АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйел итпен ойнап жүріп аяқ-қолынан айырылды[:]

[:kz]

 

Огайо штатының тұрғыны итпен ойнаймын деп аяқ-қолынан айырылды. Иттің сілекейіндегі адам өміріне қауіпті инфекция оның ағзасына енген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Итпен ойнағаннан кейін Мэри Трейнордің денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Арқасы ауырып, дене қызуы бірде көтеріліп, бірде түсіп кетіп, жүрегі айныған. Дәрігерлер дереу оны дәрілердің көмегімен емдей бастады, бірақ Трейнордің жағдайы сағат сайын нашарлай берді. Аурудың белгілері бетінде де көрініп тұрды. 

Дәрігерлер аурудың дамуын тежеу үшін Мэри Трейнорді жасанды комаға жатқызып, қанын сараптамаға алды. Оның ағзасында капноцитофаг бактериясы бар екені анықталды. Америкалық әйел жасанды комада жатқан уақытта дәрігерлер науқастың  өмірі үшін күресті. Мэри Трейнордің аяқ-қолы қарайып кетіп, гангренаның дамып жатқаны анық көрінді. Хирургтар зақым келген аймақтарды алып тастау үшін бірнеше ота жасады, бірақ оның бірде-біреуі көмектескен жоқ. Емнің ешқандай түрі көмектеспегендіктен дәрігерлер денеге таралып кеткен инфекциядан аяқ-қолды кесіп тастау арқылы құтылуды ұсынды. Жасанды комада он күн бойы жатқан әйел аяқ-қолсыз оянды. 

«Ауруханада оянғанда қайда жатқанымды бірден түсінбедім. Аяғым мен қолымның жоқ екенін сезу өте қиынға соқты. Мұны қабылдау өте қиын», — деді Мэри Трейнор. 

Дәрігерлердің пікірінше, инфекция Мэри Трейнордің ағзасына итпен ойнап жүрген кезде кішігірім жарақаты арқылы енген. Science Alert порталы америкалық дәрігерлерге сілтеме жасап, бұл бактерияның жердегі иттердің 74 пайызында кездесетінін айтты. Сонымен қатар, бұл сілекей мысықтарда да кездеседі. Бірақ инфекция мысықтар арқылы сирек жұғады. Инфекция жануардың өзіне кесірін тигізбейді. 

 Stan.kz

[:]