[:kz]
Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі саналатын Бүркіт пен Аиша ауқымды сұхбат беріп, ел білмейтін сырларын ашты. Өздеріне қатысты тың мәліметтерді бөлісу барасында әншінің жары кезінде шоқынғанын жайып салды. Аиша отбасын құрар алдында мұсылмандыққа бет бұрып, ислам дінін қабылдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ «Карантиндегі отбасы» бағдарламасына сілтеме жасап.
Бүркіттің жары өзінің шынайы есімі Виктория екенін айтты. Аиша деген атын ол мешітте ислам дінін қабылдаған кезінде алған болып шықты. Сонымен қатар, эстрада жұлдызының келіншегі анасы орыс болғандықтан кезінде шоқынғанын мойындады.
«Аиша деген лақап аты емес. Көбісі қателесіп жатады. Аиша деген бұл мешіттен алған мұсылмандық аты» , — деді Бүркіт.
«Мен негізі бұған дейін шоқынғанмын. Менің анам — орыс. Мен отбасын құрар алдында мұсылмандықты қабылдауды шештім. Бірақ, оған дейін мен Айбекпен бірге өнер көрсетіп жүрдім. Сахнада Аиша болып жүрдім, бұл есім өзіме қатты ұнайтын. Мешітке барып, ислам дінін қабылдағанда Аиша мұсылмандық есімім болды» , — деді Аиша.
Белгілі болғандай, Аишаның ислам дінін қабылдағанына он жылдан астам уақыт өткен.
[:]