АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйел есіктің алдында жатты: Түркістандағы қайғылы жағдайдың мән-жайын көршісі айтып берді [:]

[:kz]

 

Жуырда Түркістан қаласында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап. 

«Біз барғанда әйел есіктің қасында жатты. Қасында құсыққа толы леген болды. Екі үлкен баласы бір бөлмеде, ал кішкентай қызы мен ұлы көрші ғимаратта болды. Күйеуінің үнемі құрылыста жұмыс істейтінін білемін. Ал әйел базарда табыс табатын. Үлкен ұлы студент және екеуі мектеп оқушысы. Ал кенжесі балабақшаға барады. Бұл күні отағасы үйде болмай, ауруханада ем алып жатқан. Әйелді балаларымен бірге Қызылорда облысындағы туған ауылында жерледі. Бұл отбасы Түркістанға бірнеше жыл бұрын ғана көшіп келген. Қазір отағасы ауыр қайғы үстінде. Биліктілер барлық жағдайды жасаймыз деп уәде берді. Және қайырымды кәсіпкерлер жақындарына 7 млн теңге қаржылай көмектесетін болды. Осы оқиғадан соң шенеуніктер қаладағы барлық газ құрылғыларын тексергелі жатыр. Егер мамандар кінәрат тапса, тұрғындарды бұл қызмет түрінен ажырататын болады», — деді оқыс оқиға болған үйдің көршісі Бекжан Құралбеков телеарнаға берген сұхбатында. 

Орын алған апатты оқиғаға байланысты Түркістан облысының әкімі жауапты тұлғаларға шұғыл тапрсырма берді.

«Барлық әкімдер бүгіннен бастап шұғыл түрде барлық газ тартылған мекенжайларды тексеруді тапсырамын. Әр ауланы қарап шығу керек. Қажет болған жағдайда заңды бұзған мекемелерге қатал шаралар қабылдау қажет», — деді Өмірзақ Шөкеев. 

Еске салайық, 27 ақпан күні Түркістан облысында анасы мен оның төрт баласының көз жұмғаны айтылған еді.  

[:]