АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйел дәмсіз тамақ үшін мейрамхана иесінің құлағын тістеп жұлып алды (фото[:]

[:kz]

Мичиган тұрғыны қытайлық мейрамхана иесінің құлағының бір бөлігін тістеп жұлып алған. Оған әйелге дайындалған астың ұнамай қалғаны себеп болыпты

Бұл туралы People басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Джейд мейрамхана иелеріне астың сапасыздығын айту үшін мейрамханаға келген. Алайда ерлі-зайыпты ағылшын тілін нашар білген. Салдарынан клиент пен мейрамхана иелерінің арасында түсінбеушілік туындапты.

Мейрамхана иелерінің ұлы ата-анасына Джейдтің сөзін түсіндіріп бермек болған. Алайда әйелдің шыдамы таусылып, жігітті итеріп жіберіп, тамақты жерге лақтырып тастап, мейрамхаан иесінің әйеліне  тап берген. Осы кезде мейрамхана иесі оларды арашалап, клиентті мейрамханадан қуып шықпақ болыпты. Өз кезегінде әйел оның құлағын тістеп жұлып алған.

Артынша анықталғандай, Джейд қытайлық мейрамханада төбелес шығарып жатқан кезде, үйде оны қараусыз қалған кішкентай қызы күтіп отырыпты.

Оқиғаның ертесі күні мейрамхана «әлдеқандай себептермен» жабылған.

Нәтижесінде 24 жастағы Джейд Лорен Андерсон тұтқындалып, мейрамхана иесіне шабуылдады деп айыпталды. Сонымен қатар ол 20 мың доллар (6,5 млн теңгеден аса) көлемінде кепіл төлеуге міндеттелді.

stan.kz

[:]