[:kz]
Қазақстандық белгілі әнші Төреғали Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасында қоғамдағы ащы шындықты көтеріп, жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ол ақ қағазға телмірген ақын, өлген соң ел білген батыр болғысы келмейтінін ашып айтты.
«Әкім болғым келмейді, жұрт ақысын жеп жүрген. Шопыр болғым келмейді, үйін көрмей жол жүрген», — деп жазды Төреғали.
Әнші тентектермен алысқан ұстаз, теріс укол шанышқан дәрігер, сыйласатын алыстан бай да болғысы келмейтінін жоққа шығармады.
«Басымдағы бағымды, Алла ғана береді. Тауып жермін нанымды, анам маған сенеді. Бақытты етіп жарымды, адал болғым келеді. Қарапайым кәдімгі — адам болғым келеді», — деп сөзін қорытындылады әртіс.
[:]