[:kz]
Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевты «балабол», «пацан» деп айыптаған мәжіліс депутаты Айдос Сарымның мәселесі әдеп кеңесінде қаралып, депутат мандатынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «orda.kz»-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналисттерге берген сұхбатында айтты.
— Өкінішке қарай, ол бейнежазбаны көрмедім. Бірақ қарап шығамын. Егер қажеттілік болып жатса, бұл мәселені әдеп кеңесінде көтеріп, қарауға болады, — деді Ерлан Қошанов.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде депутат Айдос Сарым мен саясаттанушы Досым Сәтпаев айтысқан болатын.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]