Естай ӘЛІКЕЕВ, әнші-композитор
– 21 сәуір күні Абай атындағы, Опера және балет театрында «Әзірге айтарым» атты дәстүрлі ән кешіңіз өтеді екен. Тыңдармандарыңызға әзірге не айтқыңыз келеді? – Мен – өнер өлкесіне қара домбырасын арқалап, ұлттық музыкамызды дамытуға өзіндік үлес қоссам деп үлкен үмітпен келген азаматтардың бірімін. Әнсүйер қауымға ең алғаш атымыз эстрадалық әнмен емес, терме-толғау арқылы танылды. Бірақ қазіргі таңда эстрадалық жанрдағы шығармаларымды жұрт көбірек білетін сияқты. Заман талабына сәйкес домбыраға арналған ән-термелер мен патриоттық туындыларымның өзін осы уақытқа дейін әуенмен әрлеп, насихаттап жүрдім. Олардың бас-аяғын қосып, төрт жыл бұрын «Жүрегім – сазды сандығым» атты шығармашылық кешімді де өткізгенмін. Сондықтан Құдайға шүкір, эстрадалық әндерімді бір биік шыңға жеткізбесем де жаңа белеске көтеріп қойдым деп ойлаймын. Бірақ айналамдағы дос-жаран, жанашырларым үнемі «Сен неге домбыраңды ұмытып кеттің? Дәстүрлі ән кешіңді қашан қолға аласың?» деп сұрап, қамшылаумен келеді. Осы тілекті орындап, ұлттық нақыштағы қолтаңбамды көрсететін уақыт жеткен тәрізді. Бұл менің діттеген жолым қашық болса да, ашық болса екен деп көптен көздеген жоспарым болатын. Алла тағала алдағы уақытта таңдайыма қандай сөз саларын бір өзі біледі. Осы уақытқа дейін несібесіз қалдырмағаны тағы анық. Сол себепті кештің атын «Әзірге айтарым…» деп қойдым. – Әдетте дәстүрлі ән кештері Қазақстан Жазушылар одағында, «Қазақконцерт» залында, болмаса «Ғылым ордасында» тегін ұйымдастырылады. Сіз халық билет алып келеді деп абыройыңызға сеніп отырсыз ба, жоқ демеушілеріңіз мықты ма? – Алакөл ауданының азаматтары да қарап жатпаған болар… – Бір сұхбатыңызда «Мен концерттің жарнамасын өзгертіп, бір репертуарды жұрт жалыққанша қайталай беретіндер қатарынан емеспін» деп едіңіз. Көшеде ілінген, БАҚ-та таралып жатқан жарнамаларыңызға қарасақ, кеш қонақтары аталмапты. Неге? – Жүргізуші болмай ма, сонда? – Жарты жыл ішінде адам танымастай өзгердіңіз. Бір кездері тұлғаңыз таудай көрінетін. Сізге қарасақ көз де, көңіл де тоятын. «Жұдырығыңыз қақпақтай, жауырыныңыз тоқпақтай» еді. Шынашақтай күйге түскеніңізді концерт алдындағы жаңа имиджіңіз деп қабылдағанымыз дұрыс па? – Сіздің жеке өміріңізде де біраз жаңалықтар болды. Оқырмандарымызбен бөліссеңіз… – «Балалы үй – базар» деп жатамыз. Бала болғаннан кейін бір-бірімен таласып, бір-біріне кішігірім «соғыс» ашып жатады. Сондай сәттерде кімге жақтасып, қайсысының сөзін сөйлейсіз? Ұлдарыңыздың ба, немереңіздің бе? – Мүмкін, ата атанып, кәрі көрінгіңіз келмей жүрген шығар… – Сіз «Таңертеңгі сағат он мен үшін түн ортасы» деп әзілдейсіз. Көп уақытыңыз ұйқымен өтіп жатыр деп ойламайсыз ба? Әңгімелескен Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ |
Предыдущий
Следующий