АЛТЫНОРДА
Новости

Сізде де Эйнштейннің миындай ми бар!

Қалай ойлайсыз, Эйнштейн де өмір бойы ақылгөй болған ба? Жауап: Жоқ!

Мектепте мұғалімдер оны орташа деңгейдегі оқушы деп бағалаған, ал қазір оны ақылдың екінші аты деп ойлайтынымыз рас. Дәл осы тұста эмоционалдық интеллект туралы сөз болсын.

Адам өмірдегі түрлі проблемаларды ойлауы себепті алға қойылған жаңа тапсырмаларды орындауды қиынсынады. Бірақ жоғары эмоционалдық интеллектті дамытудың тиімді жолдары да бар.

Мәселен ұлы көшбасшылар саналатын Ганди мен Мандела математик болған жоқ. Олар біз бен сіздей ақылды бола алмайды, бірақ олардаэмоционалдық интеллект бар. Бұл қасиет оларға әр мәселеге де қолайлы позициядан қарауға мүмкіндік береді.

Сонымен, эмоционалдық интеллектті көтеру үшін не істеу керек?

♦ Белсенді түрде тыңдау. Тыңдай білу өнері – сөйлеу үшін өз кезегіңді күту ғана емес. Белсенді түрде тыңдаушылар айтылып жатқан әңгімені толықтай меңгеріп, сұраса, қайта айтып бере алады. Олар түсінбей қалса, қайтадан сұрап, біліп алады.

♦ Көзбен тыңдау. Адам іс-әрекеттері мен ым-ишараны түсінуі керек. Мұндай байланыс жолын білсе, ол сол ишара арқылы ойын да жеткізе алатын болады. Мәселен түскі ас кезінде досыңның ернінде тамақ түйегі қалып қойса, оны дабыра қылып айтудың еш қажеті жоқ. Мұндай кезде оның көзіне қарап тұрып, майлықпен өз аузыңды сүртсең де, жеткілікті.

♦ Көңіл-күйге үйренісу. Манфред де Вристың айтуы бойынша, әрбір эмоционалдық жағдайдың жағымды және жағымсыз әсері бар. Мәселен ашу-ызаны алайық. Бұл эмоция қоршаған ортаға деген әділ баға беру болып саналатынын да ескергеніміз жөн. Ал қуану секілді эмоцияның өзін-өзі ұстай алмау, мәдениетсіздік сақтамау секілді кері жағы бар…

Қорытындылай келе, адамның ақылы мен күшінен өзге эмоционалдық интеллект деген тағы бір айнымас қасиеті болуы керек, және оны әркім-ақ білуі дұрыс деп санасақ, сізде де, әркімде де Эйнштейннің мүмкіндігі бар, тек соған әркім іштей сеніп, жетілсе болғаны…

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.comhttp://massaget.kz/