Қарақыпшақ Қобыланды жырында «Қырық мың үйлі Қият» жыры кездесетін. Ол кезде оған кім көңіл аударған. Сөйткен, «Қырық мың үйлі Қияттан» Шыңғыс ханның шыққанын кім білген. Бірақ мен оқыған сол жырларда Моңғол екені айтылмайтын. «Маңғол» деген сөз де кездеспейтін. Сондағы «Қырық мың үйлі Қият» қазақтың Керей, Найман, Қоңырат, Жалайыр, Меркіт (Абақ Керейлері) Уақ, тағы басқа толып жатқан қазақтын тайпа, рулары сияқты айтылатын және оқылатын. Біз солай түсініп өстік және ой-пікірімізді сонау кішкентай кезімізден оларды қазақ деп қалыптастырдық.
Ол кезеңде қыпшақ-қазақтың әрбір тайпасында, тіпті руларында да хан сайлана беретін. Бұл шындық қоғам санасының оншалықты дами қоймаған, феодалдық кезеңі емес пе? Сонда қыпшақ-қазақ тайпаларының (басқа түркі жұрты бұл аймақта; өзбек, түрік, әзірбайжан, түрікмен, қырғыз, тағы басқалар тіршілік кешпеген) тілі, дәстүрі бір болғанымен жаз жайлауы, қыс қыстауы бөлек болғандықтан әрі арақашықтығы да біраз жерді алатындықтан, сол бір кезеңдерде малын бөліп әкетісіп жатқан жұрт, біріне-бірі жауша қарайтын. Бірақ түптеп келгенде бәрі тұтас бір ғана халық болатын.
Сондықтан да Шыңғыс ханды қыпшақ-қазақ ханының түп атасы (сонау Ғұндарды, одан кейінгі Білге, Тоныкөкті қоспағанда) және әлемге аты кеткен ең ұлы қайраткері деп қарағанымыз жөн-ау. Орыстың Александр Соловьев атты зерттеуші терминолог әрі жазушысы өзінің «Речь терминов» (Терминдер сөйлейді) деген жұқалау кітапшасында былай дейді: (46 бет) (Ол кісі орыстың мемлекеті көрші мемлекеттердің аттарын, сондай-ақ қалалардың атауларының қайдан шыққанын зерттеп, зерделеп келе жатқан адам) «Так как народ Монголов нет, есть народ проживающий Халхинский Бурят, но есть в мире распространенный термин «Монгол». Если глубже изучать слово Монгол, то оно происходить от слово «Минкол», которое относится к турко-язычному народу, «Минкол» дает мысль на кипчакском языке «Тысячи рук». Егер байқап қарасаңыз, зерттеуші академик В. Федотовпен екеуі бір-бірінің ауызына түкіріп қойғандай. Мәселен, Шығыстағы ұлы көршіміз «Қытай» деген жібек матаның атымен аталады. Бірақ осыған қарамай, олар өздерін хандықтармыз немесе хансулармыз, – дейді. Кезінде Ұлы Жібек жолымен өзі, оңайлықпен жыртылмайтын, әрі түрлі-түсті тамаша маталар Еуропаға дейін жеткен. Матаға қызыққан ел, осы матаны өндіретін елді «Қытайды» шығарушы ел, – деп атап кеткен. Өздерін Ұлы хан еліміз, хансулармыз деп жүрген жұртқа «Қытай» сөзі жабысты да қалды. Қаншалықты бұлқынғанмен, тарихта матаның атымен Қытай елі болып аталды. Қорсынғанда жоқ, намыстанғанда жоқ, ақыры осы сөзді мойындап, өздеріне қабылдап алды. Сонда жылнамашының қате жазуынан қазақтың «Мыңқол» сөзінен «Моңгол» атанып кеткен далалық буряттар шындықтан қашып неменеге намыстанады?
Бартольдтың томдарын аударыстырып отырсаң, осыдан мың жыл бұрын буряттар 2-3 мың ғана түтін екен. Түбіттей ғана аз ел империя тұрмақ, хандық құра ала ма? Дәстүрі басқа Буддаға табынатын жұрт, өздерін түркілер деп сендірмек болады. Якуттар болса бір жөн түркіге жататын, ал бұл буряттар Ұлы Хурал құрып отырса, Ресей буряттары Кіші хурал құрып алған. Бір елге жататын болғандықтан қарым-қатынастарын дұрыс жолға қойып, алыс-берістерін оңдап алды. Кеңес Одағы тұсындағы бірінші хатшыларының есімі Цеденбал, Шойбалсан түркі аттарына жата ма?
…Ақиқатын айтар кез келді.