АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Әділдікті талап етеміз!»: Тұрсынбектің әйелі жазықсыз 10 жылға түрмеге қамалған шәкірті үшін көмек сұрайды (ФОТО)[:]

[:kz]

Сот шешімі ешбір дәлелсіз, тек балалардың сөзі мен ата-ана арыздары негізінде жасалды. Балалардың берген жауабы негізінде лагерь төңірегіндегі видеокамералар да қаралды. Ешбір айғақ табылмады.

Ақтөбе облысының 23 жастағы Әліби Өтепберген атты жас актері 9 ай бойы түрмеде жазықсыз отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлібидің достары әлеуметтік желі арқылы наразылық челленджің ұйымдастыруда. Олар ата-анасының мейірімінен жастай айрылған азаматтың ісіне ҚР Жоғары соты назар аударып, әділдік орнатады деген сенімде. 

Жалғыз жанашыр әпкесі Instagram әлеуметтік желісінен @alibige_adildik парақшасын ашып, әділетсіздіктің құрбаны болған інісі үшін шырылдап көмек сұрауда. Осы парақшада сот ісіне қатысты толық мәлімет берілген.

Әпкесінің айтуынша, 7 сотқар оқушы жаласының кесірінен жас жігіт алдағы 10 жылын темір торда өткізбек. Парақшада:

«Әділ биі болмаса-бірлігі кеткен ел ғаріп, Қадірін елі білмесе-қайратты туған ер ғаріп». Әділ заң-тірегің. Сол тіректің жоқтығынан 23 жастағы ақтөбелік азамат ӨТЕПБЕРГЕН ӘЛІБИ қылмыстық кодекстің 124-бабының 3-тармағымен шығарылған үкім бойынша 10 жыл бас бостандығынан айрылып отыр. 2019 жылдың шілде айында елордалық студент Әліби Өтепберген демалысқа үйіне келіп, “Ақбөбек-Восток” балалар лагеріне жетекші болып жұмысқа орналасқан. 21 шілде күні Әлібиді 7-отрядтың жетекшісі етіп тағайындайды.

25 шілде күні балалар тәртіп бұзғандықтан, жетекші оларға “дискотекаға бармайсыңдар” деген жаза қолданады. Дәл сол күні кешкісін балалар ата-аналарына телефон соғып, “бізді қамап қойды», «күнде бізге тиіседі», «ұятты жерлерімізден ұстап, душка бізбен бірге шешініп түседі” деп жалған ақпарат айтқан. Ұялы телефон балалардың күнде қолында болды. Бірақ сондай әрекет жасалған болса, қорлық көрген бала 1-ші күні-ақ айтар еді. Алайда тек дистокетаға жіберілмеген күні, дәл сол сәтте ата-аналарына хабарласады. Бұл – нағыз бала фантазиясы.

7 баланың ата-анасы Әлібидің үстінен арыз жазады. Алайда қылмыстық іс қозғалғанда ата-аналардың жартысы арыздарын қайтарып алады. Тексеру нәтижелері бойынша білім бөлімінің мамандары ер адам оқушылармен ортақ тіл таба алмады деп мәлімдеді. Кек алмақ болған балалар қамқоршы туралы ата-аналарына шағымданады.

Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғайды. Сот ісі бір жақты ғана қаралған. Сот шешімі ешбір дәлелсіз, тек балалардың сөзі мен ата-ана арыздары негізінде жасалды. Балалардың берген жауабы негізінде лагерь төңірегіндегі видеокамералар да қаралды. Ешбір айғақ табылмады. Сот айыпталушы тарапының дәлелдеріне құлақ аспай, көзін тарс жұмып отыр.

Біз кешегі билеріміз салған адалдықтың сара жолымен құрылған соты бар елміз. Ендеше, әділдік қайда?! Жастар-еліміздің ертеңі. Ендеше елі ертеңін әділетсіздік құрбаны етіп, темір торға тоғытып жатса, болашақ бұлыңғыр болмақ. Біз әділдікті талап етеміз! Әлібидің әділетсіздік құрбаны болуына жол бермейміз! Әліби ісі қайта қаралсын! Әділ шешім шықсын! Топ старостасы болған жап-жас талантты жігіттің бала фантазиясы мен бала ойы негізінде жазылған ата-аналар арызының құрбаны болуына түбегейлі қарсымыз!», — делінген жазбалардың бірінде.

Әділеттілікті талап етушілердің қатарында Тұрсынбек Қабатовтың әйелі де бар. Ол да өз шәкіртін жақтап, парақшасына көлемді жазба қалдырыпты.

«Суреттегі ММ өнер-білім орталығының шәкірті болған, қазіргі таңда «Шабыт» университетінің студенті Өтепберген Әліби, қылмыстық кодекстің 124 бабының, 3-тармағымен шығарылған үкім бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылып отыр.

Айта кететіні, арыз беруші ата-аналардың жартысы арыздарын қайтып алыпты.

Бұл мәселеге қатысты өз тарапымнан айтар уәжім мен өтінішім бар.

Құрметті арызын қайтарып алмаған ата-аналар, сіздерден басымды иіп тұрып, ӨТІНЕМІН мәселеге бір жақты емес, жан-жақты көзқараспен қарап, саралап, ойға салып, арыздарыңызды қайтарып алсаңыздар екен деген бірінші кезекте АНАЛЫҚ өтінішім.

Әрине, әр АНА ең бірінші кезекте өз перзентін қорғайды, сенеді, қолдайды. Әлібидің де анасы өз баласы үшін барын салып қорғар еді, өкінішке орай бірнеше жылдар бұрын марқұм болып кеткен. Әрқайсымызда бала бар, олардың болашақтары бар.

Перзентіміздің болашағы үшін әлсізге мейірім танытып, қолдау берейікші.

Ата-аналар, алда қасиетті Рамазан айы келе жатыр, келеңсіз оқиғаны өткен уақытта қалдырып, мұсылмандықтың ең басты белгісі мейірімділік пен әділдік танытайықшы деп өтінемін.

Жазып отырып, көзімнен жас тоқтамай отыр.

Өйткені алдымыздағы әр шәкірт өз баламыздай ыстық. Адам түгіл, жәндікке зиянын тигізбейтін Әлібидің дәл бұндай сынаққа душар болды дегенде шыны керек, біразға дейін біртүрлі сезімде болдым.

Елімізде карантин болмағанда әрқайсысыларыңызға барар едім, жеке-жеке өтінер едім…», — деп жазды Мөлдір.

 

 

 

[:]