[:kz]
Белгілі бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила өмір туралы пайымдауымен бөлісіп, желіде аяусыз сынға ұшырады. Әншілерді шегірткеге теңеп танымалдылығы артқан коучтың бұл жолы айтқан пікірі де жұрт наразылығын тудырған. Көпшілік оның айтқан сөздері тым ерсі болғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ахметбек Нұрсиланың өмір туралы ойын айтқан видеосы Instagram желісіндегі парақшаларға тарап кеткен. Онда бизнес-тренер өмірге қай жағыңмен қарасаң, ол да сол жағын көрсететінін айтқан. «Өмірге артыңды берсең, өмір де саған артын көрсетеді.
Өмірге бетіңді беріп жүрсің бе? Әлде артыңды көрсетіп жүрсің бе? Әр күнге, әр сәтке қуанып, өмірге бетіңді беріп жүр, айналайын» , — деді ол бейнежазбада. Желі қолданушылары Ахметбек Нұрсиланың видеосын қыз талқыға салып, оның әрекеттеріне қатысты не ойлайтынын еш бүкпесіз ашық түрде айтып тастады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramАқша жинап, мына КІСІНІ ЕМДЕТЕМІЗ-ау дейм.?? Ауырса, АУЫРАМ ДЕП айтпайды ма екен????
Олар бизнес-тренердің қылықтарын қатаң сынап, оған емделу керектігін жазған. «Бетсіз екенсіз» , «Сөзім жоқ осы адамға, емделу керек секілді» , «Әжептеуір азамат деп жүрсем. Не сұмдық мынау деген» , «Қорқынышты адам екен» , «Айтып тұрған сөздері қандай ерсі» , «Емдету керек мына кісін» , «Есінен адасайын деген ғой » , — деп жаздуа оқырмандар.
[:]