АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әбдіжаппар Әлқожаны танымал тележүргізушімен не байланыстырады?[:]

[:kz]

Желі оқырмандары Әбдіжаппар Әлқожамен тускен суреттерін жиі жүктейтін отандық танымал тележүргізушіні сұрақтың астына алды. Оқырмандар отбасылы әнші мен Анна Данченконың арасында достықтан да үлкен сезім бар екенін болжауда. Олар ел арасында қызу талқыланып жатқан тақырып аясында көптің көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, бар шындықты ашты деп жазады KAZ.NUR.KZ

 

Бұл туралы белгілі журналист өзінің Instagram парақшасында мәлімдеген. Анна Данченко кезекті сұхбаты барысында Әбдіжаппар Әлқожадан елге араларында шын мәнінде не бар екенін мойындауын сұраған. Шоу-бизнес жұлдызы өз кезегінде екі ойлы түрде жауап беріп, табынушыларын одан бетер ойландырып қойды.»Сізбен желіге сурет жүктесем оқырмандарым бірден жазады. Әбдіжаппармен араларыңызда не бар деген сұрақ мазалайды оларды» , — деп айтқан тележүргізушінің сұрағына әнші былай деп жауап қатты.

«Күшті нәрсе бар. Менімен Анна ханымның арасында әдемі достық бар» , — деді ол.

Алайда, Анна Данченко отандық жұлдыз екеуінің арасында достықтан да үлкен нәрсе бар екенін айтып қалды.

«Меніңше, достықтан өзге нәрсе бар сияқты. Оны қашан айтасыз? Бізді басқа нәрсе де байланыстырады» , — деді тележүргізуші.

Бұ мәлімдемеге қатыстыжелідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі олардың әзілдесіп тұрғанын жазса, енді бірі оларды расымен махаббат сезімі байланыстырады деген ой түйген.

[:]