АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

РЕСЕЙДІҢ КӨЗДЕГЕНІ НЕ?

САМРесей Қырғызстандағы «Кант» әскер базасына стартегиялық бомбылаушы 1Ту-95 МС1 ұшақтарын әкеле бастады. Бұл жай ғана бомбылаушы ұшақ емес. 12 тонна бомбы не болмаса ядролық қа­натты зымырандарды алып ұшатын Ре­сейдің әуедегі негізгі күші.

Ресей үшін аса маңызды ұшақтар елдің Қиыр Шығысы мен орталығында (Саратов облысында) орналасқан. Оларды Мәскеу не үшін қыр­ғыз жеріне әкеле бастады? Не ойлағаны бар? Әзірге бұл сұрақтарға жауап жоқ. Ресми Мәскеу ешқандай мәлімдеме жа­самады. Бірақ мұндай қуатты ұшақ­тардың Орта Азия жеріне жеткізілуінде үлкен бір мән жатыр. Рас, Ресей Орталық Азияны қайтадан қолға алып, өз құшағы­на тарта бастағаны анық. Экономикалық қау­қары әлсіз болғанымен, саяси-әскери күшін осы маңда анық көрсете бастаған. қырғыз бен тәжіктің армиясын күшейту үшін миллиондаған доллар бөліп, әскери техника бере бастады. Бәлкім алдағы жылы Ауғанстаннан НАТО әскері шыға­рылады, сол себепті болар. Неге десеңіз, коалиция күштері ауған топырағын тас­-тап шығысымен, ол жерде тәліптер қай­тадан күш ала бастайтыны анық. Олар ТМД-ның оңтүстік шекарасын бұзып, Орта Азияға дендеп енуі әбден мүмкін. Тікелей үлкен шабуыл болмағанмен әс­кери радикалды бөлімдер ұсақ-ұсақ топ­-қа бөлініп, Орта Азияда түрлі жанжал ұйымдастырып, іріткі салуы ықтимал. Мұ­ның кесірі тек өңірде жатқан мемлекет­терге ғана емес, Ресейге де тиері сөзсіз. Ал әлгі стратегиялық ұшақтардың күші­мен сол лаңкестер өтетін жолдарды бом­былап, бөгет жасауға әбден болады. Ресей Орта Азиядағы мүддесін осылай қорға­мақ.
Кейбір сарапшылардың пікіріне үңіл­сек, «АҚШ «Манас» әуежайындағы әс­кери базасын жаба қоюы екіталай. Өйт­кені хаб жасауы үшін әуежай Түркияға берілгенімен, алдағы уақытта оны түрік­тер АҚШ-қа жалға беруі мүмкін. Демек, ол жерде АҚШ әскерилері базаның атын өзгерткенімен, сол қалпында қала бер­-мек. Мұны Ресей сезбей отырған жоқ.
Сол себепті ол аймақтағы күштерді тепе-тең ұстау үшін ауыр бомбылаушы ұшақ­тарды жеткізе бастады» десе, екінші бір сарапшылар «АҚШ-тан бұрын Ресей бұл аймақтағы Қытайдың дендеп енуіне бөгет жасамақ. Қазір Қытай Орта Азияны эко­номикалық қауқарымен жаулай бастады. Жақында ғана ол елдің басшысы Орта Азия республикаларын аралап, миллиард­таған долларды бөлуде жомарттық та­ныт­ты. Әрине, оның артында Орта Азияны жұтып қоюдың амалы жатыр. Эконо­мика­ны көтеруге инвестиция жақсы, бірақ Қытай секілді алып елдің жемсауына түсіп кетуден сақтанған аймақтағы мемлекет басшылары, аждаһа елінің миллиардтарын қуана-қуана алғанымен, Ресейге арқа сүйеп, Мәскеудің әскери күштерін өз еліне келуіне жол аша бастады» деседі.
Сондай-ақ «қазір Қытайда лаңкестік топтардың қимылы қатты сезіле бастады. «Қытайдың тұтастығына қауіп төндіретін топтар Орта Азия елдерінде соның ішінде шекаралас жатқан қырғыз жерінде жа­сақталды. Соның түп-тамырын балта ша­бамыз» деп Қытай әскерін Қырғызстан­ға енгізуі де ғажап емес. Сол кезде Ресей әскери күштері қарсы тұрады. Мұндай жағдай бұдан біраз жыл бұрын қайта­ланған. Ол – АҚШ-тың Иракқа басып кіруі. Сол сценарий Орта Азияда Қытай тарапынан қайталануы мүмкін» дегенде болжам бар. Бұл пікірлердің сөз жоқ жаны бар. Шанхай Ынтымақтастық ұйымында бірге болғанымен Қытай мен Ресей Орта Азияны бөліске салуда бір-бірімен үлкен бақталас. Қытай Орта Азияны өзіне тарту үшін қаржымен қызықтырып, экономи­калық әлеуетін алға тартса, Ресей әскеру қуатын бұлдауда. Қалай десек те, Ресейдің стартегиялық бомбылаушы «Ту-95 МС» ұшақтарын Қырғыз жеріне әкеле бас­та­уын­да үлкен бір себеп жатқаны анық.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

http://www.aikyn.kz