АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Адам ағзаларын заңсыз алған: Қазақстандық танымал дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалған[:]

[:kz]

Қазақстандық танымал транплантолог дәрігер Ғани Құттымұратов қамауға алынды. «Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау» ӨҚҰ президенті Нұрлыбек Үдербаев елордада өткен баспасөз конференциясында дәрігерге қатысты қозғалған қылмыстық істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Ол ҚР ҚК 264-бабы 2-тармағы (Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстықтопқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу) және 116-бабы 3-тармағына (Адам ағзалары мен тіндерін заңсыз алу) сәйкес күдіктеліп отыр», — дейді Үдербаев.

Қазіргі уақытта Ғани Құттымұратов тұтқындалған. Үдербаевтың сөзіне қарағанда, трансплантолог дәрігердің қамауда отырғанына шамамен 3 ай болған. 

Әріптестері мен медициналық көмекке мұқтаж пациенттер құқық қорғау органдарынан тергеу кезінде Құттымұратовқа қатысты бұлтартпау шарасын алмастыруды сұрамақ.

Ғани Құттымұратов – медицина ғылымдарының PhD докторы, 2005-2008 жылдардағы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. 2011-2013 жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы болған. Ол – жоғары санаттағы трансплантолог дәрігер

 Stan.kz

[:]