Ыбыраш Құлманов ақсақал Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазір жасы 93-те. Әлі де тың, сергек. Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында Астанадағы 200-ден астам қатарластарымен бірге жаңа елордамызды аралап, бір сәт өткенді еске алып, концерт тыңдап, көңілі марқайғаны бар. Бұл шараны ұйымдастырған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына ақсақалдың айтар алғысы шексіз. Қатарластары селдіреп, күнде бас қосып шүйіркелесуге мүмкіндігі азайған шақта мұндай құрмет көрсету оларға ат мінгізіп, түйе жетектетіп жібергенмен бірдей.
– Аллаға шүкір, денсаулығым жаман емес, бірақ 2003 жылдан бері қан қысымым көтерілетін болды. Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бізді қала әкімінің орынбасары қабылдады. Ардагерлер «Мәңгілік алауға» барып гүл шоқтарын қойған сәтте Елбасымыз Н.Назарбаев, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтер де бізді құттықтады. Жаңа да жас Астанамыздың көрікті жерлерін араладық. Көңіл-күйімізді көтеретін тамаша концерт қойып берді. Елордамызда маған ерекше ұнайтыны – «Думан» ойын-сауық орталығындағы Мұхитаралы. Мен Қызылорда облысының Арал ауданында туып-өскенмін. Ата-бабамыздан балық аулауды кәсіп еткен жандармыз. Мұхитаралдағы балықтардың түр-түрі
көз сүйсінтеді екен. Біздің Аралда акула болған жоқ, ал Астанада акула көрдім. Тіпті осы Мұхитаралда жүргенде өзімнің балалық, жастық шағым есіме түсіп көңілім біраз босағанын жасыра алмаймын. Қазір, Құдай-ға шүкір, еліміздің экономикалық ахуалы жақсарып келеді. Тұрмыс түзеліп қалды. Елдің тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін мемлекеттен қаншама қаражат бөлініп жатқанынан да хабарымыз бар. Кейде сол қаражаттың орынды жұмсалмай, тіпті игерілмей қалатынын естіп, «Қап-ай, ә» деп реніш білдіріп те жатамыз. Мына «Думанға» бөлінген ақша орынымен жұмсалған екен. Соған өте ризамын. Ұлттық компанияның соғыс ардагерлеріне көрсеткен құрметі, жасаған сый-сыяпаты біздің көңілімізден шықты, – деп әңгімені бір қайырды Ыбыраш ата. Ұлы Отан соғысы басталар алдында Семей – Өскемен тас жолы салынып, Ыбыраш ақсақал сол жерде жұмыс істеген. Осы жылдары Ертіске Өскемен ГЭС-і де салынады. 1942 жылы Семей әскери комиссариатынан өкіл келіп, «Өз еркімен майданға баратындар бар ма?» деп сұрайды. Тізімге жазылғандардың қатарында ол да болды. Осылайша 42-нің 20 қыркүйегінде соғыс- қа аттанып кете барды. Сол кеткеннен 1947 жылдың сәуір айында әскерден бір-ақ босады. – 1942 жылдың 19 қарашасында Сталинградта немістерге қарсы шабуылға шықтық, – деп жалғады әңгімесін Ыбыраш қарт. – Сол жылы жазда ұйымдасқан №5 ауыр артиллерия дивизиясының №27 минометшілер бригадасында № 257 полкте көздеуші болдым. 1943 жылдың қараша айына дейін сонда шайқастық. Одан кейін Украина майданына қатыстық. Житомир қаласында болдық. 1944 жылы наурыз айында кейін шегініп, басқа бағытқа қарай соғыса бастадық. Ротада 200 адам болса…Еще
№ 4 танк армиясының құрамына келдім. Тағы да барлаушы болдым. Сол полкте жүргенде соғыс аяқталды. Қаншама кескілескен қан майданды көрдік.
1945 жылы наурыз айында бізді пойызға тиеп, Румынияға апарып түсірді. Сосын Венгрия, Чехославакия, Авс…Еще №4 танк армиясы. Біз Австрия жерінде тұрмыз. Екіншісі генерал-полковник Рыбалконың № 1 танк армиясы. Сталиннен «Кімнің армиясы осы немістердің көзін құрт-са, соған маршал атағы беріледі» деген бұйрық түсті. Австрия мен Чехославакияның арасында тау бар екен. Рыбалко таудан тіке түсетін жолды білетін біреуді тауып, біздің әскерден сәл бұрынырақ барып әлгі жау құрамасының көзін жойды. Прагаға 50 шақырымдай қалғанда бізге бұл хабар жетті. Сол жерде қуаныштан жол бойына жата-жата кетіп, «Соғыс бітті, елге аман-есен қайтатын болдық!» деп бір-бірімізді құттықтадық. Оған дейін елге қайтамыз деген ой болмады.
Соғыс аяқталған соң біз бірден елге қайтқанымыз жоқ. Венгрияда біраз тұрып қалдық. Оларда біздегідей колхоз-совхоз жоқ екен. Бәрі жекемен-шік. Шаруашылық тамаша. Ауылда қанша үй болса, айналасындағы жер соларға түгел бөлініп берілген. Сол жерге бәрі де тек жүзім егеді екен. Ортасында машина жүретін жол бар. Үйлерінің еңсесі биік, әдемі етіп салынған. Әр үйде жүзімнен шарап ашытылады. Шарапты емен бөшкеге толтырып, оның әрқайсысының сыртына дайындалған уақыты көрсеті-леді. Кәсібі шарапты дайындап, шетелге шығарып сатады екен. 1946 жылы бізді Берлинге жіберді. Елге 1947 жылы сәуірінде оралдық. Соғыстың алдында біраз уақыт поштада істегенім бар еді, сол бұрынғы жұмыс орныма қайта барып жолықтым. Менің орнымда басқа адам жұмыс жасайды екен. Бөлімшеге жіберді. Онда да бос орын болмай шықты. Біздің туып-өскен жеріміз Аралдың ортасындағы Көкарал деген жер. Үйге келсем ауылда мұғалім болып жүрген туысқанымыз бар екен. Сол «Сен менің орныма мұғалім болсайшы. Мен өз ауылыма кетейін десем «Орныңа адам жоқ» деп жібермей отыр» деді. Аудандық оқу бөлімінің меңгерушісіне жолығып, содан орыс тілінен сабақ беретін мұғалім болдық. Қызылорда педучилищесін, сосын пединститутты сырттай оқып алдым. Содан 42 жыл бойы мұғалім болып жұмыс істедім. Ыбыраш ата қан майданнан оралып, елге келген соң жайлап осылайша еңбекке араласып кетті. 1949 жылы отау көтеріп, Злиха апамызбен бас құрады. Қазір апамыз 82-де. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» демекші, көрер жарығы, қызығы бар екен. Жас шаңырақ ел қатарлы тұрмыс кешті. Алты бала – төрт қыз, екі ұл сүйді. Қазір өзінен тараған алты баласы алты үй. Өкінішке қарай, қызы Малика 30-дан енді асқан шағында дүниеден озды. Көңілге демеу болатыны одан үш тұяқ қалды. Келер жылы шаңырақ көтергендеріне 65 жыл толатын қос қария қазір15 немере, 16 шөбере сүйіп отыр. Ұл-қыздарының бәрі өмірден өз орындарын тапты. Ыбыраш ата: – Соңғы жылдары Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жылына бір рет пойызбен тегін жол жүруге мүмкіндік берді. Шамасы келетіндер әлі де ел көріп, жер көргісі келеді. Тіпті туып-өскен ауылдарына барып бір мәре-сәре болып қайтқанның өзі неге тұрады?! Ол үшін Үкіметке рақмет. Бірақ реті келіп тұрғанда оларға айтар бір назым бар. Ұлы Отан соғысына қатысқандардың аман қалғандарының жасы қазір 90-ның о жақ, бұ жағында. Олардың қасында көмекші болмаса жүріп-тұруы, жалғыз-жарым алыс жолға шығуы қиын. Сондықтан алдағы уақытта олардың қасындағы көмекшілеріне де жол жүру билетін тегін берсе, тіпті нұр үстіне нұр болар еді. Егемен еліміздің өрімдей жастары өсіп келді. Олар – біздің болашағымыз. Жастарымыз соғыс көрмесін. Елімізде тыныштық болсын. Қан майданның қандай болатынын оқ пен от кешкен біздер жақсы білеміз. Жастарымыз бейбіт заманның қадірін біліп, заман талабына сай білім алып, білікті маман болсын. Қазіргі заман оқығандардікі. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегенді атамыз қазақ бекер-ге айтпаған. Астанада «Мәңгілік алаудың» жанында жастар келіп менімен естелік суретке түсіп жатты. Мен оларға қарап сүйсіндім. Соғыста қаншама жас қыршын кетті. Жараланып елге оралғандары да көп. Қазір оқтың ортасында жүріп, от кешкендердің қатары тым азайып қалды. Жастар қарияларды қадірлей білсе, оларға құрметтің үлкені сол. Ыбыраш ата ұзақ жылдар мектепте ұстаздық еткендіктен болар, ойы орнықты, сөзі салмақты. Көрген-түйгені мол шежіре қарт. Осындай қарияларымыздың арамызда аман-есен жүргені қандай жақсы… Гүлнар ТӘЖИЕВА |