгені құрауы қа-жет» деді ол. Ерлер үшін сақтандыру ұйымдарымен аннуитет келісімін бекітіп, 55 жаста-ақ зейнетке шығу үшін жинағы 2 миллион 800 мың теңге болуы керек екен. Рас, министр бұл тек биылға ғана белгіленген меже екендігін, талап етілетін бұл сомалар елдегі әл-ауқат деңгейінің өсіміне жыл сайын қайта қаралып,өсіріліп отыратындығын нақтылады. Кімнің мүддесін қорғап отыр? «Ресей экономикасының қарқын алуына мүдделіміз» дейді Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко. Расында да, статистикалық деректерге қарағанда, екі ел арасындағы тауар айналымның басым бөлігін ресейлік импорт құрайды. Ал қазақстандық өнімдердің кедендік одақтас елге шығарылу көлемі соңғы жылдары керісінше төмендеген. Соған қарамастан, бас банкир енді Ресеймен бірге ортақ банк пен валюта құру жайын топшылайды. Григорий МАРЧЕНКО, Мұхтар ТАЙЖАН, экономика ғылымдарының кандидаты: Қазақстан Статистика агенттігі мәліметтері бойынша, Қазақстанның Ресеймен сыртқы сауда айналымы 2012 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға өсіп, 23,9 млрд долларды құраған. Қазақстанның көрші елге экспорты 6,7 млрд доллар болса, Ресей импорты 17,1 млрд долларға, яғни үш есеге жуық артық шыққан. Екі ел арасындағы жалпы тауар айналым көлемі бойынша қазақстандық экспорттың үлесі 28 пайыз болса, 72 пайызы – ресейлік импортқа тиесілі. Қазақстандық экспорт көлемі соңғы жылдары төмендеген. 2007 жылы Ресей мен Беларусьқа тауар шығару Қазақстанның жалпы экспорт көлемінің 10 пайызын құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 8,7 пайызға төмендеген. Дайындаған: Нұржан ЖЕҢІС, Айхан ШӘРІП |