Біріншіден, әлем өзгерді. Кремльдік насихаттаушылар ұзақ уақыт бойы американдықтарды ешнәрсемен қаматмасыз етілмеген долларларды басқаны үшін жазғырып, «олар түкке тұрмайтын көк қағаздар», деп мәлімдеген еді. Шынтуайтқа келсек, бұл жөнінде тек Ресейде ғана айтылған жоқ. Жуық арада әлемдегі бірінші экономика болуды армандайтын Аспанасты елінің тұрғындары, қытайлықтар да американдықтардың атына осыған құсас айыптар таққан болатын.
Екіншісі. Осы орайда, есіме қазақстандық саясаттанушы Константин Сыроежкиннің Барак Обаманың АҚШ перзиденті лауазымына кіріскенін қалай қабылдағаны түседі. Сол кезде біздің расист– саясаттанушымыз шіміркпестен «енді Америка құриды», деген еді.
Ал қазір біз нені көріп отырмыз? Америка Құрама Штаттары ақша басатын станоктардың жұмысын тоқтатуда. Президент Обама әлемдегі бірінші державаны Уолл-Стриттегі қаржы алыптарының кінәсі бойынша тап болған қатаң дағдарыс құрсауынан шығарып жатыр.
Ең бастысы, бүгінде жаңа технологиялар АҚШ-қа сланц газын шет елден сатып алуға қарағанда неғұрлым арзан бағамен жер қойнауынан шығаруға мүмкіндік беруде. Сондықтан энергетикалық дағдарыс жылдарында американдық трансұлттық компаниялар дамып келе жатқан елдерде орналастырған көптеген кәсіпорындар АҚШ-қа кері оралуда. Арзан энергия көзі американдық кәсіпорындардың жұмысын өз елінде тиімді етуге мүмкіндік беруде. Бұдан былай американдық буржуйларға бизнесті өз елінде ашып, жүргізу тиімді.
Ал мұндай өндірістік кәсәпорындарды салу, іске қосу, орасан қаржыны талап етеді, және бір мезетте американдық капиталдың дамушы елдердің нарығынан кетуіне әкеліп соғуда. Американдық бакс барлық елдерден, Ресейден, Қазақстаннан, Қытайдан, Үндістаннан, Малайзиядан, Сингапурдан, Турциядан кетіп жатыр. Құр кетіп қоймай, жолай көптеген елдердің ұлттық валютасын құнсыздандыруда. Егер бұрын көптеген ультраұлтшылдар американдық долларды зұлымдық белгісі ретіндегі құнсыз қағаз ретінде қабылдаса, қазір ол көк қағаз қымбат әрі тапшы болып барады,
Бұған ештеңе істей алмайсыз. Мұндай жағдайда американдықтардың өздері «Бұл қара бастың қамы емес, тек бизнес», дейді.
Ресей…
Ресейдің әлжуаз рублі теңгені қыспаққа алып, ресейлік тауарлардың Қазақстан нарығына кіруіне ең үздік бәсекелестік ахуал тудырғанын жзоққа шығару мүмкін емес. Алайда өзіміздің ұлттық валютамыздың құнсыздануына біз, ішінара болса да, ресейлік рубьлге «алғыс» айтуымыз керек.
Ресейлік кекшілдер үшін Ресейдің жаңа уақыттың экономикасына дайын болмағандықтан орасан зор шығынға ұшырауы толық және ащы шындық болды. Осы орайда, «кімнің тарысы бұрын піссе, тауық соныкі», деген нақыл орынды.
Біздің көптеген қазақтар теріскейдегі көршімізге қарағанда, ата-бабамыз айтып кеткен «орыстан болса жолдасың, айбалтаң болсын қасыңда» деген мақалды еске алатындай.
Бірақ Ресей Федерациясы әлемдік саясаттағы субъектілердің бірі, ескі әдеті бойынша өзін әлемдегі мықты державалардің бірі ретінде санайтын сияқты. Дегенмен ол ондай болудан қалғалы қашан…
Екінші жағынан қарасаң, бүгінде Ресейдің басындағы қиындықтар, Қазақстанмен салыстырғанда, шаш етектен.
Ресей ЖІӨ өсуін қамтамасыз етуге қол жеткізе алмай отыр.
Қазақстандық теңге іспетті, ресейлік рубль де әлсіреуде.
А Кремльдің көршілеріне қоқан-лоқы көрсетуге негізделген саясаты, бұл елден капиталдың көптеп кетуіне әкеліп соғуда. Атап айтакрлығы, бұл елден тек шетелдік ақша ғана қашып жатқан жоқ, сондай-ақ ресейлік капитал да «табанын жалтыратуды» жөн көруде.
Ал ақшамен бірге бұл елдегі ақыл иелері де шетке кетуге ынтығуда. Мәселен, Ресейдің шығармашылық элитасы Майамиден қоныс теуіп, Ресейге жұмысқа жалданбалы гастарбайтерлер ретінде вахталық әдіспен жұмысқа келуде.Бір ай осы жақта, бір ай сол жақта.
Ал ел болса, құлдырай түсуде. Элита әлсірей түсуде. Билікке қаптаған «Шариковтар» ұмтылып, елде қалған бірен-саран «Преображенскийлерді» таптауда.
Атап айтарлығы, Ресей экономикасы үшін бұл елдің Украинадағы созылып кеткен қақтығысқа араласуы қазіргі оңай емес жағдайдан да сорақы ахуалға әкеліп соғуы мүмкін.
Алайда қаптаған Шариковтар сапының дүрсілі мен олардың «орыс идеясының» жуық арадағы және толық жеңісі туралы дауысы жер жарып, қазіргі Ресейдегі өз оппоненттерінің ақылға шақырған дауысын ешкіге естіртпеуде.
Қазақстан
Жоғарыда тізбектелген факторларды ескере отырып, девальвацияның біздің ел үшін қажет болғанын еріксіз түсінесің және мойындайсың. Мұнымен ешкім дауласпайды. Біз тек оны жүзеге асырған жүгенсіз әдістерге күмән келтіріп, идеяның авторын сын тезіне аламыз. Мақсатқа жеткізетін жол әрқашан көңілге қонымды болмайды. Кейбір қаржыгерлер біздің, сынаққа арналған көжек емес, Қазақстан халқы екенімізді есте шығармаса екен.
Біріншіден, Қайрат Келімбетов сияқты жоғары деңгейдегі чиновниктер халыққа көпе-көрнеу өтірік айтпауы керек. Оның бұл жағымсыз қылығы ел арасында біздің билік қасақана өтірік айтады деген пікір қалыптастырады.
Өзін өзі сыйлайтын мемлекет билігіне қатысты ешқандай күдік болмауы тиіс.
Екіншіден, бұл мәселе бойынша соңғы шешімді мемлекет Басшысы қабылдағанын түсіне отырып, идеяның бастамашысы, елімізді қауіпті таңдаудың алдына қойған Келімбетов мырза болғанын қайталағым келеді. Мұнымен салыстырғанда, түкке тұрмайтын қылық Украинада ел Президентіне Еуромайданды «сыйлады».
Қайта біздің халқымыздың табиғатына сабырлы болғаны оңды болды.Бірақ болашақта басты бәйгеге тікпес үшін мұндай қадамға барудың қажеті жоқ. Егер теңгенің девальвациясын бір күнде жасамаса, ешнәрсе болмаушы еді ғой.
Енді бір жағынан, қиындыққа бірге қарсы тұру жеңілдеу болар деген ниетпен Ресейге көп үміт арттық. Бірақ біз тағы бір нәрсені ескермеппіз, екі адам мінген тесік қайықтың суға кетуі де тез емес пе.
Сондықтан елімізге шетелдік инвестицияларды тарту бойынша үлкен жұмыс атқарып жүрген мемлекет Басшысы өте дұрыс жасауда. Тіпті, ол ақша Қытайдікі, немесе араб елдерінікі болса да. Бір жағынан, елімізде жаңа жұмыс орындары ашылады, ал екінші жағынан, бұл ел қауіпсіздігінің қосымша кепілі. Өйткені әлем мемлекеттерінің ақшасы жинақталған елге ешкімнің тісі батпайды, қайтарымы қатты болуы мүмкін.
Мәселен, тек 2005-тен 2013 жылға дейін еліміздің экономикасына 173 миллиард доллар тартылды. Жалпы, тәуелсіздік жылдарында республикаға 200 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш бойынша ТМД елдері арасында Қазақстан бірінші орында тұр.
Енді, елімізден капитал шығарыла бастаған кезде инвестициялық климаттың нашарлауына жол бермей, шет елдік инвесторларға, жалпы ел экономикасына жағымды жағдайлар жасаған жөн.
Егер алдымыздағы он жыл көлемінде біз ЖІӨ жыл сайынғы өсімін, кешегі үкімет отырысында Елбасы айқан алты-жеті пайыз көлемінде ұстасақ, заманауи әлемдегі көптеген қиындықтарды айналып өтіп қана қоймай, сондай-ақ тәуелсіздігіміздің тағдырына да алаңдамайтын белеске көтерілеміз.
Соңғы жылдардың тәжірибесі революциялар мен толқулар, ең алдымен, қырсыз басшылығы халқын қара сумен, қара нанға қаратып қойған елдерде орын алғанын көрсетеді.