АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Оқырман хаты. Жылқы жегенді қояйық, киесі ұрып жүрмесін!

коньЖылқы – текті, түйсікті жануар. Сойылатынын сезгенде көздерінен кәдімгідей жас ағып, жылайды. «Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ» коньЖылқы – текті, түйсікті жануар. Сойылатынын сезгенде көздерінен кәдімгідей жас ағып, жылайды. «Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ»деп, қысқа қайыра сала бауыздап тастаймыз. Қазақ – мал союдың шебері. Өткенде ғана Құрбан айтта қаладағы мал базарларында небір қасапшыны көрдік. Пышағын жалаңдатып дәу тоқтыны әп-сәтте-ақ жәукемдей салады. Жарайды, жуас қойды қойшы, біздің әңгімеміз жылқы жайында.

Оны жеті қазынаның бірі дейміз. Қазақ өзін тіпті жылқы мінезді деп, осы жануармен салыстырады. Жорға, сәйгүлік деп мақтауды асырамыз, бәйге, көкпар дегенде делебеміз қозады. Бірақ қыс түскенде соғым деп, біреу өлсе, ас береміз деп, той жасасақ тағы да жылқы соямыз.

Қазақстанда жылқының нақты саны қанша екенін, жылына қанша жылқының пышаққа ілініп жатқанын ешкім айтпайды. Елу жылдан кейін шұрқыраған байлығымызды жеп тауысып, жылқының қу басын құшақтап отырмайық. «Киесі ұрады» деп көп нәрседен тайсалатын қазекем жылқыны қасиетсіз дей ме екен, әйтеуір оны өлтіруге құмар-ақ. Бір қызығы, қазір өзі тамақ жетпей жатқан жоқ. Қала түгіл, ауылдың базарлары мен дүкендерінде тамақтың түр-түрі толып жатыр ғой. Сондықтан жылқы мінез қазаққа жылқы жегенді қойып, ұлттың қазынасын шын қастерлей бастайтын кезі келген шығар деген ойға қаласың.

Өзіміз бауырлас өзге елдерге қарағанда «еуропаланып», өркениеттің озық сатысына өрлеп бара жатқанымызды мақтан етеміз. Батыстың бар өнегесін сіңіргенде, жылқы сияқты өз бабаларымызды талай жаудан тірі алып шыққан жануарды жемей-ақ қоюға болатынын түсінбей-ақ қойдық. Қазір әлемнің көптеген елдерінде етті мүлдем жемейтіндер бар, оның орнына көкөніс, жеміс-жидек пен түрлі дақылдарды, құрығанда балық пен теңіз өнімдерін талғажау ететіндерді көп естиміз. Ет жемейтін олар өлген жоқ, керісінше күйі келісіп, тірі жануарларға деген махаббатының арқасында табиғатпен үйлесім тапқанын айтып тауыса алмайды.

Үнділерде сиыр қасиетті жануар. Етін жемек түгіл, ұруға да, тіпті тіл тигізуге болмайды. Австралиядағылар кенгуруға қол жұмсасақ, қарғыс атады деп қорқады. Америкадағылар жылқы түгіл, ызыңдаған шыбын, жыбырлаған құрт пен тарақанды да өлтірмейді. Кез келген тіршілік иесін өлтіріп жатқаныңызды көрсе, күні бойы америкалықтың көңіл күйі бұзылып жүретінін байқағандар бізде де баршылық. Біз «өңештен өткеннің бәрі тамақ» дейміз де, шошқаны харам санаймыз. Шошқаны өлтіру күнә да, жылқыны өлтіру күнә емес екен. Ислам дінін әлемге таратқан арабтарыңыз да жылқы жемейді. АҚШ, Еуропа түгіл, ТМД-дағы Балтық елдері, Ресей, Украина, Белоруссияның халқы жылқы етіне құмар емес. Көбі жеп көрген жағдайда да, көз алдына көзі мөлдіреген сұлу жануар елестеп, ауызға салған етін өңешінен ары асыра алмай қиналады. Жанның ашуын қарынның ашуынан жоғары қояды олар. Өткен жылдары Елбасымыздың өзі қазақстандықтарға тамақты тартына жеу қажеттігін айтқан еді. Тартынып жеу үшін алдымен осы жылқының етін жеуді шектесек қайтеді?!

Шалқар ДАРҚАНБАЙ,

Өскемен

Жағымпаздар «керек адамына» соғым әкеп беріп жүр

конь.jpgд

Иә, қазаққа тән «қысыр қасиеттің» бірі – маңайына мақтанып, байлығын көрсету. Жылқы еті қазір Қазақстандағы негізгі төрт түлік пен шошқа етінен де қымбат. Оның етін де, қазысы мен жал-жаясын да көбіне байлар жейді деген ойдың қалыптасқаны тегін емес. Бір жылда бір емес, төрт жылқы жегенін мақтанып айтып отыратындар бар. Қарап отырсаңыз, бастықсымақ біреуге жағымпаздану үшін, не бір шаруасын шешкізу үшін қазекем оған соғым әкеп береді. Дөкейлер мен жағымпаздар қаптаған мына заманда қанша жылқының биылғы қыста қазанға түсетінін бағамдай беріңіз.

Иә, қар түскелі Қазақстанда кезекті соғым сою кезеңі басталды. Жағдайы келетіндердің жейтіні – әрине, жылқы. Қалталылар сиыр мен қойды місе тұтпайды, жылда бір жылқыны жемесе, тісі қышиды.
Жылқы еті дәмді, жеңіл қорытылады, деликатес деп, жаңалық ашуға құмар келетін француздарға қазір көрші жатқан ағылшындар да, испандар мен немістер де қырын қарай бастапты. Рас-ау, ердің қанаты болған жылқыны сойып жеу – өркениетті елдер үшін құптайтындай нәрсе емес.

Қазаққа жылқы мінез қанмен келген,
Шұрқырап табысатын әудем жерден.
Ат мінсем – арқаланып шыға келем,
Керіліп одан бетер керген кеудем.
Білінген қыр астынан қасқа демі,
Табаны бір тимеген тасқа тегі.
Серті үшін мерт болған атты ойласаң,
Ұшына сақалыңның жас келеді, – деп ақын Төреғали Тәшенов жазса да, жылқыға жаны ашитын біз емес. Мінуін мінеміз, жұмысқа саламыз, қойды бағып, шөпті тасып, саумалын сауамыз да, алғысымыз сол – жеп қоямыз! Әрине, тірідей жей алмайсыз, тамағын орып, бауыздап аласыз алдымен.

Осы мақаланы даярлау алдында қазақтың біраз белгілі адамдарымен байланысқа шықтық. Бір қызығы, жылқы союға қарсы ойды жақтаудан көпшілігі ат-тонын ала қашты. «Мені іріткі салушы, дінге қарсы шыққан уахабшы деп өлтіріп кетер, бұл өзі қауіпті тақырып», деді. Интернетте мынадай анекдот жүр: – Орыстар неге жылқы жемейді? – Оларды ақымақ деймісің, оны жегенше, оған мінген жақсы ғой!

P.S.

Өмір бір орында тұрмайды, қатып қалған нәрсе жоқ. Бұрындары жылқының етін жесек, тамақтың тапшылығынан. Қазіргі тоқшылық пен ысырабы мол заманда жылқы жеуді тоқтату туралы мәселені неліктен әлі ешкімнің көтермей жүргені де түсініксіз. Оның орнына, жылқының еті жеңіл, жылдам қорытылады, тіпті пәленше ауруларға ем дегендей кері жарнама барған сайын көбейіп келеді. Ел аузындағы мұндай жарнама-қауесеттер қазақ жеріндегі бар жылқының түбіне жетіп жүрмесін! Кейбір қалталы қазақтар қазір жай жылқыны қойып, жас құлынды жеңсік асқа айналдыра бастады деген де әңгімелер жүр ел аузында.

Айдын ОЛЖАЕВ,

Алматы

деп, қысқа қайыра сала бауыздап тастаймыз. Қазақ – мал союдың шебері. Өткенде ғана Құрбан айтта қаладағы мал базарларында небір қасапшыны көрдік. Пышағын жалаңдатып дәу тоқтыны әп-сәтте-ақ жәукемдей салады. Жарайды, жуас қойды қойшы, біздің әңгімеміз жылқы жайында.