АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйелдер мерекесі және өлі балықтарды жинау операциясы[:]

[:kz]

Жайықтың асты өлі балыққа толы.

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының жұмысшылары үшін сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні өлі балық аулаумен есте қалатын болды. Бүгін олар күнтізбедегі қызыл күнге қарамай жұмысқа шығуларына тура келді.

Көктем келіп, күн жыли бастағанда Атырау халқы бұған дейінгі қауіптенгендері бекер болмағанына көз жеткізді. Жайық бетіне осы қыста жаппай қырылған балықтардың қаңқасы қаптап шыға бастады. Біреулер қыз-келіншектер мерекесін тойлап жатқанда, бірқатар адам өзенді өлі балықтан тазалаумен айналысып жатыр.

— Бұл жұмысқа арнаулы автобазаның, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының, балық шаруашылығы басқармасының қызметкерлері тартылды. Тазалау жұмыстары Жайық өзенінің жағалауға жақын тұсында жүргізілуде – қала аумағында, сондай-ақ, Геолог, Атырау, Дамба селолық округарында. «Амангелді» ЖШС кооперативінің кемелері өзен бетіндегі мұзды бұзып жатыр. Алда, табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың өзен көлігін пайдалана отырып, балықты өзеннің бүкіл аумағында жинау жұмыстары жүргізілетін болады,- дейді Атырау облысы балық шаруашылығының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Жиналған барлық балық «Арнайы автобаза» ЖШС-нің аумағында жойылмақ. Ал өңірдің балық қорына нақты қаншалықты нұқсан келтірілгені әлі де анықталып жатыр.​ ​Бұған дейін алдымен 110 балық, одан бір жарым тонна балық деп көрсетіліп келген шығын көлемі бірнеше есеге өсетіні қазірден-ақ белгілі. Сол сияқты, балықтардың неден қырылғаны да әлі белгісіз. Екі қылмыстық іс қозғалып, алдымен су айдынына төгілді-мыс делінген аммиактан, кейін хлордан көрген болатын.Кесімді шешім енді айтылады. Аймақ басшылығы Жайық суынан күнде сынама алынып тұр, тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ дегенмен қаладағы балық саудасының азайғаны байқалады. Сауда сөресіне уланған балықтың түсіп кетпеуін полиция қызметкерлері мен ветеринарлар жіті бақылауда.

Фотоларды автор ұсынды.

zhasalash.kz

[:]