АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Абай Бегейдің жас келіншегі әншінің алғашқы жарын еске алғанда көз жасын тыя алмады[:]

[:kz]

Танымал әнші Абай Бегей қыздарына екінші рет үйленгелі жатқанын айтпаған. Мұны естіген қыздары алғашында  жылап ренжіген. Бірақ уақыт өте келе әкесінің жағдайын түсініп кешірген. Алғаш рет отбасы туралы ашық сұхбат берген Абай Бегейдің қызы мен екінші жұбайы көз жасын ұстай алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Бір сұрақ» бағдарламасына сілтеме жасап.

Алғашқы жары қайтыс болған соң, әнші екінші рет отбасын құрғанын көпшіліктен жасырмақ болған. Бұл қадамға не түрткі болғанын сұрағанда: 

«Қуаныштан үйленген түгім жоқ. Көпшілікке білдіртпеу керек жағдайлар болды. Тойда тұрғанның өзінде тезірек бітіп, қыздарыма барғым келіп тұрды», -дейді әнші. 

Қазір әншілігімен танылып жүрген ортаншы қызы Сымбат Абайқызынан бұл жаңалықты қашан, қайдан естіп білгенін жүргізуші Ғалым Кәлмен сұрағанда: 
«Көрші досым «әкең үйленіп жатыр» деп айтты. Сосын мен үйге бардым…» деп ары қарай ойын жеткізе алмай қалған ол жылап жіберді. 

Екінші жары Фаризаны қандай қасиетіне қарап таңдадыңыз деген сұраққа:

«Жас бала емеспін. Біраз ойландым. Қыздарымның жағдайына қарадым. Қыздарға қарайтын әйел адам керек болды. Үйімде балдызым көмектесіп жүрді. Бірақ ол қашанғы жүреді? Оның да отбасы бар. Соның барлығын ойлап отырып үйленуге тура келді», — деп шындығын бүкпесіз айтты. 

Фаризаның өзінен қыздармен қарым-қатынасын сұрағанда: 
«Аллаға шүкір, қыздармен қарым-қатынасым керемет», — деп қысқа қайырды.  

Нұр-Мүбәрәк университетінде білім алған ол дін жолында екенін, ұстаз болып қызмет атқаратынын, әлеуметтік парақшасында қыздарға көптеген кеңестер айтып, дұғалар үйрететінін тілге тиек етті.

«Басында аналары жайында көп айтпайтынмын. Бірақ мешітке баратын болсам, садақа беріңдер, аналарыңның атын айтыңдар, сауабы тиеді деп айтамын. Қадір түнінде дұға тілеңдер, өйткені дұға қабыл болады. Аналарыңмен бірге боласыңдар деп айтқаным бар», — деген Абай Бегейдің екінші жары көз жасын тия алмады. 

 Stan.kz

[:]