[:kz]
Air Astana компаниясы Токиоға кез келген уақытта әуе рейсін бастай алады. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 7-ші отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев мәлімдеді.
«Токио бойынша бізде келісімге қол қойылған. Демек, құқықтық негіз бар деген сөз. Бұл ретте аптасына 14 рейске дейін орындалуы қажет», — деді ол.
Оның атап өтуінше, Қазақстан мен Жапония арасындағы сәйкесінше меморандумға таяудағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Токиоға ресми сапары аясында қол қойылған.
«Ол ұшуларға толықтай құқық береді. Бұған дейін Токио әуежайы жүктемесінің көптігіне байланысты мұндай мүмкіншілік болмаған еді. Біз келіссөздер процессін ұзақ уақыт жүргізіп, нәтижесінде дегенімізге қол жеткіздік. Ендігі уақытта бізде Токионың Нарита әуежайына ұшуға мүмкіндік бар. Бұған дейін Осака әуежайы болған еді. ендігі уақытта барлық құқықтық негіз қалыптасты. Компания кез келген уақытта ұшуларын бастай алады», — деді Ластаев.
egemen.kz
[:]