АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Білім саласында ілкімді істер көп

карагандаҚарағанды облысында білім саласына бөлінер қаржы көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Бүгінде қаржыландыру 65 миллиард теңгеге жетт. Бұл осы саланың дамуына айтарлықтай серпін беруде. Кейбір көрсеткіш республикадағы межеден де жоғары. Мәселен, аймақтағы білім ошақтарында алты оқушыға бір компьютерден келеді. Республикада бұл көрсеткіш — 13. Кеңжолақты интернетке мектептердің 84%-ы қосылған, республикалық көрсеткіш — 50%. Бұл деректер Қарағандыда Мұғалімдер күні қарсаңында білім беру саласында үздік шыққан бір топ ұстазды облыс әкімінің сыйлығымен марапаттау рәсімінде айтылды.

Білім саласы қызметкерлеріне ақжарма тілегін жолдай келе облыс әкімі Бауыржан Әбдішев  аймақтағы білім саласы жетістігіне тоқталды.

Қарағанды облысында бүгінде білім саласында жетістік көп. Жыл өткен сайын бұл саланы қаржыландыру көлемі артып келеді, қазір 65 миллиард теңгеге жеткен.

Көптеген көрсеткіш бойынша аймақтың білім саласы республикада алдыңғы орында.

Қазір аймақтағы білім ошақтарында алты оқушыға бір компьютерден келеді. Республикада бұл көрсеткіш — 13. Кеңжолақты интернетке мектептердің 84%-ы қосылған, республикалық көрсеткіш — 50%.

Оқушыларға орын жетіспеушілігі проблемасы толығымен жойылған. Мектеп ғимараттарын модернизациялау және пәндік кабинеттерді жаңа заманға сай жабдықтауға қатысты жұмыстар атқарылуда.

Аймақта дарынды балаларға арналған 7 мамандандырылған мектеп, 40 лицей мен гимназия бар. Биылғы жылы химия-биология бағытындағы «Назарбаев интеллектуалдық мектебі» ашылды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім берудің дуалдық жүйесі сәтімен жүзеге асырылуда.

Колледждердің 60 пайызы қазіргі заманғы интерактивті жабдықты қолдану арқылы жаңа технологиямен жұмыс істейді.

Аймақ басшысы осы жетістіктерге жетуде педагогтардың еңбегі өлшеусіз екеніне тоқталды.

Бұдан соң кеш марапаттау рәсімімен жалғасты. Жыл сайынғы дәстүрмен облыстың үздік педагогтарына облыс әкімінің сыйлығы — 200 мың теңгеден берілді.

Үздіктер «Ауылдағы бастауыш мектептің үздік педагогы», «Қаладағы бастауыш мектептің үздік педагогы», «Балалар үйлерінің үздік педагогы», «Ауылдық мектеп бастауыш сыныбының үздік мұғалімі» секілді бірнеше аталым бойынша марапатталды.

Бір айтырлығы, сыйлыққа ие болғандар қатарында ауыл мектептерінің өкілдері де жеткілікті болды. Сонымен, жүзден жүйрік шыққан ұстаздар мыналар:

– «Мектепке дейінгі ауылдық ұйымның үздік педагогі» – Елена Мелекесцева, «Бөбек» балабақшасының педагог-дефектологы, Абай ауданы;

– «Мектепке дейінгі қалалық ұйымның үздік педагогі» – Күлпаш   Жәкішева, №15 орта мектептегі шағын орталықтың әдіскері, Балқаш қаласы;

– «Балалар үйлерінің үздік педагогі» – Александра Францен, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйінің мұғалім-логопеді, Қарағанды қаласы;

– «Арнайы түзету интернаттарының үздік педагогі» – Владислав Шалль,  тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың информатика пәні мұғалімі;

– «Ауылдық мектептердің бастауыш сыныптарының үздік мұғалімі» – Гүлзира Қожаханова, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Жаңаарқа ауданы;

– «Қалалық мектептердің бастауыш сыныптарының үздік мұғалімі» – Татьяна Банит, №22 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Жезқазған қаласы;

– «Ауыл мектебінің үздік пән мұғалімі» – Қайрат Оспанов, Ростов орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, Бұқар жырау ауданы;

– «Қала мектебінің үздік пән мұғалімі» – Анна Брыксина, №23 орта мектептің билогия пәні мұғалімі, Теміртау қаласы;

– «Инновациялық ұйымдардың үздік педагогы» – Бақыт Бексейітова, дарынды балаларға арналған №7 Жамбыл атындағы мектеп-интернаттың педагог-психологі, Қарағанды қаласы;

– «Қосымша білім берудің үздік педагогі» – Светлана  Ким, №38 гимназияның корей соқпалы аспаптары ансамблінің жетекшісі, Қарағанды қаласы;

– «Өндірістік білім берудің үздік шебері» – Михаил Фольц, Қарағанды машина құрылысы колледжінің өндірістік білім беру шебері;

– «Арнайы пәндердің үздік оқытушысы» – Құралай Оқасова, Жаңаарқа аграрлық колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы;

– «Мамандыққа адалдығы үшін» – Тұрсын Бейсембекова, №39 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, Қарағанды қаласы;

– «Пән олимпиадаларының жеңімпаздарын тәрбиелеген үздік педагогі» – Жанар Ақашева, дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп интернатының физика пәні мұғалімі, Қарағанды қаласы.

Сонымен қатар, бірнеше педагогқа «Білім беру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша 1 млн. теңге арнайы сыйлық табыс етілді.  Олар:

– Тілек Сәдуақасов, Қарқаралы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

– Гүлжан Оразғұлова, «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары;

– Шынар Жанасылова, Сәтбаев қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Жалпы, өңірде педагогтардың біліктілігін арттыруға айрықша көңіл бөлінуде. 1000-нан астам мұғалім жаңа форматтағы курстардың сертификатына ие болды. Жыл соңына дейін деңгейлік бағдарламалар бойынша даярлықтан 422 педагог өтеді.

Биылғы жылы облыстың оқу орындарына 495 жас маман келген болса, солардың 202-і ауылдық жерлердің мектептеріне жұмысқа орналасқан көрінеді Назарбаев университетінде оқушылардың саны бойынша Қарағанды Алматы мен Астанадан кейінгі үшінші орында тұр. Қарағанды облысының командалары алты жыл қатарынан республикалық жалпы білім беру пәндері олимпиадаларынан және ғылыми жобалар байқауларынан үздік деген атаққа ие болып келеді.

Қ.Жұмағалиұлы

Қарағанды