АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айдос Сарым: Бұл сайлау бұрынғы сайлауларға қарағанда әділ өтті[:]

[:kz]

 

Мәжілістің жуырда сайланған депутаты Айдос Сарым журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, биылғы ҚР парламенті Мәжілісінің сайлауы бұрынғы сайлауларға қарағанда әділ өткенін мәлімдеді деп хабарлайды bairaq.kz сайты.

«Сайлау бұрынғы сайлауларға қарағанда технологиялық, есептеу және басқа факторлар бойынша әділ өтті. Бұрын біз сайлаудың дерегін ала алмаушы едік. Бұл сайлауда екінші күні-ақ барлық дерек деңгей-деңгей бойынша жарияланды. Бұл жолы биліктің механикаға жүгіруге, жұртты қыспаққа алуға қажеттілігі де болмады. Өз электоратын оятып, өзін қолдайтын дәстүрлі электоратқа стимул бере отырып, оларды сайлауға алып келді. Демек, биылғы сайлау әділ өтті», — деді ол. 

Сондай-ақ, саясаттынущы өзін «сатқын» деп айыптағандарға жауап берді. 

«Сатқындық жасады» дегенді мен қабылдай алмаймын. Шәкірттің де өсетіні болады, ешбір шәкірт мектепте қалмайды. Сатқындық дегенге келер болсақ, бір Мәжілістің өзінде Алтекеңнің қанша досы, қанша шәкірті отыр. Біздің замандастарымыз. Сонда бұл әңгіме неге тек маған ғана айтылады? Әңгіменің адалдығы қайда?» — деді ол. 

«11 ақпан сіз үшін қандай күн?» деген сұраққа А.Сарым «қаралы күн» деп жауап берді.
«Дәл қазір Алтынбек Сәрсенбайұлы тірі болса, сіздің билік партиясы құрамына кіріп, билікке келгеніңізге не айтар еді? Тағы да кешірім сұрар ма едіңіз», — деген журналист сұрағына Айдос Сарым:

«Алтекең тірі болса қазір кем дегенде бір партияның басшысы болып отыратын еді. Егер сіз 2006 жылы жазған үлкен сұхбаттарын қарасаңыз, осы менің бүгінгі айтқан нәрселерім айтылған. Ұтылдың ба, онда ұзақ мерзімді жұмысқа дайын болу керек», — деп жауап берді. 
 

 

[:]