АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Абай ауылында жас жігітті үш жыл зорлады деген бұрынғы полицей ұсталды[:]

[:kz]

Түркістан облысында үш жыл бойы Абай ауылының 16 жастағы тұрғынын зорлап, ақша бопсалаған бұрынғы полиция қызметкері ұсталды.

Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

«Бірнеше жыл зорлап, жәбірленушіден ақша талап еткен бұрынғы полиция қызметкері ұсталды. Оған 121-баптың үшінші бөлігі бойынша (кәмелетке толмаған адамға сексуалдық шабуыл) және бопсалаушылық үшін 194-бап бойынша (ақша бопсалау) айып тағылған. Бірінші бап бойынша ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өйткені бұл өте ауыр қылмыс», — деді адвокат Айман Омарова.

Үш күннің ішінде Түркістан облысының соты күдіктіні қамауға алуға санкция береді.

Осыдан бір жыл бұрын Түркістан облысы, Абай ауылының тұрғыны үш жыл бойы 16 жасында өзін екі ер адамның зорлағанын айтқан. Соңғы алты жыл ішінде зорлау ісі бірнеше рет ашылды, бірақ дәлелдемелер жеткіліксіз болғандықтан іс қозғалған сайы тоқтатылды. Жас жігіт бұл істің әділ шешілуіне үміттеніп, БАҚ-қа жүгінді.

Айта кетейік, жас жігіт зорлық-зомбылық пен бопсалауға тек бұрынғы полицейден ғана емес, сонымен бірге де оның әйелінен де жәбір көрген. Бұрынғы полицейдің әйелі де үндемеуі үшін кәмелетке толмаған баладан ақша талап еткен.

Екінші зорлықшы 1979 жылы туған азамат. О бұрынғы полицейдің лас айла-амалдарын білген соң оқушыны зорлық-зомбылық пен бопсалауға көндірген.

[:]