Қай қалаға бара қалсаңыз, жалт-жұлт еткен жарнама көздің жауын алады. Алайда сол қызыл-жасыл тақтайшалардағы тілдік сауаттылықтың деңгейі қаншалық? Жарнама қазақша сайрап тұр ма? Бұл – мемлекеттік тілдің өзекті мәселесінің бірі.
Жарымжан жарнама
Гүлім Оразбаева – қазақ тілінің жанашыры. Ол жарнама мәтінін қазақ тіліне сауатты әрі тегін аудару туралы бастама көтерген. Бұл істі бастаудағы мақсатын кейіпкер былайша түсіндіреді:
«Шынын айтқанда, құр наразылық білдіріп, мәселені ғаламтор арқылы талқылай бергеннен ешқандай пайда жоқ. «Қазақ тілін үйренгілеріңіз келмейді» деп қайталай бергеннен де шаршадым. Сондықтан нақты іспен көмектескенді жөн көрдім».
Гүлімнің айтуынша, ол мұндай игі іспен бір жылдан бері айналысып келеді екен. «Ұсыныс бар ма?» – деген сұрағымызға, ол: «Әрине, ұсыныс бар. Көп жағдайда заттаңба (өнімнің таңбасы) мен ғаламторға орналастыратын жарнамалардың мәтінін қазақшаға аударуға тапсырыс түсіп тұрады» – дейді. Бір қызығы, қазақ тілінің жанашыры, аудармашы Гүлім ханым ешкімнен ақы сұрамайды, барлық аударманы тегін жасап береді.
Замира Пірназарова
Фото Жас Казак газетiнен алынды