АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әділхан Макин «Славян базары» байқауынан алған 20 мың долларды қайда жұмсайтынын айтты[:]

[:kz]

Әділхан Макин «Славян базары» байқауынан алған 20 мың долларды қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас әнші Әділхан Макин байқаудан кейін өзінің туған жері Петропавлға барып, облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен және өзіне вокалдан алғаш рет сабақ берген ұстазымен кездесті. 

Артынша Әділхан Макин облыс басшысына және ұстаздарына алғыс айтып, ол үшін бұл үлкен мәртебе екенін жеткізген. Сонымен қатар, «Славян базары» байқауының жеңімпазы алған қаражатын анасына бермек болып шешкенін айтты.

«Бұл жеңіске мен ата-анамның арқасында қол жеткіздім. Олар мені бағып-қағып, білім берді. Ақша мен үшін маңызды емес, ол су сияқты. Сондықтан мен оны анама сыйлағым келеді», — дейді Әділхан Макин. 

Сонымен қатар, әнші болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, ендігі кезекте шығармашылығын мықтап қолға алатынын айтты. Жас талант әлі талай биіктерді бағындыратынын жеткізіп, ағынан жарылған. 

«Жоспарымда — жұмыс, жұмыс және жұмыс. Үлкен дайындық жасап, көптеген әндер жазып, бейнебаяндар түсіруді ойға алып отырмын. Басқа да байқаулардан бой көрсетуге мүдделімін, әлемдік сахналарға шығып өнерімді паш еткім келеді. Бәрі алда. Жақсы жаңалық күтіңіздер», — дейді Әділхан Макин. 

 Stan.kz 

[:]