[:kz]
Танымал әнші Айдана Меденова екінші рет ана атанды. Айдана өмірге ұл алып келді.Қуанышты жаңалығымен әншінің өзі бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.“Өмірге қош келдің, балапаным! Аллаға шүкір, ұлды болдық! Әлішер екеуміз сені қатты жақсы көреміз”, – дейді Айдана. Өз кезегінде әншінің жары Әлішер Нұржанов алдымен Жаратқанға, одан кейін ұл сыйлаған жарына алғыс айтты.
Айта кетейік, Айдана Меденова мен продюсер Әлішер Нұржановтың Әминә есімді қыздары бар.
Источник: Stan.kz
[:]