[:kz]
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еuronewsтілшісіне сұхбат беріп, еліміздің алып шаһарларында өткен митингтерге қатысты сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Осыдан кейін Euronews тілшісі Галина Полонская сайлау заңсыз өтті дегендерге қандай шара қолданылатынын сұрады.»Олар әлбетте, босатылады. Себебі бұл олардың ойы. Ал мен мысалы, жалпы сайлау әділ өтті деп есептеймін. Міне, солай», — деді мемлекет басшысы.
Келесі сұрағында тілші көшедегі «ереуілдер ары қарай басылып отыра ма» деп сұрады.
«Заңсыз нәрсенің бәрі тоқтатылып отырады. Бас прокуратура бірнеше рет көшеде бұлай жиналу заңсыз екенін ескертті. Санкцияланбаған митингтер, тәртіпсіздіктер — мұндай акцияға қатысуды қаламайтын тұрғындарға кедергі келтіреді», — деді президент.
Еске сала кетейік, 9, 10 маусым күні, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өткен заңсыз митинг кезінде 700-ге жуық адам ұсталып, 550-і жауапкершілікке тартылған.
Кейін Тоқаев ұсталғандарға қатысты мәлімдеме жасап, кінәсіз азаматтарды бостау қажеттігін айтты.
[:]