АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйел үй шаруасымен айналысқаны үшін күйеуінен 160 млн теңге өтемақы өндіріп алды[:]

[:kz]

Аргентинада 70 жастағы кейуана сотқа жүгініп, күйеуінен 30 жыл бірге тұрып, үй шаруасымен және балаларының тәрбиесімен айналысқаны үшін өтемақы талап етіпі. Осылайша, ол 8 млн песо (160 млн теңгеден аса) көлемінде өтемақы өндіріп алды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newsweek басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, ерлі-зайыпты 2009 жылы бөлек тұруды ұйғарып, 2011 жылы ажырасып кеткен. Әйел ажырасқаннан кейін қаржылық қиындықтарды бастан өткерген. Ал бұл кезде күйеуі «шалқып-тасып өмір сүріпті». 

Әйел тұрмысқа шықпас бұрын ЖОО-ның экономикалық факультетін бітіріп, дипломы бар маман атанған. Алайда ол отбасы үшін мансабынан бас тартыпты. Сонымен қатар әйел ажырасқан кезде жасы 60-тан асыпты. Мұндай жаста оны еш жерге жұмысқа алмайтыны анық. Судья Виктория Фама осы жайттарды ескерген екен. Осылайша, ол ер адамды бұрынғы әйеліне 8 млн песо (160 млн теңгеде аса) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Отбасылық құқық бойынша сарапшы Эдуардо Сиркин аталған соманы «теңдессіз» деп атады. 

«Мұнда ажырасудың адамға әсерін дәлелдей алсаңыз, қаржылық өтемақыға құқығыңыз бар екені көрсетілді», — дейді ол. 

 Stan.kz

[:]