[:kz]
Ресей Украинаға баса көктеп кірді , оның жерін басып алды. Бұл негатив.
Енді позитивтерді тізбелейік.
Біріншіден, ыдырап бара жатқан Украинаны біріктірді, көпұлтты Украинадан – бірегей саяси украин ұлтын балқытып шығарды;
екіншіден,Украинаның құруы коррупциядан болу керек еді, бірақ Ресей бастаған соғыс пен Батыс талабы Украинаның саяси элитасына негізгі талеп ретінде жемқорлықпен күресуді тапсырды;
үшіншіден, Ресейдің Украинаға агрессиясы Батысты (Европалық Одақ пен НАТО-ны) Ресейге қарсы финанстық, экономикалық және технологиялық санкциялар салумен біріктіріп, ал Украинаға қайтарымсыз экономикалық көмек бергізді;
төртіншіден, Украина тиісті әскери реформаларды жасады,Украина әскері жаңа типті қарумен су тегін жарақтандырылды;
бесіншіден, Ресей Украинаны бағындыра алмады, соғыста жеңіске жете алмады, соғыс Ресей үшін геосаяси және экономикалық ұтылыстарға әкелді: Ресейдің әлемдегі Жеті Ұлы державалардың ішінде абыройы төмендеді;
алтыншыдан, Ресей Ішкі Жалпы Өнім көлемі бойынша әлемдегі ең төменгі сегізінші-оныншы, тіпті он бірінші орынға сырғыды десем болады;
жетіншіден, Ресей тұрақты одақтассыз қалды – Белоруссия мен Қазақстан тілазар немередей – Ресейдің айтқанын біресе орындайды, біресе өз білгенін істейді;
сегізінші, Ресейдің валюталық қор қаржысы 2018 жылға жетпейтін түрі бар, ардагерлерге пенсия төлемін, мұғалімдер мен дәрігерге ақшаны қайдан алады, жағдай мүшкіл;
тоғызыншы, Еуропа мен Украина Ресейдің газ бен мұнай тәуелділігінен құтылды, оның үстіне мұнай мен газ бағасы қымбаттамай қойды;
оныншы, Ресей бюджеті әскери шығындарының тым өсуіне байланысты әлеуметтік бағдарламаларды қысқартып, әсіресе, кейбір өлкелік бюджеттер дефицитпен орындалып, қаржысыз қалатын түрі бар.
Мұрат Әуезов көкемнен басқа бұл мәселені артық білетін қазақ жоқ шығар: орысыңды да, қытайыңды да ол адам жақсы біледі, бірақ саудада достық жоқ – саудада кемсінбеу керек, қолымызды идеологиялық ұстанымдармен байламау керек.
Байланыстар мен қатынастарды ауқын-ауқын ревизиялау және диверсификациялау керек. Қазақстанның мәңгі одақтасы жоқ, тек өтпелі экономикалық, финанстық, саяси әріптестері мен мүдделері бар делік.
Ұлтымды өзбек, қырғыз, қарақалпақ деп жазып жіберді деп келгенді қазақ оралманы деп мойындау ләзім. Егерде солай деп мағлұмат берген оралман баласын орыс, не өзбек мектебіне берсе – онда ол миграциялық заңнаманы бұзғаны – жалған дерек бергені үшін депортациялануы тиіс. Бұл халықаралық тәжірибе. Қазақтың тууы тым төмендеп барады. Болашқта бізге миграциялық тасқындар қаупі көп болады. Сондықтан оралмандарды жинап, тас түйін дайын болайық. Егерде олар иммиграциялық заңдарды бұзса, яғни алдаса: қазақпын деп кіріп, қазақ емес едім деп бұлтаққа салса, айталық, баласын орыс мектебіне берсе онда жоғарыдағы амалды істету керек. Францияда француз қызына, мәселенки, араб сүйдім-күйдім деп үйленсе, біраз уақыттан соң ажырасам десе, ол азаматтықтан айырылады, себебі есеппен үйленген, махаббат болмаған, тек иммиграциялық заңды алдаған. Олай болса -депортация!
Қазақтың даму векторын бұзып, қазақты адастырып келеміз. Қазақшыл деген қазағың мемлекеттік тілді қорғамайды. Қазақты керітартпа күшке айналдырып, қазақты нарықтық принциптерге қарсы қойдық – жер сатылмайды деп, фермерлерге жер жеке меншікке берілмейді, ол жерді кепілдікке қойып кредит ала алмайды демекпіз. Ал қазіргі замандағы латифундизммен күресетін түріміз жоқ. Азиялық өндіріс түрі деген осы –азиатский способ производства, латифундиялар мен мемлекеттік жер меншігіне негізделеді. Ол саяси жүйе экономиканың тынысын аштырмайды. Оның үстіне жерсіздер қала түбіне келмек, оларға да жер бермесең, саяси жүйе дағдарыстың алдына жақындайды. Сонымен феодализм алдымызға айналып қайтадан келді – оны тірілткен мемлекеттік жер меншігі. Бізде мемлекеттік олигархиялық капитализм. Солай болса да дамуға ресурс бар және тарихи уақыт пен дамуға мүмкіндік зор. Сонымен латифундияларды конфискациялап, жерді кедей фермерлер мен үй салам деушілерге жүз тенгеге үлестірмесек, қазақ көктемі қайтадан қайтып келетініне кепіл берем. Маңызды мәселе – қазақ мәселесі. Мемлекеттік тілді атқарушы биліккке, заң шығарушы және жергілікті маслихаттарға, сот билігіне еңгізбесек, ісіміз алға баспайды. Халық қазіргі билікті пост-отаршылдық әкімшілік деп бағалайды -өз билігім демейді, сенім артпайды. Себебі қазақ тілі іс жүзінде мемлекеттік тіл болған жоқ. Қазақ ұтшылдық өктемдікті аңсамайды, бірақ мемлекеттік тіл басымгерлігін талап етеді.
http://www.dalanews.kz/18505
[:]