[:kz]
Елбасы – Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай
Қазақпаратқа берген сұхбатында елдегі түпкілікті шешімді ел президенті қабылдайтынын айтты. – Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясына жетекшілік етіп отыр.
Әлбетте осыған байланысты ол елдің саяси өміріне белсенді түрде атсалысып, Мемлекет Басшысымен бірге елді стратегиялық тұрғыда дамыту жұмыстарымен айналысады. Алайда түпкілікті шешімді ел Президенті қабылдайды. Қауіпсіздік Кеңесі де өз кеңесін дайындап, Мемлекет басшысына енгізеді, – деді Айдос Үкібаев.
Сондай-ақ ол қауіпсіздік кеңесі өкілеттігі шексіз «супер-мемлекеттік орган» деген «аңызды» жоққа шығаратынын айтты. – Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің жоғары лауазымдық деңгейі, сонымен қатар берілетін қарапайым дауыс бойынша ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша шешім қабылдауы оның жұмысының шоғырландырылған сипатын айқын көрсетеді.
Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс органы – ауқымды әрі көзге көріне бермейтін қоғамдық жұмысты атқарып отырған Аппарат болып саналады. Оның негізгі міндеті – Қауіпсіздік Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Президентінің жұмысы ақпараттық-аналитикалық және ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз ету. Аппарат сондай-ақ ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы қауіптерін анықтап, оларды ескерту және бейтараптандыру бойынша шараларды әзірлеу міндеттерін атқарады. Бұл қауіпсіздік аспектілеріне қарамастан бәріне де қатысты, – делінген баспасөз хатшы сұхбатында.
«Қамшы» сілтейді
[:]