АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ахмет Байтұрсыновты «билетіп» қойған тиктокерлер жұрттың ашуына тиді(видео)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желі қолданушылары соңғы кезде танымал болып жүрген тикток қосымшасында еліміздің біртуар азаматтары Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановты «билетіп» қойған тиктокерлерге ашуланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

Видеоны Instagram желісінде qazaqpyz_goi парақшасы бөлісіп, тиктокерлердің әрекетін сынға алған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Я, конечно, не против современных трендов, но ведь должны же у нас быть какие-нибудь сакральные вещи, которые нельзя «трогать». Кстати, эта последняя фотография нашего лидера Алихана Бокейхана была сделана в Бутырской тюрьме, незадолго до расстрела. ⠀ К сожалению, выросло целое поколение, для которых чужды и не знакомы идеи «Алаш». И это не только про молодежь. ⠀ А вы как считаете? Допустимы ли такие приколы?

Публикация от Диас | Неизвестный Казакстан (@unknownkazak)

«Тренд деген, әрине жақсы ғой… Бірақ қасиетті, тиісуге болмайтын дүниелер болу керек емес пе? Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов сынды азаматтар — қазақ халқының ұлы тұлғалары», — деп жазған видеомен бөліскендер. Бұл видеоны көрген желі қолданушыларының дені видео авторына ашуға толы пікір қалдырған. «Ұлы тұлғаларымызды мазақ қылып болды», «Марқұм кісілердің жандарына тыныштық берші. Айналайын, тиктокер бала», «Қайда осыларды қадағалап отыратын арнайы құзырлы қызметтер? Жазасын заңға сай берсін», «Қайран ата-бабам-ай», «Мыналары не сұмдық, тіпті өлген адаммен ойнап», » Ұят жоқ, оңбағандар, тәрбиесіздер» — деп ренішін білдірді бұл жайтқа қатысты көпшілік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Казахстанцев оскорбило видео в Тик-токе с Абаем. Пользователь выложил в сеть тренд с использованием изображения Абая, меньше чем за сутки видео набрало более 220 000 просмотров. Автор отказался удалять видео и не считает что оскорбил личность Абая Кунанбаева. «это не приемлемо смеяться над легендой», «автор своё лицо покажи», «когда в Казахстане заблокируют Тик-ток» — пишут в комментариях @skandal_krg

Публикация от НОВОСТИ | СКАНДАЛЫ | KZ (@skandal_qaz)

Желі қолданушылары тиктокерлерге аруақты сыйлау керектігін ескертіп, мұндай әрекетке баруларын доғаруды талап етуде. Жұрттың ызасын келтірген видео өзге желі парақшаларына да тарап кеткен. Еске салсақ бұған дейін қазақтың Құрманғазысы мен орыстың Пушкинін сүйістірген гей-жарнама дүйім жұрттың жағасын ұстатқан еді.

Қоғамдық резонанс тудырған бұл жайттан кейін Алматыдағы клуб шулы суретті жасаған компанияны сотқа беретінін мәлімдеген болатын. Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

kaz.nur.kz

 

[:]