АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Адамзатты коронавирустан құтқарамын»: Талдықорған тұрғыны өзін «пайғамбарға» теңеді [:]

[:kz]

 

Өзін пайғамбармын деген талдықорғандық азамат Хан Досаев адамзатты коронавирустан емдейтініне бек сенімді. Мұндай қабілет, айтуынша, оған Құдайдан дарыған көрінеді. Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді. Хан Досаев өзі миллионыншы рет жаңа кейіпте өмірге келгенін айтады.

Сөзіне сүйенсек, өзі сонау динозаврлар дәуірінде туған.

Ал пайғамбар екенін 2011 жылы Құдаймен көріскенде түсініпті. «Қараңғы бөлмеде жатамын, одан кейін, жартылай ұйқыға батамын, сол сәтте маған аян келеді. Құдай: «Хан, сен алғашқы Пайғамбарсың, сен бұл дүниедегі адамдардың қателерін шешуге келдің» дейді. Мынау 6 ғарыштың заңы. Сен осы арқылы әлемдегі бүкіл қатенің бәрін түзеп шығасың деп айтты», – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Хан Досаев.

Хан өзінің «Жер» деп аталатын діні еш негізі жоқ сенімге емес, тап-таза математикаға құрылған дейді.

Мұсылмандық пен христиандықтан оны өзгешелеп тұратыны да осы екен. Көп ұзамай ол мешіттегі имаммен тілдесті. «Өзін жалған Пайғамбармын деп жариялаған өтірікші адамдарға қарата айтылған «Жалпы, Қиямет күніне дейін 30 адам осылай өзін жариялайды» деген хадис бар. Бірақ олардың саны одан да көбірек болуы мүмкін. Мен тарихта мұндай адамдардың артынан ешкім ермеген. Ермейді де!», – деді Талдықорған қалалық «Иман» мешітінің имамы Қамит Табарақ. Қалай болғанда да өз қалпымнан таймаймын деген Хан Досаев бірқатар болжам да айтты. Сөзінше, алдағы жүзжылдықта дүниенің әр бұрышында болашақтың формалары орнатылмақ.

Ал өз кезегінде, ол әр адамның «Жер» дінін танып, түсінуіне себепкер болады екен.

kaz.nur.kz

 

[:]