[:kz]
Шынында біз мұны қос сөз деп қабылдап, оған терең мән бермейтініміз бар. Көпшілік оны ажырата да алмайды. Той жиында ағайын-туыс, құда-жекжат деп бір ғана түсінікке табан тірейміз. Ал, ағайын мен туыстың түпкі төркінін түсінбейміз, құдаға жекжатты қабыстырып жібереміз. Асылы, жекжаттың жолы басқа, жөні басқа екенін ескермейміз. Сол секілді абысын мен ажынның арасын бөлген сызықша ғана сөз бен сөзден мағынасын бөлектеп тұрғандай байқалады. Тіпті мұның мағыналық сырын өмірлік тәжірибесі мол, көнекөз кісілердің өзі келістіріп айта алмайды. Сондықтан маған замандастарым білсін деген ой келді. Негізі, ағаның әйелі – абысын да, інінің әйелі – ажын болады. Қазақтың сөздік қорындай тілі бай ұлт жоқ дейміз, алайда сол байлыққа бойлай бермейтініміз өкінішті.
Қаныбек Әбдуов,
Қызылорда қаласы.
aikyn.kz
[:]